Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
VPRK.doc
Скачиваний:
34
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
570.88 Кб
Скачать

11. Қазақстан Республикасының тмд шеңберіндегі саясатына сараптама беріңіз

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) ыдыраған КСРО орнына 1991 ж. 21 желтоқсанда құрылған халықаралық ұйым. Достастық өзінің жұмыс істеу кезеңдерінде үлкен институционалдық эволюциядан өтті, бүгінде 280 миллион адамды құрайтын 12 мемлекетті біріктіріп отыр. Біздің елдеріміздің барлық бағыттағы ынтымақтастығына арналған келісімдік құқықтық ауқымды базасы жасақталды. ТМД-ның жарғылық және атқарушылық органдары, 70- тен астам үйлестіруші салалық құрылымдары жұмыс істейді. Өтіп кеткен 2006 жылдың мамырында Қазақстан Республикасы Тәуелсіз мемлекеттер достастығындағы төрағалығын қабылдады. Алдағы уақыттарда Достастақты біздің көз алдымызға елестеу трансформациясы мен дамуын ТМД- ға мүше мемлекеттер барлық проблемаларға бірдей келіп, шешім қабылдаса, қалыптасқан дағдарыстарды жоюға болады. Бүгінде Қазақстан сыртқы дүниемен интенсивті экономикалық ынтымақтастық үшін ашық. Халықаралық бизнестің көптеген өкілдері осы жағдайды пайдалана білді. ТМД елдері арасында Қазақстан шетелдік инвестициялардың және капиталдың келіп құйылуының көлемі бойынша алдыңғы орындардың бірінде тұр және ықтимал байлықты нақты байлыққа айналдыруына, адамдарға айқын пайда беруіне көмектесетін озық идеялар мен технологияларға, ең жаңа жабдықтарға, бағалы басқару тәжірибесіне, бос қаржы активтеріне ынта қойып отырғанын жасырмауда. Қазақстан Достастық кеңістігіндегі субаймақтық бірлестіктер әрекетінің ашық түрде жүргізілуін, ал олардың мақсаттары мен практикалық әрекеттері ТМД дамуының ортақ арнасында ұштасуын қолдайды. ТМД әрекетінің тиімділігін арттыру, құрылымын жетілдіру мақсатында қазақстан тарапының бастамашылық етуімен шын мәнінде ынтымақтастықтың барлық бағытын қамтитын ТМД-ны одан әрі даму тұжырымдамасы мен оны жүзеге асу жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, ол 2007 жылғы қазанда Душанбеде мақұлданды.. Олардың негізінде ТМД-ның 2020 жылға дейінгі Экономикалық дамуы стратегиясы әзірленіп, қабылданды. Еркін сауда аймағын құру, сауда, ауылшаруашылық, электрэнергетика және т.б. нарықтарды қалыптастыру жұмыстарын аяқтау жоспарлануда. Саяси, гуманитарлық, көлік, қауіпсіздік және көші-қон салаларында өзара әрекеттестік жалғасуда. Аталған Жоспарда бірлестік әрекетін жетілдіру жөніндегі нақты шаралар тізбесі көрініс тапқан. Атап айтқанда, осы құжатқа сәйкес 2008 жылғы қазанда ТМД-да төрағалық ету туралы, Ұлттық үйлестірушілер туралы ережелер қабылданды. Достастықтың салалық органдарын оңтайландыру бойынша жұмыс жүргізілуде, ТМД Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, ТМД-ның Жоғарғы органдарындағы рәсімдеудің жаңа ережесін қабылдау жоспарлануда. «Бір жыл- бір тақырып» формуласы бойынша жұмыс принципін ескере отырып, 2007 жылы келісілген көші-қон саясаты жөніндегі ұсыныстарды дайындауға арналса (2007 жылғы 5 қазанда Душанбеде тиісті Декларация қабылданды), 2008 жыл келісілген көлік саясаты саласындағы ынтымақтастық жөнінде ұсыныстар дайындау жылы, ал 2009 жыл – энергетика саласындағы ынтымақтастық жылы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]