Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3 курс СТОМ 2011 каз яз.doc
Скачиваний:
40
Добавлен:
18.11.2019
Размер:
3.05 Mб
Скачать

Анестезиннің қолдануға қарсы көрсеткіштері:

  1. Қышымамен жүретін терілік аурулар

  2. Ауру сезімді жарақаттық және жаралы беттер

  3. Тік ішектің сызаттары

  4. Хирургиялық операциялар

  5. Асқазанның ойық жара ауруы

Тест №16

Препаратты анықтау: ПАБҚ туындысының тобына жатады, нашар еритіндіктен жағылма, суппозитория, паста түрінде терминалды анестезия үшін қолданылады, асқазанда ауру сезімі болғанда және құсу кезінде ішке ұнтақ, таблетка түрінде тағайындалады.

  1. Танин

  2. Новокаин

  3. Анестезин

  4. Лидокаин

  5. Дикаин

Тест №17

Сульфаниламидтік препараттардың антибактериалды белсенділігін төмендететін анестетик:

  1. Новокаин

  2. Тримекаин

  3. Лидокаин

  4. Пиромикаин

  5. Маркаин.

Тест №18

Жергілікті анестетиктердің әсерін күшейтетін және ұзартатын фактор:

1. Қышқыл орта

2. Бейтарапты орта

3. Тамыр тарылтқыш заттар

4. Анестетиктерді қолданған жерде қабынудың болуы

5. Парааминобензой қышқылының болуы

Тест №19

Затты анықтау: тамырларды тарылтады, артериялық қысымды жоғарлатады. Бронх бұлшықеттерінің тонусына әсер етпейді. Альфа-адреноблокаторлармен прессорлық әсері «бұрмаланбайды». Гипотензия, коллапс кезінде қолданылады:

  1. Адреналин

  2. Фенотерол

  3. Галазолин

  4. Мезатон

  5. Нафтизин

Тест №20

Сорып алушы заттар:

  1. Белсендірілген көмір, тальк

  2. Висмуттың негізгі нитраты, магний трисиликаты

  3. Ментол, қыша қағазы, аммиак ерітіндісі

  4. Танин, емен қабығының қайнатпасы

  5. Крахмал шырышы

Тест №21

Сорып алушы заттардың әсер ету механизмі:

  1. Рецепторлық түзілістерді тежеу

  2. Шырышты қабаттың беткей қабатының белоктарының коагуляциясы

  3. Шырышты қабаттарда қорғаныс қабатының түзілуі

  4. Жүйке ұштарының талғамды қозуы

  5. Химиялық қосылыстарды сорып алу, ол сезімтел жүйке ұштарын қорғайды

Тест №22

Атропинді қолдануға қарсы көрсеткіштері:

  1. Сілекей бездерінің гиперсекрециясы

  2. Гиперацидті гастрит

  3. Асқазан мен 12 елі ішектің ойық жара ауруы

  4. Ішектің атониясы

  5. Бронхоспазм

Тест №23

Басқармалы гипотензияда қолданылады:

  1. Гигроний

  2. Дитилин

  3. Празозин

  4. Тубокурарин

  5. Атропин

Тест №24

Көз түбін зерттеу үшін, ішектік, бүйректік және бауырлық шаншулар, бронх демікпесінде, асқазан және 12 елі ішектің ойық жарасында, гиперсаливация және премедикаиця үшін қолданылады:

  1. Сальбутамол

  2. Атропин

  3. Ипратропиум бромиді

  4. Пирензепин

  5. Изадрин

Тест №25

Ұзақ уақыт әсер ететін анестетик:

  1. Лидокаин

  2. Дикаин

  3. Бупивакаин

  4. Тримекаин

  5. Новокаин

Тест №26

Тек беткей анестезияда қолданылатын анестетиктер:

1. Анестезин, тримекаин

2. Лидокаин, новокаин

3. Тримекаин, кокаин

4. Дикаин, анестезин

5. Новокаин, анестезин

Тест №27

Дикаинді инфильтрациялық және өткізгіштік анестезия үшін қолданылмайды, себебі:

  1. Тітіркендіргіш әсері бар

  2. Нашар ериді

  3. Улылығы жоғары

  4. Анестезиялаушы белсенділігі төмен

  5. Тез бұзылады

Тест №28

Сульфаниламидтік препараттармен бірге тағайындауға болатын жергілікті анестетиктер:

1. Новокаин, тримекаин

2. Лидокаин, тримекаин

3. Тримекаин, новокин

4. Дикаин, бупивакаин

5. Анестезин, новокаин

Тест №29

Препаратты анықтау: тікелей емес адреномиметик. Жүрек жұмысын ынталандырады, артериялық қысымды жоғарлатады, бронхолитикалық әсер шақырады, ішек перистальтикасын тежейді, қарашықты кеңейтеді, гипергликемия шақырады. Бронх демікпесінде, гипотензияда қолданылады:

  1. Адреналин

  2. Резерпин

  3. Прозерин

  4. Эфедрин

  5. Пропранолол

Тест №30

Пропранололдың қарсы көрсеткіштері:

1. Қан қысымының жоғарлауы

2. ОЖЖ қозуы

3. Бронхоспастикалық жағдай

4. Тахикардия

5. Бүйректік гипертония

Тест №31

Бета2 -адреномиметиктерді қолдануға көрсеткіштер:

  1. Артериалды гипотензия

  2. Артериалды гипертензия

  3. Жүректік тахиаритмиялар

  4. Ашық бұрышты глаукома

  5. Бронх демікпесі

Тест №32

Холинэстеразаға қарсы заттарды қолдануға көрсеткіштер:

  1. Қарашықтың тарылуы, брадикардия

  2. Бронх демікпесі, артериялық қысымның жоғарлауы

  3. Ішкі мүшелердің тегіс салалы бұлшықеттерінің тонусының жоғарлауы, бауырлық және бүйректік шаншу, тырысулық синдром

  4. Асқазанның және 12 елі ішектің ойық жара ауруы, гиперацидті гастрит, бронх бездерінің секрециясының жоғарлауы, гиперсаливация

  5. Қаңқалық бұлшықеттерінің тонусының төмендеуі, параличтер, парездер, ішек және қуықтың атониясы, глаукома

Тест №33

Бета-2-адренорецепторлар ынталанған кезде байқалады:

1. Жүректің жұмысы күшейеді

2. Артериолалардың тарылуы

3. Бронхтардың кеңеюі

4. Гликогенолиздің төмендеуі

5.Инсулиннің секрециясы төмендейді

Тест №34

Дитилиннің әсер ету механизмі:

1. Қозғалтқыш жүйке ұштарында ацетилхолиннің синтезінің бұзылуы

2. Постсинапстық мембрананың гиперполяризациясы

3. Постсинапстық мембрананың тұрақты деполяризациясы

4. Постсинапстық мембрананың тұрақтануы

5. Ацетилхолиннің гидролиз жылдамдығының жоғарлауы

Тест №35.

Н-холиномиметиктердің әсер ету механизмі:

  1. М және Н-холинорецепторлардың ынталануы

  2. М-холинорецепторлардың тежелуі

  3. Ацетилхолинэстеразаның тежелуі

  4. Н-холинорецепторлардың ынталануы

  5. М және Н-холинорецепторлардың тежелуі

Тест №36

Сәйкестікті табыңыз

Тобы:

Н-холиномиметиктер

Ганглиоблокаторлар

Препараттар:

А) лобелин

Б) пирилен

В) бензогексоний

Г) цититон

Д) гигроний

Е) пентамин

1……., 2……., 3…….

Тест № 37.

«Табекс» және «Лобесил» қолданылады:

  1. Антигипотензивті заттар ретінде

  2. Шылым шегуді тастау кезінде

  3. Деполяризацияға қарсы миорелаксанттардың антагонисті ретінде

  4. Тыныс алу орталығын ынталандыратын заттар ретінде

  5. Антигипертензивті заттар ретінде

Тест №38.

Затты анықтау: Алколоид, үшіншілік аминдерге жатады. Каротидті шумақтардың, симпатикалық ганглийлердің, бүйрек үсті безінің милы қабатының Н-холинорецепторларын ынталандырады, тыныс алу орталығын рефлекторно қоздырады.

  1. Цититон

  2. Гигроний

  3. Пентамин

  4. Лобелин

  5. Бензогексоний

Тест № 39.

Ганглиоблокаторлардың гипотензивті әсерінің механизмі байланысты:

  1. Симпатикалық ганглийлердің тежелуімен

  2. Парасимпатикалық ганглийлердің тежелуімен

  3. Қан тамырлардың адренорецепторларын тежеумен

  4. Тамыр қозғалтқыш орталықтың тежелуімен

  5. М-холинорецецепторлардың қозуымен

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]