Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
VPRK.doc
Скачиваний:
34
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
570.88 Кб
Скачать
  1. 2014 Ж. Қазақстан Республикасы сыртқы саяси концепциясы басымдықтарын ашып көрсетіңіз

Қазақстан Орталық Азияның саяси тұрақты, экономикалық орнықты және қауіпсіз дамуына мүдделі, сондықтан Орталық Азияда әлеуметтік-экономикалық проблемаларды, су-энергетикалық торап пен өзге де қайшылықтарды шешіп, интеграцияны дамытуға ұмтылады. Еуразиялық интеграцияны әлемдік жүйесінде орнықты ұстаным ретінде ілгерілету үшін, Қазақстан осы негізде Еуразиялық экономикалық одақ құру мақсатында Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістікті нығайтатын болады. Қазақстан мемлекеттік шекараны халықаралық-құқықтық ресімдеуді аяқтау, Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін айқындау бойынша және жағалау маңындағы мемлекеттер арасында қатынастарды нығайту жұмыстарын жалғастырады. Қазақстан мүшелік етеін халықаралық ұйымдар мен форумдар қызметінің жауапты қатысушысы бола отырып, Қазақстан өзінің ұлттық мүдделеріне сай келетін пайда әкелетін жұмыстарына қатысады. Қазақстан өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті нығайту жөніндегі міндеттер шеңберінде:

ядролық қарусыз және жаппай қырып-жоятын қарудың басқа да түрлерінсіз бейбітшілікке қол жеткізуге, қару таратпау режимдерін нығайту, терроризмге, экстремизмге, есірткі құралдарының заңсыз айналымына,кибертерроризмге қарсы іс-қимыл бойынша күш-жігер жұмсайды, .

ДСҰға кіру - елдің экономикалық-ресурстық, транзиттік-көліктік және экспорттық әлеуетін іске асыру үшін Қазақстан сыртқы экономикалық басымдықтарының басты мақсаты болып табылады.

Қазақстан қоршаған ортаны қорғау және жаһандық климатты сақтау мәселелеріне баса көңіл аудара отырып, «жасыл экономикаға» біртіндеп көшу Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіруі жөніндегі міндеттерді іске асырудағы маңызды элементтердің бірі болып табылады;

Елдік және аймақтық басымдылықтар бойынша Қазақстан Ресей, Қытай Халық Республикасымен, ОА мемлекеттерімен, АҚШ-пен, Еуропалық мемлекеттермен, Кавказдық мемлекеттермен, Түркиямен, Иран Ислам Респубдикасымен, Азиялық мемлекеттермен және Азиялық-Тынық мұхиттық аймағының елдерімен, Жапония мен Корея елдерімен, Үндістанмен, Океания мемлекеттерімен, Латын Америка мемлекеттерімен және Африкалық континент елдерімен ынтымақтастық және достастық қатынастарды орнатуды және дамытуды көздейді.

Осы тұжырымадан күтілетін нәтижелер: Көп деңгейдегі қауіпсіздіктің орнауы, Әлемнің барлқ мемлекеттермен достастық арым-қатынастарының орнатылуы; Ұлттық экоомиканың диверсификацияланудың нәтижесінде Қазақстанның халықаралық қауымдастық пен шаруашылықтық қатынастарға интеграциялануы күтілуде.

  1. Қазақ хандықтарының дипломатиясын ашып көрсетіңіз

Қазақ дипломатиясы тарихы жайлы көптеген мәліметтер сақталып қалды. Олардың қатарына сол кездегі хаттарды, мөр басылған түрлі құжаттарды, екі ел арасындағы жолдау хаттарды жатқыза аламыз. Әсіресе, шығыс жазбаларындағы қазақ хандарының әскери жорықтары мен жетістіктері жайлы жазбалар өте құнды. Мысалға , «Тарих-и аламара-ий Аббаси», «Шараф-наме-ий шахи», «Бахр ал-асрар», «Имамкули-хан-наме» еңбектері. Бұл еңбектерде дипломатиялық келіссөздерді белгілі лауазымы бар адамдар жүргізгендігі жайлы жазылған . Бірақ елдің атынан келісөздерді тек қана хандар, сұлтандар, әскербасылар, арнайы елшілер ғана жүргізген.

Сонымен қатар екі тараптың тәуелділігін немесе керісінше тәуелсіздігін білдіретігн келіссөз «протоколы» болған. Бұндай жайтты тарихи материалдарда кездесетін «туысқан» немесес «дос» сөздерінен байқасақ болады. Қазақ хандары мен шайбани арасындағы қатынаста осы сөздер жиі қолданылады, яғни бұл екі ел арасындағы тең жәрежелі қарым-қатынасты білдіреді. Бірақ, кей жағдайда екі тарап арасындағы қатынас тең дәрежеде емес, басымдылық тұрғыда орнады. Мысалы 1594 жылы қазақ өкілдігі алдында шайбандардың Абдаллах ханымен күресте Мәскеу тұсынан қолдау көру мақсаты тұрды. 1594 жылы наурыз айында қазақ елшісіне Мәскеу царі Тәуекелге қазақ хандығын өз қол астына алатындығы жайлы жауап грамотасын берген еді. Яғни қазақ хандығы өз мүддесін қорғау мақсатында Ресейге тәууелді боды.

Қазақ хандығының сыртқы саясаты әсіресе Қасым ханның (1511-1518жж.)тұсында территорияның кеңеюімен жақсы дамыды. Елдің сыртқы саясаты оның территориясымен анықталатын еді. Сол себепті қазақтың әрбір ханы, Жәнібек пен Қерейден бастап жаңа жерлерді жаулап, хандық территориясын кеңейтіп, жаңа шекаралар жүргізуді мақсат еткен еді.

ХVI ғасыр қазақ дипломатисының дамуының және әскери мемлекетке айналуының басты кезеңі еді.Сонымен қатар, бұл кезең қазақ хандығы үшін экономикалық, әлеуметтік және саяси тұрғыда дағдарыс кезеңі болды. Хандар үшін қол астындағы жерлерді сақтау өте қиынға соқты. Тек ХVIғ-ң екінші жартысында таққа Хақназар ханның келуімен жағдай біршама түзеле бастады. Ол біршама реформаларды орнатып, хандық басқару мен әскери жүйені қалпына келтірді. Негізінен, Сыр бойындағы сауда орталық қалаларын басып алу саясатын жүргізді.Хақназардан кейін Тәуекел де біршама жетістіктерге жетті.Атап өтетін жәйт, Тәуекел хан ел арасындағы неке және әскери-саяси одақтарды орнатты. Ол ең бірінші болып Ресеймен құжат негізінде одақ құрды. Кейінірек шайбандармен, ноғайлармен қатынас орнатылды. Осындай саяси кикілжіңдерді бейбіт және серіктестік тұрғыда шешу жайлы маңызды құжаттырдың бірі 1598-1599 жылғы Қазақ хандығы мен Аштархан әулеті арасындағы келісімшарт болды.

Өздерінің әскери жетістіктерін қазақ хандары тек қана дипломатиялық келіссөздер ғана арқылы емес, сонымен қатар жаулап алынған қалаларға таққа өздерінің аға-інілерін, туысқандарын отырғызу арқылы бекіткен

Тарихта көршілес хандықтармен некеге тұру жалы мағлұмат өте көптеп кездеседі. Бұл дәстүр екі ел арасындағы дипломатиялық қатынасты орнатудың бір белгісі еді. Екі тарап бір-біріне сый-сыяпат беріп, елші жіберіп қатынас орнатқан. Өте қызық жайттың бірі екі ел арасындағы неке келісімшарт мәтінде жазылған екен. Осындай келіссөздердің бірі Йунус ханның өз қызы Михр-Нигар ханымды Әдік сұлтанға берген кезінде жасалған еді. Осылайша екі ел арасында достық және бейбіт қатынас орнайды. Михр-Нигар ханым күйеуі Әдік сұлтан қайтыс болғаннан кейін Қасым ханның әйелі болды. Осылайша Қасым хан Дешті Қыпшақ жерінде өз билігін еркін жүргізді. Тіпті әскер саны 200 мыңға дейін жетті. Бұның барлығы XVI-XVII ғасырда диломатия қазақ хандығының дамуында үлкен рөл атқарғандығын көрсетеді. Сол кездердегі грамота, мөр, тиындар, келісім шарттар, неке құру салты қазақ хандығының көрші елдермен дипломатиялық қатынас орнату стратегиясының көрсеткіші болып табылады.

  1. Қазақстан Республикасы және Орталық Азия елдері арасындағы қарым-қатынастарға сараптама беріңіз

Қазақстанның тәуелсіздігін жариялағаннан кейінгі мемлекет саясатының басты бағыттарының бірі - бұрынғы кеңестік республикалармен және Орталық Азиямен интеграциялық үдерісті дамыту болды. Орталық Азияда құрамының әртүрлілігінің өсу салдары біржақты емес, бұл жағдай бір жағынан, аймактағы ұлттық мемлекеттердің тәуелсіздігін нығайтуға деген талпынысын ынталандырса, екінші жағынан, шамадан тыс әртүрлілікке ұмтылушы локализмді жандандырды.

Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылдың 5 қазанында орнатылды. ҚР Статистика агенттігінің ақпаратына сәйкес, 2013 жылы Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы өзара сауда айналымының көлемі 393 млн. АҚШ долл. құрап, 2012 жылмен салыстырғанда 14%-ға артты. 2014 жылғы қаңтар-ақпан айларында сауда айналымы 35,1 млн. АҚШ долларын құрады.

Отын-энергетикалық секторындағы ынтымақтастық перспективті болып табылады. Осы салада екіжақты ықпалдастық 2009 жылғы желтоқсандағы «Түрікменстан-Өзбекстан-Қазақстан-Қытай» газ құбырының іске қосылуымен елеулі нығая түсті. 2007 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан, Түрікменстан және Иран үкіметтері арасында «Өзен – Қызылқия – Берекет – Этрек – Горган» темір жолын салу туралы келісімге қол қойылды..

Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 жылғы 15 қазанда орнатылды.

2012 жылғы Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы сауда айналымы

1059,0 млн. АҚШ долл. құрады. 2013 жылғы аталмыш көрсеткіш 1001,5 млн. АҚШ долларын құрады.

Қазіргі кезде Қырғызстанда Қазақстан инвестициясының қатысуымен 400 бірлескен кәсіпорын жұмыс істеуде. Олар өз қызметтерін экономика, энергетика, газтасымалдау, өнеркәсіп, құрылыс материалдарын шығару, банктык сектор салаларында жүзеге асыруда.

Қазақстанда қырғыз капиталының қатысуымен 250 өнеркәсіп жұмыс істеуде. Жұмыс салалары - сауда, туризм, құрылыс, суды тазалау және тарату, көлік, жарнама.

Қазақстан Республикасы және Тәжікстан Республикасы арасында дипломатиялық қатынастар 1993 жылғы 7 қаңтарда орнатылды.

2013 жылғы екіжақты тауар айналымы 564,4 млн. АҚШ долл. құрап, 2012 жылғы көрсеткішімен салыстырғанда 20,1 пайызға төмендеді. Қазақстанда «Теоагрономгрит», «Теодусти-2004», «Теонилагропром», «Алтын май» атты тәжік компаниялары жұмыс жасайды. Гуманитарлық салады жыл сайын Қазақстан тәжік азаматтарына қазақстандық ЖООнда оқу үшін 100 грант бөлінеді.

ҚР мен Өзбекстан арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылы 23 қарашада орнатылды. Статистика агенттігінің мәліметіне сәйкес, 2013жылы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымының көлемі 2,09 млрд. АҚШ долл. Құрап, 2012 жылмен салыстырғанда 5,5%-ға артты. Өзбекстанға жолданатын экспорттың құрамындағы ең ірі бөлігі мұнай және оның өндіру өнімдері, ұн тарту – жарма өндірістің өнімі, дәндә дақылдар, қара және түсті металлдар, бейорганика химия өнімдері азық-түлік және т.б. Жыл сайын Өзбекстанға 1 млн. Тоннадан астам жоғары қазақстандық сапалы ұн, 500 мың тоннаға жуық мұнай өнімдері жеткізіледі.

Өзбекстаннан Қазақстанға қуат көздері (газ), мақта, химиялық өнімдер және пластмасса, тыңайтқыштар және жеміс-көкөніс өнімдері импортталады.

Қазіргі кезде Өзбекстанда Қазақстан инвестициясының қатысуымен 178 кәсіпорын, соның ішінде 143 бірлескен кәсіпорын мен 100% қазақстандық капитал бар 35 кәсіпорын жұмыс істеуде.

  1. Қазақстан-Өзбекстан арасындағы қарым-қатынастарға сараптама беріңіз

Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 23 қарашада орнатылды.

Қазақстанның Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі – Бөрібай Биқожаұлы Жексембин. Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі – Алишер Алахитдинович Салахитдинов.

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ынтымақтастықтың барлық салаларын қамтитын 107 құжат құрамындағы кең шарт-құқықтық база құрылды.

ҚР Статистика агенттігінің мәліметіне сәйкес, 2013жылы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымының көлемі 2,09 млрд. АҚШ долл. құрап, 2012 жылмен салыстырғанда 5,5%-ға артты.

Өзбекстанға жолданатын экспорттың құрамындағы ең ірі бөлігі мұнай және оның өндіру өнімдері, ұн тарту – жарма өндірістің өнімі, дәндә дақылдар, қара және түсті металлдар, бейорганика химия өнімдері азық-түлік және т.б. Жыл сайын Өзбекстанға 1 млн. Тоннадан астам жоғары қазақстандық сапалы ұн, 500 мың тоннаға жуық мұнай өнімдері жеткізіледі.

Өзбекстаннан Қазақстанға қуат көздері (газ), мақта, химиялық өнімдер және пластмасса, тыңайтқыштар және жеміс-көкөніс өнімдері импортталады.

Қазіргі кезде Өзбекстанда Қазақстан инвестициясының қатысуымен 178 кәсіпорын, соның ішінде 143 бірлескен кәсіпорын мен 100% қазақстандық капитал бар 35 кәсіпорын жұмыс істеуде. Өзбекстанда «Қазақстанның даму банкі» АҚ, «Қазақстан темір жолы» ҰК»АҚ, «Казинформ» ҰК»АҚ және «Air Astana» әуе компаниясының өкілдіктері тіркелген.

2012 жылғы 30 қарашада Ташкентте Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қ.Көшербаевтың қатысуымен Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасында дипломатиялық қатынастар орнатылуына 20-жылдығына орайластырылған салтанатты бірлескен концерт өтті.

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Ташкентке 2013 жылғы маусымдағы ресми сапары барысында қазақ ақыны Абай Құнанбаевтың ескерткішін ашу салтанаты өтіп, 2013-2015 жылдарға арналған ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен ӨР Мәдениет және спорт министрлігі арасындағы мәдениет саласында ынтымақтастық бағдарламасына қол қойылды.

  1. Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы арасындағы қарым-қатынастарға сараптама беріңіз

1992 жылдың 21 қазанда Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды. 2006 жылдың 12 желтоқсаннан бері Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Михаил Николаевич Бочарников. 2014 жылдың 11 ақпаннан бері Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин.

Қазақстандық-ресейлік қатынастар әртүрлі салаларда қарқынды дамумен сипатталады. Екіжақты және көпжақты форматтардағы келіссөздер барысында энергетикалық, көліктік, атом және ғарыш саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру, сауда-экономикалық өзара іс-қимылдар мәселелері ұдайы талқылануда.

2014 жылдың 3 сәуірде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысов Ресей Федерациясында (Мәскеу) ресми сапармен болды. Оның барысында өзінің әріптесі С.Лавровпен екіжақты келіссөздер жүргізді.

ҚР мен РФ арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның және оның құрамына кіретін ынтымақтастықтың бағыттары бойынша кіші комиссиялардың отырыстары тұрақты өткізілуде: банкаралық және инвестициялық; көліктік; өңіраралық және шекара маңы; әскери-техникалық; ОЭК саласында; ғылым және жаңа технологиялар саласында, өнеркәсіп саласында. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы 2020 жылға дейінгі ұзақ мерзімді экономикалық ынтымақтастық бағдарламасы қабылданған және оны орындау бойынша 2012-2014 жылдарға арналған Жоспар жүзеге асырылуда.

Мемлекет басшыларымен қол қойылған 2013-2015 жылдарға арналған Қазақстан мен Ресейдің бірлескен іс-қимыл жоспары іске асырылып жатыр.

Ресей Қазақстанның дәстүрлі түрде ірі сауда серіктесі болып табылады.

2013 жылдың қорытындысы бойынша ҚР мен РФ арасындағы сауда айналымы 23,49 млрд. АҚШ долл. (ҚР-дың сыртқы саудасының жалпы көлемінің 17,9%) құрды және 2012 жылмен салыстарғанда 1,7% өсті. ҚР экспорты 5,8 млрд. АҚШ долл. (ҚР-дың жалпы экспорт көлемінің 7%), ҚР-дың импорты 17,69 млрд. АҚШ долл. (ҚР-дың жалпы импорт көлемінің 36,2%) құрды.

Отын-энергетикалық кешен саласындағы ынтымақтастық қарқынды түрде дамып келе жатыр, соның ішінде әлем нарығына қазақстандық көмірсутегін барлау, өндіру және тасымалдау салалары. Ресейлік компаниялар қазақстандық ірі көмірсутек шикізаты кен орындарын өңдеуіне қатысады.

Ғылым және жаңа технологиялар саласындағы ынтымақтастық бағдарламасы іске қосылған. «Казына Капитал Менеджмент» және «Роснано» қатысуларымен 100 млн. АҚШ долл. көлемін құрайтын бірлескен нанотехнологиялар қоры құрылды.

Ғарышты игеру мен «Байқоңыр» кешенін бірлесіп пайдалану саласындағы ынтымақтастық дамып келеді.

Транзиттік-көліктік әлеуетін дамыту бойынша бірлескен қызмет іске асырылуда, соның ішінде көліктік дәліздерді іске асыру бөлігіндегі: «Батыс Еуропа – Батыс Қытай», «Солтүстік - Оңтүстік», «Батыс - Шығыс» және басқа жобалар.

Жалпы, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы тату көршілікті және стратегиялық әріптестікті дамытуға мүмкіндік беретін тығыз негізді, өзара тиімді қазақстандық-ресейлік ынтымақтастықтың әлеуетін көтеруді бірлескен күш салысумен жалғастырып жатыр.

  1. Еуразиялық Одаққа қатысты Қазақстан Республикасының саясатына сараптама беріңіз

Еуразия атауы қазіргі ақпараттық кеңістікте ең көп кездесетін сөздердің біріне айналып отыр. Қазір екі конференцияның бірі Еуразия тақырыбына арналады. Мұның себебін Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойылуымен түсіндіруге болады. Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы аймағымызда маңызды геостратегиялық, геосаяси, экономикалық және геомәдени бетбұрыстардың болып жатқанын көрсетеді. Әрине, Еуразияны әрбір мемлекет өз мүддесі тұрғысынан түрліше түсінеді.

Еуразияның геосаяси маңыздылығын түсіну үшін батыстықтардың аймақ туралы кең танылған теориясын қарастырайық. Еуразия құрлығы туралы сөз болғанда геосаясат теоретиктерінің бірі ағылшын Халфорд Ж.Макиндердің heartland, яғни «жердің жүрегі» («Жерұйық») теориясына назар аудару қажет. Ол теория бойынша, кез келген географиялық кеңістіктің немесе мемлекеттің ең стратегиялық маңызды аймағы оның ортасы, орталығы болып табылады. Макиндердің пікірінше, дүниежүзінде ықпал жүргізу үшін Еуразия құрлығында, ал Еуразияда ықпалды болу үшін сол құрлықтың ортасында, яғни ішкі аймағында басымдыққа ие болу шарт. Расында, бұл теория Ресейге де, біздің аймағымызға да қатысты. Орталық Азия жоғарыда аталған neartland, яғни кіндік аймаққа кіретін географиялық кеңістікте орналасқандықтан, тек теория ғана емес, сондай-ақ, геосаясаттың нысанасына айналып отыр. Бұл атлантистік теорияның мәні Батыстың Еуразияға қалай қарайтындығын білдіріп қана қоймай, оның аймағымызға қатысты геостратегиялық ниетінен де жақсы хабар береді.

Елбасымыздың саяси ойларының дамуында еуразияшылдықтың орны өте үлкен. Елбасы кеңестік экономиканың құрылымын, мүмкіндіктерін, басқару тетіктері мен нақты жағдайын жақсы білгендіктен, 90-жылдардың басынан-ақ шашыраған посткеңестік экономикаларды қайтадан біріктірудің амалдарын ойластырды. Өйткені, Қазақстанның экономикалық шаруашылығы, өндірісі мен өнеркәсібі Ресей мен өзге кеңестік елдермен ажыра­мас­тай тығыз байланыста, бір-біріне тәуелді, әрі өзара кіріккен еді. Республи­калар арасындағы өндірістік және іскерлік байланыстардың бірден үзіліп қалуы үлкен экономикалық, саяси, әлеуметтік және ұлтаралық дағдарыстарға алып келді.

Қалай десек те, үш мемлекеттің одақ құруы КСРО-ның саяси ыдырауынан кейін пайда болған идеологиялық бос кеңістіктің орнын толтыруға, мем­ле­кетаралық индус­триялық-экономикалық қатынастардың үзілуінің келеңсіз салдарларын жұмсартуға және ұлтаралық-еларалық қатынастарды нығайтуға ба­ғытталған деуге де болады. Осы орайда, мынадай методологиялық сұрақтарды қойып, соларға жауап іздеуге тиіспіз. Құрылып жатқан экономикалық одақтың теориялық негіздері неде? Қа­зақстан еуразиялық интеграциядан қандай нақты тәжірибе алмақшы? Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігі мен мүддесіне қалай әсер етеді?

Еуразиялық экономикалық одақтың Қазақстан үшін барлық тиімді және ықтимал зиянды жақтарын салыстыратын болсақ, Астана үшін артықшылықтарының басым екенін айта аламыз. Өйткені, қазір қазақтың саяси элитасы және елдің ішкі тұрақтылығы үшін интеграция өте-мөте тиімді. Қазақстанның геосаяси тұрақтылық жағдайында күшейіп алуы үшін Ресейді Батыспен немесе Қытаймен салыстыруға болмайды. Елдің болашағы тұрғысынан Ресеймен жақын ынтымақтаса отырып, оның экономикасымен бәсекелесіп, ысылып барып, дүниежүзілік бәсекелестікке дайын, қуатты Қазақ мемлекетін қалыптастыру мүмкіндігі зор және алдымызда нақ осы міндет тұр. Ал бұл мақсатты, яғни «2050» Стратегиялық жоспарын орындау үшін Ресеймен жақсы болу бірінші шарт. Осы тұрғыдан Қазақстан өзінің төңірігіне дұрыс баға беріп отыр. Ресеймен түсінісе алудың өзі үлкен геосаяси жетістік. Үлкен саясатта дөрекі қадамдар жасаудың орнына аяқты байыппен, ақырындап басып, ойды шатастыратын, жаттанды стереотиптерді бұзатын күрделі саясат жүргізу үлкен нәтижелер береді. Әрине, Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа енуі - үлкен саясатпен шектесетін үлкен экономика.

Қалай десек те, интеграцияның мәңгі емес, уақытша қадам екендігі турасында да ой түюдің артықшылығы жоқ. Интеграцияда әділетсіздіктер мен келіспеушіліктер орын алған жағдайда Қазақстан одақтан шығуға құқылы. Интеграция алдағы ұлттық дамуымыздың сапасы мен бағытын белгілеуде маңызды рөл ойнайды. Интеграция бізді Ресеймен «ауыз жаласып», табақтас болуға емес, керісінше, өз менімізді, өзімізді, өз ұлттық жолымызды табуымызға көмектеседі.

Қазақстанның Еуразиялық одаққа кіруінің экономикалық себебін негіздеуге қатысты мынадай сұрақ туындайды. Еліміздің одаққа кіруі Ресейден бір нәрсе үйрену үшін бе, әлде, Ресеймен бәсекелесу үшін ойластырылды ма? Интеграциялық одақта экономикалық жағынан ұту үшін Қазақстан экономикасы Ресейдікін тиімділігі және инновациялығы жөнінен басып озуы шарт. Бұл - тым кешенді инновациялық міндет. Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры Мұрат Чемректің ойынша, Қазақстан мен Ресейдің экономикалары бір-бірін толықтырудан гөрі, бір-бірімен бәсекелес болғандықтан, экономикалық одақтың алдында үлкен міндет тұр.

Қазіргі жағдайға келсек, 2013 жылы өткен Минск және Мәскеу кездесулерінде Елбасы Н.Назарбаев интеграциялық үрдістің барысын біраз сынға алғаны белгілі. Сынның айтылуы экономикалық одақтың жұмыс істей бастағанын білдіреді. Алғашқы кездесуде саудадағы теңсіздіктер, кедендік сәйкессіздіктер мен техникалық түйткілдер туралы айтылды. Яғни, қазақ тарапы интеграцияның сапасына көңіл бөлуді талап етті. Ал Елбасының одақтың саясиланбауы керек дегені Ресей мен Батыс арасындағы текетіреске араласпайтындығын да меңзеуі мүмкін. Десек те, Еуразиялық экономикалық одақты үлкен саясат пен геосаясаттан бөлу мүмкін бе? Мысалы, Мәскеудегі кездесуде Н.Назарбаев Арменияның Кеден одағына кіруі жөнінде сөз болғанда, Таулы Қарабақ мәселесін қозғап, өзінің халықаралық саясаттағы беделін тағы бір көрсетіп қойды. Еуразиялық жобаның шеңберінде түркі факторын да ұмытпағанымыз жөн.

Еуразиялық теория - үстіртін көзқарас немесе жүйесіз ұғымдар жүйесі емес, керісінше, саясатта жүзеге асып жатқан күрделі интеграциялық жоба. Еуразиялық одақтағы Қазақстанның алатын орны еліміздің интеллектуалдық-экономикалық секіріс жасауына да тікелей байланысты болмақ.

  1. ТМД шеңберіндегі интеграциялық үрдістер және Қазақстан

Кеңес Одағы ыдыраған соң, енді жаңа тәуелсіз мемлекеттер алдында күрделі таңдау тұрды. Олар: қол жеткізген тәуелсіздікке шүкіршілік ете отырып, оқшау қалу немесе Батыстың шикізат қөзіне айналу, ал енді ең соңғысы бірлескен Еуропалық Одақты мысал ете отырып интеграциялық байланыстарды күшейтіп, кеңестік аймақта әлемдік дамуда жаңа бір орталық құруды ойлады.

ТМД өз өмірі кезінде бірнеше кезеңнен өтті.

Бірінші кезең – 1991 мен 1993 жылдар аралығы. Одақтас Республикалар саяси тәуелсіздігін алады. Мемлекеттілігің қаржы-экономикалық, кеден шекара құрылымдарын бекітеді. Бірақ олардың халықшаруашылық кешені біртұтас экономикалық кеңістікте, бір валютамен өз жұмысын жалғастырып жатады. 2. Екінші кезең – 1993-1996 жылдар. ТМД мемлекеттері өздерінің саяси егемендігін нығайта түседі, өз беттерімен халықаралық қауымдастыққа кіреді, өздерінің кеңес одағына кірмеген жақын көршілерімен шаруашылық байланыстарын орнатты. Ал Достастық шеңберінде бірге келісілген шешімдерге байланысты қатынастар ауырлай түседі. Көптеген келісілген заттар орындалмай қалады. Бірақ кейбір мемлекеттер тығыз қатынастар орнатуға деген талпыныс байқалады, мысалға кеден одағы, Орталық Азиялық Экономикалық қауымдастық. 3. Үшінші кезең 1997 жылдан басталады. Достастықтың бүкіл мүшелері дағадарысты мойындайды. Осы дағдарыстан шығу жолдары мен ортақ, мақсат-мүдде қарастырыла бастайды. Кейбір мемлекеттер, ғалымдар ТМД-ң барлық атқарушы органдарын біріктіріп, бірінші орынға экономикалық ынтымақтастықты қоюды, еркін сауда, кеден, тарифтік зонасын құруды валюталық одақ идеясын ұсынады.

Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың аймактық біртұтастығын кұрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді. Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр. 1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Көптеген себептерге байланысты Орталық Азия мен Қазақстан аймағы әлем саясатында қазіргі кезде ерекше назарға ие. Қазақстан екпінді даму қарқынының арқасында ipi трансұлттық корпорациялардың, өзге мемлекеттердің үлкен қызығушылығына ие. Бұл түсінікті де, Қазақстан Орталық Азиядағы географиялық сипаты бойынша ең ipi мемлекет болып табылады, оған қоса экономикалық даму қарқыны бойынша біздің мемлекет аймактағы көшбасшы. Осы ретте еліміздің болашақта даму мүмкіндіктерінің мол екендігін ескере кету керек. Бүгінгі күні қазақстандық сыртқы саясат басымдылығы ең алдымен Ресей, Қытай, АҚШ, ЕО, Орталық Азия аймағындағы көршілес мемлекеттермен, ислам әлемімен тең құқылы қарым-қатынас құруга бағытталып отыр. Бұл тұрғыда 2006 — 2007 жылдары аталмыш мемлекеттермен және аймақтармен ей жакты байланыс едәір алға басты. Ел мүддeciнe қатысты бірталай маңызды құжатқа қол қойылған мемлекет басшылығының Вашингтон, Мәскеу, Брюссел, Лондон, Бейжің, Каир, Тегеран, Ташкент, Бішкек және тағы да басқа мемлекеттердің астаналарына ресми сапарларының қорытындылары да осыны айғақтай түсуде. Осылайша мeмлeкeтiмiздiң әлемнің жетекшi державалары мен көршілес ТМД мемлекеттepi арасындағы стратегиялық серіктестігі жаңа деңгейге көтерілді деуге болады.

  1. Еуразиялық Одактың даму тарихын ашып көрсетіңіз

Әлемнің жаһандану үдерісінде Еуразиялық тұтастықтың қажеттігі, осы кеңістікте интеграциялық үрдістердің өмірлік маңыздылығы, ортақ бірлестіктің қағидаттары мен бағдарламасы туралы идеяны мемлекет президенті Нұрсұлтан Назарбаев тұңғыш рет 1994 жылы Мәскеу мемлекеттік университетінде мәлімдеген еді. Сол сәттен бері, өз дамуын алған бұл еуразияшылдық идея түрлі идеологтар, саясаткерлер, сарапшылар тарапынан қолдау тауып, қазір өмірге белсене еніп келеді. Еуразиялық идея теориядан шынайы практикалық кезеңге өту үдерісінде. Негізі, идея ұсынғаннан бері, Президенттің белсенді қатысуымен болған идеяның жүзеге аса бастауында бес қадамды ерекшелеуге болады: Бірінші қадам, 1994 жылы Мәскеуде ТМД қатысушыларына Еуразиялық одақ құру туралы бастама көтеруі; екінші қадам, 1995 жылы Қазақстан, Ресей, Беларусь президенттері Кедендік одақ құру туралы келісімге қол қоюы, кейінірек Қырғызстан мен Тәжікстанның қосылуы; үшінші қадам, 2000 жылы Бішкекте Кедендік одаққа кіретін Қазақстан, Ресей, Белоруссия, Қырғызстан, Тәжікстанның мемлекетаралық кеңесінде жаңа халықаралық ұйым – Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың құрылуы; төртінші қадам, 2002 жылы Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан президенттері Орталық азиялық ынтымақтастық ұйымын құру туралы келісімге қол қоюы; бесінші қадам, 2003 жылы Мәскеуде Қазақстан, Беларусь, Ресей, Украина президенттері бірыңғай экономикалық кеңістік құру туралы келісімге қол қоюы.

Қазақстанның, Беларусьтің және Ресейдің Кеден одағы Еуразиялық экономикалық қауымдастықтан қисынды түрде өсіп шықты. Оның 2000 жылы бес ел – Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан пішінінде құрылуы еуразиялық интеграция тәжірибесіндегі бетбұрысты сәт болды. ЕурАзЭҚ шеңберінде интеграциялық үдерістің түрлі өлшемдері бойынша тетіктердің тармақталған құрылымы қалыптасты. Оның үстіне олар тек мемлекетаралық деңгейде ғана емес, сонымен бірге төменнен кәсіпкерлердің, ғылым, білім беру және мәдениет қайраткерлерінің, ҮЕҰ, жастардың бастамасы бойынша тағайындалады. Жаһандық қаржы-экономикалық дағдарысты ескергенде Еуразиялық даму банкі мен Дағдарысқа қарсы қор құру уақытылы атқарылған іс болды. Бүгінде ол ЕурАзЭҚ-тың бірқатар елдеріндегі нақты экономикалық жобаларды қаржыландыруға мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен бірге жедел көмек, мысалы, әлемдік дағдарыс зардаптарын бастан өткерген Беларусь экономикасына, көмек беруге де жағдай жасады.

Дегенмен, жоғарыдағы бес ірі құбылыстан бөлек, қазіргі таңда әртүрлі деңгейде, әскери жағынан ҰҚШҰ-ға, экономикалық тұрғыдан Кедендік Одақ (Қазақстан, Ресей, Беларусь), саяси мүдде жағынан ШЫҰ-ға, АӨСШК-ке интеграциялану үрдісі жүзеге асты. 2012 жылдың қаңтарынан бастап күшіне енген нағыз толыққанды, өркениетті, еуропалық ортақ нарық секілді құрылым - Бірлескен экономикалық кеңістікке жол ашылды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]