Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
VPRK.doc
Скачиваний:
34
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
570.88 Кб
Скачать

13. Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы қарым-қатынастарға сараптама беріңіз

Еуропалық Одақ – Қазақстанның ең негізгі саяси және экономикалық әріптестерінің бірі болып табылады.

 1993 жылғы 2 ақпанда   Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ (ЕО) арасында дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылды. 1993 жылғы желтоқсанда ҚР-дың Брюссель қаласында ЕО жанындағы өкілдігі ашылды. 1994 жылғы қазанда Алматы қаласында Еуропалық Комиссиясының өкілдігі ашылды. 2012 жылғы 8 маусымнан бастап ҚР Өкілдігінің басшысы болып Төтенше және Өкілетті Елші А.Хамзаев тағайындалды. 2011 жылғы 3 тамыздан бастап Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасындағы Өкілдігінің басшысы – Төтенше және Өкілетті Елші А.Бушез болып табылады.

Сапарлар:

Қазақстан Республикасы Президентінің Брюссельге 6 сапары (1993 жылғы ақпан, 2000 жылғы маусым, 2002 жылғы қараша, 2006 жылғы желтоқсан, 2010 жылғы сәуір мен қазан) ұйымдастырылып, олардың барысында Еуропалық Одақ басшылығымен екіжақты келіссөздер өткізілді.

2010 жылғы 1-2 желтоқсанда Еуропалық Одақтың төрағасы Х.Ван Ромпейдің Қазақстанға алғашқы ресми сапары өтіп, оның барысында ол Астанадағы ЕҚЫҰ Саммитінің жұмысына қатысты.

2012 жылғы 2 мамырда ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімов Брюссельде Еуропалық Одақтың төрағасы Х.Ван Ромпеймен, Еуропалық Комиссияның төрағасы Ж.М.Баррозумен және Сауда жөніндегі еурокомиссар К.Де Гюхтпен кездесулер өткізді.

2013 жылғы 2-3 маусымда Еуропалық Комиссияның төрағасы Ж.М.Баррозудың Қазақстанға алғашқы ресми сапары өткізілді.

Саяси диалог:

Қазақстан мен ЕО арасындағы қарым-қатынастардың құқықтық негізі 1999 жылғы Әріптестік және ынтымақтастық туралы келісім (ӘЫК) болып табылады.

Қазақстан мен ЕО арасындағы негізгі келісімді өзектендіру қажеттілігіне байланысты, осы келісімде ынтымақтастықтың барлық салаларында келесі, одан да ілгері кезеңді бекіту мақсатында, Тараптар екінші толқындағы жаңа негізді келісім жасасу туралы уағдаласты.

2011 жылғы 11 маусымда Брюссель қаласында ҚР мен ЕО арасындағы кеңейтілген ынтымақтастық пен әріптестік туралы жаңа келісім бойынша келіссөздерге ресми бастама берілген болатын. 2011 жылғы маусымнан бастап 2014 жылғы шілде аралығында жаңа келісімнің мәтіні бойынша келіссөздердің 7 ресми кезеңі өткізілді. Қорытынды кезең 2014 жылғы 9-11 қыркүйекте Астана қаласында өткізіліп, содан кейін оны дәйектеу, оған қол қою және ратификациялау бойынша рәсімдер өтеді.

Сауда-экономикалық байланыстарды дамытудың жоғары серпініне қол жеткізілді. ЕО Ресей мен Қытайды артта қалдырып, Қазақстанның негізгі сауда және инвестициялық әріптесі болып табылады. Қазақстандық сыртқы сауда айналымының жартысынан көбі және Қазақстан экономикасында жиналған шетел капиталының 49% ЕО үлесіне келеді. Қазақстанның ЕО елдерімен сыртқы сауда айналымы 2013 жылдың қорытындысы бойынша 53,4 млрд. АҚШ долларын, 2014 жылғы қаңтар-маусым аралығында- 28,4 млрд. АҚШ долларын құрады (импорт - 4,1 млрд. АҚШ доллары, экспорт-24,3 млрд. АҚШ доллары).

Тәуелсіздіктен бастап 2014 жылғы  1 -тоқсанға дейін ЕО елдерінен Қазақстан экономикасына келген тікелей инвестициялардың жалпы түсімі 92,7 млрд. АҚШ долларын құрады (барлық тартылған 189,7 млрд. АҚШ долларының ішінде). Негізгі инвесторлар: Нидерланды, Ұлыбритания, Италия және Франция. Қазақстан тәуелсіздік жылдарында ЕО-ның сенімді және жауапты энергетикалық әріптесі ретінде орнықты. Қазақстан Ресей және Норвегиядан кейінгі ОПЕК-ке мүше емес елдер ішіндегі – Еуропаға энергия тасымалдаушылардың үшінші ірі өнім берушісі болып табылады. Еуропаның бірнеше елдерінде қазақстандық мұнай тасымалының үлесі айтарлықтай жоғары. Сонымен Аустрияда ол 25%, Румынияда - 30% құрайды. Қазақстан Германияға көлемі бойынша 4-ші энергия ресурстарын тасымалдаушы болып табылады. Қазақстан ЕО-мен стратегиялық энергиялық диалогты одан әрі нығайтуға мүдделі, оның құқықтық негізі Энергетика саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум және Ядролық энергияны бейбіт мақсаттарда пайдалану жөніндегі ынтымақтастық туралы келісім болып табылады. Астананың еуропалық елдермен өзара қарым-қатынастарын қарқындату жағдайында Қазақстан мен Еуропалық Одақ азаматтарының өзара сапарларының өсіуін есепке ала отырып, Қазақстан Еуропалық Одақпен                 визалық режимін жеңілдету саласында ынтымақтасуда. Осыған орай дипломатиялық және қызметтік паспорт иелерін визалық талаптардан босату және ҚР мен ЕО кейбір санаттағы азаматтық паспорт иелеріне виза рәсімін жеңілдету жөнінде келісімдерге қол қою мәселесі пысықталуда. Тараптар тұрақты консультациялар жүргізуде. Қазақстан  ЕО-мен визалық режимді жеңілдету жөніндегі іс – қимылдар жоспарын қабылдау бойынша Еуропалық Комиссиямен диалогты бастауға қызығушылық білдіруде.

Ынтымақтастықтың жаңа форматы тараптар мүдделілік танытқан тақырыптар бойынша (энергетика, көлік, қауіпсіздік, көші-қон, адам құқықтары бойынша диалог және т.б.) егжей-тегжейлі консультацияларды көздейтін салалық диалогтар болып табылады. Жылына бір рет Парламенттік ынтымақтастық комитетінің отырыстары өткізіледі (Еуропалық Парламент - ҚР Парламенті). 2013 жылғы қарашада Брюссель қаласында Қазақстан-ЕО Парламенттік ынтымақтастық комитетінің 12 отырысы өтті.

ҚР-ЕО өзара іс-қимылдың институционалдық жүйесінде негізгі рөлді ынтымақтастық кеңесінің жыл сайынғы отырыстары атқаруда. Кеңестің шешімдерін жүзеге асыру мақсатында: сауда, инвестициялар, көлік және энергетика; сот төрелігі және құқықтық тәртіп жөніндегі ынтымақтастық комитеті, сондай-ақ екі бейіндегі ынтымақтастықтың кіші комитеттері қызмет етуде. Өңірлік тұрғыда тараптар Орталық Азиядағы ЕО Стратегиялары (2007 жылы қолданысқа енгізілді) шеңберінде өзара іс-қимыл жасауда. 2013 жылғы маусымда өткен Еуропалық Комиссияның Президенті Ж.М.Баррозудың Қазақстанға ресми сапары біздің әріптестігіміздің кеңеюі мен нығаюына жәрдемдесті, сондай-ақ Астана мен Брюссель арасындағы көп деңгейлі байланыстарды дамытуға өзара мүдделіліктерді тағы бір мәрте растады. Қол жеткізілген уағдаластықтарды іс жүзінде іске асыру шеңберінде 2014-2015 жылдары  ҚР-ЕО қарқынды саяси диалогы күтілуде.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]