Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
VPRK.doc
Скачиваний:
34
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
570.88 Кб
Скачать

51. Орталық Азияда ядролық қарудан тыс аймақ құру мәселесіне сараптама беріңіз

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан соң, ішкі және халықаралық қауіпсіздік оның басты мәселелерінің біріне айналды. Әлем бойынша ядролық потенциал жағынан төртінші орында бола отырып, Н.Назарбаевтің бастауымен Қазақстан ядролық қырудан бас тартып, бүкіл әлемге бейбітшілікке ұмтылудың жарқын үлгісін көрсетті. Қазіргі таңда ядролық қару мәселесі халықаралық аренадағы өте күрделі мәселелерінің бірі болып табылады және Қазақстан тәжірибесі сондай мәселелерді шешудегі маңызы өте зор. Қазақстан Орталық Азияда және бүкіл әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздік сақтау үшін бірнеше ұсыныстар жамап, іс-шаралар өткізуде. Мәселен, 1997 ж Алматы декларациясы қабылданылған Орталық Азия мемлекеттерінің саммитінде ядролық қарусыздану мәселесіне жаңа импульс беріліп, 2006 ж Сеемй қаласында Ядролық қарудан бос аймақ туралы келісімшарттың қабылдануы қауіпсіздік пен ынтымақтастықты дамытудағы жаңа және маңызды қадам болды. Бүгінгі таңда ҚР ядролық мемлекеттермен қауіпсіздік саласында тығыс қарым-қатынастарда және ядролық мемлекеттердің өзара және басқа мемлекеттергі қатысты ядролық қаруды қолданбау саясатын барынша мақұлдауда және біз тарихтан білетініміздей, оның көпаспектті себептеру бар. 2013 жылы бүкіләлемдік қауіпсіздік саласында аса маңызды оқиға болды: бұл әлемнің 5 ядролық мойындалған мемлекеттерінің : Ресей, АҚШ, ҚХР, Ұлыбритания және Францияның ядролық қауіпсіздік туралы келісімшарттың қабылдануы. Келісімшарт бойынша келісімшартқа қол қойған мемлекеттер өзара ядролық қаруды қолдай алмайды, алайда, бқл келісім үшін интерпретациялық мәлімдемелер бар. Олардың практикасы алғашқы антиядролық келісімшарттардың жүзге асу кезеңінен белгілі. Ол бойынша келісімшартқа кіретін мемлекет екінші ядролық мемлекетке қатысты ядролық қаруды қолдна алады, егер сол меемлекет тарапынан агрессия көретілсе. Бұл жерде Қытай позициясын айта кету қажет, ол өте принципиалды және түгеллдей антиядролық сипатта болып келеді. Қытай басқа мемлекеттердің антиядролық бастамаларын түгел қолдайтын бірден-бір мемлекет. Болжамдар бойынша аталынған келісімшарт 2015 жылы барлық ядролық мемлекеттердің ратификациялуынан өткеннен кейін күшіне енеді.

52. Орталық Азиядағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі және Ресей Федерациясының саясатына сараптама беріңіз

Орталық Азия аймағы көптеген сарапшылардың пікірінше өзінің геосаяси орналасуы, табиғат байлықтары, посткеңестік мемлекет ретінде, әлем державаларының және аймақтық көшбасшылардың қызығушылығын тудырады. Дегенмен Орта Азияға байланысты туындаған ерекше назар шектен тыс әсерленгендіктен, соның нәтижесінде төнетін қауіп-қатерлер деңгейі жоғары емес. Қазіргі таңда бұл тек аймақтан тыс мемлекеттер арасында ғана емес, сонымен қатар аймақтағы көршілес елдердің арасында қарым-қатынастар пікір алмасатындай деңгейде емес, оған қоса мемлекеттің ішкі жағдайына да тікелей байланысты. Шешілмеген түйіткүл проблемалары аса көп, шетелдік мемлекеттердің мүддесі тоғысқан аймақ боп қазіргі таңда саналады. Орта Азия мәселесін зерттеу көптеген еуропалық, америкалық, ресейлік, жапон, үнді, ғалымдары тарапынан қызығушылық тудыруда. Олар Орта Азияны әр түрлі көзқарас тұрғысынан зерттеген. Мәселен ресейлік зерттеушілер А. Казанцев, Н. Нарекин, И. Д. Зягельская, Богатуров т.с.с. өздерінің еңбектерінде негізінен екі жақты қарым-қатынас тұрғысынан, сонымен қатар Қытайдың Орта Азиядағы әсер ету дәрежесін төмендету мен батыс елдерімен бірдей деңгейдегі қарым-қатынас орнатқысы келетіндігі сипатталады. Алайда бұған ақпараттық, қаржылай ресурстардың жетіспеушілігі байқалады.

Орталық Азияда Ресейдің мүдделері. Орталық Азиядағы Ресейдің негізгі мақсаттары бұрынғы кеңестік азиялық республикалардың сыртқы шекараларын қадағалай отырып, оларды ресейлік геосаяси кеңістікке қайтару болатын және аймақтың экономикасына шетелдік (ресейлік емес) капиталдың басып кіруі мен ондағы әлемнің басқа мемлекеттерінің ,әсіресе, террористік және исламдық ұйымдардың ықпалының жоғарылауын әлсірету болатын. Ресей Орталық Азияның қауіпсіздік жүйесіндегі ерекше орынды алады. Кеңес үкіметі құлағаннан кейінгі Ресей мен Орталық Азияның ара қатынастары қалай дамуда деген сұрақ жиі туындайды. Ресейдің мақсаты бұрынғы Кеңестер Одағы құрамында болған Орталық Азия мемлекеттерін орыстың геосаяси кеңістігіне қайта қайтару және оларға өз үстемдігін жүргізу мүддесі бар деп жауап беруге болады. Орталық Азияның жаңа тәуелсіз мемлекеттерінің сыртқы байланыстарын нығайтуға және халықаралық аренада жаңа әріптестер табуға деген ұмтылысы Ресейдің алаңдаушылығын туғызуда. ОА аймағы ресейлік аналитиктер үшін тек геосаяси мүдделер зонасы деп қарастырылды.

Орталық Азияның Ресей үшін маңызды стратегиялық мәні КСРО дан мұраға қалған қорғаныс жүйесіне ерте ескерту радиолокациялық станциялары, әуе қорғанысы, әскери полигондар кіретін ірі әскери объектілер болып табылады.Орталық Азияның жаңа тәуелсіз республикаларына қатысты Ресейдің саясаты ТМД құрылғаннан кейін де алғашқы жылдары нақты анықталмаған болатын. Жалпы алғанда ресейлік саясаткерлердің осы аймақтағы Ресейдің басым рөлін сақтап қалуының қажеттілігін дұрыс бағалай алмағаны да уақыт өте келе сыр беруде. Ресейдің аймақта басымдылығын сақтап қалуға ұмтылысы аймаққа қажетті қолдау көрсету деңгейімен сәйкес келмейді.Маңызды рөлді бұрынғы мықты байланыстар инерциясының сақталуы және орталықазиялық мемлекеттердің негізгі сыртқы сауда әріптесі болып табылғандығы алып отыр.

Ресей өзінің Орталық Азиядағы геосаяси мақсаттарын нығайтуға тырысады.

• Біріншіден, Тәуелсіз мемлекеттер Достастығы шеңберіндегі орталықтан шеттеуге (қашуға) қарсы белгілі бір сипатта қарсы тұруға мүмкіндік береді.

• Екіншіден, “Орталық Азия” Мәскеудің сыртқы саясатындағы приоритетті аймақтарының бірі болып табылады және мұндағы Ресейдің мүдделері кеңінен көрсетілген. Олар: стратегиялық табиғи ресурстарға енуді қамтамасыз ету, аймақтағы рынокты сақтау, этникалық орыстардың құқықтарын қорғау, тұрақсыздандыру элементтерін жою (әлемде, Орталық Азияда және Ресейде). Өз мүдделерінің іске асуына және аймақтағы өз ықпалын орнатуда Ресей АҚШ-тың және де басқа мемлекеттердің аймақта орнығуына қарсылық танытады. Егерде Ресейдің әлсіз экономикалық жағдайы оның аймақта толық ықпалын орнатуына мүмкіншілік бермейтін болса, оның Ұжымдық Қауіпсіздік келісім-шартының және “Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының” шеңберіндегі өзінің әскери-саяси ресурстарын қолдануы оның ықпалын орнатуына мүмкіндік береді.

Қазіргі кезеңде Oрталық Азияға Тәуелсіз мемлекеттер Достастығы елдері экспорттарының төрттен бір бөлігі келеді .Ресейдің Oрталық Азиядағы ірі сауда серіктесі Қазақстан болып табылады. Ресейдің Орталық Азиядағы экономикалық байланыстары әлсіреп барады. Ұлттық рыноктардың жекешелендіру процесі жалғасуда, кедендік шекаралар пайда болуда, атуарлар мен қызметтер, капитал және жұмыс күшінің айналымы қиындыққа түсуде. Сондай-ақ, Ресей Орталық Азия жерінде өз стратегиялық мүддесіне ие. Ол ең біріншіден, Ресей өндірістік өнімдерін географиялық жағынан жақын нарыққа шығару және ол жерлерде өз ықпалын түпкілікті орнату. Ресейдің Орталық Азиядағы маңызды стратегиялық мән беретін ресурстары – КСРО кезіндегі Орталық Азия елдерінде оның қорғаныс жүйесін құрайтын көптеген ірі әскери объектілердің әуе қорғанысына қарсы әскери полигондар және тағы да басқалар туралы хабар беріп тұратын радиолокациялы станциялар.

Жоғарыда айтылғандардың барлығын еске ала отырып, Ресей Федерациясы Орталық Азия елдерінің мемлекеттілігін, территориялық тұтастығын сақтауға және олардың экономикалық және қорғаныстық мүмкіншілігін дамытуға ат салысуға, сондай-ақ ТМД елдерінің ортақ бірыңғай экономикалық және саяси одақ құруына белсенді рөл атқаруға тырысу қажет. Тек осындай бағыт қана Ресейдің Орталық Азиядағы ықпалын орнатуындағы геосаяси мәселелерінің шешімі болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]