Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3 курс СТОМ 2011 каз яз.doc
Скачиваний:
40
Добавлен:
18.11.2019
Размер:
3.05 Mб
Скачать

8. Бақылау:

1. «Жүрек қан тамыр жүйесіне және иммундық үрдістерге әсер ететін заттар» тақырыбынан ауызша сұрау.

2. Рецепте 1 реттік мөлшерін есептеу, тест тапсырмаларын орындау.

Тест тапсырмалары

Тест №1

Тест тапсырмасын толықтырыңыз

Пропранолол _______ блокаторлар тобына жатады:

β 2-блокаторлар

β1-блокаторлар

β1,2-блокаторлар

Тест №2

Аскорбин қышқылына тән:

  1. коллогеннің синтезіне және дәнекер тіннің өндірілуіне қатысады

  2. кортикостероидтардың синтезіне қатысады

  3. ацетилхолиннің синтезін күшейтеді

  4. темірдің сіңуін күшейтеді

  5. капилярлардың өткізгіштігін төмендетеді

Тест №3

Гипохромды анемияда қолданылады:

  1. темір препараты

  2. коамид

  3. натрий нуклеинаты

  4. аскорбин қышқылы

  5. цианокобаламин

Тест №4

Жүрек гликозидтерімен уланғанда қолданылады:

  1. кардиомицидтерде калий және магний иондарын көбейтетін заттар

  2. қан сарысуында кальций иондарын көбейтетін заттар

  3. аритмияға қарсы заттар

  4. антигипертензивті заттар

  5. зәр айдағыш заттар

Тест №5

Гидрохлортиазидтің негізгі әсері:

  1. Натрий және хлор иондарының реабсорбциясын күшейтеді

  2. Калий және магний иондарының секрециясын күшейтеді

  3. Зәр қышқылының шығарылуын күшейтеді

  4. Бүйректің қан айналысын күшейтеді

  5. Алкалоз бен ацитоз кезінде белсенділікті сақтайды.

Тест №6

Тест тапсырмасын толықтырыңыз

Дигоксин ____________ тобына жатады, _____ және _____ _______ жетіспеушілігінде қолданылады

Тест №7

Жүрек гликозидтерінің жүрекке негізгі әсері

  1. Систоланы күшейтіп қысқартады

  2. Систоланы кушейтіп ұзартады

  3. Диастоланы ұзартады

  4. Жүректің өткізгіштік жүйесінен қозудың берілуін күшейтеді

  5. Жүректің өткізгіштік жүйесінен қозудың берілуін төмендетеді

Тест №8

Сәйкестендіріңіз

  1. Препараты

  2. преднизолон

  3. цианокобаламин

  4. левамизол

Эффекттері

А) эритропоэзді ынталандырады

Б) қабынуға қарсы, аллергияға қарсы, иммунодепрессивті

В) лейкопоэзді ынталандарады

1 - ……, 2 - …….., 3 - ………., 4 - ……..

Тест №9

Гидрохлортиазидтің жанама әсерлері:

  1. гипокалиемия

  2. гипомагниемия

3. гиперкальциемия

4. ототоксикалық әсер

5. зәр қышқылының бөлінуін кушейту

Тест №10

Никотин қышқылы:

  1. тотығу-тотықсыздану үрдісіне қатысады

  2. тамыр кеңейткіш әсері бар

  3. капиллярлардың өткізгіштігін төмендетеді

  4. ацетилхолиннің өндірілуін ынталандырады

  5. гиполипидемиялық әсер көрсетеді

Тест №11

Сәйкестендіріңіз

Препараты

ретаболил 2) эргокальциферол 3) преднизолон 4) тиамин бромиді

Тобы

А) Д витаминінің препараты

Б) глюкокортикостероид

В) анаболикалық стероид

Г) В1 витаминнің препараты

1 - ……, 2 - …….., 3 - ………., 4 - ……..

Тест №12

Жүрек гликозидтерінің негізгі әсері:

  1. оң инотропты эффект

  2. оң хронотропты эффект

  3. теріс хронотропты эффект

  4. теріс дромотропты эффект

  5. жүрек автоматизмін төмендетеді

Тест №13

Бета-адреноблокаторлардың антигипертензивті әсері байланысты:

  1. Жүректің жиырылу жиілігі мен күшінің азаюына

  2. Ренин өндірілуінің төмендеуіне

  3. Тамырлардың шеткі кернеуінің төмендеуіне

  4. Нордареналиннің қорға жиналу үрдісінің бұзылуымен

  5. ОЖЖ-ге тежегіш әсер көрсетуімен

Тест №14

Тест тапсырмасын толықтырыңыз

Диазолин _____ рецепторлардың тежегішіне жатады _______

Н1 гистаминдік

Н2 гистаминдік

Н3 гистаминдік

Тест №15

Сәйкестендіріңіз

Препараты

  1. строфантин

  2. нитроглицерин

  3. пропранолол

  4. клонидин

Қолданылуы

А) гипертониялық кризді емдеуде (орталық әсерлі)

Б) жедел жүрек жетіспеушілігінде

В) стенокардия ұстамасын жоюда

Г) стенокардияда, жүрек аритмиясында, гипертониялық ауруда

1 - ……, 2 - …….., 3 - ………., 4 - ……..

22 сабақ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]