Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
VPRK.doc
Скачиваний:
34
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
570.88 Кб
Скачать

17. Қазақстан Республикасы мен Америка қонтинент елдері арасындағы қарым-қатынастарға сараптама беріңіз

Қазақстан мен АҚШ арасындағы қарым-қатынас 1991 ж. 26 желтоқсанда орнатылды. 1992 ж. 15 қыркүйекте АҚШ-тың ҚР-дағы Елшілігі ашылды, ал 1992 ж. 30 қазанда ҚР-дың АҚШ-тағы елшілігі ашылды. 2007 ж. 4 шілдеден бастап – Е.Ыдырысов ҚР-ның АҚШ-тағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып табылады. 2011 ж. 25 қазаннан бастап – К.Фэйрфакс АҚШ-тың ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып табылады.

Қазақстан мен АҚШ арасында кең ауқымды және терең әрекеттесумен сипатталатын стратегиялық әріптестік орнатылған. 2006 ж. 26-29 қыркүйек аралығында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Вашингтонға сапары барысында елдеріміздің жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға ұмтылысын расталды. Екі мемлекет басшылары энергетика, әскери ынтымақтастық, сауда, инвестиция және демократизация салалары бойынша стратегиялық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған Бірлескен мәлімдеме қабылдады.

АҚШ – Қазақстанның ең ірі сауда әріптестерінің бірі. 2012 жылдың қаңтар-наурыз айларында сауда айналымы 572 млн. АҚШ долларын құрады (экспорт – 149,3 млн., импорт – 442,6 млн. АҚШ долларынан асты Американдық инвестициялардың негізгі салалары: тау-кен өндеу секторы, жылжымайтын мүлікпен операция, аренда және кәсіпорын қызметтері, көлік және байланыс, сауда және жөндеу қызметі секторы және электр энергиясын, газды және суды өндіру мен бөлу. Қазақстандық нарықта «ШевронТексако», «ЭксонМобил», «КонокоФиллипс» сияқты американдық компаниялар жетекші орындарды иелеуде. Американдық компаниялардың қатысуы «Тенгизшевройл» (ТШО) бірлескен кәсіпорны, «Аджип ККО», «Каспий құбыр консорциумы», «Қарашығанақ интеграцияланған ұйымы» және т.б. сияқты ірі жобаларда байқалады.

Қазақстан Республикасы мен Аргентина Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар 1993 жылы 25 маусымда орнатылған болатын.

2011 жылдың 12 тамызынан Қазақстан Аргентинаның Елшісі Хуан Карлос. 2011 жылы үшін Қазақстан мен Аргентина тауар айналымы 41 379,3 мың АҚШ долларын құрады. Қара металл бұйымдары және тағамдық азық-түлік импорттың, өсімдік және мал өнімдері, дайын азық түлік тауары мен металдан жасалған бұйымдар экспорттың негізгілері болып табылады.

2010 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстанның ЖЭС «Атамекен Кеңесі» мен Аргентинаның Ұлттық аграрлық технологиялар институтының «INTA» ұйымдастыруымен «Қазақстан мен Аргентинаның ауылшаруашылық сауда мен инновациялар саласында ынтымақтастықтың мүмкіндігі» деген тақырыпта видеоконференция өтті.

Қазақстан және Бразилия арасында дипломатиялық қатынастар 1993ж. 22 қыркүйекте орнатылған. 2006ж. 7 тамызда Астана қаласында Бразилия Елшілігі ашылды. 2011ж. тамыз айынан бастап Қазақстан Республикасындағы Бразилия Федеративтік Республикасының Елшісі Освальдо Биато Жуниор болып саналады. 2007ж. 11 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Е.Ыдырысов Бразилия Федеративтік Республикасындағы қосымша жұмыс істеуге Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

2009 жылдың 17 маусымында Бразилия Федеративтік Республикасының Президенті Луис Инасиу Лула да Силваның Қазақстанға мемлекеттік сапары өтті. Бұл – Бразилия Прзидентінің Орта Азия аймағына бірінші сапары болған. Сапар барысында Президент Силваның Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевпен және Премьер-министрі К.Мәсімовпен келіссөздері жүргізілді.

2011 жылы тауар айналымы 391,2 млн АҚШ долларын 2009 ж. 12 желтоқсанда «ҚазАгроИнновация» АҚ және «Эмбрапа» бразилиялық ауылшаруашылық корпорациясы арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. 2009 ж. 5 наурызда қазақстандық жас футболшылар (26 адам) Бразилияға «Оле Бразил» спорт мектебінде оқу үшін бір жылға ұшып кетті. 2011 жылдың аяғында бірінші топ қайтты, екінші футболшылар тобы Бразилияда оқу үшін 2012 жылғы ақпанның басында ұшып кетті.

Қазақстан мен Канада арасында дипломатиялық қатынастар 1992 ж. 10 сәуірінде орнатылды. 2008 ж. мамырынан бастап, Қазақстан Республикасының Канададағы Елшілігі жұмыс істеуде. 2009ж. 19 қарашасынан бастап Канаданың Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Стивен Миллар болып табылады. 2012 ж. қаңтарынан бастап, Қазақстан Республикасының Канададағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Костантин Жигалов болып табылады.

2011 жылы Қазақстан мен Канада арасындағы сауда көлемі 2,8 млрд. АҚШ долларын құрады. 2011 ж. Канадаға қазақстандық экспорттың көлемі 2,63 млрд. АҚШ долларын құрады, оған, ең алдымен, мұнай және мұнай өнімдері, ал кейін барып уран және оның компоненттері, ферроқорытпалар, мұздалған балық еті, т.б. кіреді. Қазақстанға Канададан импорт көлемі 174,29 млн. АҚШ долларына жетті. Канададан негізінде авиа- және ауыл шаруашылық техникасы, тау-кен жабдықтары, теңіз мұнай платформалары жөнелтіледі. Қазақстанда канадалық капитал қатысуымен 170 компания мен 40 компания өкілдіктері тіркелген. ҚР аумағында «Cameco Corporation», «Uranium One», «Canam Group», «Precision Drilling International», «Alhambra Resources», «SNC-Lavalin International Inc.», «Bombardier» компаниялары белсенді қызмет етуде.

Қазақстан Республикасы мен Куба Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылы 24 наурызда орнатылды, бір жылдан кейін Қазақстанда Кубаның Елшілігі ашылды. 2006ж. наурыз айынан бастап Куба Республикасындағы Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілі Б.Дүйсебаев болып саналады. 2008ж. 9 қазаннан бастап Абелардо Фабио Эрнандес Феррер Куба Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып саналады. 1995 ж. 4 қаңтарда Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қ.Тоқаевтың Кубаға ресми сапары өтті. Ғылым және мәдениет салаларындағы ынтымақтастығы туралы Келісімге және Сыртқы істер министрліктердің арасындағы консультациялар туралы Хаттамасына қол қойылды. 2008ж. 28 қаңтарда Қазақстан Республикасы Үкіметі және Куба Республикасы Үкіметі арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастығы туралы Келісімге қол қойылды. 2011ж. үшін жалпы тауар айналымы 15,17 млн. АҚШ долларын (импорт – 15,7 млн. АҚШ доллар) құрады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]