Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
VPRK.doc
Скачиваний:
34
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
570.88 Кб
Скачать

53. Орталық Азиядағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі және ақш-ң саясатына сараптама беріңіз

АҚШ тың Орталық Азиядағы геосаяси мүдделеріне келер болсақ, АҚШ әлем ресурстарының ең үлкен тұтынушысы, ол үшін Орталық Азия аймағы тек ресурстардың қайнар көзі болып табылады. АҚШ Орталық Азия аймағында өмірлік маңызы бар мүдделері жоқ. Бұл аймақта АҚШ-тың арнайы бір мүдделері бар. 1996 жылы АҚШ-тың Ресей мен ТМД елдері бойынша мемлекеттік департаментінің координаторы К.Райз “Орталық Азиядағы стратегиялық мақсаттар мен приоритеттер” деген баяндамасында АҚШ-тың аймақтағы мақсаттарын көрсетті. Олар:

1. Орталық Азия мемлекеттерінің әрбіреуінің тәуелсіздігін, егемендігін және қауіпсіздігін қолдау;

2. Адам құқықтарына негізделген нарықтық экономика және басқарудың демократиялық формасын құру;

3. Бұл мемлекеттерді әлем қауымдастығына, халықараоық ұйымдарға және евроатлантикалық диалога біріктіру;

4. Терроризммен, есірткі және басқа да түрлеріне қарсы күресу мәселелеріне байланысты ынтымақтастықты орнату./14/

Әскери-саяси мүдделері:

Орталық Азия елдерінің ядролық қаруды таратпау мәселелерін қадағалау, Уранның 235-ші элементін өндіруіне, полигон сынақтарын жүргізуге, зымыран-космостық шығатын қорытынды – АҚШ Орталық Азиядағы негізгі бағыты – бақылау мен зерттеу арқылы өз ықпалы астында ұстап отыру.

АҚШ-тың Қорғаныс министрлігі Орталық Азия және Қытайдың келешектегі саясатына қатыста болжам мына стратегиялық құжаттар арқылы ажсалады:

1. Joіnt Vіsіon 2020 /15/ (Бірлескен көзқарас 2020)

2. Asіa 2025 /16/ (Азия 2025)

“Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының” негізін қалаушы келісім-шарттардың 2020 жылдың 31 қаңтарына дейінгі уақытқа дейін бекітілгендігі бәрімізге мәлім. АҚШ-тың жоғарыда атап өткен құжаттарының болжамдары бойынша, “Қытайдың әрекеттері 2020 жылғы мерзім өткенге дейін жоғарғы деңгейде дамып, көрші елдеріне жеткілікті түрде қатаң позиция ұстанады”.

Ауғанстанда жағдайдың өршуімен, ондағы АҚШ-тың жүргізген әрекеттерінен соң жағдай біршама өзгерді.

2001 жылы 11 қыркүйектен кейін Орталық Азияда геосаяси жағдайдың өзгергеннен, сондай-ақ жаңа әскери-саяси жағдайдың қалыптасуы Ресейдің аймақтағы позициясына соққы болды. Біріншіден, Ресей аймақтағы жалғыз әскери-саяси ықпалға ие мемлекет мәртебесінен айрылды. АҚШ әскери-саяси құрал қолданып ықпалын кеңейтуде. Ол Ресейдің Орталық Азияға қатысты сыртқы саяси бағдарын едәуір әлсіретті. Өзбекстан, Қырғызстан территориясында әскери базаларының шоғырлануы бұл процестің бастамасы екені анық. Оған Ресей барынша өзінің наразылығын білдірді. Ресейдің қорғаныс министрі АҚШ-тың әскери базалардың Орталық Азияда Ауғанстанда тұрақтылық орнағанға дейін шоғырлануына келіскендігі туралы еске салған болатын. Грузиядағы режимнің ауысуына септігін тигізген Америка ниеттері келешекте Орталық Азияда орын алу мүмкіндігі Ресейді алаңдатты [61,76]. Екіншіден, Орталық Азиядағы АҚШ тек экономикалық күш қана емес қауіпсіздік кепілдігін қамтамасыз ететін мәртебеге ие болу үшін ұпай жинайды. Сондай-ақ, мұнай құбыры Баку-Тбилиси-Джейхан салуына қызығушылық білдіріп отырғаннан АҚШ-тың барынша аймақтан Ресейді алыстату ниеті байқалады. Бесландағы террористтік актілерден кейін Орталық Азияның және Кавказдың маңызы Ресей үшін өсті. Путин халқына жолдауында қарсыласы кім екенін анықталғанын айтты. Ол «қырғи қабақ соғыс» кезіндегі Кеңес Одағына қарсы болған топ қазіргі таңда лаңкестік мықты құралға айналдырып, Ресейдің әлсіреуіне ықпалдасқаны жөнінде ашық айтты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]