Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3 курс СТОМ 2011 каз яз.doc
Скачиваний:
40
Добавлен:
18.11.2019
Размер:
3.05 Mб
Скачать

Тест № 19.

Қалыпты ұйқы құрылымын аз дәрежеде бұзатын, ұйықтатқыш зат:

1.Фенобарбитал.

2. Диазепам.

3. Феназепам.

4. Зопиклон.

5. Нитразепам.

Тест № 20.

Төменде көрсетілген заттар ұйықтатқыш қасиетке ие, біреуінен басқасы:

  1. Зопиклон

  2. Золпидем

  1. Ламотриджин

  1. Фенобарбитал

  2. Нитразепам

Тест № 21

Жалпы тонусты жоғарлататын заттарға жатады, біреуінен басқасы:

1. Женьшень тұнбасы

2. Валериана тұнбасы

3. Лимонник тұнбасы

4. Элеутерокок сығындысы

5. Бемитил

Тест № 22.

Морфиннің ауру сезімін басатын әсері байланысты :

  1. Опиоидты рецепторлардың қозуына

  2. ГАМК-рецепторлардың қозуына

  3. Пуриндік рецепторардың қозуына.

  4. Холинорецепторлардың қозуына

  5. Адренорецепторлардың қозуына

Тест № 23

Нейролептанальгезия үшін фентанилды жұптастырады:

  1. Диазепаммен

  2. Дроперидолмен

  3. Морфинмен

  4. Промедолмен

  5. Трамадолмен

Тест № 24

Валериана препараттарының ықпалынан пайда болатын әсерлер:

  1. Тыныштандырғыш

  2. Антипсихотикалық

  3. Қабынуға қарсы

  4. Антидепрессивті

  5. Анксиолитикалық

Тест № 25

«Бромизм» жағыдайын жою үшін қолданатын препарат:

1. Натрий хлориді

2. Натрий гидрокарбонаты

3. Натрий оксибутираты

4. Натрий сульфаты

5. Натрий валопроаты

Тест № 26.

Невроз кезінде басымырақ қолданатын препараттар:

  1. Нейролептиктер

  2. Аналептиктер

  3. Седативті заттар

  4. Антидепрессанттар

  5. Ноотропты заттар

Тест № 27.

Морфинмен жедел уланудың белгілеріне жатады, біреуінен басқасы:

1. Коматоздық жағыдай

2. Қарашықтың тарылуы

3. Тыныстың тежелуі

4. Гипотермия

5. Мидриаз

Тест № 28.

Жоғарғы жақтың орта үш бөлігінің сынуына байланысты шоктың алдын алу үшін морфинді қолдануға болмайды, өйткені:

  1. Қарашықты тарылтып, неврологиялық асқынулардың диагностикасын қиындатады

  2. Бұндай жағыдайда әсер етпейді

  3. Дәріге тәуелділік шақырады

  4. Тыныс алу орталығына айқын тежегіш әсер көрсетеді

  5. Жұлындық моносинаптикалық рефлекстерді тежейді

Тест № 29.

Самай-жақ буынның артриті кезінде қолданатын препарат:

1.Промедол

2. Морфин

3. Ацетилсалицил қышқылы

4. Трамадол

5.Пентазоцин

Тест № 30.

Этил спиртін медициналық практикада қолдануға көрсетулер, біреуінен басқасы:

  1. Наркоз үшін

  2. Антисептик ретінде

  3. «Алаңдатушы ем» үшін

  4. Өкпе ісінуінде

  5. Дезинфекциялық зат ретінде

Тест №31

Аналептиктерге төменде көрсетілген препараттар жатады, біреуінен басқасы:

1. Кордиамин

2. Бемегрид

3. Этимизол

4. Камфара

5. Мезокарб

Тест №32

Төменде көрсетілген препараттар тыныс алу орталығын белсендіру үшін қолданады, біреуінен басқасы:

  1. Этимизол

  2. Кордиамин

  3. Бемегрид

  4. Кофеин

  5. Мезокарб

Тест №33

Аналептиктерді қолдануға көрсетулер болып табылады, біруінен басқасы:

1. Артериалдық гипертония

2. Ұйықтатқыш заттармен жеңіл дәрежеде улану

3. Бронхиалды демікпе

4. Тыныстың тоқтауы

5. Жаңа туған нәрестенің асфиксиясы

Тест №34

Аналептикалық және психостимулдеуші әсерлер тән:

  1. Кофеинге

  2. Бемегридке

  3. Камфораға

  4. Кордиаминге

  5. Этимизолға

Тест №35

Төменде көрсетілгендер кофеиннің жанама әсерлеріне жатады, біреуінен басқасы:

1. Қозғалыстың қозуы

2. Ұйқысыздық

3. Тахикардия

4. Жүрек аритмисы

5. Артериалды гипотензия

Тест №36

Барбитур қышқылының туындыларына жатады:

  1. Фенобарбитал

  2. Нитразепам

  3. Феназепам

  4. Диазепам

  5. Мезапам

Тест №37

Эпилептикалық статусты жоюға арналған зат:

  1. Диазепам

  2. Дифенин

  3. Этосуксемид

  4. Натрий вальпроаты

  5. Ламотриджин

Тест №38

Эпилепсияның кіші ұстамасында қолданады:

  1. Этосуксемид

  2. Фенобарбитал

  3. Дифенин

  4. Нитразепам

  5. Диазепам

Тест №39

Үштік жүйкенің невралгиясында тиімді қолданатын эпилепсияға қарсы препарат:

  1. Фенобарбитал

  2. Карбамазепин

  3. Ламотриджин

  4. Клоназепам

  5. Дифенин

Тест №40

Наркотикалық анальгетиктермен жедел улануды емдеу үшін қолданатын препарат:

  1. Пентазоцин

  2. Налоксон

  3. Морфин

  4. Дитероксим

  5. Изонитрозин

14 сабақ

Тақырыбы: Жүрек қан тамыр жүйесіне әсер ететін заттар: антиангиналды заттар.

Мақсаты: Стоматология тәжірибесінде белгілі патологиялық жағдайларда антиангиналды заттады рационалды таңдау, олардың фармакокинетикалық және фармакодинамикалық заңдылықтарын үйрету, препараттарға рецепт жаза білу.

Оқу міндеттері:.

  1. Антиангиналды заттардың жіктелуімен танысу.

  2. Антиангиналды заттардың фармакокинетикалық және фармакодинамикалық заңдылықтарын үйрету.

  3. Антиангиналды заттардың клиникада соның ішінде стоматолог дәрігерінің тәжірибесінде қолдануға көрсетпелерін үйрету.

  4. Стоматология тәжірибесінде қолданылатын негізгі антиангиналды заттарға рецепт жаза білу, бір реттік мөлшерін және тәуліктік мөлшерін есептеу.

  5. Стоматология тәжірибесінде қолданылатын негізгі антиангиналды заттардың ағзаның жеке ерекшеліктеріне байланысты енгізу жолдары, мөлшерлеу ұстанымы.

  6. Антиангиналды заттарды жұптастыру мүмкіндіктерін, жанама әсерлерін, олардың алдын алуды үйрету

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]