Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3 курс СТОМ 2011 каз яз.doc
Скачиваний:
40
Добавлен:
18.11.2019
Размер:
3.05 Mб
Скачать

5. Әдебиеттер:

Негізгі:

  1. Харкевич Д.А. Фармакология оқулығының мемлекеттік тілдегі аудармасы. Алматы, 2004. -608 б.

  2. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. – 9-е изд., перераб., доп. и испр. –М.: ГЭОТАР-Медиа, 2006. -Б.15-38.

  3. Маркова И.В., Неженцев М.В. Фармакология. С-Петербург. 2001. -Б. 4-6.

  4. Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2004. - Б.12-25.

Қосымша:

Машковский М.Д. Лекарственные средства. Издание пятнадцатое. - М.: Новая волна, 2007. -1206 б.

Лекции по фармакологии для врачей и провизоров/ Венгеровский А.И. – 3-е издание, переработанное и дополненное: учебное пособие – М.:ИФ «Физико-математическая литература», 2006. -704 б.

Мирошниченко И.И. Основы фармакокинетики. – М.: ГЭОТАР. –Мед. 2002. -192 б.

Каркищенко Н.Н., Хоронько В.В., Сергеева С.А., Каркищенко В.Н. Фармакокинетика.-Ростов-на-Дону: Феникс, 2001. –384 б.

6.Бақылауға арналған сұрақтар (кері байланыс)

  1. Фармакокинетика нені оқытады?

  2. Фармакодинамиканың мақсатын атау.

  3. Дәрілік заттардың мөлшері, концентрациясы.

  4. Дәрілік заттарды қайталап енгізгенде байқалатын құбылыстар.

Дәрілік заттарды жұптастырып қолданғанда байқалатын құбылыстар.

2 дәріс.

Афференттік иннервацияға әсер ететін заттар

3 дәріс.

1.Тақырыбы: Холинергиялық заттар.

2.Мақсаты: Студенттерді холинергиялық заттардың жіктелуімен, әсер ету механизмдерімен және препараттардың сипаттамасымен таныстыру.

3.Дәріс тезистері:

Холинергиялық заттар – холинергиялық синапста импульстардың берілуіне әсер ететін дәрілік заттар. Холинергиялық синапстың медиаторы ацетилхолин болып табылады.

М - Н холинорецепторларға әсер ететін заттарға жатады: 1. М-, Н-холиномиметиктер; 2. М-, Н-холиноблокаторлар 3. Қайтымды және қайтымсыз әсер ететін антихолинэстеразалық заттар (ФОҚ) – армин.

Ацетилхолин, карбохолин негізінен глаукоманы емдеу үшін қолданылады. Антихолинэстеразалық заттар вегетативті және қозғалыс иннервацияны белсендіреді. Негізгі қолданылуы миастенияда, парез, параличтерде, ішек және қуық атониясында, глаукомада, антидеполяризациялаушы кураре тәрізді заттардың антагонисті ретінде, М-холиноблокаторлармен уланғанда. Армин препраты – тек глаукоманы емдеу үшін. Антагонистері – М-холиноблокаторлар, холинэстеразаның реактиваторлары. Циклодол паркинсонға қарсы зат ретінде қолданылады.

М-холинорецепторларға әсер ететін заттар жіктеледі: 1.М-холиномиметиктер; 2. М-холиноблокаторлар. М-холиномиметиктер парасимпатикалық жүйкелердің белсенуін имитациялайды. Негізгі қолданылуы – глаукома, ішек және қуық атониясы. Антагонистері – М-холиноблокаторлар. М-холиноблокаторлар – холинергиялық (парасимпатикалық) иннервацияның ішкі ағзаларға әсерін тежейді. Офтальмологиялық практикада қолданылады (көз түбін зерттеуінде қарашықты кеңейту, көзілдірік таңдағанда, аккомодацияның параличі), ас қорыту (гиперсаливация, асқазанның ойық жарасы), трахеобронхиалды (наркоздың алдында премедикация) бездердің секрециясын төмендету үшін, бронхоспазмды алдын алу және жою үшін, жүрекке вагустық әсерін азайту үшін, іш қуысының ағзаларының тегіс салалы бұлшық еттердің спазмында. Мөлшерден тыс қолданғанда – қайтымды әсерлі антихолинэстеразалық заттар енгізіледі.

Н-холинорецепторларға әсер ететін заттарға Н-холиномиметиктер мен Н-холиноблокаторлар жатады. Н-холиномиметиктер симпатоадреналды жүйені белсендіреді, тыныс және тамыр қозғалтқыш орталықтарын рефлекторлы ынталандырады. Осымен олардың негізгі қолданылуы түсіндіріледі. Н-холиноблокаторлар ганлиоблокаторларға және шеткі әсерлі миорелаксантарға бөлінеді. Ганглиоблокаторлар симпатикалық, сонымен қатар парасимпатикалық вегетативті ганглийлерде импульстардың өтуін тежейді. Негізгі қолданылуы – гипертониялық криз, басқарылатын гипотония, ми ісінуі, артериялық қысымының жоғарылауына байланысты өкпе ісінуі. Шеткі әсерлі миорелаксанттар жүйке–бұлшық еттік берілуін таңдамалы тежейді және барлық қаңқа бұлшық еттерді, соның ішінде тыныс бұлшық еттерін, босансытады. Негізгі қолданылуы хирургиялық операция кезінде, буынды орнына салғанда, сүйек сынықтардың репозициясында және т.б. Мөлшерден тыс қолданғанда: антидеполяризациялаушы миорелаксанттарды – қайтымды әсер ететін антихолинэстеразалық заттар, деполяризациялаушы миорелоксанттарды – жаңа цитратталған қан және электролиттік балансты коррекциялау.

4. Иллюстративті материал: мультимедиялық дәрістің электрондық нұсқасы (студент кафедрадан алады)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]