Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3 курс СТОМ 2011 каз яз.doc
Скачиваний:
40
Добавлен:
18.11.2019
Размер:
3.05 Mб
Скачать

Тақырыбы: «Антипсихотикалық заттар.Транквилизаторлар. Седативті заттар».

1. Науқаста көңіл күйі төмен, өзін нашар сезінеді, қимыл қозғалысы тежелген. Емдеу курсынан кейін науқастың жағдайы жақсарды, сергектік пайда болды, көңіл күйі жақсарды, немқұрайлық басылды. Науқас қай топтың препаратын қабылдаған?

2. Антидепрессивті препараттарды қабылдағаннан кейін науқаста жүректің соғуы жиіледі, аыздың құрғауын, қарашықтың кеңейуін және оқыған кезде көрудің нашарлауын байқады. Дәрігер қандай препаратты тағайындады?

3. Үшінші курс студенттерінде емтихан. Соңғы емтиханға төрт күн қалды. Дайындықты ынталандыру үшін ол кофенің қабылдауын күніне 6 – 10 кесеге жоғарлатады. Үшінші күні оқуға деген ынтасы, көңіл күйі төмендеді, бастың ауруы пайда болды, ұйқышылдық келеді. Не болды?

Жағыдайлық есептердің жауаптары:

1. Антидепрессанттар.

2. Үш цикілдік антидепрессант, М – холинотежегіш әсер көрсетеді.

3. Ақыл ойдың және физикалық жұмысқа қабілеттілігін жоғарлату үшін психостимуляторларды қолданған кезде жедел және толығымен қолдану ағзаның қорына байланысты.

Тақырыбы: «Антиангинальді заттар».

1. Стенокардия ұстамасын жою үшін қолданатын затты анықтау.

2. Науқасқа, созылмалы коранарлы жетіспеушілігінде және бронхиялді астмада, кешенді емдеу кезінде тағайындалды – пропранолол 0,01 күніне 3 уақыт және верапамил 0,04 күніне 2 рет. Біраз уақыттан кейін науқаста жанама әсерлер пайда болды: тыныс алудың қыйындауы, тұншығу, жүрек тұсындағы ауру сезімдері.

3. Ұсынылған заттың қайсысы: пропранолол, верапамил, дилтиазем – ЖИА ( стенокардия ) брадикардия және гипотониямен ауратын науқасқа тағайындаған жөн?

Жағыдайлық есептердің жауаптары:

1. Нитроглицерин

2. Пропранолол – кардиоселективті емес зат

3. Дилтиазем

Тақырыбы: «Антигипертензивті және гипертензивті заттар»

1. Науқасқа, гипертоникалық аурудың 2 сатысыменде ауратын, клофелин тағайындады. Емдеу барысында бір апта ішінде емдік мөлшерді біртіндеп тәулігіне 1,5 мг жоғарлатып отырады. АҚ қалыпқа келгеннен кейін препаратты қабылдау тоқтатылды. 12 сағаттан кейін дәріні қабылдауды тоқтатқаннан соң науқаста мазасыздық, тремор және тітіркендіргіштік, тахикардия, бастың ауруы, жүрек айну, АҚ пайда болды. Клофелиннің АГ механизімін түсіндір. Препаратты тоқтатқаннан кейінгі пайда болған жанама әсерлерді түсіндір. Қалай алдын алуға болады?

2. Науқас ұзақ уақыт гипертоникалық ауруды резерпинмен емдеу барысында, бір аптадан кейін препаратты қолданған кезде ОЖЖ нің тежелуі байқалады, бірақ науқас едеуді жалғастыра берген. Біраз уақыттан кейін науқаста жүрек айну, асқазандағы ару сезімі, іштің өтуі, брадикардия, мұрындағы шырышты қабаттың ісінуі, бұлшық еттің тырысуы байқалды. Содан кейін қабылдау тоқтатылды. Резерпиннің гипотензивті механизімінің әсері. Жанама әсердің пайда болуы және алдын алу. Резерпинді АГЗ жұптастыру. Резерпинің қарсы көрсетілімдері.

3. Науқасқа ұзақ уақыт атнтигипертензивті зат ретінде пропранололды тағайындады. Белгілі уақыттан соң науқаста бронхтардың ұстамасы пайда болды. Жағымсыз симптомдардың пайда болуын түсіндір?

4. Артериалдық гипертензияны емдеу препаратарымен бірге, гипокалиемия шақыратын, диуретикалық заттарды тағайындайды. Қандай ұсыныстарды пациенттер зәр айдағыш заттарды қолданғанда ұстану керек?

Жағыдайлық есептердің жауаптары:

  1. А) Клофелин ОЖЖ гі альфа 2 – адренорецепторың нейрондарын ынталандырады.

Б) Қайтару синдромы.

В) Кофелинді бірден тоқтатуға болмаиды.

  1. А) Резерпин синапстық саңлауда норадреналиннің мөлшерін төмендетеді.

Б) Ұзақ уақыт адренергиялық иннервацияны тежегенде холинергияның жоғарлауына алып келеді.

В) Асқазанның және онекі елі ішектің ойық жарасында резерпинді тағайындауға болмайды.

  1. Пропранолол β1- β2-адреноблокаторларға, ұзақ уақыт қолдану,

β2-адренорецепторды тежейді, бронхтардың тонусын жоғарлатады.

  1. Тиазидтік «ілмектік» диуретиктерді тағайындаған кезде,калий диетасын ұстану немесе калий препараттарын қабылдау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]