Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
хирургия.doc
Скачиваний:
465
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
3.01 Mб
Скачать

1.6. Іш жарықтарының асқынулары (сыртқы жарықтар)

1. Жарықтың қысылуы өте қауіпті, жедел операцияны қолдануды қажет ететін жағдай. Жарық қабына енетін мүшелер жарық қақпасында, қапшық мойнында, кейде жарық қапшығының тыртықтанған бөлшегінде қысылады.

Қысылым көбінесе орта жастағы және қартайғандарда қездеседі. Аумағы кішкене, қапшығының мойны тар және тыртықтанған жарықтар жиі қысылады. Қысылудың пайда болуы, жарықтың қанша уақыттан соң орын алуымен байланыссыз. Қысылу жарықтың алғашқы кезеңінде де байқалуы мүмкін. Оған іштің барлық мүшелері ұшырауы мүмкін, бірақ көбінесе ащы ішек және шарбы майы ұшырайды. Пайда болу механизміне байланысты қысылудың келесі түрлерін бөледі:

Эластикалық қысылу - жөтелдің, ауыр жүк көтерудің, күшенудің салдарынан іштегі қысымның жоғарылануынан жарық қақпасы созылып, ол арқылы жарық қабына әдеттегіден көп іш мүшелері шығып, олар сырттан қысылады.

Нәжістік қысылу - көбінесе қартайған ауруларда байқалады. Жарық қапшығына енген ішектін жоғарғы әкелгіш бөлшегінде нәжістің көп жиналуы салдарынан ішектің төменгі - әкеткіш бөлшегі қысылады.

Бұдан әрі жарық қақпасының жарыққа енген мүшені қысуы күшейіп нәжістік қысылуға эластикалы қысылу қосылып аралас қысылуға айналады (сурет № 6).

Қысылған мүшеде қан және лимфа айналы нашарлайды. Венозды қан айналысының бұзылуы салдарынан ішек қабырғаларына, ішіне, жарық қапшығы ішіне транссудация дамиды .

Ішек көгереді, ішек шіруі оның кілегейлі қабатынан басталады. Ең ауыр өзгеріс странгуляциялы сала тұсында байқалады. Уақыт өте келе қысылған ішектің гангренасы басталып, ішекке көкшіл-қара түсті көптеген субсерозды қан құйылуы байқалады.

Ішек босаңсыған, оның перистальтикасы жоқ, ішек шажырқайының тамырының соғуы тоқтаған, жарық суы қойыртпақталған, оған қан араласқан, иісі сасық, ішек шіріп тесілсе нәжістік перитонит және флегмона басталады. Ішек түйілуінің анық - іштің қатты тұрақты ауырсынуына толғақ тәрізді ауырсыну қосылады, жел және дәрет шығуы тоқтайды, құсық пайда болады. Одан әрі жарық бетінің терісі қызарады (флегмона).

Бұл аталған сыртқы қысылуынан, өзгеше жарықтың ішкі тесігінде қысылуы мүмкін. Сондықтан жарықтың сыртқы ісігі байқалмаса сыртқы тесікке қоса ішкі тесікті саусақпен тексеру қажет. Жарықтың ішкі қысылуында шап арнасына енгізілген саусақпен кішкене, қатты ауырғыш төмпешік терең тесікте анықталады.

Қысылған жарық тек жедел операциямен емделеді. Қысу сақинасын тілуден бұрын жарық қапшығын ашып, қысылған мүшенің ішке еніп кетуіне жол берілмейді. Операцияны орындаудың қелесі кезеңдері бар:

I жұмсақ тіндерді апоневрозға дейін тіліп, жарық қапшығын ашады,

II - Жарық қапшығын жарып, жарық суын құрғатады. Қысылған мүшені ішке енгізбей ұстайды.

III - Қысылған жарықтың терең тесігін, оған жабысқан ішекті кесіп алмау үшін мұқиат тілу.

ІV - Қысылған мүшенің жағдайын анықтау. Бұл өте жауапты кезең. Ішектің тірілігін оның қан айналысы негізінде, ішектің түсінің түзелуі, странгуляция жолағының жоғалуы, субсерозды гематомалар жоқтығы, ішек қозғалысының жақсаруы анықталады.

V - Өлі ішектің резекциясы өзгерген жарықтың шетінен жоғарғы бағытта 30-40 см.және төменде - 10 см. қашықтықта орындалады.

Жылжымалы жарықта қысылған, ішпердемен жабылмаған мүшелердің жағдайы анықталып, соқырішек некрозы анықталынса, тоқ ішектің оң бөлімін алып тастау операциясы жасалып, ащы ішекпен көлденең тоқ ішек арасының анастамозы орындалады. Қуық некрозында оның резекциясы және эпицистостома орындалады.

VІ- Жарық каналымен қақпасының пластикасы.

Қысылған жарық флегмонасында операцияны орталық лапаротомиядан бастайды. Шіріген ішектің резекциясынан соң флегмонаны хирургиялық аластаудан өткізеді, бірақта жарық қаналының пластикасы жасалмайды. Комплексті емдеу тәсілдеріне жалпы және жеке антибактериальды терапия кіреді. Аурудың болжамы ішектің қысылу уақытымен байланысты. Алғашқы 6 сағатта өлім 1,1%, 6-24 сағатта - 2,1%, 24 сағаттан кейін - 8,2% жетеді.

Суреттер № 6.

а – Жарықтың эластикалық қысылуы

б - Жарықтың нәжістік қысылуы

Ішек резекциясынан соңғы өлім - 16%, ал жарық флегмонасынан соң -24% жетеді.

Қысылған жарықты аурудың өзі немесе басқа адамның күшпен ішке енгізудің асқынулары: жарық қапшығы және оның ішіндегі мүше іштің бетіне жабысқан болса күшпен енгізілген жарық қапшығы немесе оның ішіндегі мүше жыртылуы, орнына жалған түсуі мүмкін (№ 5, 7 суреттер).

Сурет № 7.

Жарықтың ретроградты қысылуы

Сурет № 8. Өңеш тесігінің жарығының түрлері

а) сырғанақты (аксиальді) жарықтар

1. Кардиофундальды

2. Карынның толык (тотальді)

3. Қысқа өңеш

б) өңешпен қатар жарықтар (параэзофагеальды):

4. Фундальды

5. Антральды

Жарық аурулары туралы арнайы әдебиеттер:

1. Воскресенский Н.В., Горелик С.Л. - Хирургия грыж брюшной стенки. М., Медицина, 1965

2. Крамаренко Ю.Ю - Внутренние брюшные грыжи и кишечная непроходимость. М., медгиз, 1956.

3. Крымов А.П. - Брюшные грыжи М., 1950

4. Кукуджанов Н.И.- Паховые грыжи. М., 1969.

5. Лобачев С.В., Виноградов О.И. -Ущемленные грыжи и их лечение. М., 1958.

6. Тихов П.И.- Брюшные грыжи. Томск, 1914.

7. Тоскин К.Д., Жебровский .В.В. - Грыжи брюшной полости. М., Медицина, 1990.

8. Искендерли В.А. - Хирургическое лечение бедренных грыж, 1966.

9. Иоффе И.Л. - Оперативное лечение паховых грыж. М., Медицина, 1968

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]