Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3 курс СТОМ 2011 каз яз.doc
Скачиваний:
40
Добавлен:
18.11.2019
Размер:
3.05 Mб
Скачать

7. Бақылау

1. Тақырыптың негізгі сұрақтарына ауызша жауап.

2. Негізгі антиангиналды заттарға рецепт жаза білу, талдау, тобы, фармакологиялық әсері, қолданылуы, жанама әсері.

3. Тест тапсырмасын орындау.

Тест тапсырмалары

Тест №1

Клонидин

  1. Орталық әсерлі нейротропты гипотензивті зат.

  2. Жүрек гликозиді

  3. Антиангиналды зат

  4. Зәр айдағыш зат

  5. Гипотензивті зат

Тест №2

Альфа – адреноблокатор тобының селективті препараты

  1. Пропранолол

  2. Индопамид

  3. Прозазин

  4. Гидрохлортиазид

  5. Эналаприл

Тест №3

Калий каналының активаторы

  1. Миноксидил

  2. Натрий нитропруссиді

  3. Индапамид

  4. Фуросемид

  5. Дибазол

Тест №4

Гипотензивті миотропты зат – азот тотығының донаторы

  1. Гидралазин

  2. Клонидин

  3. Натрий нитропруссиді

  4. Атенолол

  5. Магния сульфаты

Тест №5

Имидозалиндік рецепторлардың ынталандырғышы

  1. Диазоксид

  2. Моксонидин

  3. Гидралазин

  4. Атенолол

  5. Миноксидил

Тест №6

Миотропты әсерлі гипотензивті зат

  1. Миноксидил

  2. Натрий нитропруссиді

  3. Индапамид

  4. Фуросемид

  5. Дибазол

Тест №7

Гидрохлортиазид

  1. Миотропты әсерлі гипотензивті зат

  2. Симпатолитик

  3. Ганглиоблокатор

  4. Адреноблокатор

  5. Зәр айдағыш зат

Тест8

Клонидиннің (клофелин) антигипертензивті әсері диуретиктермен қосып қолданғанда:

  1. Бұрмаланады

  2. Күшейеді

  3. Өзгермейді

  4. Кездейсоқ өзгерістер

  5. Дұрыс жауап жоқ

Тест №9

Калий каналының активаторларының гипотензивті әсерінің негізгі механизмі

  1. Жүректің жұмысын төмендету

  2. Натрий иондарының ағзадан шығарылуы

  3. Судың ағзадан шығарылуы

  4. Қан тамырлардың кеңеюі және шеткі кернеудің азаюы

  5. Калий иондарының ағзадан шығарылуы

Тест № 10

Моксонидиннің антигипертензивті әсері байланысты:

  1. Ангиотензин айналдырушы ферменттің ынталануы

  2. Орталық имидазолиндік рецепторлардың ынталануы

  3. β1- адренорецепторлардың ынталануы

  4. β1β2 – адренорецепторлардың ынталануы

  5. Ренин өндірілуінің күшеюі

16 сабақ

1. Тақырыбы: Бронхоспазм кезінде қолданылатын препараттар. Өкпе ісінуі.

2. Мақсаты: тыныс мүшелеріне әсер ететін, соның ішінде бронх демікпесі және өкпе ісінуінде қолданылатын заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасы, оларды қолданудың негізгі көрсеткіштері мен жанама әсерлері туралы жалпы білімін қалыптастыру, бронх демікпесі мен өкпе ісінуі кезінде қолданылатын заттарға рецепт жаза білу, оларды талдау және түзетулер енгізу.

3. Оқытудың міндеттері:

1.Тыныс алу мүшелеріне әсер ететін, әсіресе бронх демікпесі мен өкпе ісінуі кезінде қолданылатын заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасының жалпы заңдылықтарын меңгеру;

2.Олардың қасиеттері туралы мәліметтердің негізінде дәрілік заттарды қолдану мүмкіндіктерін меңгеру;

3.Тыныс алу мүшелеріне әсер ететін дәрілік заттардың қолдануға негізгі көрсеткіштері, қарсы көрсеткіштері, жағымсыз жанама әсерлері;

4.Осы топтың әртүрлі қалыптардағы негізгі препараттарына рецепт жазуға үйрену.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Бронх демікпесі кезінде қолданылатын заттар. Жіктелуі.

  2. Адреномиметиктер тобына жататын бронхолитикалық заттардың салыстырмалы сипаттамасы, әсер ету механизмі, қолдану ерекшеліктері, жанама әсерлері.

  3. М-холиноблокаторлар тобының бронхолитиктері, препараттардың салыстырмалы сипаттамасы.

  4. Миотропты спазмолитиктер, әсер ету механизмі, қолдану ерекшеліктері, жанама әсерлері.

  5. Бронх демікпесі кезінде аллергияға қарсы заттарды (глюкокортикоидтар, кромолин-натрий, кетотифен) қолдану ерекшеліктері.

  6. Лейкотриенді жүйеге әсер ететін заттар (зилеутон, зафирлукаст), препараттардың салыстырмалы сипаттамасы.

  7. Өкпе ісінуі кезінде қолданылатын заттар. Жіктелуі.

  8. Өкпе ісінуінде қолданылатын заттардың әсер ету механизмі.

  9. Өкпе ісінуінде қолданылатын заттардың салыстырмалы сипаттамасы (қолдану ерекшеліктері, жанама әсерлері).

5. Оқыту және сабақ беру әдістері: тақырыптың қарастырылатын негізгі сұрақтары бойынша сұрау-әңгімелесу, тесттік тапсырмалар мен нұсқау бойынша қорытындылап ситуациялық есептерді шешу, талдауымен рецепт жазу, кіші топтарда жұмыс жасау, кестелерді, суреттерді, схемаларды талдау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]