Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
VPRK.doc
Скачиваний:
34
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
570.88 Кб
Скачать

30. Қазақстан мен Үндістан арасындағы қарым-қатынастарға сараптама беріңіз

Екі ел қарым- қатынасы сонау Жібек жолынан бері басталды, себебі Қазақ жері арқылы өткен Жібек жолының соңғы нүктесі Үндістанда аяқталған. Дегенмен, заманауи Қазақстан мен Үндістан арасындағы қатынастарды 2 кезеңге бөлуге болады: 1- кезең (1992- 2002 жылдар аралығы): екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылы 23 ақпанда орнатылған уақыт. 1993 жылы қарашада Қазақстан Республикасының Елшілігі Нью-Делиде ашылды. 2010 жылы 11 мамырдан бастап Үндістандағы Қ.Р-ның Елшісі болып Д.Қуанышев жұмыс атқаруда. 1993 жылы қазанда Үндістан Республикасының Елшілігі Алматыда ашылды. 2011 жылдың қаңтарынан бері Қазақстандағы Үндістанның Елшісі Ашок Кумар Шарма.Үндістан Елшілігі 2007 жылдың қарашасында Астанаға көшіріліп, Алматы қаласында консулдық пункті жұмыс жасайды. Осы бірінші кезеңде 1992 жылы ақпанда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Үндістанға бірінші ресми сапары барысында мемлекетаралық қатынастардың негізгі қағидалары мен бағыттары туралы декларацияға, дипломатиялық қатынастарды орнату туралы хаттамаға, сауда-экономика, ғылым және технология, мәдениет, өнер, білім, ақпарат және спорт салаларындағы қарым-қатынастар жөніндегі келісім шарттарға қол қойылды. Елдер арасындағы қатынастардың екінші кезеңі: 2002- ден қазіргі уақыт аралығын қамтиды. Қазақстан мен Үндістан арасындағы қатынастардың нормативтік- құқықтық базасы жинақталғаннан кейін, ендігі кезекте жоғары деңгейге көтерілу, жаңа перспективті даму бағыттарын іздеу сұрағы тұрды. Бастамашы ретінде 2002 жылы 11- 15 ақпанда Президент Н.Ә.Назарбаевтың Үндістанға үшінші ресми сапары болды. 2002 ж. шілдеде Үндістан Республикасының Премьер-министрі А.Б.Ваджпаи Қазақстан Республикасында ресми сапармен болып, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) бірінші мәжілісіне қатысты. Маңызды кездесу ретінде 2009 жылғы 23- 26 қаңтар кезеңінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Делиге мемлекеттік сапары болып өтті. Сапардың негізгі нәтижесі ретінде Қазақстан Республикасы мен Үндістан Республикасы арасындағы стратегиялық әріптестік туралы бірлескен Декларацияның қабылдануы болды. Осы кезеңде екі жақты қатынастардың маңызды құраушысы мұнай- газ сферасына ерекше назар аударылды. Мысалға, 2011 жылы 15- 16 сәуірде өткен Үндістан Премьер-министрі М.Сингхтің Астанаға сапары екіжақты конструктивті әріптестіктің әрі қарай күшеюіне үлесін қосты. Сапар барысында стратегиялық әріптестіктің дамуы бойынша іс-шаралар жоспары (“Жол картасы”) қабылданып, азаматтық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы және атом энергиясын бейбіт мақсаттарда қолдану туралы келісімдерге, “Сәтпаев” мұнай блогын бірігіп игеру бойынша құжаттар топтамасына, сондай- ақ ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау мен ақпараттық технологиялар саласындағы ведомствоаралық келісімдерге қол қойылды. 2013 жылы 3- 5 наурызда Қ.Р- ның Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысов Үндістан Республикасына ресми сапар жасап, оның шеңберінде Ү.Р- ның жоғары палатасының төрағасы М.Х.Ансаримен және сыртқы істер министрі С.Хуршидпен кездесті. Сапар аясында “Қазақстан- Үнді ынтымақтастығының келешегі” тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өтті. Жалпы, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі даму және ілгерлету механизмі ретінде Қазақстан- Үндістан сауда- экономикалық, ғылыми- техникалық, өнеркәсіптік және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясы болып табылады. Аталған комиссияның барлығы он отырысы өткізілді, соңғысы 2013 жылы 8- 9 қаңтарда Нью-Дели қаласында өтті. Статистикалық мәліметтерге сәйкес екі ел арасындағы қатынастар аса перспективті түрде дамуда: 2011 жылғы нәтиже бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы 290 млн. доллар құрады; 2012 жылы бұл көрсеткіш 507,3 млн. долларға көтерілді; 2013 жылдың нәтижесі бойынша тауар айналымы 676,9 млн. долларға жетті. Қазақстандық мамандар Ү.Р- ның техникалық және экономикалық ынтымақтастық бағдарламасы (ITEC) бойынша алдыңғы қатарлы үнді жоғарғы оқу орындарында менеджмент, экономика, қаржы, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, энергетика, су ресурстарын басқару, БАҚ және компьютер технологиясы салаларында білім алып, біліктілігін жоғарылатуда.Осыдан, мемлекеттер ынтымақтастығы екіжақты тиімді түрде дамып келе жатқанын байқауға болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]