Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
VPRK.doc
Скачиваний:
34
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
570.88 Кб
Скачать

16. Қазақстан Республикасы және ақш арасындағы қарым-қатынастарға сараптама беріңіз

АҚШ ресми түрде Қазақстанның тәуілсіздігін бірінші болып мойындады. Екі мемлекет арасындағы қарым-қатынас 1991 ж. 26 желтоқсанда орнатылды. 1992 ж. 15 қыркүйекте АҚШ-тың ҚР-дағы Елшілігі ашылды, ал 1992 ж. 30 қазанда ҚР-дың АҚШ-тағы елшілігі ашылды. 2007 ж. 4 шілдеден бастап – Е.Ыдырысов ҚР-ның АҚШ-тағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып табылады. 2011 ж. 25 қазаннан бастап – К.Фэйрфакс АҚШ-тың ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып табылады.

Қазақстан мен АҚШ арасында кең ауқымды және терең әрекеттесумен сипатталатын стратегиялық әріптестік орнатылған. 2006 ж. 26-29 қыркүйек аралығында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Вашингтонға сапары барысында елдеріміздің жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға ұмтылысын расталды. Екі мемлекет басшылары энергетика, әскери ынтымақтастық, сауда, инвестиция және демократизация салалары бойынша стратегиялық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған Бірлескен мәлімдеме қабылдады. 2010 ж. 11-14 сәуірде ҚР Президенті Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитке қатысу аясында АҚШ-қа ресми сапар шекті. Екі ел басшыларының кездесуінде Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Ғаламдық қауіпсіздік, оның ішінде, ядролық қаруды таратпау, Ауғанстанды тұрақтандыру, сауда-экономикалық ынтымақтастық және Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығы мәселелері талқыланды. Сапар нәтижесі ретінде Бірлескен мәлімдеме қабылданды, сондай-ақ Ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы келісімге және «Қазақстан Темір Жолы» ҰК мен «General Electric» арасында ТМД елдеріне арналған маневрлік тепловоздар жөніндегі өзара түсіністік меморандумына қол қойылды.

2010 ж. 30 қараша - 2 желтоқсанда АҚШ Мемлекеттік хатшысы Х.Клинтон Астанаға ЕҚЫҰ Саммитіне американ делегациясының басшысы ретінде келді.

2011ж. 12-13 қазанда Астана және Семей қалаларында Елбасының қатысуымен Семей полигонының жабылуының 20-жылдығына арналған «Ядросыз әлем үшін» халықаралық форумы өтті. Американдық тараптан Форумға АҚШ Энергетика министрінің бірінші орынбасары Д.Понеман және Канзас штатының губернаторы С.Браунбек қатысты. Нәтижесінде Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың оның барлық қатысушы мемлекеттерімен орындалуының маңыздылығын құптайтын бірлескен декларация қабылданды.

ҚР және АҚШ-тың әскери-қорғаныс саласындағы ынтымақтастықтың негізі 1994ж. 14 ақпандағы ҚР Қорғаныс министрлігі және АҚШ Қорғаныс министрлігі арасындағы қорғаныс және әскери қарым-қатынастар саласындағы ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы меморандум және 2008ж. 1 ақпандағы ҚР Қорғаныс министрлігі және АҚШ Қорғаныс министрлігі арасындағы 2008-2012 жылдарға арналған Бесжылдық жоспарына және оны іске асыруға қатысты меморандум негізінде жүзеге асырылуда. Жоспар Казбаттың, аэромобильді әскерді, Әскери-теңіз күштерінің жауынгерлік қабілеттігі мен бітімгерлік әлеуетін күшейту, сондай-ақ Каспий маңындағы өңірдің әскери инфрақұрылымын дамыту салаларын қамтиды.

АҚШ – Қазақстанның ең ірі сауда әріптестерінің бірі. 2011 жылы Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,743 млрд. АҚШ долларын құрады.

2011 жылғы тауар айналымындағы экспорт көлемі 1,029 млрд. АҚШ-қа өткізілген қазақстандық экспортының негізгі болып мұнай өнімдері, металл өнімдері, минералдар, химиялық өнімдер және т.б. болып табылады.

Сәйкесінше, импорт көлемі 1,714 млрд. АҚШ долларына тең болды. Оның негізгі өнімдері: ауылшаруашылық техника, электроника, транспорттық жабдықтар, химиялық өнімдер, металл бұйымдары, тағам өнімдері, ауылшаруашылық өнімдер және т.б. 2012 жылдың қаңтар-наурыз айларында сауда айналымы 572 млн. АҚШ долларын құрады (экспорт – 149,3 млн., импорт – 442,6 млн. 1993 жылдан бастап Қазақстанға түскен американдық тікелей инвестициялардың жалпы көлемі 22 млрд. АҚШ долларынан асты Американдық инвестициялардың негізгі салалары: тау-кен өндеу секторы, жылжымайтын мүлікпен операция, аренда және кәсіпорын қызметтері, көлік және байланыс, сауда және жөндеу қызметі секторы және электр энергиясын, газды және суды өндіру мен бөлу. Қазақстандық нарықта «ШевронТексако», «ЭксонМобил», «КонокоФиллипс» сияқты американдық компаниялар жетекші орындарды иелеуде. Американдық компаниялардың қатысуы «Тенгизшевройл» (ТШО) бірлескен кәсіпорны, «Аджип ККО», «Каспий құбыр консорциумы», «Қарашығанақ интеграцияланған ұйымы» және т.б. сияқты ірі жобаларда байқалады. Бұл ретте ТШО Қазақстандағы ең ірі мұнай өндіруші компания болып табылады, оған еліміздегі өндірілетін барлық мұнай өнімдерінің 20%-дан астамы келеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]