Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3 курс СТОМ 2011 каз яз.doc
Скачиваний:
40
Добавлен:
18.11.2019
Размер:
3.05 Mб
Скачать

6. Бақылау (сұрақтар, тесттер, тапсырмалар т.Б.)

1. Тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша ауызша сұрау.

2. Жергілікті анестетиктер, қармаушы, қаптаушы, сорып алушы және тітіркендіруші заттардың негізгі препараттарына рецепт жазу және талдау жасау. Талдауда препараттың тобын, негізгі фармакологиялық әсерлерін, қолданылуын және жанама әсерлерін көрсету.

3. Тесттік тапсырмаларды орындау.

Тесттік тапсырмалар

Тест №1. Сульфаниламидтiк препараттың бактерияға қарсы белсендiлiгiн төмендететiн анестетик:

1. Новокаин

2. тримекаин

3. лидокаин

4. анестезин

5. маркаин.

Тест №2.

Молекуласы амидпен ауыстырылған жергiлiктi анестетиктердiң күрделi эфирлерден айырмашылығы:

1. қанның, бауырдың, тiн сұйықтарының эстеразаларымен ыдырамайды

2. ұзақтау әсер етедi

3. кумуляцияға қабiлеттi

4. уыттылығы басым

5. орын басылған амидтер қан эстеразаларымен ыдырайды

Тест №3. Қаптаушы заттардың негiзгi қолданылуы:

1. АIЖ-ның қабыну үрдiстерiнде

2. бас ауырғанда

3. қуыстарды жуу үшiн

4. тiтiркендiргiш заттармен қосып

5. уланғанда токсиндердiң антагонисi ретiнде

Тест №4. Сәйкестендiру

Препараттар:

1.новокаин

2. дикаин

3. кокаин

Олардың шақыратын жанама әсерлері:

1. Көздің қасаң қабығының тітіркенуі

2. Аллергиялық реакциялар, сульфаниламидті препараттардың микробқа қарсы әсерінің төмендеуі, ОЖЖ тежелуі

3. Эйфория, психомоторлық қозу, галлюцинация

1……., 2……., 3…….

Тест №5.

Препаратты анықтау: сорып алушы беті үлкен инертті ұнтақ метеоризмде, улануларда уды сорып алу үшін қолданылады:

1. анестезин

2. белсендірілген көмір

3. танин

4. висмуттың негізгі нитраты

5. ақ саз

Тест №6.

Беткейлiк анестезияда қолданылатын заттар:

1. дикаин

2. кокаин

3. новокаин

4. анестезин

5. тримекаин

Тест №7.

Ағзаға жалпы әсерi үшiн көк тамырға енгiзiлетiн препарат:

1. дикаин

2. анестезин

3. пиромекаин

4. лидокаин

5. кокаин

Тест №8.

Сорып алушы зат:

1. белсендірілген көмір

2. танин

3. ментол

4. еменнің қабығы

5. тальк

Тальк

Тест №9.

Қармаушы зат

1. пиромекаин

2. бупивокаин

3. белсендірілген көмір

4. танин

Тест №10.

Толықтыру

Белсендірілген көмір жатада____ және қолданылады_____________

А. улануда

Б. біріншілік хирургиялық өңдеуде

В. операцияда

Г. гипертонияда

Ескерту: Тесттік тапсырмалардың жауаптары оқытушыда.

№ 6 сабақ

1. Тақырыбы: «Эфферентті иннервацияға әсер ететін заттар: холиномиметиктер және холиноблокаторлар».

2. Сабақтың мақсаты: белгілі патологиялық жағдайларда препараттар таңдауын қамтамасыз ету үшін, соның ішінде стоматология практикасында да, холинергиялық заттардың фармакокинетика және фармакодинамикасының жалпы заңдылықтар білімін қалыптастыру, рецепт жазуды білу.

3. Оқыту міндеттері:

  1. Холинергиялық заттардың жіктелуімен танысу

  2. Холинергиялық заттардың фармакокинетика және фармакодинамиканың жалпы заңдалықтарын оқу.

  3. Клиникалық практикада соның ішінде стоматолог-дәрігердің тәжірибесінде холинергиялық заттардың қолдануға көрсеткіштерін оқып білу.

  4. Холинергиялық заттардың рецептте жазылуын, бір реттік және тәуліктік мөлшерлерді санауды үйрену, соның ішінде стоматологияда.

  5. Препараттың жеке ерекшеліктерін және қасиеттерін ескере отырып, холинергиялық заттардың енгізу жолдарын, мөлшерлеу режимінің принциптерін оқып білу.

  6. Холинергиялық заттардың комбинирлеу мүмкіншіліктерін оқып білу.

  7. Жанама әсерлерін және оларды алдын алуды білу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]