Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
VPRK.doc
Скачиваний:
34
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
570.88 Кб
Скачать

44. Ресей Федерациясының Каспий теңізінің құқықтық мәртебесіне қатысты ұстанымына сараптама жасаңыз

Ресей ұзақ уақыт бойы кондоминиум орнату көзқарасын ұстанып келді, яғни Каспий теңізін жағалаулық бес мемлекетке де ортақ қол жетімді ретінде қарасытыруды, сәйкесінше оның ресурстарын, аумағын игеруде басқаларының келісімінсіз біржақты іс-әрекетке бармауды қолдады. 1998 жылы Ресейлік позиция өзгеріске ұшырады: Мәскеу теңіз түбін құрлықтық шекарадан ортақ сызықпен жүргізілген шектес және қарама-қарсы жатқан жақтары бойынша бөлу мәселесін көтерді және бұл 2000 ж 9 қыркүйекте Каспий теңізіндегі ынтымақтастық Декларациясы жөніндегі ресей-қазақстандық Келісімде нақтыланған. 2003 ж Ресей, Қазақстан және Әзірбайжан арада жүрізілген келіссөздер нәтижесінде Каспийдің солтүстігін орта сызық бойынша ұлттық секторларға бөлуге келісті, сәйкесінше Қазақстан 29%-на, Ресей 19%-на бақылау орнатты. Шынайы тұрғыда, олар саяси ымыраға келді, себебі «үйлестірілген (модифицированный) орта сызық – бұл саяси сызық». Осылайша, Ресей Иранмен 1921 ж және 1940 ж ескірген және жаңа геосаяси талаптарға жауап бермейтін Иранмен осы мәселе бойынша Келісімді мойындады. Бұл, бір жағынан, Иранмен арадағы жағдайды нашарлатты. Ресей мен Қазақстан арасындағы 1998 жылғы Келісімнен кейін Ресей мен Иран арасындағы жағдай нашарлады. Бұл Каспий статусын реттеу мәселелері бойынша жұмысшы топтрадың кездесулерінің сирей бастауына әкеліп соқты.

Егер 1990 жылдары Ресей Каспий аймағындағы болып жатырған жайттарға зор назар аударып, Каспий теңізінің статусына қатысты мәселелерді, оның жағымсыз жақтарын ескертумен келсе, ХХ ғ. 90-ж. соңына таман тұрақты, үйлесімді саясат жүргізе бастады. Ресей позициясының өзгеруі көптеген факторлармен түсіндіріледі, олардың ішіндегі ең маңыздысы АҚШ сыртқы саясатының Каспий аймағында белсенді қызмет ете бастауы болды.

Каспий мәселесіне қатысты жағалау мемлекеттерінің көпжақты байланыстарының жаңа кезеңі 2000 ж басында билік басына В. Путиннің келуі болды. Президент болып сайланғаннан кейін ол Каспий теңізін Ресейдің ерекше қызығушылықтары шоғырланған аймағы деп жариялады. Каспий теңізі аймағына қатысты Ресейдің стратегиялық қызығушылықтар сұрағы 2000 ж 21 сәуірде Қауіпсіздік Кеңесі отырысында талқыланды. Президент В. Путин билік органдары Каспий жағалауында Ресейлік компаниялар позицияларының берік нығаюына қол жеткізуі тиіс екендігін айтты. Ресейдің сыртқы саясаты Концепциясы да Ресейдің Каспий аймағындағы экономикалық, сондай-ақ дипломатиялық әсер ету күшін күшейту шараларын жүзее асыруды ұсынды. Басқа мемлекеттермен олардың әрқайсысының заңды қызығушылықтары мен ортақ табыс мүдделерін ескере отырып олармен ынтымақтастықты күшейту мәселелері де қарастырылды. Осы мақсатты көздей отырып, Каспий теңізі мәселесіне қатысты РФ Президенті өкілінің арнайы посты құрылды. Каспий теңізінің жаңа халықаралық-құқықтық статус құрылымының негізгі бағыттары төменде берілген ұстанымдарға негізделеді:

• Ресей кеме қатынасы, экология, биологиялық ресурстарды қолдану, құрлықтық линия координаттарын анықтаудағы қоса алғандағы каспийлік мәселелерді шешудің кезеңаралық (поэтапный) жоспарын ұсынады;

• Жағалау мемлекеттеріне даулы мұнайлы ошақтарды қолдану мәселесіне аса назар аудару қажет; оларды өндіруде «50-ге 50» ұстанымын қолдану ұсынылады, яғни екінші мұнай шоғырына дәмеленуші мемлекет сол уақытта мұнайды өндіру ісімен айналысып атырған мемлекеттің шығынының жартысын өз мойнына алады;

• Каспий ұлттық секторларға бөлінеді. Ал Каспий үсті ортақ қалдану жағдайында қалады, ұлттық секторлар тек түбі арқылы ғана бөлінеді.

Алайда, Ресей тарапы ұсынған бұл ұсыныстарды көпшілігі қолдай қоймады. АҚШ іс-әрекетінің Орталық Азияда күшейе бастауына жауап ретінде Ресей Каспий аймағының қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударды. Ресей Федерациясының Каспий теңізінің құқықтық мәселесіне қатысты ұстанымын сипаттай отырып, келесі жағдайды атап өткен жөн: ең алғашқы кезеңде Ресей позициясы жүйелі болмады. Ішкі саяси тұрақсыздық және әр түрлі саяси инстанциялардағы шашыраңқылық Ресейдің «мардымсыз амалының» тууына әкеліп соқты. Ресей позициясы ХХ ғ. 90 жылдарының соңында басқа елдердің аймақтағы салмақты рөлін мойындап, олармен келісімді диалог жүргізе бастағанында өзгере бастады. Алғашқы кондоминиум ұстанымына бас тартып, Ресей аймақтағы позициясын берік нығайтуда маңызды қадам жасады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]