Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3 курс СТОМ 2011 каз яз.doc
Скачиваний:
40
Добавлен:
18.11.2019
Размер:
3.05 Mб
Скачать

5. Әдебиеттер:

Негізгі:

1.Харкевич Д.А. Фармакология. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.. Мемлекеттік тілдегі аудармасы. – Алматы, 2004.- 608 б.

2. Маркова И.В., Неженцев М.В. Фармакология. С-Петербург. 2001.Б.33-47

3. Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2004. Б. 98-128.

Қосымша:

  1. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров/ Венгеровский А.И. – 3-е басылым, қайта қаралған, толықтырылған: оқу құралы. М.:ИФ «Физико-математическая литература», 2006, 144-187 б.

  2. Клиническая фармакология и фармакотерапия. Под редакцией акад. РАМВ В.Г.Кукес и проф. А.К. Стародубцева.- М.: Издательский дом ГЭОТАР- МЕД., 2004. – 631 б.

  3. Л.В.Деримедведь, И.М. Перцев, Е.В. Шуванова, И.А.Зупанец, В.Н. Хоменко «Взаимодействие лекарств и эффективность фармакотерапии» -Издательство «Мегаполис» Харьков 2002.- 782 б.

  4. Справочник врача общей практики. Издание Москва ЭКСМО – Пресс, 2002. т. 1-2.

  5. Федюкович Н.И. Фармакология. Учебное пособие для медицинских училищ и колледжей. Р. – Д., 2001.- 147 б.

  6. Лужников Е.А., Костомарова Л.Г. Острые отравления: Руководство для врачей. 2-е изд., переработанное и дополненное. –М.: Медицина, 2000. – 434 б.

6. Бақылау сұрақтар:

1.Антихолинэстеразалық заттар. Қайтымды және қайтымсыз әсер ететін препараттардың салыстырмалы сипаттамасы. Антагонистер.

2.М-холиномиметиктер. Препарат. Қолданылуы, жанама әсерлер. Мөлшерден тыс қолданғанда көмек шаралары.

3.М-холиноблокаторлар. Препараттар. Қолданылуы, жанама әсерлер. Мөлшерден тыс қолданғанда көмек шаралары.

4.Шеткі әсерлі миорелаксанттардың әсер етуінің ерекшеліктері. Мөлшерден тыс қолданғанда көмек шаралары.

4 дәріс

1. Тақырыбы: «Адренорецепторларға әсер ететін заттар».

2. Мақсаты: Студенттерді адренергиялық заттардың жіктелуімен, әсер ету механизмдерімен және препараттардың сипаттамасымен таныстыру.

3. Дәріс тезистері

Адренергиялық синапстар ОЖЖ, сонымен қатар постганглионарлық симпатикалық талшықтармен иннервацияланатын шеткі тіндерде орналасады. Бұл синапстарда қозудың берілуі норадреналин медиаторының көмегімен жүзеге асады.

Адренергиялық синапсқа ынталандырғыш әсер ететін заттар 2 топқа бөлінеді: 1) адреномиметиктер (адренорецепторларды тікелей ынталандыратын заттар) және 2) симпатомиметиктер (симпатикалық нерв ұштарынан норадреналиннің бөлінуін ынталандыратын заттар). Адреномиметиктердің практикалық маңызды әсерлеріне қан тамырларын тарылту (α- және α,- β-адреномиметиктер), атриовентрикулярлық өткізгіштікті жақсарту (β1, β2), миокардтың жиырылғыштығын жоғарылату (β1-адреномиметиктер), жүрек тоқтап қалғанда қызметін қалпына келтіру (α,β-адреномиметиктер), бронхоспазмды тоқтату немесе жою (β1 , β 2 -, β1, β2 және α1, α2 - адреномиметиктер), сонымен қатар, жүктілік кезінде және туу барысында жатырдың жиырылғыштық белсенділігін төмендету (β2-адреномиметиктер) жатады. Симпатомиметиктер қан тамырларының тонусын жоғарлату, атриовентрикулярлық өткізгіштікті жақсарту, бронхоспазмды тоқтату және алдын алу үшін қолданылады. Адренергиялық синапсқа тежегіш әсер ететін заттар 2 топқа бөлінеді: 1) адреноблокаторлар (адренорецепторларды тежейді) және 2) симпатолитиктер (симпатикалық жүйке ұшынан норадреналиннің бөлінуін тежейді). Адреноблокаторлардың негізгі әсерлеріне артериалдық қысымды төмендету (α1,β- және α11-адреноблокаторлар), жүректің жұмысын және стенокардияда миокардтың өттегіне қажеттілігін төмендету (β12- және β1-адреноблокаторлар), тахиаритмия және экстрасистолияда жүректің жиырылу ритімін қалпына келтіру (β12- және β1-адреноблокаторлар), көз ішілік қысымды төмендету (β12-адреноблокаторлар) жатады. Симпатолитиктер гипертониялық ауруды жүйелік емдеу үшін қолданылады.

4. Иллюстрациялық материал: мультимедиялық дәрістің электрондық нұсқасы (студент кафедрада алады)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]