Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
VPRK.doc
Скачиваний:
34
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
570.88 Кб
Скачать

57. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын делимитациялау мен демаркациялау процесін ашып көрсетіңіз

Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасын делимитациялау және демаркациялау процесі 1991 жылға дейін Қытаймен келіссөздерді ҚХР-мен шекаралас одақтас республикалар өкілдерінің қатысуымен құрылған кеңестік үкіметтік делегация жүргізді. 1992 жылы КСРО Үкіметтік делегациясының орнына ҚХР-мен келіссөздер жүргізу үшін Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан үкіметтерінің Бірлескен делегациясы құрылды. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 17 шілдедегі қаулысының негізінде Қазақстан өз делегациясын жасақтап, Қытаймен келіссөздерге кірісті. Делимитациялау туралы келіссөздер 1992-1998 жылдары өтіп, демаркация толығымен 2002 жылы аяқталды. Келіссөздер процесінің негізіне Ресей Империясы мен Қытай арасында ХІХ ғасырда жасалған сегіз шарттар мен хаттамалар алынды. ҚР мен ҚХР арасындағы келіссөздер нәтижесінде Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасының өту сызығын және оның жергілікті жерде шекаралық белгілермен белгіленуін нақты анықтап әрі егжей-тегжейлі сипаттап берген бес халықаралық шарттар (1994ж -1999 ж) жасалды. Демаркациялық жұмыстарды алты жұмыс топтары 1996 жылдың шілдесінен бастап 2001 жылдың желтоқсанына дейін жүзеге асырып, 2002 жылы ҚР Үкіметі мен ҚХР Үкіметі арасындағы Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасының сызығын демаркациялау туралы Хаттамаға қол қоюымен аяқталды.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы тараптары одақтас республикалардың арасындағы әкімшілік-аумақтық межелеуді шекаралық келіссөздерде негіз ретінде таныды.

Бұрынғы одақтас республикалардың арасындағы әкімшілік шекаралардың бәріне ортақ ерекшелік ретінде ондағы кейбір учаскелердегі іс жүзінде орныққан шекара сызықтары қолда бар құқықтық актілердің ережелеріне сәйкес келмейтіндігін айтуға болады. Мұндай жағдайларда тараптар ұлттық және экономикалық мүдделерді ескере отырып, өзара тиімді шешімдер қабылдады, аумақтарды теңдей бөлісті және алмасып отырды.

Қазақстан-қырғыз мемлекеттік шекарасын делимитациялау жөніндегі келіссөздер 1999 жылдың қарашасынан 2001 жылдың желтоқсанына дейін жалғасып, мемлекет басшыларының 2001 жылғы 15 желтоқсанда Астанада Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Қазақстан-Қырғыз мемлекеттік шекарасы туралы шартқа қол қоюымен аяқталды. Екі жақты келіссөздер өзара сыйластық және тең құқылық қағидаттарына негізделіп, іскерлік және сындарлы жағдайда өтті. Аталған Шарт 2008 жылғы 5 тамызда күшіне енді. Тараптар мемлекеттік шекараны демаркациялау жөніндегі келіссөздерге және Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы шекараға шекара белгілерін орнатуға кірісті.

Қазақстан-өзбек мемлекеттік шекарасын делимитациялау процесі 2000-2002 жылдар аралығында өтті. Қазақстан-өзбек мемлекеттік шекарасын делимитациялау процесін екі кезеңге бөлуге болады.

Бірінші кезең. Шекара сызығының бүкіл ұзақтығының 96% анықтап берген, 2001 ж 16 қарашада қол қойылған Қазақстан-Өзбекстан Мемлекеттік шекарасы туралы шартты дайындау.

Екінші кезең. Ортақ шекара сызығын анықтауды толығымен аяқтаған, 2002 жылғы 9 қыркүйекте қол қойылған Қазақстан-Өзбекстан Мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелері туралы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы шартты әзірлеу.

Қазақстан-өзбек Мемлекеттік шекарасы туралы екі Шарт та 2003 жылғы 5 қыркүйекте күшіне енді. Қазақстан-өзбек мемлекеттік шекарасын демаркациялау процесі 2003 жылы, ал тікелей далалық жұмыстар 2004 жылдың 1 сәуірінен басталды.

Қазақстан Республикасы мен Түрікменстанның Қазақстан-Түрікменстан мемлекеттік шекарасын делимитациялау және оны демаркациялау процесі туралы шартқа мемлекет басшылары 2001 жылғы 5 шілдеде Астанада қол қойды. Тараптар 1972 жылы Қазақ КСР-і мен Түрікмен КСР-і арасында келісілген шекара сызығын өзгерту туралы ешбір ұсыныстар білдірмеді. Ортақ шекараны демаркациялауға бағытталған іс-шаралар 2003 жылы басталды. Шекарада шекаралық белгілерді орнатуға тараптар 2005 жылы кірісті.

Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын делимитациялау туралы келіссөздер 1999 жылдың қыркүйегінен 2005 жылдың қаңтарына дейін жалғасты. 2005 жылдың 18 қаңтарында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы шартқа мемлекет басшылары қол қойды. Шарт 2006 жылғы 12 қаңтарда күшіне енді. Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекараны демаркациялау жөніндегі бірлескен комиссия өз жұмысына 2007 жылғы шілде айында кірісті. 2009 жылдың мамыр айында тараптар Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы шекараға шекара белгілерін орнатуды бастады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]