Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
VPRK.doc
Скачиваний:
34
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
570.88 Кб
Скачать

58. Орталық Азиядағы қауіпсіздік мәселесі және Ауғанстандағы жағдайды реттеуге қатысты Қазақстанның саясатына сараптама беріңіз

Орталық Азия аймағы көптеген сарапшылардың пікірінше өзінің геосаяси орналасуы, табиғат байлықтары, посткеңестік мемлекет ретінде, әлем державаларының және аймақтық көшбасшылардың қызығушылығын тудырады. Дегенмен Орта Азияға байланысты туындаған ерекше назар шектен тыс әсерленгендіктен, соның нәтижесінде төнетін қауіп-қатерлер деңгейі жоғары емес. Қазіргі таңда бұл тек аймақтан тыс мемлекеттер арасында ғана емес, сонымен қатар аймақтағы көршілес елдердің арасында қарым-қатынастар пікір алмасатындай деңгейде емес, оған қоса мемлекеттің ішкі жағдайына да тікелей байланысты. Шешілмеген түйіткүл проблемалары аса көп, шетелдік мемлекеттердің мүддесі тоғысқан аймақ боп қазіргі таңда саналады.

Шындығына келгенде, Орта Азиядағы ішкі жағдай тербеліс жағдайында, ішкі жағдайдағы өзгерістер мемлекеттердің сыртқы саясатына және көршілес елдермен қарым-қатынасына кері әсерін тигізе алады.

Орта Азиядағы мәселелерді ішкі және сыртқы аймақтық деп бөлуге болады. Ішкі аймақтық өзекті мәселелерге трансшекаралық өзендердегі су ресурстары, мемлекеттік шекара, діни экстремизм және терроризм, есірткі тасымалы, еңбек миграциясы секілді өткір проблемалалар бар. Сыртқы аймақтық мәселелер басқа әлемдік не аймақтық державалардың мүдделерінің түйісуі нәтижесінен туындаған, сонымен қатар, діни экстремизм және терроризм, есірткі тасымалы да сыртқыға жатады.

Қазақстан халықаралық лаңкестік пен есірткі тасымалы, діни экстремизм қаупі тарайтын Ауғанстанның жүйелі және тұрақты дамуына мүдделі. Орталық Азия аймағында бейбітшілік пен қауіпсіздіктің орнауына Ауғанстандағы жағдайдың реттелуі тікелей байланысты деп санаймыз.

Осыған байланысты Қазақстан Ауғанстанның аймақтағы интеграциялық үдерістерге белсенді араласуын, өзара экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуын, оның ішінде Қазақстан-Ауғанстан үкіметаралық комиссиясының жұмысын белсендіру арқылы қазақстан тауарлары мен инвестициясын ауған нарығына енгізу, Қазақстанда экономика, өндіріс, қаржы, көлік және білім саласына қажетті ауғандық білікті мамандар дайындауды қолдайды.

Қазақстан Үкіметі 2007 жылғы 11 қазанда бекітілген Ауғанстанға жәрдемдесу жөніндегі 2007-2008 жылдарға арналған жоспарға сәйкес 2008 жылғы шілде айында АИР Қаржы министрлігінің арнайы есеп шотына Бамиан провинциясында аурухана, Саманған провинциясында мектеп салуға және Құндыз-Талукан тас жолын жөндеуге 2 млн. 380 мың АҚШ доллары аударды.

Сонымен қатар, Қазақстан жыл сайын ізгілік көмек көрсетуде. 2014ж. ақпандағы ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес, Ауғанстанға ресми ізгілік көмек ретінде бидай ұны, құмшекер және сары май жолданды. Қазірге дейін Ауғанстанға жалпы 20,15 мың тонна шамасында (жалпы сомасы 17,09 млн. АҚШ долл.) азықтық көмек көрсетілді.

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, Қазақстан Үкіметі ауған студенттерін оқыту бойынша білім бағдарламаны жүзеге асыруда. Бұл бағдарлама 2010-2020 жылдары аралығында 1 мыңға дейін ауғандық азаматтарын еліміздің оқу орындарында оқытуды көздейді. Оны іске асыруға республикалық бюджетте 50 млн. АҚШ доллары көлемінде қаражат қарастырылған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]