Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
VPRK.doc
Скачиваний:
34
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
570.88 Кб
Скачать

38. Қазақстан Республикасының Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі Кеңестің (аөіқсшк) шеңберіндегі саясатын ашып көрсетіңіз

АӨСШК-ні құру туралы идеяны Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев алғаш рет 1992 жылғы 5-ші қазандағы БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-ші сессиясында ұсынды. Бастаманың негізгі мақсаты - Азия құрылығындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ертеректе табысты бола алмай қалған тиімді де әмбебап құрылымын жасау жолындағы талпыныстарды қайта жаңғыртуға ұмтылу, өйткені, сол таңға дейін, әлемнің басқа аймақтарымен салыстырғанда, Азияда осындай құрылым әлі қалыптаспаған болатын.

Бастапқы кезеңнің өзінде АӨСШК идеясы құрлықтағы саяси ахуалға ықпал ете алатын халықаралық ұйымдар (БҰҰ, АМЛ, ЕҚЫҰ) мен бірқатар Азиялық мемлекеттер тарапынан қолдау тапты. Бастаманы іске асыру барысында 1993-1994 жылдары Азия елдері сыртқы істер министрліктері сарапшыларының үш кездесуі өткізілді. Осы кездесулер қорытындыларында Кеңес құжаттарын әзірлеумен айналысатын Арнайы жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды.

Әзірлеу үдерісі. 1993-1994 жылдар аралығында Азия елдері СІМ сарапшыларының кездесулері өтіп, «Азия кеңесі рәсімдер ережелері», «Азия кеңесі принциптерінің декларациясы» және «Азия кеңесі құрылымдары мен институттары» атты Азия кеңесінің базалық құжаттарын жасап, әзірлеу үшін Арнайы жұмыс тобы (АЖТ) құрылды.

1996-1997 жылдары Азия кеңесі сыртқы саяси басшыларының орынбасарлары деңгейінде Алматыда екі Кеңес өткізілді.

1998 жылғы қазанда Алматы қаласында АӨСШК мәселелері бойынша 12 мемлекеттен келген 24 сарапшыларының қатысуымен халықаралық коллоквиум өтті.

Азия кеңесінің Бірінші СІМК-і. 1999 жылы 14 қыркүйекте Алматыда өткен Азия кеңесіне мүше мемлекеттер Сыртқы істер министрлерінің I-ші кездесуінде және оның барысында мүше мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастарды реттейтін принциптер Декларациясына қол қойылуы - Азияда қауіпсіздік пен ынтымақтастықтың көп жақты тетігін құру жөніндегі Президент Н.Назарбаевтың ұсынысынан бергі уақыттағы қазақстандық дипломатияның ірі жетістігі болып табылады.

Осылай, алғаш рет аймақтағы бірқалыптылықты қамтамасыз ететін нақты қимылдар мен іс-шараларға негізделген азиялық қауіпсіздік жүйесінің заңдық негізі қаланды.

Азия кеңесінің Бірінші Саммиті. 2002 жылы 4 маусымда Алматыда Азия кеңесінің Бірінші Саммиті өтті. Осы Саммитке Қазақстан, Ресей, Қытай, Пәкістан, Түркия, Монғолия, Қырғызстан, Тәжікстан және Ауғанстан Президенттері, Әзірбайжан және Үндістан Премьер-Министрлері, Иран, Мысыр, Палестина және Израильдің өкілетті ресми тұлғалары, бақылаушы мемлекеттер: АҚШ, Индонезия, Малайзия, Жапония, Таиланд, Вьетнам, Украина және Корей Республикасының өкілдері, бақылаушы ұйымдар: БҰҰ, ЕҚЫҰ және АМЛ басшылары қатысты.

Басқосу барысында Алматы Актісіне, Лаңкестікті жою және өркениеттер арасындағы сұхбатқа қолдау көрсету туралы декларацияға қол қойылды.

Азия кеңесінің Екінші СІМК-і. 2004 жылы 22 қазанда Алматыда Азия кеңесіне мүше мемлекеттердің II-ші Сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтті. Сенім шаралары тізімдемесінің, Рәсімдер ережесінің және Азия кеңесі Министрлік кездесуінің декларациясының қабылдануы Министрлер кездесуінің басты нәтижесі болды. Бұл кездесу қарсаңында Таиланд Корольдігінің Азия кеңесіне он жетінші мүше-мемлекеті болып қабылдануы айтарлықтай оқиға болды.

Қатысушылардың пікірінше, қабылданған Азия кеңесі Сенім шаралары тізімдемесінің маңыздылығына баға беру оңай емес. Қауіпсіздік пен бірқалыптылық мәселелері бойынша көпжақты қарым-қатынасты көздейтін құжаттың қабылдануы Азия құрлығының тарихында бірінші рет болып отыр.

Декларацияда аймақ пен әлемдегі қауіпсіздіктің негізгі мәселелері бойынша Азия кеңесіне мүше мемлекеттердің ұстанымдары мен бір ымыралы көзқарастары көрініс тапты. Делегация басшылары шешілмеген мәселелерді және сенім шараларын іске асыру жөніндегі бағыттарды айқындау туралы тізімдемеде бекітілген ортақ әдістерді пайдаланудың маңыздылығын арнайы атап өтті.

Азия кеңесінің Екінші Саммиті 2006 жылғы 17 маусымда Алматы қаласында өтті. Саммит барысында көп ауқымды саяси құжат – Азия кеңесі Екінші Саммиті декларациясы қабылданып, форумның институттану жолындағы негізгі құжаты – Азия кеңесі Хатшылығы туралы келісімге қол қойылды.

Декларацияда Кеңеске мүше мемлекеттердің азиялық өңір және әлемдегі қауіпсіздік пен ынтымақтастық көкейкесті мәселелеріне ортақ көзқарасы, күн тәртібіндегі мәселелерді шешу барысында әмбебап ұстанымды қолдану және оны дамыту, 2004 жылғы Азия кеңесі сенім шаралары тізімдемесіне кірген шараларды іске асыру және үдерістің одан әрі дамуы қажеттілігіне көңіл бөлінді.

Кеңестің тұрақты негізде қызмет ететін органы - Хатшылықты құру туралы шешім 2002 жылы II-Басқосу кезінде қабылданды. Азия кеңесі хатшылығы туралы Келісімгі сәйкес, Хатшылықтың штаб-пәтері Алматы қаласында орналасты.

Азия кеңесінің Үшінші СІМК-і. 2008 жылдың 25 тамызында Алматы қаласында ІІІ сыртқы істер министрлерінің отырысы өтті. Осы іс-шараға 19 мүше-мемлекетер, 7 бақылаушы-мемлекеттер, 6 халықаралық және өңірлік ұйымдардың делигациялары қатысты. Кездесу барысында Бірлескен тәсілді іс-жүзінде іске асыру мәселесіне ерекше көніл бөлінді.

Кездесу жемісті өтті: Кеңестің толық мүшелігіне Иордания, БАӘ қабылданды және АӨСШК-ға Қатар Мемлекеті бақылаушы ретінде қосылды. Кездесу нәтижесінде «АӨСШК-нің сенім шараларын жүзіге асырудағы ілгерілеуі» атты декларация мен Қорытынды шешімдер қабылданды.

Азия кеңесі және Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымы, Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастық, Халықаралық Көші-қон Ұйымы секілді халықаралық құрылымдары арасында өзара түсіністік мазмұндамаларына және Азия кеңесі Хатшылығының штаб-пәтерін Алматыдан Астанаға көшірілу көздейтін АӨСШҚ Хатшылығы туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы Хаттамаға қол қойылды.

Қазақстан Президенті АӨСШК Төрағасы ретінде сенім шараларын гуманитарлық, экономикалық, экологиялық және жаңа қауіп-қатерлерге қарсы тұру саласындағы жүзеге асырудың басталуын қолдап, әскери-саяси өлшемдердегі ынтымақтастықты дамыту және нығайту жөнінде нақты жұмысты бастаған орынды және бұл ынтымақтастық болашақта Сенім шаралары каталогының маңызды бір бағыттарына айналуы тиіс, деп атап айтты.

Азия кеңесінің Үшінші Саммиті. 2010 ж. 8-ші маусымда Ыстанбұл қаласында АӨСШК мүше-елдерінің мемлекет пен үкімет басшыларының 3-ші Саммиті өтті. Саммит бірінші рет Қазақстаннан тыс жерде ұйымдастырылды. Осы кездесудің барысында төрағалық Кеңестің тарихында бірінші рет Қазақстаннан Түркия Республикасына табыс етілді.

Саммитке 9 мемлекет пен үкімет басшылары, 6 вице-президент, парламент спикері, вице-премьер, 14 министр және арнайы өкілдері, сондай-ақ 16 халықаралық ұйымның басшылары қатысты.

Бұл басқосудың негізгі ерекшелігі ол Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығымен сәйкес келді. Еуропалық ұйымның аясында 2010 ж. 7-ші маусымында Ыстанбұл қаласында «ХХІ ғасырдағы Еуразия кеңестігіндегі экономика және қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық» тақырыбында арнайы іс-шара өтті. Оған ЕҚЫҰ-ның сыртқы саяси ведомстволарының, ЕҚЫҰ-ның Азиялық әріптес елдерінің және АӨСШК-ге мүше мемлекеттердің басшылары қатысты. Айта кетерлік жайт, ЕҚЫҰ мен АӨСШК арасындағы ынтымақтастықты дамыту тұрғысынан бұл іс-шараның пайдасы зор болып табылады.

Ұзақ және күрделі келіссөздердің нәтижесінде Саммит Декларациясы қабылданды. Онда мүше мемлекеттер өңірлік мәселелермен (Таяу Шығыс, Ауғанстан, Ирак) қатар бейбітшілік, қауіпсіздік, тұрақтылық, әлеуметтік-экономикалық даму және мәдениет саласындағы көкейкесті мәселелерді де көтерді. АӨСШК үдерісінің елеулі жетістігі ретінде Палестина мемлекетін құру жөніндегі келіссөздерді қайтадан жаңғырту қажеттілігі туралы қағидаттың енгізілуін ерекше атап өтуге болады.

АӨСШК-тің Хатшылығы, оның персоналының және мүше-мемлекеттері өкілдерінің артықшылықтары мен иммунитеттері туралы Конвенцияға қол қойылуы Саммиттің зор жетістігі болып, Кеңестің негізгі институттану кезеңінің аяқталғандығын көрсетеді.

Осыған орай, АӨСШК ІІІ Саммиті Қазақстанның халықаралық беделін одан әрі арттыруға үлкен үлес қосты.

2011 ж. 26 қыркүйекте Нью-Йорк қаласында Түркия Төрағалығының бастамасы бойынша БҰҰ Бас Ассамблеясының шеңберінде бірінші Азия Кеңесінің сыртқы істер министрлерінің бейресми кездесуі өтті. Бахрейн Корольдігі мен Камбоджа Корольдігінің АӨСШК негізгі құжаттарына қол қоюі іс-шараның маңызды нәтижелерінің бірі болып табылды.

2012 жылғы сәуірде Қазақстан тарапының Түркия Республикасының Азия Кеңесінде төрағалығын 2012-2014 жылдардағы кезеңге ұзарту ұсынысы Азия Кеңесіне мүше мемлекеттер тарапынан қолдау тапты. Осылайша, АӨСШК-ті 2010 жылғы маусымнан басшылық етіп келген Түркия төрағалығын 2012-2014 жылдары жалғастырды.

2012 ж. 12 қыркүйекте Астана қ. Кеңестің шақырылуы туралы бастаманың 20-жылдығына арналған Мерейтойлық сессиясы және АӨСШК мүше-мемлекеттері сыртқы істер министрлерінің Төртінші кездесуі өтіп, оларға 24 мүше мемлекеттің, 8 бақылаушы елдің және 16 халықаралық және өңірлік ұйымдардың делегациялары қатысты. Мерейтойлық сессия ҚР Президенті Н.Назарбаевтың баяндамасымен ашылды. Министрлердің кездесуі Қазақстан мен Түркияның сыртқы істер министрлерінің теңтөрағалығымен өтті.

Іс-шара барысында АӨСШК мүше мемлекеттер сыртқы саяси ведомстволарының басшылары өңірлік және жаһандық сипаттағы сұрақтар бойынша пікір алмасып, Азиядағы ынтымақтастықты, бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтудың жолдарын, сондай-ақ Кеңес үдерісінің бұдан әрі даму перспективаларын талқылады.

ТүркПА-ның АӨСШК бақылаушы ретінде қабылдануы, сондай-ақ Қытайдың Кеңеске келесі төрағалық етуге дайын екендігі туралы мәлімдемесі кездесудің маңызды оқиғасына айналды. 2012 жылғы қазанда Қытай тарапының АӨСШК төрағасының лауазымына кандидатурасы мүше мемлекеттермен үнсіз келісім беру рәсімімен 2014-2016 жылдарға мақұлданды.

Мерейтойлық сессия және АӨСШК министлері 4-ші Саммитінің қорытындысы бойынша Декларация қабылданды, оған өңірлік мәселелермен қатар, өңірдің өзекті бейбітшілік, қауіпсіздік, тұрақтылық, әлеуметтік-экономикалық даму қатысты сұрақтар енді. Декларация Азиядағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту жөніндегі Кеңестің талпыныстарына жаңа серпін беруді көздейді.

ҚР Президенті Мерейтойлық сессияда сөйлеген сөзінде АӨСШК-ті болашақта ұйымға айналдыруды туралы ұсыныс жасады.

2013 ж. 25 қыркүйекте Нью-Йорк қ. БҰҰ Бас Ассамблеясының 68-ші сессиясы алаңында түрік төрағалығының бастамасымен АӨСШК мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің бейресми кездесуі өтті. Басқосу Түркия Республикасының Сыртқы істер министрі А.Давутоғлудың төрағалығымен жүргізіліп, оның барысында АӨСШК мүше мемлекеттердің өкілдері халықаралық күн тәртібінің кең топтамасын және Кеңесті дамыту үшін қажетті келесі қадамдарға қатысты мәселелер бойынша пікір алмасты.

АӨСШК IV Саммиті 2014 жылғы 20-21 мамырда Шанхай қаласында (ҚХР) өтті, аталған басқосуда төрағалық Түркиядан Қытайға табысталды. Саммитке 47 мемлекет және халықаралық ұйым өкілдері қатысты.

АӨСШК Саммитінің жұмысына алғаш рет БҰҰ Бас хатшысы қатысты, Қатар мен Бангладеш Форумның тең мүшелері ретінде қабылданып, бірқатар маңызды құжаттар, атап айтқанда, Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) және АӨСШК Хатшылығы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға және Хатшылықтың, сондай-ақ, оның мүшелері қызметінің ұйымдастырушылық-техникалық шеңберін айтарлықтай нақтылаған жаңа АӨСШК Рәсімдер қағидаларына қол қойылды және қабылданды.

Шанхай Саммитінің қорытынды құжаты, барлық қатысушылармен бірауыздан бекітілген, - «Жаңа Азия, бейбітшілік, тұрақтылық және ынтымақтастық үшін диалогты, сенім мен үйлестіруді нығайту» атты саяси декларация болды. Декларацияда көрсетілген мақсаттар мен міндеттер қытай төрағалығының Азиядағы саяси және әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздік шараларын нығайтуға, оның жаңа архитектурасын құру арқылы сенім мен өзара түсіністікті күшейтуге бағытталатынын айқындайды.

ҚР Президенті Н.Назарбаев Саммиттегі сөйлеген сөзінде АӨСШК негізінде Азиядағы қауіпсіздік және даму ұйымын құру бастамасын көтерді.

Қызметінің негізгі мақсаты мен бағыты: Азиядағы бейбітшілік, қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге арналған көп жақты тәсілдерді пысықтау арқылы ынтымақтастықты нығайту.

Мүше мемлекеттері: Ауғанстан, Әзербайжан, Бангладеш, Бахрейн, Вьетнам, Израиль, Иордания, Ирак, Иран, Біріккен Араб Әмірліктері, Камбоджа, Корей Республикасы, Қазақстан, Қатар, Қырғызстан, Қытай, Монғолия, Мысыр, Өзбекстан, Палестина, Пәкістан, Ресей, Таиланд, Тәжікстан, Түркия, Үндістан.

Бақылаушылары: АҚШ, Жапония, Индонезия, Малайзия, Украина, Филлипин, Шри-Ланка (мемлекеттері); БҰҰ, ЕҚЫҰ, АрМЛ, ТүркПА (ұйымдар).

Қазіргі төраға: Қытай Халық Республикасы (мамыр 2014-2016 жж.)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]