Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
VPRK.doc
Скачиваний:
34
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
570.88 Кб
Скачать

14. Қр және Еуропалық Одақ арасындағы 1999ж. Әріптестік және ынтымақтастын жөніндегі келісімін ашып көрсетіңіз

Еуропалық Одақ қазіргі таңда Еуропаның 25 елінің саяси экономикалық бірлестігі болып табылады. 1993 жылғы 2 ақпанда   Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ (ЕО) арасында дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылды. 1993 жылғы желтоқсанда ҚР-дың Брюссель қаласында ЕО жанындағы өкілдігі ашылды. 1994 жылғы қазанда Алматы қаласында Еуропалық Комиссиясының өкілдігі ашылды. Қазақстан мен ЕО арасындағы қарым-қатынастардың құқықтық негізі 1995 жылы 23 қаңтарда Брюсселе қол қойылған Әріптестік және ынтымақтастық туралы келісім (ӘЫК) болып табылады. Бұл құжат өз күшіне 1999 жылдың 1 шілде күні енді. 2004ж 1 мамырда ЕОға Орт және Шығыс Еуропадан 10 мемлекет мүше болуына байланысты 2004 ж 30 сәуірінде бұл құжат қайта қаралды. ҚР Президенті 2005ж 28 шілдеде бұл құжатты ратификациялады. 1999 жылдан бастап ӘЫК шеңберінде тұрақты негізде мемлекет басшылары деңгейіндегі екіжақты әріптестік құрылымдағы кездесулер өткізіліп келеді. Экономикалық әріптестік, өзара тауар қолжетімлігі және тараптардың қызмет көрсетуі сияқты белсенді сұрақтарға жауап іздеу мақсатында «Сауда және инвестиция кіші комитеті» құрылған. Әріптестік және Ынтымақтастық туралы келісім Қазақстан мен ЕО арасында барлық салалардың, экономикалық дамудың алғышарты болып табылады. Келісімге сәйкес ҚР мен ЕО арасындағы тауар айналымда импорт пен экспорт санына шектеу қойылмайды. Сонымен қатар, бұл келісім ҚРның БСҰ кіруіне ынталандырады. Экономикалық жоспар бойынша Қазақстан Орталық Азиядағы ЕОның ең үлкен сауда және инвестиция серіктесі болып табылады. Өз кезегінде ЕО біздің еліміздің сауда серікестіктерінің арасындағы алғашқыларының бірі болып табылады.

Келісім ҚР мен ЕО арасындағы саяси, сауда және экономикалық қатынастардағы төнген қауіп қатердің алдын алу кешені болып табылады. ӘЫК өндірістегі және шекаралық қызмет көрсетудегі экономикалық әріптестікті кеңейтеді. ЕО Қазақстанның демократиялық принциптер мен құқық нормалары негізінде, аймақтық интеграция мен әлемдік қауымдастықпен, саяси және экономикалық тұрақтылықтың сақталуымен нарықтық экономикаға көшуін толығымен қолдайды.

ЕО Қазақстанның Ресейден кейінгі орындағы екінші сауда серіктесі болып табылады.  Сондықтан ЕО Қазақстанның еркін нарықтық аймаққа көшуін қолдайды. ЕО ҚРның БСҰға кіруін қолдайды.

15. 2007 Орталық Азияға арналған Еуропалық Одақтың стратегиясын ашып көрсетіңіз

Еуропалық Одақтың Орталық Азияға арналған 2007-2013 жылдарға арналған стратегиясы 21-22 мау¬сымда Брюссельдегі Еуропалық Кеңес мәжілісінде қабылданды. Бұл стратегия ЕО мен Орталық Азия қарым-қатынастарының жоғарғы деңгейге шыққанын білдіреді.

«Жаһандану барысында әлем бетпе-бет келіп отырған көптеген мәселелер Еуропа мен Орта¬лық Азияға да бірдей қатысты және бірлесіп шешуді қажет етеді. Қауіпсіздік және өңірлік эконо¬микалық даму мәселелері Еуро¬одақтың Орталық Азияның әрбір елімен, олардың географиялық орналасуларын ескере отырып, тығыз ынтымақтастық жасауын талап етуде» делінген қабылданған стратегияның кіріспе бөлімінде.

Еуропалық Одақ осы стратегия шеңберіндегі аса маңызды мәселелерді шешу үшін келесі шараларды қолданады: сыртқы істер министрлері деңгейінде тұрақты өңірлік диалогты қалыптастыру;

Орталық Азия елдерінде «Еуропа¬ның білім беру бастамашылдығын» іске қосу және «электрондық Жібек жолын» дамытуға қолдау білдіру;

«Заңның үстемділігі жөніндегі еуропалық белсенділікті» нығайту;

Орталық Азия елдерімен «энергетикалық диалогты» тұрақты жүргізіп отыру және басқа да мәсе¬лелер. Құжатта осы мәселелерді жүзеге асыруға ұмтылыс таныту үр-дісінде Еуроодақтың тең дәрежелі үнқатысы қағидатын басшылыққа алатындығы атап көрсетілген.

Орталық Азияның болашағы оның жас ұрпақтарында. Бұл аймақтағы тұрғындардың көбін 25 жасқа дейінгі азаматтар құрайды. Жақсы білім алу жас ұрпақ үшін өте маңызды және мемлекеттің дамуына ықпал ететін өз ісінің мамандары қажет. Орталық Азия мемлекеттерінің білім жүйесін әлемдік жаһандану қажеттілігіне бейімделуіне жәрдемдесу үшін ЕО және оның мемлекет- мүшелері Орталық Азияға «Білім аясындағы еуропалық бастамашылдық» құрады.

Маусым айында Германияның астанасы – Берлин қаласында Еуропалық Одақтағы Германия төрағалығының бастамасымен «ЕО үштігі – Орталық Азия елдері» деген тақырыпта аталған елдердің сыртқы істер министрлері деңгейіндегі кезекті кездесуі болып өтті. Оған еліміздің сыртқы саясат ведомствосының басшысы Марат Тәжин бастаған делегация қатысты.

Германия Федеративті Республикасының Сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайер Еуропа елдері мен Орталық Азия респуб¬ликалары арасындағы қарым-қатынас ғасырлар қойнауынан бері жалғасып келе жатқанын, әлем¬нің алып ұйымдағы көптеген елдердің көзқарастарын үйлестіріп, ретке келтіруге бағытталған мұндай бірыңғай стратегиялық құжаттың бірінші рет қабылданып отырғандығын атап көрсетті. Ал оның қабылдануына Орталық Азия елдерінің Еуропа, Азия, Ресей және Оңтүстік Азия арасында қолайлы орналасуымен қатар, өсіп келе жатқан өскелең мүмкіндіктері себеп болған. Оның үстіне энергетикалық қауіпсіздікті қазіргі заманның өткір мәселелерінің қатарына қосып отырған Еуропалық Одақ елдері үшін өздерін мұнай және газбен қамтамасыз етуде араб елдері мен Ресейден тыс қосым¬ша көздердің қажет болып отыр¬ғандығын атап кетсек болады.

Кездесуде Қазақстан сыртқы саясат ведомствосының басшысы Марат Тәжин сөз сөйледі.

«Энергетикалық қауіпсіздікте біз экспорттық бағыттарды, жеткізушілер мен тұтынушыларды, энергия көздерін әртараптандыру секілді ортақ мүддемен бірігеміз. Бұл ретте, еуропалық инвесторлардың Орталық Азияға келуі секілді орталықазиялық инвестор¬ларға да еуропалық энергетикалық инфрақұрылымдарға тең құқылы жол ашу қағидасын жүзеге асыру маңызды.»

Стратегияға бас-аяғы 719 млн. еуро бөлінген болатын. Саясаттанушылар мен сарапшы мамандардың пікірінше, алдағы уақытта аталған бағыт бойынша Еуроодақтың жаңа Стратегиясы жасалынбақ. Еурокомиссар Андрис Пиебалгстің сөзіне қарағанда 2020 жылға дейін Еуроодақ тарапынан Орталық Азия елдерімен арадағы әріптестік байланысқа 1 млрд. еуро бағытталатын болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]