Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3 курс СТОМ 2011 каз яз.doc
Скачиваний:
40
Добавлен:
18.11.2019
Размер:
3.05 Mб
Скачать

Тақырыбы: «Саңырауқұлақтарға қарсы заттар»

1.Аурухананың қабылдау бөліміне науқас әлсіздікке, жүрек айну, құсу, асқазан тұсында қатты ауру сезімінің пайда болуына шағымданып түсті. Нәжісі шырышты – қан аралас, қоймалжың, ыдысқа оңай жұғады. Пальпация кезінде соқыр, сигма тәрізді ішек тұсында айқын ауру сезімі байқалады. Нәжісінде – дизентериялық амеба табылған. Науқасты емдеу үшін қандай препарат тағайындалады?

2.Жүкті әйелге безгек диагнозы қойылған.

а)жүктіліктің ерте кезеңінде қандай препарат қарсы көрсетіледі?

б) қандай препарат жүктіліктің соңғы кезеңінде қарсы көрсетіледі?

3.Жүрек қан тамыр жүйесі патологиясы бар науқасқа амебиялық дизентерия анықталған. А.Қандай қарапайымдыларға қарсы препарат қарсы көрсетіледі. Б.Бұл патологияда қандай затты қолдану тиімді?

Жағдайлық есептердің жауаптары:

1. Метронидазол.

2. а) Хлоридин, б) Хинин.

3. А. Эметин. Б. Хингамин немесе метронидазол.

Тақырыбы: «Ауыз қуысының шырышты қабатына және тіс ұлпасына

әсер ететін заттар».

1.Емханаға науқас мынадай шағымдармен келді: ыстығының көтерілуі, қалтырауы, бас ауруы, оң төменгі жағының ісінуі және осы жағынмен тістенде айқын ауру сезімінің пайда болуымен шағымданды.

2.Буындардың ревматикалық зақымдалуын емдеу үшін салицилаттарды ұзақ қабылдағанда иегінің қанталауы болды. Осы жағдайдың мүмкін себебін түсіндіру, дамитын асқынуларын алдын –алу үшін көрсетілетін көмек шаралары.

3.Емханаға науқас дұрыс жасалмаған протездеуден кейін мынадай шағымдармен келді: ауыз қуысында күйдіру және ауру сезімінінің болуынан тамақ қабылдаудың қиындауы шағымымен келді. Обьективті: ауыз қуысының шырышты қабатының қызаруы, иегінің және ұрт шырышты қабатының ойылуы және іріңді бөлінуімен және некроз элементтерінің болуы. . Диагноз: некротикалық стоматит. Фармакотерапияны тағайындау.

Жағдайлық есептердің жауаптары:

1.Әсер ету спектрі кең антибиотиктермен, ауыру сезімін басу үшін жергілікті анестиктер, ұлпаның өлікттенуі(некротизация) үшін мышьяк препараттары, кальций гидрототығы (Ca(OH)2) қабынған ұлпаны сақтау үшін.

2.Салицил қышқылының препараттары антиагрегант болып табылады, препаратты алып тастау, рутин, аскорбин қышқылыын тағайындау.

3.Ауыз қуысын алдымен санациялағаннан кейін линкомицин антибиотигін, Вс, В12 витаминдерін , қармаушы (танин, емен қабығы, шалфей) препараттарын кешенді емдеуі болады.

Тақырыбы: «Дәрілік заттармен жедел улануды емдеудің негізгі принциптері.»

1. Науқас анық көрінген мазасыздық, галлюцинациялар, сөйлеу және жұтудың бұзылыстарына шағымданады. Қарау кезінде: қарашықтары кеңейген, жарықтан қорқады, терісі құрғақ, анық көрінген тахикардия байқалады. Диагнозы: Меңдуанамен улану. Қандай антидот қолданылу керек?

2. Жасөспірім бала стационарға мынадай симптомдармен түсті: қарашығы тарылған, асқазан спазмдары, іш өтуі, сілекейі көп мөлшерде ағуы, бронхоспазм, брадикардия. Диагнозы: Фосфорорганикалық қосылыстармен улану. Қандай дәрілік зат тағайындау керек?

3. Науқас стационарға мынадай симптомдармен түсті: қарашығы тарылған, толассыз құсу, іші қатты ауырады, қан аралас нәжіс, галлюцинация, тырысулар. Анамнезінде науқастың жаңа дайындалған саңырауқұлақтарды жегені белгілі болды. Жедел көмек беру үшін қандай препарат тағайындаған жөн?

Жағдайлық есепттердің жауаптары:

  1. Галантамин гидробромиді.

  2. Атропин сульфаты (үлкен дозада), холинэстеразаның реактиваторлары

  3. Атропин сульфаты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]