Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
VPRK.doc
Скачиваний:
34
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
570.88 Кб
Скачать

Емтихан сұрақтары

1. Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының қалыптасу тарихын ашып көрсетіңіз

2. 2014 ж. Қазақстан Республикасы сыртқы саяси концепциясының негізгі жағдайларын ашып көрсетіңіз

3. 2014 ж. Қазақстан Республикасы сыртқы саяси концепциясы басымдықтарын ашып көрсетіңіз

4. Қазақ хандықтарының дипломатиясын ашып көрсетіңіз.

5. Қазақстан Республикасы және Орталық Азия елдері арасындағы қарым-қатынастарға сараптама беріңіз

6. Қазақстан-Өзбекстан арасындағы қарым-қатынастарға сараптама беріңіз

7. Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы арасындағы қарым-қатынастарға сараптама беріңіз

8. Еуразиялық Одаққа қатысты Қазақстан Республикасының саясатына сараптама беріңіз

9. ТМД шеңберіндегі интеграциялық үрдістер және Қазақстан Республикасының саясатын ашып көрсетіңіз

10. Еуразиялық Одактың даму тарихын ашып көрсетіңіз

11. Қазақстан Республикасының ТМД шеңберіндегі саясатына сараптама беріңіз

12. Қазақстан Республикасы мен ТМД елдері арасындағы қарым-қатынастарға сараптама беріңіз

13. Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы қарым-қатынастарға сараптама беріңіз

14. ҚР және Еуропалық Одақ арасындағы 1999ж. әріптестік және ынтымақтастын жөніндегі келісімін ашып көрсетіңіз

15. 2007 Орталық Азияға арналған Еуропалық Одақтың стратегиясын ашып көрсетіңіз

16. Қазақстан Республикасы және АҚШ арасындағы қарым-қатынастарға сараптама беріңіз

17. Қазақстан Республикасы мен Америка қонтинент елдері арасындағы қарым-қатынастарға сараптама беріңіз

18. Қазақстан Республикасының қарусыздану мәселесіне қатысты саясатын ашып көрсетіңіз.

19. Қазақстан Республикасының халықаралық лаңкестікке қарсы күресін ашып көрсетіңіз

20. Қазақстан Республикасының Ауғанстанға қатысты саясатын ашып көрсетіңіз

21. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезінің қызметін ашып көрсетіңіз

22. Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынастарға сараптама беріңіз

23. Қазақстан Республикасы мен ҚХР арасындағы қатынастар: әскери-саяси бағытын ашып көрсетіңіз

24. Қазақстан Республикасы мен ҚХР арасындағы қатынастар: сауда және экономикалық бағытын ашып көрсетіңіз

25. Қазақстан Республикасы мен ҚХР арасындағы энергетикалық саладағы қатынастарын ашып көрсетіңіз

26. Қазақстан Республикасы мен ҚХР арасындағы трансшекара өзендерін реттеу мәселесін ашып көрсетіңіз

27. Қазақстан мен Жапония арасындағы қарым-қатынастарға сараптама беріңіз

28. Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы қарым-қатынастарға сараптама беріңіз

29. Қазақстан мен Иран арасындағы қарым-қатынастарға сараптама беріңіз

30. Қазақстан мен Үндістан арасындағы қарым-қатынастарға сараптама беріңіз

31. Қазақстан мен Пәкістан арасындағы қарым-қатынастарға сараптама беріңіз

32. Қазақстан мен Араб елдері арасындағы қатынастарын ашып көрсетіңіз

33. Қазақстан Республикасы мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастыққа сараптама беріңіз

34. Қазақстан Республикасы мен ЕҚЫҰ арасындағы ынтымақтастыққа сараптама беріңіз

35. Қазақстан Республикасы мен НАТО/СЕАП арасындағы ынтымақтастыққа сараптама беріңіз

36. Қазақстан Республикасы мен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ) арасындағы ынтымақтастыққа сараптама беріңіз

37. Қазақстан Республикасының Ұжымдық Қауіпсіздік Шарты Ұйымына (ҰҚШҰ) қатысты саясатын ашып көрсетіңіз

38. Қазақстан Республикасының Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі Кеңестің (АӨІҚСШК) шеңберіндегі саясатын ашып көрсетіңіз

39. Қазақстан Республикасы және Ислам ынтымақтастық Ұйымы арасындағы ынтымақтастыққа сараптама беріңіз

40. Қазақстан-Қытай қатынастарындағы Ұлы Жибек Жолының «экономикалық белбеуі» концепциясының мазмұнын ашып көрсетіңіз

41. Қазақстан Республикасы және Орталық Азия қауіпсіздік мәселелерін ашып көрсетіңіз

42. Қазақстан Республикасы мен Оңтүстік Азия елдері арасындағы қарым-қатынастарға сараптама беріңіз

43. Қазақстан Республикасының Каспий теңізінің құқықтық мәртебесіне қатысты ұстанымына сараптама жасаңыз

44. Ресей Федерациясының Каспий теңізінің құқықтық мәртебесіне қатысты ұстанымына сараптама жасаңыз

45. Түрікменстанның Каспий теңізінің құқықтық мәртебесіне қатысты ұстанымына сараптама жасаңыз

46. Әзірбайжанның Каспий теңізінің құқықтық мәртебесіне қатысты ұстанымына сараптама жасаңыз

47. Иранның Каспий теңізінің құқықтық мәртебесіне қатысты ұстанымына сараптама жасаңыз

48. Таяу Шығыс мәселесін реттеуге қатысты Қазақстан Республикасының ұстанымын ашып көрсетіңіз

49. Кашмир мәселесін реттеуге қатысты Қазақстан Республикасының ұстанымын ашып көрсетіңіз

50. Қазақстан мен Орталық Азия елдеріндегі діни экстремизм мәселесіне сараптама беріңіз

51. Орталық Азияда ядролық қарудан тыс аймақ құру мәселесіне сараптама беріңіз

52. Орталық Азиядағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі және Ресей Федерациясының саясатына сараптама беріңіз

53. Орталық Азиядағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі және АҚШ-ң саясатына сараптама беріңіз

54. Орталық Азиядағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі және Еуропалық Одақтың саясатына сараптама беріңіз

55. Орталық Азиядағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі және ҚХР-ң саясатына сараптама беріңіз

56. Орталық Азиядағы су мәселесіне сараптама беріңіз

57. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын делимитациялау мен демаркациялау процесін ашып көрсетіңіз

58. Орталық Азиядағы қауіпсіздік мәселесі және Ауғанстандағы жағдайды реттеуге қатысты Қазақстанның саясатына сараптама беріңіз

59. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік мәселелерін ашып көрсетіңіз

60. Қазақстан Республикасының халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты сыртқы саяси бастамаларын ашып көрсетіңіз

  1. Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының қалыптасу тарихын ашып көрсетіңіз

Біздер, ғасырлар бойы қалыптасқан дала дипломатиясын Еуразия кеңістігінде сәтті жүргізген ұлы халықтың ұрпағымыз. Ежелгі заманнан бері, қазақ халқы дипломатия өнерінің толық арсеналы – даналық, шешендік және тапқырлыққа ие болған, мәселені шешудегі біртумалығы мен данышпандығылы, саяси интуиция және көрегендігімен ерекшелінген.Біз өмір сүріп жатқан осындай кең байтақ жерді өз ұрпақтарына қалдырған ата-бабаларымыздың дипломатиялық өнерінің кереметтігімен мақтануымыз керек.

Қазақ даласында жүргізілген дипломатияның керемет мысалдары ретінде тек қана Керей мен Жәнібектің хандардың, Абылай ханның, Төле би, Қазыбек би мен Әйтеке билердің дипломатияларын атап өткеннің өзі жетклікті болады.

ХХ ғасырдағы қазақ дипломаттарының ішінен Нәзір Төреқұлұлы Төреқұловты ерекше атап өткен жөн. КСРО-ның Хиджаз бен Неджд және біріккен облыстар корольдігіндегі (Сауд Арабиясындағы) алғашқы өкілетті елшісі Н.Н Төреқұлов болды.

1946 жылдың 15 наурызында Қазақ КСР сыртқы істерінің халық комиссариаты – Қазақ КСР Сыртқы істер министрлігі болып түрлендірілді. Қазақ КСР алғашқы Сыртқы істер министрі болып – Төлеген Тәжібаев тағайындалады. Т. Тәжібаевтың қол астында министрліктің негізін қалаушы құжаттар қабылданды. Т. Тәжібаев сонымен бірге Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры болған.

Қазақ КСР Сыртқы істер министрлігін Х. Байғалиев, А.Закарин, Ади Шарипов, Балжан Бөлтірікова, М. Фазилов, М. Базарбаев, М. Исиналиев және А. Арыстанбекова басқарған.

Балжан Бөлтірікова – сыртқы істер министрі болған әлемдегі ең алғашқы әйел. Г. Киссинджер Балжан Бөлтірікованың мықты дипломат екенін өзінің мемуарларында жазған.

Ақмарал Арыстанбекова – Қазақ КСР соңғы сыртқы істер министрі, тәуелсіз Қазақстанның БҰҰ-дағы бірінші елшісі. Қазақстанның БҰҰ-ға кіруін ұйымдастырған дипломат.

  1. 2014 Ж. Қазақстан Республикасы сыртқы саяси концепциясының негізгі жағдайларын ашып көрсетіңіз

Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтің «Қазақстан-2050» Стратегиясында Қазақстан халқына Жолдауында баяндалған нұсқауларға сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы сыртқы саяси қызметінің қағидаттары мен тәсілдемелеріне, мақсаттарына, басымдықтары мен міндеттеріне негіз қалаушы көзқарастар жүйесін білдіреді.

ҚР сыртқы саясатының тұжырымдамасын 2014 ж 21 қаңтарында ҚР президенті Н.Назарабевтің №741 жарлығына сәйкес Астана қаласында бекітілді. Бұл құжат ҚР сыптқы саяси бағытты мәлімдейтін алғашқы ресми тұжырымдама болып табылады. Ол ҚР сыртқы саяси бағыттарын 6 жылға болжамдайды (2014 ж – 2020 ж). Бұл құжатта ҚР сыртқы саяси дамуының пайымы, ҚР сыртқы саясатының мақсаттары,ҚР сыртқы саясатының басымдалаықтары мен міндеттері, елдік және өңірлік басымдылықтар, күтілетін нәтижелер, ҚР сыртқы саясатының қағидаттары мен тәсілдеммелері, ҚР сыртқы саясатын асырудағы құралдары мен тетіктері ашық жарияланған.

ҚР сыртқ саясатның тұжырымдамасы бойынша ҚР өз тәуелсіздігінің үшінші онжылдығына қарқынды дамыған, экономикасы жоғары деңгейде және динамикалық түрде дамыған күшті мемлекет ретінде кіруі тиіс және ҚР халықаралық арендағы беделі артуы тиіс.

ҚР сыртқы саясатының мақсаттары Қазақстаннның ішкі және сыртқы жаңдайын жан-жақты жақсартуға бағытталған. Оның ішінде: қауіпсіздікті нығайту, Әлемдік қауымдастықта мемлекеттің жақсы бейнесін қалыптастыру; Демократияны дамыту; аймақтық және халықаралық сауда-экоомикалық қатынастар жүйесіне интеграцияы жалғастыру; 2050-Стратегиясын асыру үшін жағдай жасау; Ұлттық экономиканың бәсекелестік қабілетін арттыру; 30 ең дамыған мемлекеттер қат арына кіру; өзінің ұлттық ерекшеліктерін сақтап, дамыту; Шетелде қазақ азаматтарының құқықтарын қорғау және қазақ тілін дамытуға жәрдемдесу;

ҚР сыртқы саяси тұжырымдамасында ҚР СС-ң басымдылықтары мен мақсаттары көрсетілген. Ең бірінші Қазақстан ОА-ң қарқынды дамуына іспеттес және ОА туындаған мәселелерді шешуге; Екіншіден Еуразиялық итеграцияны дамытуға; Үшіншіден Каспий мәселесін шешуге; Төртіншіден Қазақстан мүшелік еткен халықаралық ұйымдар шеңберінде ынттымақтастық пен серіктестіктің барынша дамуға ат салысады.

Елдік және аймақтық басымдылықтар бойынша Қазақстан Ресей, Қытай Халық Республикасымен, ОА мемлекеттерімен, АҚШ-пен, Еуропалық мемлекеттермен, Кавказдық мемлекеттермен, Түркиямен, Иран Ислам Респубдикасымен, Азиялық мемлекеттермен және Азиялық-Тынық мұхиттық аймағының елдерімен, Жапония мен Корея елдерімен, Үндістанмен, Океания мемлекеттерімен, Латын Америка мемлекеттерімен және Африкалық континент елдерімен ынтымақтастық және достастық қатынастарды орнатуды және дамытуды көздейді.

Осы тұжырымадан күтілетін нәтижелер: Көп деңгейдегі қауіпсіздіктің орнауы, Әлемнің барлқ мемлекеттермен достастық арым-қатынастарының орнатылуы; Ұлттық экономиканың диверсификацияланудың нәтижесінде Қазақстанның халықаралық қауымдастық пен шаруашылықтық қатынастарға интеграциялануы күтілуде.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]