Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
VPRK.doc
Скачиваний:
34
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
570.88 Кб
Скачать

42. Қазақстан Республикасы мен Оңтүстік Азия елдері арасындағы қарым-қатынастарға сараптама беріңіз

Қазақстан өзінің көпвекторлы сыртқы саясат аясында халықаралық сахынадағы бар мемлекеттермен тығыз қарым-қатынастарды орнатуға ұмтылуда және Үндістан, Пәкістан, Шри-Ланка, Бангладеш сияқты Оңтүстік Азия елдері оған мысал бола алдады.

1) Қазақстан мен Үндістан арасындағы қарым қатынастар 1992 ж 23 ақпанда орнатылды. 1993 ж қараша айында Нью-Дели қаласында Қазақстан Республикасының Елшілігі ашылды, ал 2010 ж 11 мамырда, Үндістан Республикасының Қазақстан Елшісі Д.Куанышев болып табылады. 1993 жылдың қазан айында Алматы қаласында Үндістан Республикасының Елшілігі ашылды, 2011 жылдың қаңтарынан бастап, ҮР ҚР елшісі Ашок Кумар Шарма болып табылады. 2007 ж елшілік Астана қаласына көшірілгеннен кейін Алматыда консулдық пункт жұмыс атқаруда. 1992 ж ақпан айында Н.Назарбаевтің Үндістанға мемлекеттік сапары болды. Сапар барысында екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың басты бағыттары мен принциптері айқындалатын декларацияға қол қойылды, сонымен қатар саудаэкономикалық, ғылыми және мәдени саладағы серіктестік туралы протокол қабылданды. Жалпы, Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін оның Үндістан мемлекетімен қарым-қатынастары динамикалық түрде дамып жатыр. Сол кезден бері технологиялар мен коммуникациялар, ,ылым және білім салаларында қарым-қатынастар дамыды. Мәселен, 1993 ж Үндістан премьер-министрі Н.Рама мен 1996 ж вице-президенті К.Нарайананның ресми сапарлары барысында ҮндістанҚазақстан қарым-қатынастарындағы маңызды қадам – Үкіметаралық коммисия құрылды. 1996 ж Н.Назарбаевтің Үдістанға 2-ші ресми сапары барысында қосарланған салық салуды болдырмау туралы конвенция қабылданды. Экономика саласындағы даму динамикасын сауда-айналымының статистикасы арқылы байқауға болады: 2004 ж – 96,5 млн долл, 2005 ж-120 млн доллл, 2006 ж -210 млн долл. Соның ішінде Қазақстан экспорты 3 жыл ішінде 19,5 млн-на 60 млн ға дейін өсті.

2) Қазақстан-Пәкістан қарым қатынастары 1992 ж 24 ақпанда ынтымақтастық принциптері туралы декларацияның қабылдануымен қаьар орнатылды. Пәкістан Республикасының елшілігі Қазақстанда 1992 ж ақпанынан бастан жұмыс атқаруда. 2010 ж 21 қыркүйекте елшіліе Астана қаласына көшірілді, ал 2013 ж 21 қазанына бастап Пәкістанның Қазақстандағы елшісі – Шаукат Али Мукадам болып табылады. ҚР Пәкістандағы елшілігі 1994 ж 27 қарашада ашылды, 2006 ж 27 маусымнан бастап елші – Б. Шабарбаев.

1992 ж 24 ақпанда Н.Назарбаев Пәкістанға мемлекеттік сапармен келді. Дипломатиялық қарым қатынастар орнату туралы келісімге қол қойылды.

1994 ж 13-14 қаңтар айларында Қазақстанға Пәістанның Сыртқы Істер министрі А. Али ресми сапар жасады, Нәтижесінде дипломатиялық ведомстволар арасындағы қарым қатынас туралы келісімге қол қойылды.1994 ж 30 тамызында ҚР Сыртқы Істер мрнистрі Саудабаев Пәкістанға ресми сапармен келді. Қазақстан-Пәкістан қарым-қатынастарының маңызды легі : сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени серіктестік бойынша үкіметаралық коммисиясының құрылуы. Бүгінгі күге қарай оның 7 отырысы өтті. Соңғы отырысы 2011 ж 14-15 сәуірде Исламабадта болды. 2013 жылдың соңында Қазақстан мен Пәкістан арасындағы сауда айналымы 44,3 млн АҚШ долл.. (Экспорт -. 4,5 млн, импорт - 39,8 млн.). 2012 жылы -.. 35,6 млн АҚШ долл (экспорт - 14,6 млн, импорт -. 21 млн.). 2011 айналымы 33,1 млн АҚШ долл.. (Экспорт - 3,5 млн, импорт -.. 29,5 млн).

3) Қазақстан мен Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынастар 29 маусым, 1992 орнатылды. 2008 жылы БӨ Доктор Қайрат Омаров (бір мезгілде Нью-Дели қаласында аккредитациялаумен бірге) Шри-Ланка елшісі болып тағайындалды. Шри-Ланка Президентіне өзінің сенім грамоталарын табыстау 16 қазан 2008 ж жоспарланған болатын. Қазақсқтан мен Шри Ланка бірге әр-түрлі форумдарға қатысуда, мысалы, 2008 ж Қазақстанда өткен Азиялық форумда.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]