Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3 курс СТОМ 2011 каз яз.doc
Скачиваний:
40
Добавлен:
18.11.2019
Размер:
3.05 Mб
Скачать

6. Әдебиет

Негізгі:

1. Харкевич Д.А. Фармакология. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.. Мемлекеттік тілдегі аудармасы. – Алматы, 2004.- 608б

2.Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2006.- 39 -81 бб.

3. Харкевич Д.А. Фармакология: Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2005.- 36-79 бб.

4. Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии. /Под ред. Д.А.Харкевича. Медицина, 2005. –20-40 бб. (задачи 35 -38, задания II - 1 -5)

Қосымша:

  1. Крылов Ю.Ф., Бобырев В.М. Фармакология: Учебник для студентов стоматологического факультета. –М., 1999 – 325 б.

  2. Машковский М.Д. Лекарственные средства. Издание пятнадцатое - М.: Медицина, 2007.– 1200 б.

  3. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров /Венгеровский А.И. – 3-е издание, переработанное и даполненное: учебное пособие – М.: ИФ «Физико-математическая литература», 2006. – 704 б.

  4. В.Р. Вебер, Б.Т. Мороз. Клиническая фармакология для стоматологов.-С-П.:2003.- 351 б.

  5. Клиническая фармакология./Под ред. В.Г. Кукеса. –ГЭОТАР.: Медицина, 2004.– 517 б.

  6. Деримедведь Л.В., Перцев И.М., Шуванова Е.В., Зупанец И.А., Хоменко В.Н. «Взаимодействие лекарств и эффективность фармакотерапии» - Издательство «Мегаполис» Харьков 2002.- 782 б.

  7. Лоуренс Д.Р., Бенитт П.Н. – Клиническая фармакология. - М.: Медицина, 2002, т.1-2.- 669. б.

  8. Оксфордский справочник по клинической фармакологии и фармакотерапии. – М.:Медицина, 2000-740 б.

  9. Комендантова М.В., Зорян Е.В. Фармакология. Учебное пособие.-М.: 1988. – 206 б.

7. Бақылау:

1. «Жалпы рецептура. Жалпы фармакология» бөлімі бойынша ауызша сұрау.

2. Әртүрлі дәрілік заттарға рецепт жазу.

3. Тесттік тапсырмалар

Рецепт жазу:

1) 25мл. алтейдің (Althea) сұйық сығындысы. 25 тамшыдан тәулігіне 3 рет тағайындау.

2) 30,0 құрамында 5%-дық мырыш тотығы (Zinci oxydum) бар жағылма. Терінің зақымданған аймақтарына жағу үшін. Толық түрде рецепт жазу.

3) 200 мл 0,1%-дық калий перманганатының ерітіндісі (Kalii permanganas). Шайқау үшін. Толық түрде рецепт жазу.

4) 100 мл официалды тетрациклин (Tetracyclinum) суспензиясы. 1 шай қасықтан тәулігіне 3 рет тағайындау.

5) 180 мл ішке қабылдауға арналған құрамында 6,0 көктемгі жанаргүл шөбінің тұндырмасы бар (Adonis vernalis) және 0,3-тен темисал (Temisalum) бар микстура. Ас қасықтан тәулігіне 3 рет.

6) 40 таблеткадан 0,05-тен хинидин сульфаты (Chinidini sulfas). Ішке 1 таблеткадан тәулігіне 3 рет тамаққа дейін 30 минут бұрын. 2 түрлі әдіспен рецепт жазу.

7) 15 ұнтақ құрамында 0,06 рутин (Rutinum) және 0,05 аскорбин қышқылы (Acidum ascorbinicum) бар. Ішке 1 ұнтақтан тәулігіне 3 рет.

8) 15 мл 1%-дық ментолдың майлы ерітіндісі (Mentolum). Мұрынға 5 тамшыдан тағайындау. Бір реттік дозасын есептеу.

9) 50 желатинді капсула құрамында 0,5 налидикс қышқылы (Acidum nalidixicum). 1 капсуладан тәулігіне 4 рет.

10) 20 мл лимонник тұнбасы (Schizandra). 20 тамшыдан тәулігіне 3 рет тағайындау.

11) 20 драже құрамында 0,025-тен аминазин (Aminazinum) бар. 1 дражеден тәулігіне 3 рет тағайындау.

12) 13 ұнтақ құрамында 0,03 фенобарбитал (Phenobarbitalum) мен 0,25 амидопирин (Amidopyrinum) бар. 1 ұнтақтан тәулігіне 2 рет тағайындау.

13) 10 ампула құрамында 5 мл 2%-дық диплацин дихлоридінің ерітіндісі (Diplacini dichloridum). Көктамырға енгізу үшін 1 мл-ден тағайындау.

14) 180 мл арника гүлінің тұндырмасы (Arnica). 1 ас қасықтан тәулігіне 3 рет тағайындау.

15) 50,0 жағылма, құрамында 15% колларгол (Collargolum) бар. Терінің зақымданған аймақтарына жағу үшін. Толық түрде рецепт жазу.

16) 10 таблеткадан нитроглицерин (Nitroglycerinum) 0,0005-тен. 1 таблеткадан ұстама кезінде тіл астына. Екі түрлі әдіспен рецепт жазу.

17) 200 мл құрамында 0,2% кофеин-бензоатының натрийдің ерітіндісі (Coffеinum-natrii benzoas) мен 2,0 натрий бромиді (Natrii bromidum) бар. 1 ас қасықтан тәулігіне 3 рет.

18) 1 «Каметон» аэрозолі (Cametonum). Ингаляция үшін тәулігіне 3 рет.

200 мл 10%-дық кальций хлоридінің ерітіндісі /Calcii chloridum/. 1 ас қасықтан тәулігіне 3 рет. Препараттың бір реттік дозасын есептеу.

6 флакон, құрамында 0,1 гексеналдың құрғақ ұнтағы /Hexenalum/. Флаконның құрамындағыны 20 мл инъекцияға арналған суда етіру және көктамырға баяулатып енгізу.

Тесттік тапсырмалар:

Тест №1

Емдік әсер кеңдігі – бұл:

1. Жоғарғы бір реттік және жоғарғы тәуліктік дозалары арасындағы аралық

2. Минималды емдік және минималды уытты дозалары арасындағы аралық

3. Орташа өлім шақыратын және орташа тиімді дозалары арасындағы аралық

4. Орташа емдік және орташа өлім шақыратын дозалары арасындағы аралық

5. Дәрілік заттардың өзара әсерлесу көрсеткіші

Тест №2

Сәйкестікті анықта:

Түсінік

А- фармакокинетика

Б- фармакодинамика

Анықтамасы:

  1. Рецепторларға дәрілік заттың әсері

  2. Бауырда дәрілік заттардың өзгеріске ұшырауы

  3. Дәрілік заттар әсерінің түрлері

  4. Препараттың сіңінілу механизмдері

  5. Препараттың элиминация механизмдері

Тест №3

Дәрілік заттарджы ингаляция жолымен енгізген кездегі әсерінің тез дамуы негізделген:

  1. Дәрілік заттардың өкпе альвеолаларымен жанасу аймағының үлкен болуына

  2. Белоктармен байланысуына

  3. Өкпе альвеолаларындағы метаболизмның жоғары болуына

  4. Ұшқыш сұйықтықтар мен газ тәрізді заттарды енгізуге

  5. Өкпенің қанмен жақсы қамтамасыз етілуіне

Тест №4

Рефлекторлы әсер - бұл:

  1. Дәрілік заттардың енгізген жерде әсері

  2. Дәрілік заттардың қанға сіңгеннен кейінгі әсері

  3. Рецепторлардың тітіркенуімен байланысты жергілікті және резорбті әсерлерінің нәтижесі

  4. Тікелей таңдамалы әсері

  5. Тікелей емес таңдамалы әсері

Тест №5

Дәрілік заттарды қайталап енгізгендегі әсерінің жиналуы - бұл:

  1. Сенсибилизация

  2. Функционалды кумуляция

  3. Бейімделу

  4. Тахифилаксия

  5. Материалды кумуляция

Тест №6

Екі заттың аддитивті әсері – бұл:

  1. Әсерлерінің әлсіреуі

  2. Олардың фармакологиялық әсерлерінің қосындысы

  3. Әсер ету уақытының азаюы

  4. Әсерінің ұзаруы

  5. Фармакологиялық әсерінің айтарлықтай күшеюі

Тест №7

Дәрілік заттардың әсерін ұзартады:

1. Пассивті диффузия

2. Қорға жиналуы

3. Тахифилаксия

4. Белоктармен байланысуы

5. Кумуляция

Тест №8

Сәйкестікті анықта:

Түсінік

А - Метаболикалық трансформация

Б – Конъюгация

Анықтамасы

1. Метилдену

2. Тотығу

3. Ацетилдену

4. Аминқышқылдарымен байланысуы

5. Гидролиз

Тест №9

Тіл астына дәрілік затты енгізу кемшіліктері:

  1. Дәрілік зат бауырда өзгеріске ұшырайды

  2. Әсері тез жойылады

  3. Әсері ұзаққа созылады

  4. Тек ауыз қуысы шырышты қабатын тітіркендірмейтін заттар енгізіледі

  5. Тек жоғары белсенді заттарды енгізуге болады

Тест №10

Ағзада синтезі қиындаған немесе синтезделмейтін маңызды заттарды толықтыруға бағытталған фармакотерапия бағытын көрсетіңіз:

  1. Этиологиялық

  2. Симптоматикалық

  3. Патогенетикалық

  4. Орын басушы

  5. Профилактикалық

Тест №11

Дәрілік заттардың әсерінің қосындысы әр затты жеке алғандағы әсер қосындысынан артық болуы – бұл:

  1. Әсерінің қосындысы

  2. Қиғаш әсер

  3. Аддитивті әсер

  4. Потенцирленген әсер

  5. Тікелей әсер

Тест №12.

Ауыз арқылы дәрілік заттарды енгізу артықшылықтары:

  1. 100% биожеткіліктілік

  2. Дозалау оңай

  3. Науқастың кез келген жағдайында барлық заттарды енгізуге болады

  4. Әсері тез дамиды

  5. Енгізу жолы физиологиялық болып табылады

Тест №13

Фармакодинамика тәуелділікті зерттейді:

  1. Препаратты енгізу жолдары мен оның биожеткіліктілігі арасындағы

  2. Заттың химиялық формуласы мен оның әсері арасындағы

  3. Препаратты қабылдау уақыты мен оның сіңірілу дәрежесі арасындағы

  4. Суда ерігіштігі мен препараттың бүйрек арқылы шығарылуы арасындағы

  5. Майда ерігіштігі мен препараттың өтпен шығарылуы арасындағы

Тест №14

Дәрілік заттарджы ингаляция жолымен енгізген кездегі әсерінің тез дамуы негізделген:

  1. Дәрілік заттардың өкпе альвеолаларымен жанасу аймағының үлкен болуына

  2. Белоктармен байланысуына

  3. Өкпе альвеолаларындағы метаболизмның жоғары болуына

  4. Ұшқыш сұйықтықтар мен газ тәрізді заттарды енгізуге

  5. Өкпенің қанмен жақсы қамтамасыз етілуіне

Тест №15

Препараттың әсері тәуелді:

  1. Ағзаның жағдайына

  2. Тәуліктік ырғаққа

  3. Генетикалық факторларға

  4. Жынысына

  5. Жасына

Тест №16

Дұрыс тұжырым:

Дәрілік заттардың фармакологиялық өзара әсерлесуінің ерекшеліктері

  1. Дәрілік заттарды жұптастырып қолданғанда әсерлері әлсіреуі мүмкін

  2. Дәрілік заттарды жұптастырып қолданғанда әсерлері күшеюі мүмкін

  3. Дәрілік заттар емдік дозада жанама әсер көрсетпейді

  4. Аллергиялық реаация енгізілген дозаға тәуелсіз дамиды

  5. Бастапқы биологиялық әсер шақыратын дәрілік заттың дозасы табалдырықты деп аталады

Тест №17

Ауыз арқылы дәрілік заттарды енгізу артықшылықтары:

  1. 100% биожеткіліктілік

  2. Дозалау оңай

  3. Науқастың кез келген жағдайында барлық заттарды енгізуге болады

  4. Әсері тез дамиды

  5. Енгізу жолы физиологиялық болып табылады

Тест №18

Бүйректік клиренс тәуелді:

  1. Фильтрацияға

  2. Секрецияға

  3. Экскрецияға

  4. Реабсорбцияға

  5. Биотрансформацияға

Тест №19

ГӘТ-дан жеңіл өтетін заттар:

  1. Полярлы емес

  2. Гидрофилді

  3. Полярлы

  4. Липофилді

  5. Үшіншілік

Тест №20

Жетілген ұрыққа дәрілік заттардың әсері (жүктіліктің 12 аптасынан кейін):

  1. Эмбриотоксикалық

  2. Фетотоксикалық

  3. Мутагенді

  4. Тератогенді

  5. Канцерогенді

Тест №21

Препараттың әсерінің күшеюі байланысты болады:

  1. Тахифилаксияға

  2. Тәуелділікке

  3. Бейімделуге

  4. Кумуляцияға

  5. Биотрансформацияға

Тест №22

Сәйкестікті анықта:

Фармакокинетика ерекшеліктері:

А- жалпы клиренс

Б- элиминация коэффициенті

В- жартылай шығарылу кезеңі

Г- биожеткіліктілік

Д- жүйеалды элиминациясы

Анықтамасы:

  1. Дәрілік заттың окнцентрациясы жартысына дейін төмендейтін (немесе шығарылатын) уақыт

  2. Ағзадағы дәрілік заттың тәулік бойына шығарылатын %-бен берілген препараттың мөлшері

  3. Уақыт бірлігінде дәрілік заттан толық тазаратын қан сарысуының жалпы көлемі

  4. Белсенді түрде қанға түсетін енгізілген дәрілік заттың бөлігі (немесе қан сарысуында болатын көлемі)

  5. Дәрілік заттың оның үлкен қанайналым артерияларына түскенге дейін шығарылуы

Тест №23

Дәрілік заттың оның концентрация градиентіне тәуелсіз тасымалдану түрі:

1. Белсенді транспорт

2. Пассивті диффузия

3. Жеңілдетілген диффузия

4. Пиноцитоз

5. Абсорбция

Тест №24

«Емдік индекс» - бұл:

  1. Минималды емдік және минималды уытты дозалары арасындағы аралық

  2. Орташа емдік және орташа тиімді дозалары арасындағы аралық

  3. Орташа емдік және орташа тиімді дозалары арасындағы аралық

  4. Жоғарғы бір реттік және жоғарғы тәуліктік дозалары арасындағы қатынас

  5. Препараттарды қабылдау арасындағы уақытпен берілген аралық

Тест №25

Жартылай агонисттер:

  1. Аффинитетке ие

  2. Ішкі белсенділігі бар

  3. Ішкі белсенділігі жоқ

  4. Антагонисттік қасиетке ие

  5. Агонисттердің әсер етуіне кедергі жасайды

Тест №26

Қандай да бір затты қайталап енгізуге деген құштарлық тән:

  1. Сенсибилизацияға

  2. Тахифилаксияға

  3. Дәрілік тәуелділікке

  4. Бейімделуге

  5. Сенсибилизацияға

Тест №27

Дұрыс тұжырымды таңда:

  1. Липофилді заттар капилляр қабырғасы арқылы жеңіл өтеді

  2. Гидрофилді заттар капилляр қабырғасы арқылы жеңіл өтеді

  3. Полярлы заттар жасуша мембранасы арқылы жеңіл өтеді

  4. Липофилді заттар ми тініне өтеді

  5. Полярлы емес қосылыстар плаценталық тосқауыл арқылы өтеді

Тест №28

Ішкі белсенділік –бұл:

  1. Онымен кешен түзуге алып келетін дәрілік заттың рецептормен туыстастығы

  2. Рецептор макромолекуласының әртүрлі аймағымен екі агонисттің байланысуы

  3. Затқа сезімталдылықтың артуы

  4. Рецептормен байланысқан кездегі заттың сол немесе басқа әсерді шақыру мүмкіндігі

  5. рецепторға сезімталдылықтың төмендеуі

Тест №29

Дәрілік заттар фармакодинамикасына жатады:

  1. Қандағы дәрілік заттың тасымалдануы

  2. Бауырда дәрілік заттың биотрансформациясы

  3. Біріншілік фармакологиялық реакция

  4. Жүйеалды элиминация

  5. Пассивті диффузия

Тест №30

Дәрілік затты енгізу жолына тәуелді:

  1. Әсерінің пайда болу жылдамдығы

  2. Препараттың уыттығы мен әсерінің күші

  3. Әсерінің ұзақтығы

  4. Әсерінің сипаты

  5. Кумуляция жылдамдығы

Тест №31

Бүйректегі қандай үрдістің өзгерісі аздаған дәрежеде дәрінің экскрециясына әсер етеді:

  1. Фильтрация

  2. Секреция

  3. Бүйректік қанайналымның күшеюі

  4. Реабсорбция

  5. Диссоциация дәрежесіне

Тест №32

Сәйкестікті анықта:

Препараттарды жұптастырып қолданғанда олардың өзара әсерлесуі:

А - фармакодинамикалық

Б - фармакокинетикалық

Түсінік:

1. Фенобарбитал бауырдағы микросомалды ферменттерді индуцирлей отырып, неодикумариндің әсерін әлсіретеді

2. Фуросемид экскрециясына қатыса отырып, көптеген дәрілік заттардың әсерін төмендетеді және қысқартады

3. Барбитал + дазепам комбинациясының жалпы фармакологиялық әсері осы екеуінің әсерінің қосындысынан артық

3. Прозазин қантамырларының альфа-адренорецепторларын тежей отырып, қантамырлары қабырғасындағы альфа-адренорецепторларды ынталандырып, қантамырларын тарылтатын адреналиннің әсерін төмендетеді

4. Хлорсутегі мен аскорбин қышқылы асқазан ішек жолынан темірдің сіңірілуіне мүмкіндік береді

Тест №33

Бауырдың микросомалды ферменттерінің препараттармен индукциясы алып келеді:

Бейімделудің дамуына

Әсерінің күшеюіне

Әсерінің әлсіреуіне

Эндогенді заттардың бұзылуына

Сенсибилизацияға

Тест №34

Аурудың дамуын ескертетін фармакотерапия:

  1. Патогенетикалық

  2. Симптоматикалық

  3. Орынбасушы

  4. Этиологиялық

  5. Профилактикалық

Тест №35

Дәрілік затты анықта: пассивті диффузия жолымен гематоэнцефалдық, плацентарлық тосқауылдан жеңіл өтеді. Бүйрек өзекшелерінде қайта реабсорбциялнады. Бауырда биотранформаияға ұшырайдыжәне ағзадан метаболит түрнде шығарылады:

  1. Ионданған

  2. Гидрофилді

  3. Липофилді

  4. Төртіншілік

  5. Майда ерімейтін

Тест №36

Екі агонисттің рецептор макрмолекуласының әртүрлі аймақтарымен байланысуы - бұл:

1. Ішкі белсенділік

2. Аффинитет

3. Аллостерикалық өзара әсерлесу

4. Сенсибилизация

5. Идиосинкразия

Тест №37

Дәріік зат жанама әсер көрсетеді:

  1. Уытты доза

  2. Өлім шақыратын дозада

  3. Леталді дозада

  4. Емдік дозада

  5. Жоғары уытты дозада

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]