Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
VPRK.doc
Скачиваний:
34
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
570.88 Кб
Скачать

40. Қазақстан-Қытай қатынастарындағы Ұлы Жибек Жолының «экономикалық белбеуі» концепциясының мазмұнын ашып көрсетіңіз

«Ұлы Жібек жолының экономикалық белбеуін» қалыптастыру тұжырымдамасы, Си Цзиньпинннің Назарбаев Университетінде 2013 жылдың қыркүйек айында оқыған лекциясы кезінде ұсынылған болатын.

Бұл стратегиялық бастама ҚХР Төрағасы Си Цзеньпинмен Қазақстанға 2013 жылғы қыркүйек айында жасаған мемлекеттік сапары аясында ұсынылған болатын және ол ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауына ие болды

«Бесінші ұрпақ» басшыларының Орталық Азия елдеріне қатысыты сыртқы саясатының мазмұнын аша отырып Си Цзиньпин төрт тезиске тоқталып өтті:

 Қытай мен ОА аймағы халықтарын екіжақты қатынастарының ұзақ тарихы байланыстырады

 Қытай барлық елдердің суверенді таңдауын құрметтейді және олардың таңдаған даму жолын қолдауға дайын

Қытай аймақтық істерде басымдылық көрсетүді көздемейді

 Үлкен индустриалды, тауар және қаржылық мүмкіншіліктерге ие бола отырып, Қытай аймақ елдеріне сауда-экономикалық қатынастарды нығайтуды ұсынады. Нәтижесінде, көрші елдер Қытадың экономикалық дамуынан өздеріне пайда ала-алады.

Қазақстан экономика, сауда, инвестиция, мәдениет секілді салалардағы ынтымақтастықты қамтитын және аймақаралық ықпалдастықты сапалы түрде жаңа деңгейге жетелейтін бұл кең ауқымды жобаны іске асыру жолдарын қарастыруда ең белсенді қатысуға дайын.

Ұлы Жібек жолының Экономикалық белбеуі» жобасын іске асыру идеясы жалпы алғанда Н.Назарбаевтың Қазақстанның Орталық Азияның сауда, логистикалық және іскер орталығына айналуына ықпал жасайтын, сонымен қатар Астананың халықаралық ынтымақтастықтағы азиялық векторын нығайтатын «Қазақстан – Жаңа жібек жолы» атты бастамасымен мазмұндас болып келеді.

41. Қазақстан Республикасы және Орталық Азия қауіпсіздік мәселелерін ашып көрсетіңіз

Мемлекет үшін қауіпсіздіктен қымбат ештеңе жоқ. Елдегі мәдени, экономикалық және саяси-әлеуметтік реформалардың жүзеге асуы мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне байланысты. Аймақтық, әлемдік қауіпсіздік туралы ойлар 1975 жылғы Хельсинки шартындағы Еуропа қауіпсіздігі мәселесінен соң кең түрде қозғала бастады. Әрине қауіпсіздік мәселесі тек қана Еуропа елдері емес, сонымен қатар Орталық Азияға да қатысты мәселе болып келеді.

Қазақстан және Орталық Азия қауіпсіздік мәселесіне ең алдымен стратегиялық қайшылықтар мен аймақтық дағдарыстарды жатқызсақ болады. Яғни XIX ғасырдағы Ресей мен Ұлыбритания державаларының арасындағы Орталық Азия өңірі үшін таласы, соған байланысты Ауғанстанның билік басындағы ауыс-түйістер, 1979-1989 жылдардағы ауған соғысы, ауған соғысынан кейінгі жағдайлар мен талибан қозғалысы және 11 қыркүйектегі оқиғағаға байланысты антитеррорлық коалиция әрекеттері және Уақытша үкіметтің орнауын атап өтсек болады. Бұл мәселенің Қазақстанға тигізген әсері жоқ деуге тұрмас. Елбасымыздың мәлімдегеніндей: «Ауғанстан Қазақстан үшін де стратегиялық-транзиттік маңызды аймақ». Қазақстан Республикасының көпвекторлы сыртқы саясат ұстануы, оның Ауған мәселесі мен басқа да аймақтық қақтығыстарға қатысты ұстанымын белгілеп береді. Ол – кез келген даулы мәселені халықаралық ережеге сәйкес, адамгершілік тұрғысында бейбіт шешу болып табылады.

Орталық Азия мен Қазақстанға қауіпсіздігіне ұлкен қауіп төндіріп отырған мәселелердің бірі терроризм және экстремизм . Орталық Азиядан етек алып отырған әлемдік есірткі .

Ол есірткінің заңсыз айналымымен тығыз байланысты. Оның көздерінің бірі Ауғаныстан болып табылады. Біріккен Ұлттар Ұйымының эксперттік тобының мәліметтеріне сәйкес бұл елдің үлесіне шикі апиын әлемдік өндірісінің шамамен 75 пайызы келеді. Сонымен қоса Орта Азиялық бағыт әлемдік нарықтарға есірткі тасымалының басты арнасы болып табылады, өйткені, эксперттердің бағалауы бойынша Ауғаныстанда өндірілетін есірткінің 65 пайызы осы аймақ арқылы өтеді. Ал терроризмге тоқталып өтетін болсақ, Ауғанстанмен қатар Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Қазақтанда да террористік іс-әрекеттер кеңінен тараған. « Өзбекстанның ислам қозғалысы» (ӨИҚ), «Хизб ут-Тахрир аль-Ислами» (Ислам босату партиясы),“Ислам даму орталығы”,“Акромидтер“және т.б. көптеген лаңкестік ұйымдары таралған. Сонымен тқатар Орталық Азия мен Қазақстандағы қауіпсіздікке қатерін тигізген мәселелердің көрінісі ретінде ішкісаяси жағдайдың төмендігін(Қырғызстандағы “Наурыз революциясы”, Өзбекстандағы 2005 жылы мамырда орын алған Андижандық жағдай, ), аймақтағы мемлекеттер арасындағы саяси күрестің нәтижесінде криминализация деңгейінің өсуін(Қырғызстандағы криминалдық топтардың меслекеттік билікті басып алуы, әртүрлі сипаттағы наразылықтың көбеюі (Қырғыстандағы 2006 жылы биліктің жаңарылуы және қараша айында Конституцияның өзгертілуі, 726 митинг) және т.б. жайттарды айта аламыз.

Аталған мәселелермен Орталық Азия мемлекеттері және Қазақсан Халықаралық және аймақтық ұжымдық қауіпсіздік ұйымдарына мүше бола отырып күресуде. БҰҰ шеңберінде Орталық Азия қауіпсіздік мәселелрінің қарастырылуы, Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесінің құрылуы (ҰҚК), Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ) және Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім білдіру шаралары жөніндегі Кеңес (АӨІСШК) секілді ұйымдарға мүше болуы және ҚР-ның “Лаңкестікке қарсы күрес туралы”, “Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы”, «Терроризмге қарсы күрес туралы» ,Терроризмді қаржыландырумен күрес туралы халықаралық конвенция (Нью-Йрок, 2000ж. 10 қаңтар, қосылу мерзімі – 2002ж.) және т.б. заңдар дәлел бола алады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]