Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3 курс СТОМ 2011 каз яз.doc
Скачиваний:
40
Добавлен:
18.11.2019
Размер:
3.05 Mб
Скачать

7. Бақылау:

  1. Тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша ауызша сұрау.

  2. Негізгі холинергиялық заттарға рецепт жазу және талдау жасау. Талдауда тобын, негізгі фармакологиялық әсерлерін, қолдануға көрсеткіштерін, жанама әсерлерін жазу.

  3. Тесттік түрде тапсырмаларды орындау.

Тесттік тапсырмалар

Тест № 1.

Холинэстеразаға қарсы заттар қолданылады:

  1. Бронх демікпесінде

  2. Атриовентрикулярлы бөгемеде

  3. Брадикардияларда

  4. Асқазанның және 12 елі ішектің ойық жара ауруында

  5. Глаукомада

Тест №2

М-холиноблокаторлардың жанама әсерлері:

  1. гиперсаливация

  2. брадикардия

  3. миоз

  4. обстипация

  5. диарея

Тест №3

Толықтырыңыз

Ацеклидин __________________жатады және _____________________қолданылады

Тест №4

Ганглиоблокаторлардың қолдануға қарсы көрсеткіштері:

  1. жоғарлаған артериялық қысымның фонында өкпе ісінуі

  2. тамырлық коллапс

  3. эндоартериит кезіндегі тамырлардың спастикалық жиырылуы

  4. гипертониялық кризах

  5. Рейно ауруы

Тест №5

Әсері қысқа кураретәрізді заттар:

  1. тубокурарин

  2. пипекуроний

  3. дитилин

  4. бензогексоний

  5. гигроний

Тест №6.

М- және Н-холиномиметиктер:

  1. Платифиллин

  2. Карбахолин

  3. Ацеклидин

  4. Циклодол

  5. Пилокарпин

Тест №7

Препаратты анықтау: көлденең-жолақты бұлшықеттерді босаңсыту үшін қолданылады. Жүйке-бұлшықеттік берілуді тежейді, апноэні тез шақырады, әсер ету ұзақтығы 20-40 минут. Жанама әсерлері: артериялық қысымның төмендеуі, бронхоспазм. Антагонисті холинэстеразаға қарсы заттар болып табылады.

  1. мелликтин

  2. тубокурарин

  3. дитилин

  4. диоксоний

  5. бензогексоний

Тест №8

Вегетативті ганглийлердің Н-холинорецепторларын талғамды тежейтін зат:

  1. бензогексоний

  2. ацеклидин

  3. цититон

  4. пилокарпин

  5. лобелин

Тест №9

Толықтырыңыз

Прозерин __________________жатады және _____________________қолданылады.

Тест №10

Заттың тобын анықтау: глаукомада, полиомиелиттен кейінгі қалдық неврологиялық бұзылыстарда, миастенияда, ішектің және қуықтың атониясында және деполяризацияға қарсы миорелаксанттардың антагонисті ретінде қолданылады.

  1. М-холиномиметиктер

  2. Н-холиномиметиктер

  3. М-холиноблокаторлар

  4. Холинэстеразаға қарсы заттар

  5. М, Н-холиномиметиктер

Ескерту: Тесттік тапсырмалардың жауаптары оқытушыда.

7 сабақ.

1. Тақырыбы: «Эфферентті иннервацияға әсер ететін заттар: адреномиметиктер және адреноблокаторлар».

2. Сабақтың мақсаты: белгілі патологиялық жағдайларда препараттар таңдауын қамтамасыз ету үшін, соның ішінде стоматология практикасында да, адренергиялық заттардың фармакокинетика және фармакодинамикасының жалпы заңдылықтар білімін қалыптастыру, рецепт жазуды білу.

3. Оқыту міндеттері:

  1. Адренергиялық заттардың жіктелуімен танысу.

  2. Адренергиялық заттардың фармакокинетика мен фармакодинамикасының жалпы заңдылықтарын оқу.

  3. Клиникалық практикада, соның ішінде стоматолог дәрігердің тәжірибесінде адренергиялық заттардың негізгі қолдануға көрсеткіштерін оқу.

  4. Адренергиялық заттардың рецептте жазылуын, бір реттік және тәуліктік мөлшерлерді санауды үйрену, соның ішінде стоматологияда.

  5. Препараттың жеке ерекшеліктерін және қасиеттерін ескере отырып, адренергиялық заттардың енгізу жолдарын, мөлшерлеу режимінің принциптерін оқып білу.

  6. Адренергиялық заттардың комбинирлеу мүмкіншіліктерін оқып білу.

  7. Жанама әсерлерін және оларды алдын алу жолдарын оқып білу.

4. Өткізу түрі: барлық қойылған сұрықтар бойынша консультация өткізу, тақырыпты өз бетінше меңгеру, жағдайлық есептерді шешу, кестелермен, оқулықтармен жұмыс істеу, тесттік тапсырмаларды орындау, рецепттерді жазу, электронды тасымалдаушылардағы материалмен жұмыс жасау, кіші топтарда жұмыс істеу.

5. Білім беру және оқыту әдістері: тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша ауызша сұрау, тесттік тапсырмалар мен жағдайлық есептерді шешу, кіші топтарда жұмыс істеу, кестелерді, суреттерді, сызбаларды сараптау, қорытынды жасау, рецепттерді жазу және талдау, бір реттік мөлшерді есептеу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]