Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
VPRK.doc
Скачиваний:
34
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
570.88 Кб
Скачать

60. Қазақстан Республикасының халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты сыртқы саяси бастамаларын ашып көрсетіңіз

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты БҰҰ және ЕҚЫҰ-ның мүшесі болып табылады, ТМД, ЕурАзЭҚ, ШЫҰ-ның негізін салушылардың біріне айналды, НАТО-мен серіктеседі, ӘСҰ-на ену бойынша келіссөздер жүргізеді, АӨСШК бойынша жеке инициативасын жүзеге асырады.

Қазақстан тәуелсіздігін ала отырып халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету барысында Азиядағы келісім және қауіпсіздік шараларының жүйесін дамытуға арналған курсты қабылдады. Кеңесті шақыру туралы идеяны алғаш рет Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1992 жылы қазан айында БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында жария етті.

Мемлекет басшысы бастаманың басты мәні әлемнің өзге өңірлерімен салыстырғанда мұндай тетік әлі жасала қоймаған Азия құрлығында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша тиімді және әмбебап құрылым жасақтау болды. Өзі жұмыс жасап келе жатқан жылдар ішінде АӨСШК Азиядағы бейбітшілікті, қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған ынтымақтастықты нығайту жөніндегі іргелі халықаралық форумға айналды.

Ең басынан-ақ АӨСШК-ні шақыру туралы идея бірқатар азиялық мемлекеттерден және БҰҰ, ЕҚЫҰ, АМЛ (Араб мемлекеттері лигасы) сияқты халықаралық ұйымдардан қолдау тапты. Бастаманы жүзеге асыру барысында Азия елдері СІМ сарапшыларының кездесулері өткізілді. Алғашқы кездесу 1993 жылы сәуірде өтті. Екінші басқосу 1993 жылғы тамыз-қыркүйекте, ал үшіншісі 1994 жылы қазанда болды. Үшінші кездесудің нәтижесінде Кеңестің құжаттарын дайындау міндетіне кіретін Арнаулы Жұмыс Тобын құру туралы шешім қабылданды.

Сонымен қатар Қазақстан халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету барысында ЕҚЫҰ-ға мүше болып, 2010 жылы төрағалық етті. Содан бері Қазақстанның төрағалығы жылында «Қауіпсіздік және ынтымақтастық жолындағы он жыл» ұраны астында 110-нан астам бірлескен шара өткізілді. ШЫҰ-ның шаңырағын биіктетіп, керегесін нығайту үшін көптеген шаруалар атқарылды. Еуразия кеңістігіндегі тек саяси ғана емес, сондай-ақ экономикалық тұрақтылықты сақтап, қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарып, . жаһандық және өңірлік қауіп¬сіз¬дікті нығайтуға баға жетпес үлес қосуда

Жалпы алғанда, Қазақстан Республикасының өңірлік және ғаламдық бастамаларына жамалған талдау, оның ішкі бірлігін, дәйектілігін, қарама-қайшылықтың жоқ екендігін, мақсатқа ұмтылатындығын куәландырады. Қазақстанның әлемдік қауіпсіздікті жетілдіруге бағытталған тренді жыл санап жаңа масштабқа және өзгерістерге ие болуда, мазмұны мен географиялық бастамасы кеңеюде. Қазақстан Стратегиясы халықаралық қауіпсіздік аренасында едәуір сенімді болуда, ол мемлекет басшысы беделінің және саяси ықпалының өскендігіне байланысты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]