Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
хирургия.doc
Скачиваний:
465
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
3.01 Mб
Скачать

2) Өңештің қабыну аурулары

а) Өңештің жедел қабынуы. Көбінесе оның ыстық сұйықпен, химиялық заттармен күюінде және механикалық қоздырғыштар себебінен кездеседі. Бұнымен қатар кейбір инфекциялы аурулар салдарынан өңештің катаралды қабынуы байқалады. Симптомдары: тағам жұтынғанда өңештің ауырсынуы.

Мойынды бұрудың, басты артқа шалқайтудың ауырсынуы, қою, жабысқақ сілекейдің көп шығуы, лоқсу байқалады.

Емдеу - салқын сүт ішкізу, мұз жұтқызу. Қою тағамды уақытша пайдаланбау.

Қызылша, скарлатина, дифтерия, сүзек, оба сияқты инфекциялы ауруларда, уремияда, энтеритте өнештің қабынуы мүмкін. Өңештің бұл кабынуларын емдеу оған себеп болатын негізгі аурумен күресуден тұрады.

б) Өңештің созылмалы қабынуы

Өңеш дивертикулында, стриктурасында, ісіктерінде, жүректің ауыр (декомпенсациялы) кемістіктерінде, арақты жиі ішетін адамдарда байқалады. Бұл жағдайда өңештің кілегейлі қапшығы қызарады, ісініп - қалыңдайды, оның қан тамырлары кеңиді. Сілекей аз шығады. Өңеш құрғайды.

Емдеу - ауруға ұшыратқан негізгі себепті анықтап, оны емдеу қажет. Кейде өңештің ауыруын басу үшін 3% дикаин, 2-5% новокаин ерітіндісімен, 1-3% танинмен, 2% күміс суымен сүрту пайдаланылады.

б) Өңештің рефлюксті ауруы - қарынның кардиальды жомының (жабу механізмінің) әлсізденіп созылып, кеңеюі салдарынан қарын қышқылының өңешке енуі (рефлюкс) оның қабынуына ұшыратады. Өңештің кілегейлі қапшығы ісінеді. Ауру қарын немесе ұлтабар ішегінің ойық жарасына ұқсас симптомдар береді (ауыру, қыжылдау, кекіру). Өңеш қабынуына және өңеш ойық жарасына ұшыратады. Бұл жарадан қан ағуы мүмкін.

Диагнозды анықтау үшін рентгендік тексерістерді қолдану қажет.

Емдеу - қарынның ауруын емдеуге ұқсас - консервативті тәсілдерден құралады. Тек осы емнің нәтижесіздігінде хирургиялық шаралардың қажеттігі туады. Қолданылатын операциялардың негізі қарынның қышқылын өңешке өткізбейтін кедергі жасау болады. Бұл ұшін қарыннан өңештің төменгі (абдоминальды) бөлшегін айналдыра қысып түратын жом жасалады.

в) Өңештің пептиқалы ойық жарасы - қарын кардиясының қемістігі салдарынан, көкеттің жырығынан немесе өңеш өтетін тесігінің кеңуінен қарын қышқылының өңешке енуі себебінен пайда болады. Өңештің пептикалы жарасының симптомдары анық емес. Кейде еш қандай белгілі көрініс бермейді. Ал кейбір ауруларда дисфагия, құсық, төс сүйегі артының ауырсынуының IX кеуде омыртқасына шабуы, қан құсуы байқалады. Мұндай аурулар ұзақ уақыт тағам қабылдамай қатты жүдейді. Өйткені тамақ қабылдау іштің ауырсынуын күшейтеді.

Диагнозды анықтау үшін орындалатын инструментальды тексерістерді абайлап орындау қажет. Өйткені зондпен, эзофагоскоппен тексеру өңеш ойық жарасының жыртылуына, одан қан ағуына соғуы мүмкін. Сондықтан контрасты рентген тексерісі мен "ниша" анықталуы диагнозды шешеді.

Емдеу - консервативті. Тек бұл емнің нәтижесіздігі операциямен емдеуді талап етеді. Емнің негізгісі диетотерапия.

Өңештің созылмалы ерекше(спецификалық) қабыну аурулары

а) Өңеш түберкулезі - өңештің ойық жарасына немесе қатаң ісінуіне соғады. Өңештің бұл ауруын мерездік ойық жарадан және өңеш рагінен ауыру қажет. Диагнозды анықтауда эзофагоскопияның және биопсияның маңызы зор.

Емдеу - ең алдымен өңештің ауыруын басу үшін дикаин, анестезин, новокаин пайдаланылады. Жараны ляписпен күйдіреді. Аурудың негізгі себебін - түберкулезді емдейді.

б) Өңеш мерезі - сирек кездесетін ауру. Көбінесе өңештің жоғарғы бөлімінде орналасады. Мерездік гумма ісігі шіріп оның орнында тыртықтар пайда болып, өңешті тарылтады.

Симптомы - алғашқы ойық жаралы кезеңінде өңеш ауырсынуы, ал кейінгі тыртыкты кезеңде -дисфагия. Бұған қоса Вассерман реакциясы оң мәнді болса диагноз шешіледі.

Емдеу - мерезге қарсы спецификалық. Тыртықтанып тарылған өңешті созып кеңейту.

в) Өңеш актиномикозы басқа денедегі актиномикоздан жайылады. Диагнозды анықтауда және оны өңеш қатерлі ісігінен, мерезден айыру үшін биопсияның маңызы зор.

Емдеу - рентгенді терапия, және йод препараттарын ішкізу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]