Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
хирургия.doc
Скачиваний:
465
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
3.01 Mб
Скачать

8.2. Сүт безінің қабынуы –мастит (mastitis)

Сүт безі 16-20 жеке сүт тамырлары бар бөлшектерден кұралады. Сүт өзектері (выводные протоки - ductus lactifer) еміздікте ашылады. Еміздіктің айналасының терісі өте сезімтал, жұқа, пигменттелген areola mammae аталады. Сүт бездері lig. suspensoria mammae көмегімен кеуде етінің фасциясына жабысқан. Бездер қанды a. thoracica interna және a. thoracica langa, a. intercostales-тен алады. Бездің лимфа тамырлары қолтық астының лимфабездерімен байланысты.

Мастит - көбінесе жас босанған және бала емізетін әйелдерде кездеседі. Кейде мастит жас нәрестелерде, жас өспірім ұлдар мен қыздарда олардың жыныс белгілері даму кезеңінде байкалады. Бұлар арнайы емді қажет етпейді. Өте сирек мастит бойдақ және бала емізбейтін әйелдерде де байқалады.

Босанғаннан соңғы лактациялы маститтің асептикалы (іркілуші) және септикалы (инфекциялы) түрлерін бөледі.

Іркілуші мастит нәрестенің нашар емуінен емшекте сүт қалуымен байланысты. Емшектер ісінеді, терісі созылады, тері астының қан тамырлары кеңиді, емшек ауырсынады. Сүт тамырларында және емшек бөлшектерінде сүт жиналуы инфекцияның жайылып мастит басталуына қолайлы жағдай туғызады.

Маститтегі қабыну үрдісінің - серозды, іріңді және гангренозды түрлерін бөледі.

Әлбетте, мастит әйел босанғаннан кейінгі 5-6 жұмада басталады. Бірінші рет босанғандарда 65%, екінші рет босанғандарда 29%, бірнеше рет босанғандарда 6% шамасында кездеседі. Бұрынғы уақытта барлық жас босанған әйелдердің 13% маститпен ауыратын. Қазір санитарлы-гигиеналық жағдай жақсара келе 0,5-2% байқалады.

Инфекция емшекке еміздіктің жарақаты, терісінің жарылуы, сыдырылуы арқылы немесе лимфогенді жолмен енеді. Кейде бала емізбейтін әйелдерде және қыздарда инфекция басқа денеде орналасқан іріңді үрдістен (лимфа немесе гематогенді жолмен) фурункулден, экземадан, қотырдан жайылады. Мастит емшекті дұрыс саумағандықтан (қолмен сауу, қолдың тазалығын сақтамаудан) да басталады.

Екі қабат әйелдердің маститі сүт бездерін дұрыс күтпеуімен де байланысты басталады. Бездер емшек тартқышпен көтерілмей салбыратылып ұсталынса, жуылып тазартылмаса.

Маститтің алдын алу үшін екі қабат әйелдер өзінің емшектерін нәрестеге емізуге даярлауы қажет. Күн сайын емшектерді салқын сумен жуу, одеколонмен сүрту, таза ауада ашып ұстау, ультрафиолет сәулесімен қыздыру қажет. Егер емшек еміздіктері қысқа болса оларды созу орындалады.

Емшекте пайда болатын іріңдіктердің орналасуына қарай - ареолярлы, тері астының, без ішінде, бездің артында (ареолярлы, тері астылық, интрамаммарлы, ретромаммарлы) түрлерін бөледі.

Маститтің клиникасы – анық, алдымен емшекте сүт жиналуының салдарынан емшек ісінеді, ауырсынады, тері астының қан тамырлары кеңейеді. Тері созылады. Егер емшек жедел түрде сүттен босатылмаса инфекцияға қолайлы жағдай туып, емшек іріңдеп мастит басталады. Дене қызуы 39-40 көтеріледі, емшек одан әрі ауырсынады, ісінеді, қатайады, қызарады. Іріңдік саязда (тері астында) орналасса флюктуация байқалады. Қолтық астының лимфа бездері ісінеді, ауырсынады (лимфаденит), теріде қызыл жолдар (лимфангоит) байқалады. Егер мұндай абсцесс операциямен емделмесе іріңдік өз бетімен жарылып, ірің ағады. Бұдан кейін аурудың жалпы жағдайы түзеледі. Бірақта науқас толық жазылмайды. Жаңа іріңдіктер ашылады.

Іріңді маститті көбінесе стафилококк, стрептококк, ішек таяқшалары туғызады.

Сурет № 22. Мастит ауруында іріңдіктің орналасатын орындары:

1. Субареолярлы (еміздік айналасындағы)

2. Интрамаммарлы (емшек бездерінде)

3. Ретромаммарлы (емшек безі астында)

Диагноз қиын емес. Ол қабынудың жалпы және жеке көріністері, ЭТЖ шапшаңдануы, лейкоцитоз, лейкоциттер құрамының солға жылжуы негізінде анық талады.

Диагнозды ажырату қажеттілігі емшек емізбейтін әйелдердің емшегі ісінгенде қажет. Кейде емшек туберкулезін, актиномикозін айыру қажеттігі туады.

Бұл аурулар жедел басталмайды, басқа мүшелердің (өкпенің, лимфа бездерінің) туберкулезі анықталады. Іріңнен туберкулез микобактериясы, саңырауқұлақ (актиномицеттер) табылады.

Маститті емдеу :

Консервативті емдеу - жаңа туған нәрестелер және жас өспірімдер маститінде, тоқыраулы маститте (бюстгалтер кию, суды аз ішу (сухоедение), антибиотиктер, сульфаниламидтер) қолданылады.

Іріңдеген маститте - іріңдікті радикальды тілікпен ашып, ірінді шығару. Одан әрі жараны хирургияның белгілі жалпы және жеке тәсілдерімен емдеу.

Ретромаммарлы маститте тілік емшек астымен (по Банденгейеру) жүргізіледі. Ірің тазартылып жара дренаждалады .

27-ші науқас - 23 жастағы босанған әйел. Шағымдары: сүт безінің ірің ағатын, ұзақ уақыт жазылмайтын ауырсынатын жарасы, дене қызуының көтерілуі және жүмыс қабілетінің нашарлауы.

Нәресте емшекті нашар емуіне байланысты оң сүт безі ісініп ауыра бастаған, дене қызуы көтерілген. Ісікті екі жұма бойы компресспен емдегеннен соң іріңдік жарылып одан көп мөлшерде ірің аққан. Бір айдан соң жыланкөз бітеліп, сүт безі ісігі басылған. Біраз уақыт өткеннен соң - сүт безінің терісі қызарды. Поликлиникада қоршау, одан соң емханада сүт безі 3 жерден тілініп жара жуылып, тазартылып, тампонданып емделген. 14 күннен соң жаралар іріңнен тазарып, грануляциямен толған. Науқас ұйіне шығарылған. Бірақта бір жұма өткеннен оң сүт безі қайта ісініп, ауырып, дене қызуы 39-40 дейін көтеріліп науқас емханаға қайта түскен.

Сурет № 22. Маститті операциямен емдеу:

  1. Интрамаммарлы іріңдікті ашу

  2. Ретромаммарлы іріңдікті ашу.

Сурет № 23. Оң сүт безінің ірінді маститінің сыртқы көрінісі

Оң сүт безі ісінген, оның терісі қызарған, қызған, жылтыраған. Радиальды бағытта 3 операциядан соңғы тыртықтар бар. Ол тыртықтырдан ірің шығады. Сүт безі ісінген, оның қозғалғыштығы нашарланған, ауырсынады. Қолтық бездері ісінген, ауырғыш. НВ-67%, ЭТЖ-29мм., Лейкоцитоз 14000. Диагноз – сүт безінің іріңдеп кабынуы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]