Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3 курс СТОМ 2011 каз яз.doc
Скачиваний:
40
Добавлен:
18.11.2019
Размер:
3.05 Mб
Скачать

Тақырыбы: «Қабынуға және аллергияға қарсы заттар. Иммундық үрдістерге әсер ететін дәрілік заттар».

1. Науқас әйел кезектегі көктемгі ревматизмнің алдын алу емі біткенен кейін, дәрігерге асқазаны ауыруына, сонымен бірге геморрагия және қызыл иектен қан кету жөнінде көрінеді. Науқас қандай препарат қабылдаған, құбылыстардың пайда болу себептері, бұл жанама әсерлердің алдын алу шаралары?

2. 12 жастағы науқасқа ревматизмдік емес буыннан тыс қабыну үрдісі жөнінде, уақыт бойы қабынуға қарсы препарат тағайындайды. Науқаста ісінулер, асқазанда ауру езім, қанның анализін тексергенде анемия және агранулоцитоз бары анықталады. Науқасқа қандай препарат тағайындалды.

3. Науқас бірнеше жылдан бері жүрек және буын зақымдалған ревматизммен, жәнеде қосымша асқазан ойық жарасының ауыр түрімен сырқаттанады. Стероидты емес ЦОГ – 2 таңдап тежейтін қандай препаратты науқасқа тағайындауға болады?

Жағдайлық есептердің жауаптары:

1. Ацетилсалицил қышқылы, асқазанның шырышты қабатының жарақаттануын шақыратын, антиагрегант болғандықтан қанның ұюын бұзады, сондықтан геморрагия болады. Астан соң қабылдау, езіп, көп сумен ішу.

2. Бутадион қабылданған.

3. Мелоксикам – ЦОГ - 2 таңдамалы ингибиторлары, сондықтан асқазан ішек жолына теріс әсерлер көрсетпейді.

Тақырыбы: «Антисептиқалық және дезинфекциялаушы заттар»

1. Операциялық блоктағы суық серильдеуге арналған аппаратураны анионды сабынмен бірге церигельді қолданады, детергент дұрыс қолданды ма?

2. Бөлімшеге пиодермиямен науқас бала түсті (денесінде көптеген іріңдңктер бар). Іріңді жараны өңдеу үшін бояғыш антисептик қолданды. Қандай препарат қолданылған?

3. Клиникаға созылмалы сынаппен уланған науқас келіп түсті. Науқасқа комплексті терапия кезінде қандай антидоттар қолдануға болады?

4. Инфекциялық бөлімшеге ішсүзегімен науқас келіп түсті. Бөлінділерін зарасыздандыру үшін қандай препаратты қолданады?

5. Ашық жерде науқасқа шұғыл инъекция салу керек болды. Шприцті және инені суық серилизациялау үшін қандай затты қолданады?

6. Педиатриялық практикада жаңадан туған нәрестенің суына антисептикалық заттарды қосып жуындырады. Сол затты атаңыз. Осы жағдайда қолданылатын ерітіндіні дайындау әдісін түсіндіріңіз.

Жағдайлық есептердің жауаптары:

1. Дұрыс емес (анионнды сабын кезінде препа­раттың белсенділігі төмендейді).

2. Бриллиант жасылы.

3. Унитиол және тетацин-кальций немесе натрий тиосульфаты.

4. Хлорамин Б.

5. Этил спирті.

6. Калия перманганаты. Алдын - ала кристалдарды жеке ыдысқа сұйылтады, күлгін түске дейін, кейін сұйытады (міндетті түрде фильтірлейді) алдын ала дайындалған қызғылт түс ерітінді алады.

Тақырыбы: «Антибиотиктер»

1. Кең спектрлі антибиотиктерді қолданғанда, дисбактериоз, ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш зақымдалы дамиды. Жиі кандидамикоз байқалады, іш өту болады, нәжісте саңырауқұлақтар болу мүмкін. Бұл асқынулардың алдын алу үшін не тағайындау керек?

2. Науқас Б., 40 жаста, туберкулезге қарсы ем қабылдады, Біраз уақыт өткен соң нашар еститіндігі байқалды. Ұзақ емнен кейін де естуі қалпына келмеді. Қандай топ препараттарының әсерінен болған?

3. Жұқпалы ауырулар ауруханасына іш сүзегі ауруымен науқас қабылданды. Кең спектрлі антибиотик тағайындалды. Науқастың жағдайы жақсарды, бірақ шеткі қан көрінісінде-лейкопения, агранулоцитоз байқалды. Препарат тоқтатылды. Науқасқа қандай антибиотик берілген және оны немен алмастыруға болады?

4. Баланы қарағанда дәрігер бой өсуінің кідірістерін және тісінің сары түске боялғанын байқады. Анасымен сөйлескен соң баланың ішек инфекциясымен ауырып антибиотиктермен емделгені белгілі болды. Байқалған асқынулардың себебі болған қандай антибиотик?

5. Жұқпалы аурулар ауруханасына түскен науқасқа менингит диагнозы қойылды науқастың анализінде – анемиясы бар. Аптекада левомицетин, тетрациклин, ампициллин, бензилпенициллин бар. Қажетті антибиотикті таңдаңыз және неліктен таңдадыңыз?

Жағдайлық есептердің жауаптары:

1. Саңырауқұлақтарға қарсы заттар (нистатин).

  1. Аминогликозидтер тобы.

  2. Қандағы өзгерістерді тудырған левомицетин. Науқасқа ампициллин тағайындау керек.

  3. Тетрациклин сүйек тіндерінде жинақталып, бойдың өсуін тежейді

  4. Бензилпенициллин. Себебі ол қан түзілуді тежемейді.

Тақырыбы: «САП, микробтарға қарсы әр түрлі химиялық құрлысты заттар»

1. Науқас К. Емханаға мынандай шағымдармен келді: іштің төменгі бөлігінде күйдіріп ауыру сезімі,зәр шығаруының жйілеуі. Мынандай диагноз қойылды: Жедел цистит. Ем тағайындалды: сульфадимезин, 0,25 ішке қабылдауға 6 рет, уротропин көк тамырға. Осы 2 препаратты жұптастырып тағайындауға болады ма?

2. Дәрігер науқастың іріңді жарасына этазол және анестезин қосылған ұнтақ септі. Дәрігердің тактикасы дұрыс па?

3. Жедел дизентериямен ауырған науқас бір апта бойы келесі препараттарды алды: левомицетин, сульфадимезин, амидопирин, диета, витаминдер. Аптаның соңында науқас бас айналуына, әлсіздікке, жүрегінің қағуына шағымданды. Қанындағы гемоглобин, эритроциттер, лейкоциттер саны күрт төмендеген. Бұл анемия құблысы неге байланысты дамыған? Препараттардың топтық сәйкестіктерін анықтаңыз. Олардың жанама әсерлері қандай?. Осы препараттарды қатар тағайындауға болады ма?

4. Науқастың анамнезінде этазолды қабылдағаннан кейін бетінің ісінуі, терісінде бөртпелер пайда болатыны анықталды. Осы құблыс қалай аталады? Осы топтың препараттарын тағайындауға болады ма? Жағымсыз әсерлердің алдын алуға болады ма?

Жағдайлық есептердің жауаптары:

1. Сульфаниламидтер мен уротропинді бірге қолдануға болмайды:

уротропин зәрді қышқылдандырып, кристаллурия бамуына әкеледі.

Сонымен қатар бұл препараттар химиялық құрамы жағынан сәйкес емес.

2. Сульфаниламидтерді құрамында парааминобензойной қышқылының эфирі бар препараттармен (новокаин, анестезин, дикаин) қоса қолданғанда сульфаниламидтердің антибактериалдық белсенділігі бәсекелестік типі бойынша инактивтеледі.

З.Сульфаниламидтердің левомицетинмен және амидопиринмен қосарлануы агранулоцитоз, апластикалық анемия даму жиілігін арттырады. Препараттардың улылығы артады.

4. Аллергия. Жоқ.

Тақырыбы: «Туберкулезге, мерезге, вирустарға, саңырауқұлақтарға қарсы заттар»

1. Науқаста өкпе туберкулезімен емделгеннен кейін естудің күрт төмендеуі және анық көрінген вестибулярлық бұзылыстар байқалды.

а) Арнайы ем құрамына кіретін қандай препарат асқыну шақырды?

б) Осы асқынулардың алдын алатын шараларды атаңыз.

2. Жедел өкпе мерезімен ауыратын науқаста пенициллинге алергия байқалды.

а) Дәрігердің тактикасы қандай?

б) Ең бірінші қандай арнайы ем тағайындау керек?

3. Мерездің арнайы емін қабылдап жүрген науқас стоматолог- дәрігерге ауыз шырышты қабатының зақымдалуына және қызыл иегінде қара түсті ЖЕК пайда болғанына шағымданды.

а) Осы шағымдарының арнайы еммен байланысы бар ма?

б) Науқас қандай препарат қолданған?

в) Ол препараттың мерезге қарсы әсер механизмі қандай?

4. Мерездің жедел түрімен науқасқа арнайы ем тағайындалды, бірақ 15 минуттан соң науқаста алергія белгілері пайда болып, шок дамыды.

а) Қандай мерезге қарсы зат жиі шок шақырады?

б) Осы жағдайдағы дәрігердің тактикасы қандай?

в) Тағайындалған препараттың мерезге қарсы әсер механизмі қандай?

5. Паркинсон ауыруымен сырқаттанған, ұзақ ем қабылдап жүрген науқас адам гриппен ауыратын адаммен қатынаста болды, бірақ жұқтырған жоқ.

а) Паркинсон ауыруымен грипп профилактикасының арасында қандай байланыс болу мүмкін?

б) Науқасты қандай препаратпен емдеді?

в) Оның вирусқа қарсы әсер ету механизмі қандай?

Жағдайлық есептердің жауаптары:

1. а) Стрептомицин

б) есту анализаторының қызметін үнемі қадағалап отыру , есту нашарлау белгілері байқалғанда препаратты ауыстыру.

2. а) Пенициллинді тез арада то? тату

б)Эритромицинді висмут препараттарымен қосарландырылған

3. а) Йә

б) Бийохинол н/е басқа висмут препараттары

в) мерез қоздырғышының тиол ферментін тежеу

4. а)Бензилпенициллин натрий тұзы

б)Интенсивті ем: к/т пенициллиназа, адреналін, димедрол

в)Пенициллин мікроб құрамындағы мукопептид-муреинді тежеп, клетка қабырғасының синтезін бұзады.

5. а) Йә

б)мидантан

в)Препарат вирустың клетка мембранасына жабысуын тежейді

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]