Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3 курс СТОМ 2011 каз яз.doc
Скачиваний:
40
Добавлен:
18.11.2019
Размер:
3.05 Mб
Скачать

Тест №6

Синтетикалық глюкокортикоидтарға жатады

  1. преднизолон

  2. дексаметазон

  3. гидрокортизон

  4. беклометазон дипропионаты

  5. флуметазон пивалаты

Тест № 7

Эстрогендерді қолдануға көрсетулер

  1. Аналық бездердің жетілмеуі

  2. Климакстық бұзылыстар

  3. Сары дене қызметінің жеткіліксіздігі

  4. Куықасты безінің қатерлі ісігі

  5. Босанғаннан кейінгі кезеңде лактацияны тежеу үшін

Тест № 8

Препаратты қасиеті бойынша анықтау.

Преднизолонның құрамында фторы бар туындысы. Қабынуға қарсы белсенділігі гидрокортизоннан 5 есе артық, ағзадан натрий, хлор, калий иондарының және судың шығарылуына мүлдем әсер етпейді. Жанама әсерлері: бұлшықеттің атрофиясы, тәбеттің жоғалуы, депрессия.

  1. Гидрокортизон

  2. Кортикостерон

  3. Преднизолон

  4. Дексаметазон

  5. Триамцинолон

Тест № 9

Глюкокортикоидтарды қолдануға көрсетулер:

  1. Аутоиммунды аурулар

  2. Кант диабеті

  3. Мүшелер мен тіндердің транслантациясында

  4. Терінің және шырышты қабықтың аурулары

  5. Жаңа туған нәрестелердегі тыныс алудың бұзылысы синдромы

Тест № 10

Стероидты құрылысты гормондарға жатады:

  1. Калқанша безінің тиреоидты гормондары

  2. Жыныс бездерінің гормондары

  3. Бүйрек үсті безінің қыртысты қабаты гормондары

  4. Гипоталамус және гипофиз бездерінің гормондары

  5. Уйқы безінің гормондары

20 сабақ

1. Тақырыбы «Қабынуға қарсы және аллергияға қарсы заттар»

2. Мақсаты: белгілі патологиялық жағдайларда препараттар таңдауын қамтамасыз ету үшін, соның ішінде стоматология практикасында да, қабынуға қарсы және аллергияға қарсы заттардың фармакокинетика және фармакодинамиканың жалпы заңдылықтар білімін қалыптастыру, рецепт жазуды білу.

3. Оқыту міндеттері:

  1. Қабынуға қарсы және аллергияға қарсы заттардың жіктелуімен танысу.

  2. Қабынуға қарсы және аллергияға қарсы заттардың фармакокинетика және фармакодинамиканың жалпы заңдылықтарын оқу.

  3. Клиникалық практикада, соның ішінде стоматолог дәрігердің тәжірибесінде қабынуға қарсы және аллергияға қарсы заттардың негізгі қолдануға көрсеткіштерін оқу.

  4. Қабынуға қарсы және аллергияға қарсы заттардың рецептте жазылуын, бір реттік және тәуліктік мөлшерлерді санауды үйрену, соның ішінде стоматологияда.

  5. Препараттың жеке ерекшеліктерін және қасиеттерін ескере отырып, қабынуға қарсы және аллергияға қарсы заттардың енгізу жолдарын, мөлшерлеу режимінің принциптерін оқып білу.

  6. Қабынуға қарсы және аллергияға қарсы заттардың комбинирлеу мүмкіншіліктерін оқып білу.

  7. Жанама әсерлерін және оларды алдын алу жолдарын оқып білу.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Қабынуға қарсы заттардың жіктелуі.

  2. Стероидты қабынуға қарсы заттар, қабынуға қарсы әсерінің механизмі, салыстырмалы сипаттамасы, енгізу жолдары, жанама әсерлері.

  3. Стероидты қабынуға қарсы заттардың аллергияға қарсы және иммунодепрессивті әсерлерінің мүмкін болатын механизмі.

  4. Стероидты емес қабынуға қарсы заттардың негізгі әсерлері және олардың мүмкін болатын әсер механизмі.

  5. Препараттардың қабынуға қарсы, ыстық түсіруші және ауру сезімді басушы әсерлері бойынша салыстырмалы сипаттамасы.

  6. Аллергияға қарсы препараттардың жіктелуі және әсер ету механизмі, олардың салыстырмалы сипаттамасы, қолданылуы, жанама әсерлері.

  7. Гистаминге қарсы, серотонинге қарсы (ципрогептадин) және брадикининге қарсы (пармидин) препараттар.

  8. Баяу дамитын аса жоғары сезімталдылықта қолданылатын препараттар.

  9. Анафилактикалық шокта қолданылатын заттар (адреномиметиктер, бронхолитиктер, тіннің зақымдалуын азайтатын заттар)

  10. Кромолин-натрий мен кетотифеннің әсер ету принциптері және қолданылуы.

  11. Иммунодепрессанттар. Жіктелуі. Әсер ету механизмі. Препараттардың салыстырмалы сипаттамасы.

  12. Иммунодепрессанттарды қолдануға көрсеткіштер.

  13. Иммунодепрессивті терапияның асқынулары (ерте және кеш).

  14. Иммуномодулирлеуші заттар. Баяу дамитын аса жоғары сезімталдылықта қолданылатын заттар.

  15. Иммуногенезді тежейтін заттар. Тіннің зақымдалуын азайтатын препараттар (қабынуға қарсы заттар).

5. Білім беру және оқыту әдістері: тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша ауызша сұрау, тесттік тапсырмаларды және жағдайлық есептерді шешу, кіші топтарда жұмыс істеу, кестелерді, суреттерді және сызбаларды сараптау, қорытынды жасау, рецепттерді жазу және талдау, бір реттік мөлшерін есептеу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]