Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
VPRK.doc
Скачиваний:
34
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
570.88 Кб
Скачать

45. Түрікменстанның Каспий теңізінің құқықтық мәртебесіне қатысты ұстанымына сараптама жасаңыз

Өзінің теңіз бойынша көршілістері Әзербайжан және Қазақстанға қарағанда Түркіменстан ұстанымы Каспий теңізін ішкі көл-қойма екендігін, және оған теңіз санатының құқықтары қолданылмайтынын алға тартады. Бұл позиция алғашында Ресейлік және Ирандық позициялармен сәйкес келді және 1921 ж және 1940 ж кеңестік-ирандық келісімдерде көрсетілген. Каспий мәселесіне қатысты көпшілік жағдайларда Түркіменстан тарапы өзін неғұрлым алшақ ұстайды, бұл әрекетін ол БҰҰ ресми мойындаған бейтарап мемлекет статусы бар екендігімен ақталуға тырысады. Ашхабад басқа сұрақтарды реттемес бұрын алдымен мұнайлы жерлердің кімге тиесілі екендігін анықтағанды жөн көреді. Бұл позиция, «шетелдік мемлекеттерге Каспий аймағы мәселелеріне араласуға рұқсат берілмейтіндігі», «Каспий ресурстарын игеру оның құқықтық режімін анықтағанға дейін мүмкін еместігі» жөнінде көрсетілген түркімен-ирандық комюникеде көрініс табады. Түркіменстан Ресей тарапы әрбір жағалау мемлекеті 45 мильдік аймаққа иелік етсін деген ұсынысына келісті. Бұл ұстаным Түркіменстанның ресми билік басындағылардың ресми жиындардағы сөздерінен көрініс табады. Мысалы, 1998 ж Түркіменстан СІМ былай деп жариялады: «Каспий теңізін ұлттық секторларға да бөлуге, және әрбір мемлекет 45 мильдік аймаққа ие болатынын да мойындай аламыз, ал қалған бөлігін бейтарап қалдырамыз. Екі жағдай да бізді жайғастырады». Жалпы, Түркіменстан Каспий мәселесіне қатысты екіұшты және жүйесіз позиция ұстанады. Ол бірде ұлттық секторларға бөлу керектігін қолдаса, бірде 45 мильдік аймаққа иелік етуді қолдайы, осылайша өзінің позициясын әлі де нақ емес екендігін көрсетеді. Түркіменстанның қазіргі позициясы мынадай: «Алдымен Каспий теңізінің құқықтық статусын анықтау, ал қалған барлық мәселелерді, соның ішінде мұнайлы жерлерге қатысты сұрақтарды кейін шешу». Түркіменстан тарапы Каспий теңізінің құқықтық статусын анықтауды жағалау мемлекеттерінің саммитінде көтеруді ұсынды, себебі арнайы сарапшылар және зерттеушілер тобының бұл мәселені шешуі ендігі уақытта мүмкін еместігін айтады. Бұндай саммит 2002 ж Ашхабад қаласында өтті, алайда Иранның және Түркіменстанның принципиалды ұстанымдарына байланысты жағалау мемлекеттері құқықтық статус мәселесін шешуге қол жеткізе алмады.

Ең бастысы – Каспий теңізінің халықаралық-құқықтық статусының саяси шешім табуы. Ресей тарапы Түркіменстанның алдымен конвенция жұмыстарын реттеп, кейін басқа сұрақтарды шешу амалын оңтайлы емес екендігін айтты. Болашақта Түркіменстан Ресей, Әзірбайжан және Қазақстан арасындағы Каспий теңізінің табанын бөлу туралы Келісімге қосылатыны күтілуде, себебі Түркіменстан ұстанып отырған сұрақтың шешілуінің ұзақ уақытқа созылуы оған тиімсіз екендігі баршасына да айқын.

46. Әзірбайжанның Каспий теңізінің құқықтық мәртебесіне қатысты ұстанымына сараптама жасаңыз

Каспийді бөлу мәселелері пайда болғаннан бері Әзірбайжан ұстанымы келесідей болды: Каспийді бөлу үрдісі 1982 жылғы теңіз құқығы жөніндегі БҰҰ Конвенцияға сәйкес халықаралық құқық нормалары мен ережелері негізінде жүзеге асырылуы тиіс. Баку теңіздің орталық сызығына дейін кеме қатынастар шекарасын «ұзарту» арқылы Каспийдің ұлттық секторларын анықтауды қызу талап етті. Бұндай жағдайда, бөлінген сеторлар шекарасы мемлекеттің заңды шекарасына айналады. Демек, әрбір жағалаулық мемлекет өз секторында кез келген іскерлікке еркіндігі бар болып шығады. Ал басқа мемлекет бұл секторда оның иесінің рұқсатынсыз кеме қатынастарын, ұшуларды, ғылыми зерттеулерді жүзеге асыра алмайды. Каспийді бұндай бөлініске салу каспийлік мемлекеттерді кеме қатынасы жағынан, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықты жүзеге асыру мүмкіндіктері бойынша қызығушылықтарына айтарлықтай шек қояды. Осылайша, Ресей Түрікменстан және Иранмен ортақ шекарадан, Түркіменстан – Ресеймен, Иран – Қазақстан және Ресеймен, Қазақстан – Иранмен ортақ шекарадан айырылады; тек Әзірбайан ғана барлық жағалау мемлекеттерімен ортақ шекараны сақтап қалады. Теңіздің бұндай бөлініске түсуі оның милитариландыруына түсетіні сөзсіз, немесе мемлекеттік теңіздік шекаралар нашар қорғалынатын болады. Әзірбайжан – өзінің теңіздегі үлесін заңды түрде бекіткен жалғыз жағалаулық мемлекет (11 бап, 2 тармақ): «Әзірбайжан Республикасының ішкі сулары Каспий теңізінің секторы, Әзірбайжан үстіндегі ауа кеңістігі – Әзірбайжан Республикасын территориясының құрамдық бөліктері». Секторлық ұстанымға сәйкес, әзірбайжандық сектор шеңберіндегі теңіз табаны, су қалыңдығы, әуе кеңістігі Әзірбайжан Республикасының жеке мүлкі болып танылды. Бірақ, бұрын айтылғандай, бұл жерде үстемдік ететін ұлттық емес, халықаралық құқық болып табылады. Әзірбайжан Ресей және Қазақстанмен келісе отырып орта сызық әдісі бойынша ұлттық секторларға бөлу ұстанымына сәйкес Каспий теңізі табанының 19%-на шартты түрде қол жеткізді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]