Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3 курс СТОМ 2011 каз яз.doc
Скачиваний:
40
Добавлен:
18.11.2019
Размер:
3.05 Mб
Скачать

4. Тақырыпың негізгі сұақтары:

1. Антидепрессанттар. Жіктелуі. Әсер ету механизмі

2. Антидепрессанттардың жалпы сипаттамасы

3. Негізгі фармакологиялық әсерлері

4. Негізгі препараттардың салыстырмалы сипаттамасы

5. Қолдануы. Жанама әсерлері

6. Психостимуляторлар. Жіктелуі. Әсер ету механизмі.

7. Негізгі психостимуляторлардың фармакологиялық әсерлері

8. Негізгі препараттардың салыстырмалы сипаттамасы

9. Клиникалық практикада қолдану, соның ішінде стоматологияда

10. Психостимуляторлардың жанама әсерлері, дәріге тәуелділік даму мүмкіндігі

5. Білім беру және оқыту әдістері: тақырыптың негізгі сұрақтарын ауызша сұрау, жағыдайлық есептерді шешу, тесттік тапсырмаларды орындау, аз топтармен жұмыс істеу, кестелерді, суреттерді, сызбаларды сараптау, қорытындылау, рецепт жазып оны фармакологиялық талдау, бір реттік мөлшерін есептеу.

6. Әдебиеттер

Негізгі:

  1. Харкевич Д.А. Фармакология. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.. Мемлекеттік тілдегі аудармасы. – Алматы, 2004.- 608б

  2. Харкевич Д.А. Фармакология. Издание восьмое –М.: Мед.ГЭОТАР, 2008. – С. 252-259.

  3. Харкевич Д.А. Фармакология. Издание восьмое –М.: Медицина ГЭОТАР, 2005. – С. 247-253.

  4. Руководство к лабораторным занятиям / Под ред. Д.А.Харкевича. Медицина, С. 2005. 146, 151, 155, 160, 162

Қосымша:

  1. Машковский М.Д. Лекарственные средства. Он бесінші басылым- М.: Медицина, 2007.– 1200 б.

  2. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров /Венгеровский А.И. – 3-е издание, переработанное и даполненное: учебное пособие – М.: ИФ «Физико-математическая литература», 2006. – 704 с.

  3. Клиническая фармакология./Под ред. В.Г. Кукеса. –ГЭОТАР.: Медиц, 2004.– 517 с.

  4. Деримедведь Л.В., Перцев И.М., Шуванова Е.В., Зупанец И.А., Хоменко В.Н. «Взаимодействие лекарств и эффективность фармакотерапии» - Издательство «Мегаполис» Харьков 2002.- 782 с.

  5. Лоуренс Д.Р., Бенитт П.Н. – Клинич.фармакология-М.:Медицина,2002, т1-2-669. с.

  6. Оксфордский справочник по клинической фармакологии и фармакотерапии. – М.:Медицина, 2000-740 с..

  7. Бороян Р.Г Клиническая фармакология: психиатрия, неврология, эндокринология, ревматология. – М., Медицинское информационное агентство, 2000. – 422. с.

  8. Крылов Ю.Ф., Бобырев В.М. Фармакология: Учебник для студентов стомактологическгог факультета. – М., 1999 г. – 325 с.

  9. Базисная и клиническая фармакология. /Под ред. Бертрам Г. Катцунг. – М.: С-П.: Невский диалект, 1998.-т. 1 – 669. с.

  10. Комендантова М.В.,Зорян Е.В. Фармакология. Учебное пособие. –М.: 1988. –с. 206.

11. Кафедрада оқылатын дәрістер

Бағдарлама бойынша препараттар: амитриптилин, имизин, ниаламид, пиразидол, флуоксетин, сертралин, тразодон, мапротилин, дезипрамин, моклобемид, амфетамин (фенамин), кофеин, мезокарб.

Рецепт жазуға арналған препараттар: амитриптилин, кофеин, мезокарб.

7.Тексеру:

1. Тақырыптың негізгі сұрақтарын ауызша сұрау

2. Негізгі психозға қарсы заттарға, транквилизаторларға, тыныштандырғыш заттарға рецепт жазып оны талдау. Талдау барысында қандай топқа жататынын, негізгі фармакологиялық әсерлері, қолдануға көрсетулер, жанама әсерлерін көрсету.

3. Тапсырманы тесттік түрде орындау

Ескерту: тесттік сұрақтардың жауаптары оқытушыда

Тесттік тапсырмалар

Тест №1

Бас ауруы кезінде ішке қабылдауға болатын, наркотикалық емес анальгетиктермен жұптастырылып қолданатын психостимулятор:

  1. Кофеин.

  2. Мезокарб.

  3. Амфетамин (фенамин).

  4. Имизин.

  5. Кордиамин.

Тест №2

Тамырлардың тонусына екі түрлі әсер ететін – орталық әсеріне байланысты тамырларды тарылтатын және шеткі әсеріне байланысты тамырларды кеңейтетін психостимулятор:

  1. Кофеин

  2. Мезокарб

  3. Фенамин

  4. Имизин

  5. Моклобемид

Тест №3

Ауру сезімімен жүретін стоматологиялық кірісулер салдарынан пайда болған шок немесе коллапс кезінде жедел көмек үшін қолданатын препарат:

  1. Мезокарб

  2. Имизин

  3. Кофеин

  4. Моклобемид

  5. Дезипрамин

Тест №4

Психостимуляторларды қолдануға негізгі көрсетулер болып табылады, біреуінен басқасы:

  1. Физикалық және ақыл оймен жұмыс істеуден шаршау

  2. Гипотензия

  3. Нарколепсия (патологиялық ұйқышылдық)

  4. Астения құбылысымен сипатталатын невротикалық бұзылыстар

  5. Депрессия

Тест №5

Антидепрессанттарға төменде көрсетілген препараттар жатады, біреуінен басқасы:

  1. Имизин

  2. Амитриптилин

  3. Моклобемид

  4. Флуоксетин

  5. Мезокарб

Тест №6

Ұзақ уақыт бойы психостимулдеуші заттарды қолданғанда пайда болуы мүмкін:

  1. Бейімделу

  2. Психостимуляторлық әсерге сезімталдықтың жоғарылауы

  3. Дәріге психикалық тәуелділік даму

  4. Экстрапирамидтік бұзылыстар

  5. Дәріге физикалық тәуелділік даму

Тест №7

Психостимуляторларға төменде көрсетілгендер әсерлер жатады, біреуінен басқасы:

  1. Көңіл күйдің жоғарылауы

  2. Психомоторлық белсенділіктің жоғарлауы

  3. Ақыл оймен және физикалық жұмыс істеу қабілетінің жоғарылауы

  4. Артериялық қысымның жоғарылауы

  5. Бронхтар тонусының жоғарылауы

Тест №8

Тежегіш әсер көрсететін антидепрессанттарға жатады:

  1. Имизин

  2. Амитриптилин

  3. Моклобемид

  4. Пиразидол

  5. Мапротилин

Тест №9

МАО ның қайтымды тежегішіне жататын антидепрессант:

  1. Кофеин

  2. Моклобемид

  3. Флуоксетин

  4. Имизин

  5. Амитриптилин

Тест №10

Үшциклды антидепрессанттардың антидеперссивті әсері байланысты:

  1. Моноаминдердің қайта ұсталуының тежелуіне

  2. Орталық М-холинорецепторлардың тежелуіне

  3. Моноаминдік рецепторларға тікелей тежегіш әсер көрсетуіне

  4. МАО белсенділігінің тежелуіне

  5. Орталық адренорецепторлардың тежелуіне

13 сабақ

1. Тақырып: «Орталық жүйке жүйесінің қызметтеріне әсер ететін заттар» бөлімі бойынша аралық бақылау

2. Мақсаты: сәйкес патологиялық жағыдайларда препараттарды тиімді таңдау үшін көрсетілген бөлімде өткен сабақтарға арналған білімдерін пысықтау, соның ішінде стоматологияық практиктикада.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]