Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3 курс СТОМ 2011 каз яз.doc
Скачиваний:
40
Добавлен:
18.11.2019
Размер:
3.05 Mб
Скачать

Бронх демікпесінің ұстамасының алдын алуда қолданылатын препараттар

1. Кетотифен

2. Эуфиллин

3. Адреналин гидрохлориді

4. Ипратропиум бромиді

5. Кромалин-натрий

Тест №7

Зафирлукст

1. Лейкотреиндік рецепторлар блокаторы

2. 5-липоксигеназа ингибиторы

3. Айқын қабынуға қарсы әсер етеді

4. Бауырдың микросомалды ферменттерін тежейді

5. Бауырдың микросомалды ферменттерін индуцирлейді

Тест №8

Натрий нитропуссиді өкпе ісінуінде қолданылады, себебі:

1.Кіші қанайналымындағы қысымды төмендетеді

2.Диурезді арттырады

3.Кардиотоникалық әсер көрсетеді

4.Диурезді төмендетеді

5. Кіші қанайналымындағы қысымды жоғарылатады

Тест №9

Шеткі қантамырларын кеңейте отырып, кіші қанайналымындағы қысымды төмендетеді:

1.Гигроний

2.Анаприлин

3.Фентоламин

4.Натрий нитропруссиді

5.Лабеталол

Тест №10

Өкпе сінуі кезіндегі фуросемидтің емдік әсері негізделген:

1.Көпіруге қарсы әсеріне

2.Кардиотоникалық әсеріне

3.Диуретикалық әсеріне

4.Кіші қанайналымында қысымның төмендеуіне

5.Кіші қанайналымында қысымның жоғарылауына

Ескерту: тесттік тапсырмалардың жауаптары оқытушыларда.

17 сабақ

1.Тақырыбы: «Витаминдік және коферменттік препараттар»

2 Сабақтың мақсаты. студенттерді витаминдік және коферменттік препараттардың фармакокинетикасын және фармакодинамикасын білуге, әртүрлі патологиялық жағдайларда, соның ішінде стоматологиялық практикада қолдануды дұрыс таңдай білуге оқыту, рецепттерді дұрыс жазуға үйрету.

3. Оқытудың міндеттері.

  1. Витаминдік және коферменттік препараттардың фармакокинетикасын және фармакодинамикасын зерделеу.

  2. Дәрілік заттардың қасиеттері жөніндегі мәліметтердің негізінде оларды қолдану мүмкіндіктерін зерделеу.

  3. Витаминдік және коферменттік препараттарды қолдануға негізгі көрсетулерді, қарсы көрсетулерін, жағымсыз әсерлерін зерделеу, олардың дамуын алдын алу.

  4. Осы топтың негізгі препараттарына әртүрлі дәрілік қалыпта рецепт жаза білуге үйрену.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Витаминдердің және витамин тектес қосылыстардың жіктелуі.

  2. Суда еритін витаминдердің қолданылуы, олардың коферменттері, жанама әсерлері.

  3. В тобына жататын витаминдердің зат алмасу үрдісінде алатын орны, олардың фармакокинетика және фармакодинамикасының ерекшеліктері, препараттардың салыстырмалы сипаттамалары.

  4. Аскорбин қышқылы, негізгі фармакологиялық әсерлері.

  5. Коферментік препараттардың әсер ету ерекшеліктері жанама әсерлері.

  6. Майда еритін витаминдер, қолданылуы, олардың жанама әсерлерінің даму мүмкіндіктері.

  7. Ретинол, фармакокинетикасы мен фармакодинамикасының ерекшеліктері, қолданылуы, жанама әсерлері, гипервитаминоздың даму мүмкіндіктері.

  8. Д тобының витаминдері, олардың фосфор және кальций алмасуына әсерлері, қолданылуы, жанама әсерлері, гипервитаминоздың даму мүмкіндіктері.

  9. Токоферолдар, олардың биологиялық маңызы, препараттардың фармакодинамикасы, антиоксиданттық қасиеттері.

  10. К витаминінің препараттары, фармакодинамикасы, қан ұюына әсерлері.

  11. Филлохинононың синтетикалық орын басушылары – викасол, оның әсерлерінің ерекшеліктері.

  12. Витаминтәріздес қосылыстар (кофакторлар), карнитин, орот және липой қышқылдарының фармакодинамикасы, қолдануға көрсетулері.

  13. Биофлавоноидтар, алыну көздері, негізгі фармакологиялық әсерлері.

  14. Антивитаминдердің жіктелуі және қолданылуы.

  15. Витаминдік жетіспеушілік, олардың даму себептері.

  16. Гипервитаминоз жөнінде түсінік. Витаминдік препараттармен улану.

5. Оқыту және сабақ беру әдістері: талқыланып отырған тақырыптың көкейтесті мәселелерін ауызша сұрау, тесттік тапсырманы орындау, жағдайлық есепті шешу, рецепттерді талдап жазу, шағын топтармен жұмыс жүргізу, кестелерді, суреттерді, сызбаларды сараптау, қортытындылау, рецепттерді талдап жазу, бірреттік дозасын есептеу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]