Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
VPRK.doc
Скачиваний:
34
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
570.88 Кб
Скачать

19. Қазақстан Республикасының халықаралық лаңкестікке қарсы күресін ашып көрсетіңіз

Қазақстан қазір осы заманғы жаһандық сынақтарға қарсы күресте әлемдік қауымдастықтың сенімді әріптесі болып отыр. Мемлекеттік ықпалды саясаттың арқасында еліміз лаңкестікке қарсы күресте басқа мемлекеттермен барлық деңгейде тығыз ықпалдасып, ынтымақтастық орнатқан.

Қазақстанның лаңкестік әрекеттер қалыпты құбылысқа айналған өңірлермен географиялық жағынан таяу орналасуы лаңкестіктің біздің елімізге де енуі мүмкін екендігін көрсетеді. Орталық Азия өңіріне үлкен қатер төндіретін “Әл-Каида” және “Түркістан ислам партиясы” халықаралық лаңкестік ұйымдары әрекет ететін Ауғанстан тұрақсыздандырушы фактор ретінде сақталып отыр. “Түркістан ислам партиясы” (бұрынғы “Өзбекстанның ислам қозғалысы”) Қазақстанда 90-жылдардың соңында төбе көрсеткенін айта кеткен жөн. Сол кезде бұл ұйымның республикамыздың аумағында жасырынған бірқатар содырлары анықталып, Өзбекстанға тапсырылған болатын. Қазіргі уақытта Тараз қаласында лаңкестік топтың 16 мүшесінің үстінен сот процесі жүріп жатыр.

2004-2006 жылдарға арналған Лаңкестікпен, экстремизммен және сепаратизммен күрес саласындағы екінші мемлекеттік бағдарлама жасалып, жүзеге асырылуда. Оның аясында лаңкестікпен күрес, іздеу салу, ақпарат алмасу және жедел-алдын алу шараларын жүргізудің іс жүзіндегі мәселелерін реттейтін ведомствоаралық бұйрықтар талданып, қабылданды.

Соңғы жылдары біздің елімізде лаңкестік пен экстремизмді анықтау және алдын алу үшін заңдылық және ұйымдастырушылық негіздерін қалау, дамыту бағытында айтарлықтай жұмыстар жүргізілді.

“Лаңкестікке қарсы күрес туралы”, “Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы” заңдар қабылданды. Онда республикамызда лаңкестік пен экстремизмге қарсы күрес жүргізудің негіздері, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың (меншік нысанына қарамастан) іс-қимыл тәртібі, сондай-ақ, аталған қатермен күрес кезіндегі азаматтардың міндеттері мен кепілдіктері қарастырылған. Қылмыстық және қылмыстық-процессуалдық заңдылықтарға және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты басқа да заңнамалық актілерге бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Халықаралық лаңкестікпен күреске Қазақстанның қосып келе жатқан үлесін халықаралық қауымдастық, елдер мен ұйымдардың жетекшілері жоғары бағалауда.

Қазақстан бұл мәселенің ұжымдық және кешенді түрде шешілуінің шынайы жақтаушысы болып отыр. Республикамыз БҰҰ-ның лаңкестік бойынша он екі әмбебап Конвенциясына қосылды. Ынтымақтастық жөнінде он үш мемлекетпен екі жақты келісім жасалды. Лаңкестік және экстремизм бойынша Қазақстан ТМД елдерімен, АҚШ, Қытай, Түркия және басқа да бірқатар мемлекеттермен тығыз байланыс орнатқан.

2005 жылдың қаңтар айында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Лаңкестікке қарсы күрес комитетінің ІV арнайы кеңесі Алматыда өткізілді. Мәжіліс жұмысына Қазақстан Республикасының Президенті, ТМД-ға қатысушы елдердің министрліктері мен ведомстволарының, жұмысшы органдарының, Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ), “Ұжымдық қауіпсіздік шарты” және “Орталық Азия ынтымақтастығы” ұйымдарының, сондай-ақ лаңкестікке қарсы әрекет ететін жетпістен астам халықаралық, өңірлік және ішкіөңірлік ұйымдардың жетекшілері қатысты. Аталған мәжілісте халықаралық лаңкестікке қарсы күрестің пәрменділігін арттыру, лаңкестікті қаржыландырудың жолын кесу, шекара қауіпсіздігін қамтамасыз ету және осы бағыттағы халықаралық келісімдердің орындалу барысы туралы мәселелер талқыланды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]