Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
VPRK.doc
Скачиваний:
34
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
570.88 Кб
Скачать

54. Орталық Азиядағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі және Еуропалық Одақтың саясатына сараптама беріңіз

Еуропалық Одақтың Орталық Азиядағы мүддесі.Қазіргі таңда табиғи қорына байланысты ЕО алдындағы ОА маңызы артып келеді..Аймақтық және жаһандық, сонымен қатар әрбір елге қатысты мақсаттар ЕО пен Орталық Азиямның әріптестігі тәсілін қалыптастырады.Екі тарап ықпалдастығындағы ЕО мақсаттары келесідегідей жіктелуі мүмкін:

- Аймақ мемлекеттерінің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету;

- Кедейлікті жою мен өмір сүру деңгейін көтеруде көмек көрсету;

- Орталық Азия мен ЕО арасында,әсіресе энергетика, көлік, жоғары білім беру және экология салаларында әріптестікті дамыту мен жақсарту. Ал мүдделеріне келер болсақ аймақтағы ЕО саясатының экономикалық құрамдас бөлігі сөзсіз саяси мүддеден артық болып тұр. Ендігі кезекте осы қызығушылықтарды толық қарастырсақ: Энергетикалық мүдде. Бәрімізге анық, ЕО-тың энергоқорларға зәру болуы, оларға бағаның үш есеге дейін өсуі, Ресей мен Украина арасындағы газ жанжалы Еуропалық Одақты энергия көзімен қамтамассыз етудің басқа жолдарын іздестіруге мәжбүрлеген болатын. Тіпті энергияның жетіспеушілігі бұл мәселені жеке кәсіпкерлік мүдделері аясынан мемлекеттік мүдде мен Еуропалық Одақтың саясатына айналуына алып келді. Сондықтан да Брюссель Орталық Азияға қатысты бірнеше бастамаларды алға тартты. Аталмыш бастамалар өз ішіне экономикалық, әрі саяси мүдделерді біріктіреді. Дегенмен көп жағдайда экономикалық құрамдас бөлік саясидан әлдеқайда асып түседі. ЕО мемлекеттерінің энергетикалық саясаты көршілес мұнай-газ импортының негізгі көзі болатын Орталық Азияның Каспий теңізі секторында шоғырланған. ЕО «Дружба» секілді жұмыс істеп тұрған көмірсутектерді Чехия, Германия және Австрияның өңдеуші кәсіпорындарына жеткізетін мұнай құбырларын пайдаланып қоймай, Каспий теңізі қайраңындағы мұнай өндірісінде белсенді қатысуға да мүдделі болып отыр. Орталық Азияның және Каспий маңы мұнай және газын өндіруде қатысым алатын компанияларға Shell (Голландия), TotalFinaElf және Schlumberger (Франция), ENI және Agip (Италия), British Petroleum және Lasmo (Ұлыбритания), REPSOL (Испания), Wintershall (Германия), Petrom (Румыния) және Statoil (Норвегия) жатқызуға болады.Ірі экономикалық одақ бола отырып, ЕО әлем энергоқорлар көлемінің шамамен 16%-ын пайдаланады екен. Энергия тасымалдаушылардың ішінде негізінен ЕО үшін қызығышулық білдіріп отырған әрине мұнай мен газ болып табылады. Қазіргі таңда ЕО-тың жылу-энергетикалық балансында көмір үлесі су-энергетикалық қорлар сияқты елеусіз десек, сірә қателеспейміз. Өз кезегінде атом энергиясы ЕО-тың кей мемлекеттері экономикасы үшін айтарлықтай маңызды болса да, оның үлесі көмірсутектерден аса қойған жоқ. Оның үстіне, экологиялық апаттардың қаупі жоғары болғандықтан, Еуропадағы атом энергетика саласының болашақтағы дамуы туралы дөп басып айту да қиын және көтеген еуропалық мемлекеттер әлі күнге дейін Чернобель синдромын еңсере қойған жоқ. Оның айқын дәлелі ретінде сол Чернобель апатынан бері осы күнге дейін Еуропада атом энергиясын өндіру үлесі өспегендігін айтуға болады. Сонымен қатар, ЕО-та «жасылдар» ұстанымы күн санап орнығып келеді және қайта қалпына келетін энергия көздерін пайдалану саясатына қолдау көрсетушілер саны артуда. Еуропаның энергетикалық балансында көмірсутектер басымдық танытқанымен, ЕО елдеріндегі мұнай мен газдың қоры (негізінен Солтүстік теңіз қайраңында шоғырланған) еуропалық қажеттіліктері фонында елеусіз болып отыр. Оның үсінде бұл қажеттіліктер жақын болашақта артатыны сөзсіз. ЕО аумағында мұнай қоры әлемдік қордың тек 0,2%, ал газ 1,4% ғана құрайды. Қазіргі таңда бұл аумақта жылына 163 млн тонна мұнай (ішкі қажеттіліктің 18% ғана жабады) және 193 млрд м3 газ( шамамен 37% қажеттілікті өтейді) өндіріледі. Ал өз кезегінде ЕО 900 млн. тонна мұнай және 500 млрд текше метр газ пайдаланады, бұл 300 млрд м3 газ бен 700 млн тонна мұнайды шет мемлекеттерден импорттайды деген сөз.Жоғарыда көрсетілген мәліметтерге сүйенсек ЕО көмірсутекті импорттау қажеттілігі әлі үлкен және бұл көрсеткіштер болашақта өспесе, азаймайтыны анық. Ол қаржы- экономикалық дағдарыс салдары мен еуропалық экономиканың тұрақты даму траекториясына шығуымен байланысты болмақ. Оның үстіне аталмыш қажеттілік ХХІ ғасырдың басындағы аумғында энергия қорлары жоқ, сонау Кеңестер Одағы кезінде қалыптасқан энергияны көп қажет ететін экономиканы мұра еткен Шығыс Еуропа мемлекеттерін Одаққа қосуымен өсті. Аталмыш мәселе Шығыс Еуропа мемлекттерінің энергия сақтаушы технологиялардың болмауымен де қиындай түсті. ЕО-тың көмірсутектерді пайдалануы жөніндегі болжамдар әр-түрлі. Әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс басталмай тұрып, яғни Еуропалық экономиканың серпінді дамып тұрған шағында 2020 жылы ЕО 1,2 млрд тонна кем емес мұнай мен 800 млрд текше метрдей газ пайдаланады деп болжанған болатын. Оның үстіне Солтүстік теңіз қайраңындағы көмірсутектер қоры күн санап азайып келеді және үстіміздегі ғасырдың алғашқы онжылдығы ортасынан бері Еуропа мұнай мен газын өндіру көлемі азайып кеткен болатын. Дегенімен әлемдік, әсіресе ЕО-қа айтарлықтай әсер еткен дағдарыс, оның артынан ұласқан аталмыш аймақтағы экономикалық белсенділіктің кенеттен төмендеп кетуі және көмірсутекке деген сұраныстың азаюы алдыңғы болжамға біршама өзгертулер енгізіді. Қазіргі таңда 2020 жылы ЕО 525 млрд текше метр газ бен( 2009 жылмен салыстырғанда 60% жоғары) және 810 млн тонна мұнай (2009 жылмен салыстырғанда 9,5% жоғары) импорттауы керек болады деп жобалануда. Жоғарыда көрсетілген себептерге байланысты ЕО қосымша энергия көздерін қарастыруға аса мән беруде. Соның бірі Орталық Азия болып табылады. Ал осы аймақтағы ЕО мүдделері негізінен Қазақстанда шоғырланған. Қазіргі таңда Қазақстан энергетика саласында Еуропа компаниялары үш үлкен жобаға ден қойды: 1)Қарашығанақ (халықаралық Karachaganak Petroleum Operating b.v. консорциуымы құрамындағы «Қарашығанақ» кен орнын игеру); 2) Солтүстік Каспий ( Agip KCO халықаралық консорциумы құрамындағы «Қашаған» кен орны, ол кейінірек North Caspian Operating Company деген атпен қайта жасақталды); 3) «Теңіз-Новоросийск»(Каспий құбыр консорциумы құрамында) мұнай құбырын салу мен оны пайдалану. Сонымен қатар ЕО еліміздегі уран өндірісін дамытуда да ат салысып Келеді. Ал Өзбекстан, Қырғызстан мен Тәжікстан жылу энергетикалық комплекстеріндегі еуропалық қатысым көлемі елеусіз және ЕО пен еуропалық бизнес үшін де, аталмыш аймақ мемлекеттері үшін де аса маңызды емес. Ал Қырғызстанға қатысты Еуропалық Одақ байыпты, сақ саясат жүргізуге тырысады. Әрі экономикалық, әрі саяси салада әлсіз Қырғызстан белгілі бір дәрежеде ЕО үшін Ауғанстан, Тәжікстан және Қазақстан арасындағы аралық зона қызметін атқарып тұрғандай. Орталық Азиядағы ең бір қауіпті аймақ ретінде Тәжікстан саналады. Әлемдегі халықтың өмір сүру деңгейі өте төмен, бұрыннан бері келе жатқан мәселелердің бірі есірткі саудасы, ислам радикализмі әлі күнге дейін тәжік қоғамында сақталып келеді. Сондықтан да ЕО мемлекеттері аймақ қауіпсіздігін дамыту мақсатында елдегі демократия мен адам құқықтарын, экономиканы көтеруге мүдделі болып отыр. Тәжікстанда әлі де болса, Ресейдің ықпалы басымдық танытқанымен, ЕО елдерімен де әріптестік күн санап дамып келеді. Оның дәлелі ретінде Тәжікстан президенті Э.Рахмонның 2011 жылғы Еуропа мемлекетеріндегі алты күндік сапарын келтіруге болады. Сапар барысында Еуропарламенттегі сөзінде Э.Рахмон елдің қазіргі жағдайы туралы шер тарқатып, парламент депутатарының біраз сұрақтарына жауап берген еді. Тіпті екі тарап Вена қаласында «Тәжікстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық статусы жайында» келісімдер жасасқан да болатын. Түркіменстан ЕО-ты экономикалық салада қызықтырып отыр. Сапармұрат Ниязов саясаты ешқандай демократия, транспаренттілік режимін орнатуды дәріптемесе де, ЕО пен Ашхабаттың мұнай мен газ саласындағы әріптестіктен түсіріп отырған экономикалық пайдасы саяси мәселердегі келіспеушіліктердің бетін жауып тастағандай күй кешіреді. Потенциалды өндірістік базасы болғандықтан ЕО Өзбекстанға қатысты экономикалық мүдделерін алға тартып отыр. Дей тұрғанмен, И. Каримовтың жартылай авторитарлы басқару формасы мен сыртқы әсерден экономкалық тұйықтығы ұштасып, ЕО-тың Ташкентпен экономикалық та, саяси да диалогты дамытуға еш мүмкіндік бермей отыр.Жалпы екі аймақ әріптестігін дамытудың болашағы бар. ЕО-тың Тәжікстандағы елшісі Эдуард Аурероның сөзіне сүйенсек, бәрінен бұрын ЕО-ты Орталық Азиямен экономикалық, сауда байланыстары, сонымен қатар аймақ ішінде және халықаралық деңгейде өзара әрекеттестік қызықтыруда. Оған бірлік, адам құқықтары, демократия және қауіпсіздік мәселелрді қосылып отыр. Қазіргі таңда ЕО пен ОА елдерінің қатынасы жақын көрші принципіне сәйкес орнаған. Және осы саясат болашақта да жалғасын таппақ.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]