Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3 курс СТОМ 2011 каз яз.doc
Скачиваний:
40
Добавлен:
18.11.2019
Размер:
3.05 Mб
Скачать

Тест № 40

Симпатолитиктер:

  1. Қан қысымын жоғарлатады

  2. Қан қысымын төмендетеді

  3. Постсинапстық рецепторларға әсер етеді

  4. Альфа-адренорецепторларды тежейді

  5. Бета-адренорецепторларды тежейді

Ескерту: Тесттік тапсырмалардың жауаптары оқытушыда.

9 сабақ

1.Тақырыбы: Наркоздық заттар. Этил спирті. Ұйықтатқыш заттар.

2. Мақсаты: Стоматологиядағы кейбір патологиялық жағыдайларда препараттарды тиімді таңдау үшін наркозға арналған заттардың, этил спиртінің, ұйықтатқыш заттардың фармакокинетикалық және фармакодинамикалық жалпы заңдылықтарына арналған білімдерін біріктіру, оларға рецепт жаза білу.

3. Оқыту міндеттері:

1. Наркозға арналған, ұйықтатқыш заттардың, этил спиртінің жіктелуімен танысу

2. Наркозға арналған заттардың, этил спиртінің, ұйықтатқыш заттардың фармакокинетикалық және фармакодинамикалық жалпы заңдылықтарын оқыту.

3. Клиникалық практикада наркозға арналған заттарды, этил спиртін, ұйықтатқыш заттарды қолдануға болатын негізгі көрсетулерді оқу, соның ішінде, врач –стоматологтың практикасында.

4. Негізгі ұйықтатқыш заттарды, этил спиртін рецептте жазуға үйрену, соның ішінде стоматологияда қолданатын, бір реттік және тәуліктік мөлшерлерін есептеу.

5. Ағзаның жеке дара ерекшеліктерін, аурудың сипатын және препараттың қасиеттерін ескере отырып аталған заттардың енгізу жолдарын, мөлшерлеу тәртібін және принциптерін меңгеру, соның ішінде стоматологияда.

6. Наркозға арналған заттарды, этил спиртін, ұйықтатқыш заттарды жұптастыру мүмкіндіктері, жағымсыз жанама әсерлерін оқу және олардың алдын алу.

4 Тақырыпың негізгі сұақтары:

1.ОЖЖ медиаторлары –модуляторлары

2.Наркозға арналған заттардың жіктелуі. Мүмкін болатын әсер ету механизмі

3.Наркоз жағыдайының жалпы сипаттамасы. Наркотикалық әсердің кеңдігі туралы түсінік

4. Эфирлік наркоздың сипаттамасы.

5. Ингаляциялық наркоз үшін кеңінен қолданатын заттардың әсер ету бағасының салыстырмалы сипаттамасы.

6. Ингаляциялық емес наркоз үшін қолдантын заттар, олардың әсер ету ерекшеліктері. Кеңінен қолданатын заттардың салыстырмалы сипаттамасы.

7. Ингаляциялық жән ингаляциялық емес наркозға арналған заттарды қолдануға көрсетулер, асқынулар, стоматологияда қолдану мүмкіндіктері

8. Этил спиртінің жергілікті және резорбтивті әсерлері, жедел улану, көмек көлемі, созылмалы алкоголизмді емдеу

9. Ұйықтатқыш заттардың жіктелуі, әсер ету механизмі, фармакологиялық әсерлері

10. Барбитураттардың және бензодиазепин туындыларының салыстырмалы сипаттамасы

11. Ұйықтатқыш заттарды қолдануға көсетулер және қарсы көрсетулер, жедел улану, көмек көлемі. Дәріге тәуелділік даму мүмкіндігі.

5. Білім беру және оқыту әдістері: тақырыптың негізгі сұрақтарын ауызша сұрау, жағыдайлық есептерді шешу, тесттік тапсырмаларды орындау, аз топтармен жұмыс істеу, кестелерді, суреттерді, сызбаларды сараптау, қорытындылау, рецепт жазып оны фармокологиялық талдау, бір реттік мөлшерін есептеу.

6. Әдебиеттер

Негізгі:

  1. Харкевич Д.А. Фармакология. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.. Мемлекеттік тілдегі аудармасы. – Алматы, 2004.- 608б

  2. Харкевич Д.А. Фармакология. Сезгізінші басылым –М.: Медицина ГЭОТАР, 2008. – С. 166-179,182-192.

  3. Харкевич Д.А. Фармакология. Жетінші басылым –М.: Медицина ГЭОТАР, 2005. – С. 163-176,179-189

  4. Руководство к лабораторным занятиям / Под ред. Д.А.Харкевича. Медицина, С. 2005. 129-137.

Қосымша:

  1. Машковский М.Д. Лекарственные средства. Издание пятнадцатое - М.: Медицина, 2007.– 1200 с.

  2. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров /Венгеровский А.И. – 3-е издание, переработанное и даполненное: учебное пособие – М.: ИФ «Физико-математическая литература», 2006. – 704 с.

  3. Клиническая фармакология./Под ред. В.Г. Кукеса. –ГЭОТАР.: Медицина, 2004.– 517 с.

  4. В.Р. Вебер, Б.Т. Мороз. Клиническая фармакология для стоматологов.-С-П.:2003.-с. 351

  5. Деримедведь Л.В., Перцев И.М., Шуванова Е.В., Зупанец И.А., Хоменко В.Н. «Взаимодействие лекарств и эффективность фармакотерапии» - Издательство «Мегаполис» Харьков 2002.- 782 с.

  6. Лоуренс Д.Р., Бенитт П.Н. – Клиническая фармакология. - М.: Медицина, 2002, т.1-2.- 669. с.

  7. Оксфордский справочник по клинической фармакологии и фармакотерапии. – М.:Медицина, 2000-740 с..

  8. Бороян Р.Г Клиническая фармакология: психиатрия, неврология, эндокринология, ревматология. – М., Медицинское информационное агентство, 2000. – 422. с.

  9. Крылов Ю.Ф., Бобырев В.М. Фармакология: Учебник для студентов стомактологическго факультета. – М., 1999 г. – 325 с.

  10. Базисная и клиническая фармакология. /Под ред. Бертрам Г. Катцунг. – М.: С-П.: Невский диалект, 1998.-т. 1 – 669. с.

  11. Пичхадзе Г.М. Бензодиазепины. Обзорная информация.-Алматы,2003.-15 с

  12. Комендантова М.В.,Зорян Е.В. Фармакология. Учебное пособие. –М.: 1988. –с. 206.

Бағдарлама бойынша препараттар: фторотан, изофлуран, наркозға арнаған эфир, азоттың шала тотығы, тиопентал-натрий, пропанидид, кетамин, натрий оксибутираты, этил спирті, тетурам, нитразепам, фенобарбитал, триазолам, зопиклон, золпидем, доксиламин

Рецепт жазуға арналған препараттар: фенобарбитал, нитразепам, операциялық алаңды өңдеу үшін және аспаптарды заласыздандыру үшін этил спирті

7. Бақылау

  1. Тақырыптың негізгі сұрақтарын ауызша сұрап-әңгіме жүргізу

  2. Негізгі ұйықтатқыш заттарға рецепт жазып оны талдау. Талдау барысында қандай топқа жататынын, негізгі фармакологиялық әсерлері, қолдануға көрсетулер, жанама әсерлері.

  3. Тапсырманы тесттік түрде орындау

Тесттік тапсырмалар

Тест № 1

Ұйықтатқыш заттарға жатады:

1.Фенобарбитал.

2. Тиопентал-натрий.

3. Пропанидид.

4. Натрий оксибутират

5. Кетамин.

Тест № 2

Бензодиазепин тындыларына жатады:

1.Нитразепам.

2.Зопиклон.

3.Фенобарбитал.

4.Золпидем.

5.Доксиламин.

Тест № 3

Фенобарбитал жатады:

1.Барбитур қышқылы туындысына

2. Бензодиазепин туындысына

3. Арилсірке қышқылы туындысына

4. Парааминофенол туындысына

5. Пиразолон туындысына

Тест № 4

Нитразепам ұйқы шақырады, өйткені:

1.ОЖЖ гі бензодиазепиндік рецепторларды қоздырады

2.ОЖЖ гі адренорецепторларды қоздырады

3.ОЖЖ гі барбитураттық рецепторларды қоздырады

4. Орталық холинорецепторларды қоздырады

Тест № 5

Беткейлік ұйқы кезінде қолданатын заттарға жатады:

1.Фенобарбитал.

2.Нитразепам.

3.Диазепам.

4.Доксипамин.

5.Триазолам.

Тест № 6

Препаратты анықтау: көктамырға енгізгенде 5-10 минут әсер етеді, «диссоциативті анестезия» шақырады, ауру сезімін басатын әсері айқын, галлюцинация шақыруы мүмкін:

1.Тиопентал-натрий.

2.Кетамин.

3.Пропанидид.

4.Натрий оксибутираты

5.Изофлуран.

Тест № 7

Фторотандық наркоз кезінде артериалдық қысымды жоғарылату үшін қолданатын препарат:

1.Адреналин.

2.Норадреналин.

3.Мезатон.

4.Эфедрин.

5.Изадрин.

Тест № 8

Поликлиникалық стоматологияда қолданатын «өте қысқа» әсер ететін зат

1.Тиопентал-натрий.

2.Пропанидид.

3.Натрий оксибутираты.

4.Кетамин.

Тест № 9

Түбір каналдарын және кариозды қуыстарды кептіру үшін және заласыздандару үшін қолданатын зат:

1. Этил спиртіғ

2.Адреналин

3.Норадренлин

4.Мезатон

5.Лидокаин

Тест № 10

Этил спиртін қолданғанда төменде көрсетілген әсерлер пайда болады, біреуінен

басқасы:

1.Микробтарға қарсы

2.Тітіркендіргіш

3. Наркотикалық

4.Иілгіш

5.Қабынуға қарсы

Ескерту: тесттік тапсырмалардың жауаптары оқытушыларда

10 сабақ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]