Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
хирургия.doc
Скачиваний:
465
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
3.01 Mб
Скачать

11.5. Тік ішектің түсуі— prolapsus recti

Тік ішектің шығуына іш қуысындағы қысымның өсуі, тік ішектің байламдарының босаңдығы себеп болады.

Тік ішектің түсуі барлық хирургиялық аурулардың 0,5—6,2% жетеді. Көбінесе ер адамдарда байқалады. Бұл олардың анатомиялық ерекшеліктерімен және ауыр жұмысымен байланысты. Әйелдерде дуглас қалтасы саяз, жатыр ішекті қысып күшті бекітеді, олардың тік ішек сфинкторы берік.

Тік ішек түсуінің түрлері:

1. Тек кілегейлі қапшықтың түсуі.

2. Ішектің барлық қабаттарының түсуі.

Аветисов келесі түрлерін бөледі:

Бірінші дәрежелі - түскен ішектің ұзындығы 4см. дейін, оның жарақаты жоқ, өз бетімен орнына түседі.

Екінші дәрежелі- 8см. дейін, ішек қызарған, ісінген, қан ағуы, ауыруы мүмкін. Бірақта орнына салынады.

Үшінші дәрежелі - 8- 12см. шығады, ішек қабынған, ісінген, тыртықтанған. Ішеқ орнына салынғаннан соң сфинктер жабылмайды, аурудың жағдайы ауыр.

Төртінші дәрежелі -12см. артық ішектің түсуі жөтелгенде, түшкіргенде т.б. болмашы қимылдарда байқалады. Түскен ішек өз бетімен орнына салынбайды.

Тік ішектің түсуінің жеңіл түрлері балаларда әр түрлі ішек аурулары салдарынан, ересектерде - геморрой салдарынан байқалады. Ішектің ұзақ уақыт түсуінде онда созылмалы қабыну көріністері, эррозиялар мен ойық жаралар, қан ағуы байқалады.

Ауруды тексеруде оны екі аяғына отырғызып көру нәтижелі. Бұнымен ішектің айналып түсуі анық көрінеді.

Бұған қоса тік ішекті тексеру қажет. Бұнымен тік ішек түсуін ұзын полиптердің түсуінен айырады.

Ректороманоскопия орындалады. Ішек түсуінің ауыр түрлерінде сфинктер әлсізденеді, ол 1-2-3 саусақтарға қеңейеді. Ішекке саусақ енгізгеннен соң аурудың сфинктерді қысуын өтінеміз. Сфинктердің кеңейуін анықтау қажетті операцияны дұрыс анықтауға көмектеседі.

Диагнозды ажырату — геморройлық түйіншектердің шығуынан айыру қажет.

Тік ішек түсуін емдеудің көптеген тәсілдері белгілі.

Гиппократ дәуірінен көптеген қарапайым тәсілдер қолданылатын. Мәселен ауруды аяғынан байлап төмен салбыратып іліп қою.

Консервативті тәсілдер көбінесе жас балаларда қолданылады:

1. Ішек түсуіне себеп ауруды емдеу (дизентерия, колит).

2. Сфинктерді күшейту — параректальды май қабатына спирт немесе басқа склероздендіретін дәріні егу.

3. Ішекті көтеріп тұратын обтураторлар

4. Физиотерапия (массаж, ванна).

Ересектерді мүмкіндігінше ерте операцияға алу қажет. Бұл ауыр өзгерістердің алдын алады. Операциядан бұрын ішек толық тазартылады.

Операциялар түрлері

а) Тирш операциясы. Анусты айналдыра тері астымен сым өткізіледі. Ішекке енгізілген саусақпен бақылауымен сымның ұштары тартылып анус тесігі тарылады.

б) Габриэль алтын сым, жібек жіп пайдаланған. Киршнер- аяқтан даярланған фасцияны қолданған, Н.Н.Соколов аяқшадағы фасцияны пайдаланған.

2. Тік ішекті ішке немесе іштің бетіне бекіту операциялары:

а) P.P.Вреден операциясы - анусты айналдыра кесілген жарамен тік ішектің төменгі бөлігін бір жанына бүгіп (180 градус) теріге тігеді.

б) Локкарт-Муммери операциясы тік ішекпен құйымшақтың арасына майланған тампон енгізіп онда жабысқақтармен тыртықтың пайда болуын күтеді.

в) Жаннелъ операциясы - сигма ішегін жоғары көтеріп ішпердесіне тігеді.

г) Радзиевский А.Г .- сигма ішегін іштің сыртқы қиғаш етінің апоневрозына тігеді.

д) Кюммель - ішекті омыртқалар сіңіріне тігіп бекітеді. Чухриенко ішекті омыртқалар сіңіріне капронды лентамен бекітеді.

е) Тік ішек резекциясын орындайды.

Аталған операциялардан соңғы рецидив 5,8-40-60% дейін байқалады. Қазіргі уақытқа дейін 210 тәсілдер белгілі (Аминев). Бұл олардың нәтижесіздігін дәлелдейді.

26-шы наукас - 45 жасар ауыл тұрғыны. Клиникаға қелесі шағымдармен түскен: азғана күшенгенде, жүк көтергенде, жөтелгенде, түшкіргенде тік ішектің шығып кетуі. Жас кезінде іш сүзегімен ауырған. Ауыр жұмыспен ерте жас кезінен шұғылданған. 1983 жылы оған тік ішекті жоғары көтеріп бекіту операциясы орындалынған. Операциядан екі ай өткенде anus арқылы тік ішектің кілегейлі қабатының шығуы қайта басталды. Бұдан әрі азғана күшенгенде де тік ішектің барлық қабаттарының түсуі қайталанады. Түсетін ішектің ұзындығы 12см. Шыққан ішектің кілегейлі кабаты қызарған, оған қан құйылған бөлшектері бар. Саусақпен тік ішекті тексергенде сфинктердің созылып кеңейгендігі анықталады.

Тік ішек ауруларына арналған әдебиеттер.:

  1. Аминев А.М.- Геморрой, Горький, 1954.

  2. Аминев А.М.- Руководство по проктологии, Куйбышев, 1979.

  3. Баженова А.П.- Островцев Л.Д.- Рак толстой кишки. М., 1969.

  4. Бронштейн Б.Л.- Рак толстой кишки, М., 1956.

  5. Брайцев В.Р.- Заболевания прямой кишки, М., 1952.

  6. Блиничев Н.М.- О парапроктитах, Куйбышев, 1954.

  7. Дульцев Ю.В., Саламов К.Н. - Парапроктит., М, Медицина, 1981.

  8. Канделис Б.Л.- Неотложная проктология. Л. Медицина, 1981.

  9. Рыжих А.Н.- Хирургия прямой кишки. М., 1956.

  10. Рыжих А.Н.- Атлас операций на прямой и толстой кишках. М., 1968.

  11. Заремба А.А.- Клиническая проктология, Рига, Звайгне, 1978.

  12. Проктология под руководством Федорова Б.А., Дульцева Ю.В., М., Медицина, 1984.

  13. Ривкин В.Л. Капуллер Л.Л.- Геморрой, М., Медицина, 1985.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]