Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
VPRK.doc
Скачиваний:
34
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
570.88 Кб
Скачать

31. Қазақстан мен Пәкістан арасындағы қарым-қатынастарға сараптама беріңіз

Қазақстан Республикасы мен Пәкістан Ислам Республикасы арасында дипломатиялық және консулдық байланыстар орнату туралы келісімге Қ.Р- ның президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Пәкістанға ресми сапары кезінде 1992 жылғы 24 ақпанда қол қойылған. Пәкістандағы Қазақстан Республикасының елшілігі 1994 жылы 24 қарашада ресми түрде ашылды. 2006 жылдың 27 маусымынан Пәкістан Ислам Республикасындағы Қазақстанның Елшісі- Б.Шабарбаев. Пәкістан Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі 1992 жылы ақпанда Алматыда ашылып, 2010 жылы 21 қыркүйекте Астанаға көшті. 2013 жылы 21 қазаннан бастап Пәкістанның Қазақстан Республикасындағы Елшісі- Шаукат Али Мукадам. Екіжақты ынтымақтастықты дамытудағы маңызды қадам болып Қ.Р- ның Президенті Н.Назарбаевтың 1992 жылы 24 ақпандағы Пәкістанға мемлекеттік сапары танылды. Іс-шара барысында екі ел арасында дипломатиялық қатынастар орнату туралы Келісімге қол қойылды. Ал, 1994 жылдың 13- 14 қаңтарында Пәкістанның Сыртқы істер министрі А.Али Қазақстанда ресми сапармен болып, екі ел сыртқы саяси ведомстволары арасындағы ынтымақтастық туралы протоколға қол қойылды. Қазақстаннан Пәкістанға негізінен химия өнеркәсібінің өнімдері, металл және металл бұйымдар, өңделмеген мақта және тері бұйымдары импортталады. Қазақстанға дәрі-дәрмек өнімдері, хирургиялық жабдықтар мен препараттар, күріш, мақта мата және киім, тоқыма бұйымдар, тері және тері өнімдері экспортталады. Пәкістан да, Қазақстан секілді минералдық ресурстарға бай ел. Республикамыз арқылы Шанхай ынтымақтастығы ұйымына бақылаушы статусына ие болған бұл мемлекет, екі ел арасындағы қарым-қатынастың дамуына ынтық. Бүгінде елімізде пәкістандық 700- ден студент білім алып жатса, 58 дипломатымыз Пәкістан Дипломатиялық Академиясында кәсіби білімдерін жетілдіруде. Қазақстан мен Пәкістан арасында БҰҰ, ИЫҰ, АӨЫСШЖК, ШЫҰ, ЭЫҰ және т.б. ұйымдар мен форумдар шеңберіндегі іс- әрекеттестігі дамуда. Елбасымыздың екіжақты қатынастардыың дамуына маңызды кездесулердің бірі ретінде 2003 жылдың 8- 9 желтоқсанында Қ.Р- ның Президенті Н.Назарбаевтың Пәкстанға ресми сапарын қарастыруға болады. Осы сапар барысында Қ.Р. және П.И.Р арасындағы құқықтық база кеңейтіліп, бірнеше құжаттарға қол қойылды. Ал, Пәкістан басшысының сапарымен кездесулердің ішінде, 2011 жылғы 6-7 қыркүйектегі Пәкістан Ислам Республикасының Премьер-министрі Ю.Гилани Астанаға ресми сапарын атап өтуге болады. Пәкістан мен Қазақстан өкілдері жоғары деңгейдегі сапарлар алмасу және мамандарды өзара оқыту саласындағы ынтымақтастықты жақсартуға қатысты ортақ пікірге келді. Сонымен қатар, сапар аясында екі ел арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамыту, екіжақты және көпжақты форматтағы іс-әрекеттесу мәселелері талқыланды. Екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтудағы маңызды құрал болып Қ.Р. және П.И.Р сауда- экономикалық, ғылыми- техникалық және мәдени ынтымақтастық бойынша Үкіметаралық комиссия болып табылады. Қазақстан тарапынантөраға болып көлік және коммуникация Вице-министрі А.Бектұров белгіленді және Пәкістандық тараптан су ресурстары және энергетика министрі Хаваджа Мухаммад Асиф төраға болып табылады. Жалпы, Қазақстан Республикасы мен Пәкістан Ислам Республикасы арасындағы өзара тауар алмасу көрсеткіші 2013 ж. 44,3 млн. доллар құрды, оның ішінде экспорт- 4,5 млн., импорт- 39,8 млн. 2012 жылы аталған көрсеткіш – 35,6 млн. доллар құрады, оның ішіндегі экспорт көлемі- 14,6 млн., импорт көлемі- 21 млн. Ал одан алдыңғы 2011 жылы тауар айналымы 33,1 млн. доллар құрады. Білім беру саласында “ҚР Ұлттық биотехнологиялар орталығы” мен Пәкістанның биотехнологиялар саласындағы ғылыми ұйымдары арасында, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ және Ғылым мен технологиялар ұлттық мұражайы (Лахор) арасында, Пәкістанның Ғылыми және технологиялық білім беру жөніндегі Ұлттық институты мен Пәкістанның басқа да ұйымдары арасында ынтымақтастық туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Ендігі кезекте, Қазақстан мен Пәкістанның әскери-теңіз күштері арасындағы ынтымақтастықты қолдау екіжақты қарым-қатынаста алдыңғы мәселе болып отыр. Бұдан екі елдің даму деңгейінің қарқынды жүріп жатқанын байқаймыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]