Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
хирургия.doc
Скачиваний:
465
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
3.01 Mб
Скачать
    1. Өңеш ауруларын басқа аурулардан айыру

Эзофагология клиникалық гастроэнтерологияның бір бөлігі болып саналады. Өйткені өңеш пен қарын кардиясының жағдайы мен қызметі тығыз байланысты.

Қыжылдау, кекіру, лоқсу сияқты симптомдар қарын жағдайымен ғана емес өңеш патологиясында да байкалады. Эзофагиттер өңеш ойық жарасымен көк еттің өңеш өтетін тесігі жарығымен қоса байқалады.

Өңештің әр түрлі ауруларының симптомдары өзара ұқсас. Бұл диагнозды қиындатады. Сондықтан өте муқиат анықталынған анамнезге қоса рентгендік, радиотелеметриялық, эзофагоскопиялық, зондтау тексерістері орындалуы қажет.

Мысалы дисфагия, жұтынудың немесе тағамның өңештен өтуінің қиындануы эзофагитте, өңеш ісігінде, өңешті сырттан қысатын абсцессте, орта аневризмасында, көкірекке бос ауа жиналғанда, көкет жарығында т.б. байқалады.

Жедел эзофагитте төс сұйегі артының "күюі", өңештің бойының күшті ауыруы және оның тағам жұтқанда күшеюі. Ауыру мойынға, арқаға шабады.

Эзофагоскопияда өңеш кілегейлі қабатының ісінгені, қызарғаны, сілекеймен (катаральды); сілекейлі-іріңді қабыршақпен жабылғандығы (эррозивті) немесе қанағыштығы (геморрагиялы) анықталынады.

Созылмалы эзофагит - аталған себептердің жиі және ұзақ уақыт әсер көрсетуінде (арақ, темекі, немесе суық тағам), мүрын - жүтқыншақ, өкпе, бронхтың ұзақка созылмалы науқастары, коллагеноз, актиномикоз, портальды гипертензия, авитаминоз, темір жетіспеушілігі (Пламмер-Винсон синдромы)

Пептикалы эзофагит - рефлюкс-эзофагит. Бұның негізгі себебі қарын-өңеш рефлюксі, яғни қарынның немесе ұлтабар ішегінің қышқылды сұйығының кері қарай өңешке ағуы. Рефлюкс-эзофагит көбінесе қарын, ішек ойық жарасын, гастродуоденитті, холециститті асқындырады. Дегенмен, ол көк еттің өңеш өтетін тесігінің жарығында басталады.

Ауру З түрлі синдром береді:

1. Жалғанкоронарлы - төс сүйегінің арты және жүрек аймағы қатты ауырады, ауыру екі жауырын арасына, сол иыққа беріледі.Стенокардиядан ерекшелігі - аурудың жатқанында және тағам қабылдағаннан соң ауырудың күшеюі, сода (сілті ерітіндісі) қабылдағанынан кейін басылуы және ЭТЖ өзгермегендігі болады.

2. Геморрагиялы-анемиялы синдром - анық немесе жасырын қан жоғалту.

3. Ауырсыну - диспепсиялы синдром - эпигастралды аймақтың қатты ауыруы, әсіресе тағам қабылдағаннан соң күю, кекіру, құсу, ықылық басталады.

Өңеш туберкулезыөкпенің, жұтқыншақтың, өкпе лимфа бездерінің, омыртқаның асқынған түберкулезінде байқалады. Аурудың негізгі белгісі - дисфагия.

Өңеш мерезі - өте сирек мерез ауруының үшінші кезеңінде гуммозды түйіншектер түрінде байқалады. Клиникасында тұрақты дисфагия анықталады. Бұнымен қатар мерездің басқа мүшелерде беретін өзгерістері (эррозивті аортаның, орталық жүйке жүйесінің, көз қарашықтарының сәулеге реакция бермеуі, анизокория - Аргайл-Робертсон синдромы, тізе рефлекстерінің жоқтығы, перитонзиллит, таңдайдың және жұтқыншақтың зақымдануы, Вассерман реакциясы ) анықталады.

Өңеш кандидомикозы - ұзаққа созылған ауыр аурудан жүдеген және ұзақ уақыт антибиотиктермен емделгендерде (тетрациклин, левомицетин, пенициллин) кездеседі.

Өңеш актиномикозы - ағзаға енген саңырауқұлақтың айналасында оны басқа сау тіндерден ерекшелейтін спецификалы инфекциялы гранулема пайда болады.

Диагнозды анықтауда эзофагоскопияның және ойық жарадан немесе жыланкөзінен шығатын заттың микроскопиялық тексерісінің маңызы зор.

Өңештің аллергиялық және дәрілік зақымданулары – соңғы жылдары жиіленіп отыр. Бұған себеп әр түрлі дәрілерді жиі қолдану, тамақпен, дәрімен, бактериялар мен ағзаға көптеген аллергендердің енуі.

Клиникалық көрінісі - дисфагия, жұтқыншақтың, төс сүйегі артының ауырсынуы. Бөртпелер, эрозиялар ерінде, езуде (стоматит, гингивит, глоссит).

Өңеш патологиялық бұзылысына көптеген басқа аурулар (медиастинит, коллагенез, қан аурулары, жүрек-тамыр аурулары) да ұшыратады.

Жүйелі склеродермия. Теріні, буындарды, жүйке және эндокринді жүйелерді, ішкі мүшелерді (жүрек, тамыр, өкпе, ішек-қарын, бүйрек, бауыр, көк бауыр) зақымдайды.

Склеродермияда көбінесе кальцинозбен қосалқыланып шел майында, сіңірлерде, буын қапшығында кальций тұздары байланады.

Ішек-қарын склеродермиясында жүтыну бұзылады, қыжыл, іштің жоғарғы бөлігінде (аш қарынға ауырсыну) ауырсыну, моторлы және секреторлы бұзылыстар. Тіпте ішек-қарын түйілуі, ас қорыту мүшелерінің секрециялық аппараттарының атрофиясы байқалады.

Склеродермияда бет терісімен көз пішіндері бұзылады - бет маскаша қатып қалады, ауыз тарылады, мұрын үшкірленеді, еріндер жұқарады, көз аламасының қозғалуы нашарланады, қолдың саусақтары cуыққа сезімталданады, олар көкшіл немесе бозғылт, саусақтар ұйығыш, қышиды, ауырсынады. Рентгенмен текергенде өңештің болмашы кеңігендігі, тонусының бәсеңдігі, пептикалы ойық жарасы, диафрагманың өңеш өтетін тесігінің кеңеюі байқалады.

Ревматоидты, диссеминирленген қызыл жегі өңештің өзгерістері - дисфагия, өңештің ауыруы байқалады.

Бірақта қызыл жегіге тән көріністер - буындар ауырсынуы, қозғалыстары нашарлауы, деформациялануы. Аяқ-қол еттерінің атрофиясы, Фелти синдромы (полиартрит, спленомегалия, лейкопения, анемия, тері пигментациясы), анкилозданған спондилоартрит (Бехтерев ауруы), Рейтер синдромы (полиартрит, уретрит, коньюктивит).

Сурет № 20. Добромыслов - Торектің көп этапты операциясы.

Тоқ ішектең жасанды өңеш даярлау.

а - операция жолы

б - өңеш резекциясы

в - тоқ ішектен трансплантант даярлау

г – эзофагопластика

Қызыл жегіде ультракүлгін сәулеге, қан құюға сезімталдық күшейеді. Науқас ауыр жүдейді, шашы түседі, гипергаммаглобулинемия және гипопротеинемия, қанда немесе сүйек миында Харгрейвстің қызыл жегілік торшалар және лейкоциттердің резетка түсті жиынтықтары. Диагноз үшін зақымданған терімен буыннан алынған биопсиялық материалды тексерудің маңызы зор.

Кардияның ахалазиясы кардиоспазм, өңештің идиопатиялық кеңеюі, френоспазм, мегаэзофагус, долихоэзофагус т.б. өңештің жүйке-бұлшық ет аппараттарының ауруы. Бұл ауруда тағамды жұтқанда кардияның физиологиялық ашылуы бұзылады да өңештің тарылған орнынан жоғарғы бөлшегі созылып кеңейеді. Онда 2-3 л. дейін тағам жиналуы мүмкін. Бұл ауру 100 мың адамның 0,6-2-де кездеседі. Клиникасында төстің артының ауыруы, дисфагия және регургитация, құсық. Құсықта қарын құсығына тән қышқыл иісі жоқ. Диагноз үшін өте маңызды эзофагоскопия және рентгенді тексерістер. Барий ұзақ уақыт қарынға жетпей, кеңіген өңеште сақталады.

Өңеш дивертикулы - өңештің кілегейлі қабатының кейде барлық қабаттарының шектелген азғана бөлшегінің қапшықша кеңейіп томпаюы. Дивертикулдың туа және жүре пайда болатын, шынайы және жалған түрлері белгілі.

Сурет № 21. Өңештен қан ағуында Блекмор зондын қолдану

а – зондтың (қарында манжеткасын желдендіру

б – зондтың өңештік манжеткасын желдендіру

Клиникасында жұтынудың бұзылуы және тағамның өңештен өтуінің қиындануы, дисфагия дамиды. Тағам өңеште тұрып қалады. Құсықта жаңа немесе бұрын қабылданған тағамдар мен көп мөлшерлі сілекей болады. Оларда тұз қышқылы жоқ. Кейде толы дивертикул мойында жұмсақ ісік ретінде байқалады.

Көк еттің өңеш өтетін тесігінің жарығы - өңеш тесігі арқылы іштің кей-бір мүшесінің көкірекке енуі. Жарық қапшығының ішінде өңештің төменгі бөлшегі, қарын, ащы немесе тоқ ішектер бөлшегі, шарбы, көк бауыр болуы мүмкін.

Дисфагия, төс артының ауырсынуы, төстің қатты ауыруының жүрек тұсына, сол иыққа, сол жауырынға берілуі (гастрокардиалъды синдром). Өңештен, қарыннан қан ағуы.

Диагноз ренттендік және эндоскопиялық тексеріспен анықталады.

Өңеш көк тамырының варикозданып кеңеюінде

аурудың әлсіреуі, анемиясы, жүдеуі, тағам қабылдағанда төс артында жағымсыз сезім пайда болуы, дисфагия.

Рентгенде:

1) Өңештің кеңеюі (алғашқыда).

2) Өңештің тарылуы (кейінгі кезеңінде).

3) Бұралған өңеш.

4) Контрасты массаның өңешпен бәсең ағуы.

5) Өңеш қабырғаларында кішкене көлеңкелер пайда болуы.

6) Өңеш қабырғаларында кішкене дөңгелекше кемістіктері.

7) Дөңгелекше немесе орақ түсті көлеңкелер.

8) Фестон, тіс сияқты көріністер.

9) Обструктивті бөлшектер жоқтығы.

Өңештің қатерсіз ісіктері - аденома, лейомиома, фиброма, ангиома, невринома - ауыру сезімін және интоксикация көріністерін бермейді. Олар ойда жоқта рентгендік немесе эндоскопиялық тексерістерде анықталады.

Өңештің қатерлі ісігі - аc қорыту мүшелерінің қатерлі ісіктерінің 20% өңеш рагі. Ісік көбінесе өңештің физиологиялық тарылған жерінде орналасады. Мойын бөлшегі - 15%, кеуде бөлшегі -35%, іш бөлшегі - 50%.

Клиникасы - жұтынудың қиындануы, өңеш бойының тұрақты ауырсынуы, кекіру, лоқсу, құсу. Науқас шапшаң жүдейді, кахексия, тері құрғайды, тырысады. Диагноз үшін эзофагоскопия және биопсияның маңызы зор.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]