Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
хирургия.doc
Скачиваний:
465
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
3.01 Mб
Скачать

1.2. Сан жарықтары - Hernia femoralis Сан жарығының анатомиялық ерекшеліктері. Жарықтың симптомдары мен диагнозы. Сан жарығын емдеу тәсілдері

Сан жарықтары шап жарықтарына қарағанда сирек кездеседі. Олар еш уақытта іштей пайда болмайды және себептері шап жарығы себептеріне ұқсас. Сан жарығы көбінесе әйелдерде кездеседі. Оған себеп қайталап бала көтеру, босану және әйелдер анатомиясының ерекшелігі.

Сан жарығы пупарт жалғамынан төменде сан үшбұрышы тұсынан шығады.

Шап сіңірі мен қасаға сұйегі арасы кішкене екі бөлшектен (лакунадан) тұрады – тамырлық және бұлшықеттік. Тамырлық лакуна арқылы сан артериясы мен көк тамыр өтеді.

Бұлшық еттік лакуна арқылы m. iliopsoas еті және сан жүйкесі өтеді.

Сан жарығы қан тамырларынан тысқары canalis femoralis арнасынан шығады. Арнаның ішкі тесігі шап жалғамының астында орналасқан.

Дені сау адамдарда сан арнасы жоқ. Ол тек сан жарығы пайда болғанда ішперденің созылуынан пайда болады.

Сан жарығы келесі орындардан шығуы мүмкін бұлшық ет лакунасынан, қан тамырларының алдымен немесе артымен. Көбінесе жарық сан көк тамырынан тысқары жерден шығады. Бұл жағдайда каналдың келесі қабырғалары байқалады.:

Алдында - шап сіңірі, артында - жамбас шандыры, ішкері лакунарлы жалғам, сыртқары – сан көк тамыры.

Сан жарығы көбінесе қартаң әйелдерде кездеседі. Еркектер мен әйелдер арасындағы жиіліктері 1:5. Бұл әйелдер анатомиясының ереқшелігімен байланысты.

Сан арнасының қысқалығына байланысты жарық ісігі - төмпешігі кішкентай, дөңгелек немесе сопақша түсті. Көбінесе жарық ішінде шарбы майы болады.

Аурудың барлық көріністері байқалатын жағдайда сан жарығын анықтау қиын емес. Кейде өте толық әйелдерде шап сіңірін анықтау қиындайды. Кейде жарық көріністеріне диспепсиялық және дизуриялық қөріністер қосылады.

Жарықтың өзіне тән көріністері болып ышқынғанда, күшенгенде пайда болатын "ісік", төмпешік. Ауруды жатқызғанда "ісік" жоғалады, ісік шап сіңірінен төмен орналасқан, ал шап жарығында ісік шап жалғамынан жоғары орналасады.

Орнына енбейтін жарықтарды айыруда "ісіктің" дыбыс беруі, оны саусақпен перкуссиялағанда жіңішке дыбыс анықталуы көмек береді.

Лимфа бездерінің қабынуы дененің қызуымен, қызаруымен, ауырсынуымен сипатталады. Жарықта бұл көріністер жоқ. Лимфа бездері ішке енбейді, олардың аумағы өзгермейді, олар сан, шап арналарымен байланысы жоқ.

Жарықты тағы суық абсцесстен, көк тамыр аневризмасынан, тері астының үлкен көк тамырының варикозінан айыру қажет. Варикозда тамыр бетіндегі тері жұқарады, көкшілденеді, жөтел синдромы жоқ, варикозды түйіншекті қысқанда "ісік" басылады, ал қысымды босатқанда қайталанып өседі: мүндай өзгерістер аяқтың тері асты үлкен көк тамырын қысқанда да байқалады. Ал жарық ісігі өзгермейді. Көк тамырды қысқандағы ісіктің басылуы Астров симптомы деп аталады.

Сан жарығының қысылуы жиі байқалады (20%). Бұның себебі жарық арнасының шеттері қатты, олар созылмайды, ал арнаның өзі тар.

Сан жарығының қысылуының көріністері шап жарығы қысылуы көріністеріне ұқсас. Ең негізгі айырмашылығы - ісік және ауырсыну шап жалғамынан төмен байқалады. Аталған ерекшеліктерге сәйкес сан жарығында қысылған мүшенің некрозы ерте (4-5 сағатта) басталады. Бұл қажетті операцияны жедел орындауды қажет етеді.

Сан жарығын емдеу тәсілдері өте көп. Бұл жарықтардың қысылуы - оларды жедел операциямен емдеудің көп қолданылуының себебі болады. Сан жарығын консервативті емдеу еш нәтиже бермейді.

1939 ж. М.В.Дунье 57 операция тәсілдері ұсынылғанын анықтаған. Олардың арасындағы ең жиі қолданылатындары - Бассини және Руджи тәсілдері.

Бассини тәсілінде тері пупарт жалғамынан төмен тілінеді де, жарық қабы мойнына дейін босатылады. Қапшық тілініп, оның ішіндегі мүше ішке енгізіледі де қапшықтың мойны байланып, қапшық кесіліп алынады.

Жарық тесігін жабу үшін шап сіңірін қасаға сүйегінің қабына айдарлы байлам тігіледі. Операция үстінде зәр қуығының және сан көк тамыры жарақаттануынан сақтану қажет.

Руджи тәсілішап тәсілді тілікті шап жалғамына бағыттап және одан 1-2 см. жоғарыда жүргізеді. Шап арнасы тілініп ашылады. Көлденең бұлшық еттің шетін тартып тұрып көлденең фасция тілінеді. Жарық қапшығының мойны босатылады да оны жоғары тартып отырып сан каналынан қапшық толық шығарылады. Қапшық тілініп, оның ішіндегі мүше ішке енгізіледі. Қапшық мойын тұсында байланғаннан соң, толық кесіліп алынады. Жарық тесігін көлденең, ішкі қисық бұлшық еттерді және шап сіңірін қасаға сүйегінің қапшығына 3-4 түйінді тігінмен тігеді. Бұдан соң шап арнасы өзегі тігіледі. Бұл тәсілдің ерекшелігі жараның қеңдігі.

2-ші науқас 46 жасар әйел - қозғалу, жүк көтеру кезінде оң шап тұсының қатты ауырсынатындығына және санның жоғарғы - ішкі бетінде ісікше пайда болуына шағымданады.

Бұдан үш жыл бұрын аталған орында ауырмайтын, үлкендігі бұршақтай түйіншек пайда болған. Кейінгі уақытта түйіншек үлкейіп, шап тұсы ауырсынады.

Сан үш бұрышы тұсында аумағы З см-ден асқан жалпақша, жұмсақ, эластикалы ісікше анықталады. Ауруды жатқызғанда ісікше жоғалады. Жөтел симптомы анық.

"Ісіктің" ауруды жатқызғанда жоғалатындығы, оның жұмсақтығы, жөтел симптомы жарық ауруын, ал ісіктің пупарт жалғамынан төмен орналасуы және аяқ ауырсынуы - сан жарығының орын алғанын көрсетеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]