Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3 курс СТОМ 2011 каз яз.doc
Скачиваний:
40
Добавлен:
18.11.2019
Размер:
3.05 Mб
Скачать

7. Бақылау:

1. Тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша ауызша сұрау;

2. Рецепт жазу.

Тесттік тапсырмалар:

Рецепт жазу:

  1. 50 мл сынап оксицианиді (Hydrargyrі oxycyanіdum) ерітіндісін 1:1000 концентрацияда. Көзді жуу үшін.

  2. 10 мл 0,5%-тік тауреземин (Tauremіsіnm) ерітіндісін. Ішке 20 тамшыдан тәулігіне 3 рет.

  3. 0,5%-200 мл протаргол (Protargolum) ерітіндісін. Қуықты жуу үшін.

  4. 2%-10 мл этилморфин гидрохлориді (Aethylmorphіnum hydrochlorіdum) ерітіндісін. Көзге 1 тамшыдан тәулігіне 2 рет.

  5. 10% натрий салицилаты /Natrii salicylas/ 180 мл ерітіндіде. Назначить по 1 столовой ложке через 3 часа. 1 ас қасықтан әр 3 сағат сайын тағайындау.

  6. 200 мл 10% кальций хлоридінің ерітіндісі /Calcii chloridum/. 1 ас қасықтан тәулігіне 3 рет тағайындау. Препараттың бір реттік дозасын есептеу.

  7. Құрамында 1,0 хонсуриді бар /Chonsuridum/ 6 флакон. Қолданар алдында флакон құрамындағыны 10 мл 0,5%-дық новокаин ерітіндісінде еріту. Аппликация үшін.

  8. Құрамында 0,1 гексеналдың құрғақ ұнтағы /Hexenalum/ бар 6 флакон. Флаконның құрамындағыны 20 мл инъекцияға арналған суда еріту және көктамырға баяулатып енгізу.

  9. 10 мл 0,01%-дық фосфакол /Phosphacolum/ ерітіндісі. 2 тамшыдан тәулігіне 2 рет екі көзге. Бір реттік дозасын есептеу.

  10. 15 ампула алоэнің сұйық сығындысы /Aloes fluidum/ 0,1-ден. Тері астына енгізу.

3 Сабақ

1. Тақырыбы: «Жалпы фармакология. Дәрілік заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасы».

2. Мақсаты: фармакокинетика және фармакодинамика жалпы заңдылықтары туралы білімін қалыптастыру.

3. Оқыту міндеттері:

1. Фармакокинетика негізгі заңдылықтарын меңгеру

2. Фармакодинамика негізгі заңдылықтарын меңгеру

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Фармакология анықтамасы, оның құрамдас бөліктері, мақсаты мен міндеттері, басқа медициналық- -биологиялық пәндер арасында алатын орны. Фармакологияның қысқышы тарихы.

  2. Жалпы фармакология анықтамасы, міндеттері.

  3. Дәрілік заттар фармакокинетикасы, анықтамасы және құрамы.

  4. Дәрілік заттарды ағзаға енгізу жолдары.

  5. Әртүрлі енгізу жолдары кезіндегі дәрілік заттардың сіңірілуі. Негізгі сіңірілу механизмдері мен оларға әсер ететін факторлар.

  6. ағзада дәрілік заттардың таралу жолдары және оларға әсер ететін факторлар.

  7. Биологиялық тосқауылдар. Дәрілік заттардың тасымалдануы. Қорға жиналу.

  8. Ағзада дәрілік заттардың өзгеріске ұшырауы (биотрансформация мен метаболизм).

  9. Ағзадан дәрілік заттардың шығу жолдары. Дәрілік заттардың жүйеалды және жүйеден кейінгі элиминациясы.

  10. Фармакокинетиканың негізгі көрсеткіштері. Биожеткіліктілік пен биоэквиваленттілік туралы түсінік.

  11. Дәрілік заттардың фармакодинамикасы, анықтамасы және мазмұны.

  12. Біріншілік фармакологиялық реакция (әсер), орналасуы мен дәрілік заттардың әсер ету механизмдері. Дәрілік заттардың әсер ету механизмінің негізгі принциптері. Арнайы рецепторлар, агонитттер мен антагонисттер туралы түсінік.

  13. Әсер ету түрлері. Фармакотерапия түрлері.

  14. Дәрілік заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасына әсер ететін негізгі факторлар.

  15. Фармакологиялық әсерлерінің химиялық құрылымы мен физика-химиялық қасиеттеріне тәуелділігі.

  16. Дозалар түрлері. Емдік әсер кеңдігі туралы түсінік.

  17. Қайталап қолдану, дәрілік заттарды жұптастырып қолдану. Дәрілік заттардың әсер ету принциптері. Дәрілік тәуелділікпен күресудің әлеуметтік және медициналық аспектілері.

  18. Дәрілік заттар әсерінің ағза қасиетіне, индивидуалды ерекшеліктеріне, физиологиялық және патологиялық жағдайларға, генетикалық факторларға, қоршаған орта факторларының әсеріне тәуелділігі.

  19. Хронофармакология туралы түсінік.

  20. Аллергиялық табиғатты әсерлер мен ағза сезімталдылығының төмендеуімен байланысты әсерлер.

  21. Жасқа байланысты ерекшеліктер.

5. Сабақ беру әдістері: ауызша сұрау, ситуациялық есептерді және нұсқау бойынша тапсырмаларды шешу, тесттік тапсырмаларды шешу, кіші топтармен жұмыс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]