Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3 курс СТОМ 2011 каз яз.doc
Скачиваний:
40
Добавлен:
18.11.2019
Размер:
3.05 Mб
Скачать

2. Бағдарлама.

2.1 Кіріспе.Оқытудың мақсаты:

Фармакология- дәрілік заттардың ағзамен байланысын және дәрілік заттардың жаңа түрлерін іздестіру жолдарын зерттейтін ғылым.

Жылда мыңдаған химиялық қосылыстар зерттеледі. Клиникалық тәжірибеде олардың ішінен тек таңдаулы, жоғары белсенді дәрілік препараттар қолданылады. Жыл сайын танымалы дәрілік заттардың әсер ету механизмдері анықталып, оларды қолданылу көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері кеңейтіледі немесе өзгертіледі. Осыған байланысты фармакология медицинадағы күрделі пәндердің бірі болып табылатыны кездейсоқ емес..

Фармакология – мультипәнді ғылым, теориялық ғылымдары мен клиникалық тәжірибелердің, әсіресе фармакотерапияның, мәліметтерімен біріккен көпсалалы ғылым. Дәрілік заттардың жасушалық, субжасушалық, физиологиялық әсер ету механизмін және бүкіл ағзаға фармакотерапияның әсерлерін анықтау фармакологиялық зерттеудің құндылығы болып келеді. Осыған орай барлық мамандықтардың дәргерлеріне фармакотерапияның негіздерін білу қажет, оның ішінде стоматолог мамандарға да.

Клиникалық пәндердің дамуына фармакология пәнінің алға басуы ерекше әсер етеді. Көпшілік ауруларды емдеудегі соңғы жылдардағы фармакология пәнінің жетістіктерінің өте жылдам өсіп, дамуына байланысты, дәрілік заттардың жаңа топтарының табылуына байланысты, нәтижесінде фармакотерапия универсалды әдіс болып табылады. Сондықтан, фармакология пәнінің медициналық білім беру жүйесінде маңызды орын алады, себебі фармакология пәнін білу стоматолог дәрігерге қажеттілік болып табылады

2.2 Пәннің мақсаты: әртүрлі ауруларда препараттарды тиімді таңдауды қамтамасыз ету үшін, студенттерге дәрілік заттардың әсерінің жалпы заңдылықтары жөнінде түсінік қалыптастыру, оның ішінде стоматология тәжірибесінде қолдану.

2.3 Оқыту міндеттері:

  • Әртүрлі дәрілік қалыптардағы рецепттерді жазуды, рецепт құрастыруды және рецепттерді сауатты жазудың жалпы принциптерін меңгеруді, рецептке жазылған дәрілік заттардың мөлшерін және концентрациясын есептеуді үйрету;

  • Дәрілік заттардың қолдану түрін және дәрілік қалыптарын таңдауды үйрету;

  • Дәрілік заттардың фармакокинетикалық және фармакодинамикалық жалпы заңдылықтары жөнінде түсінік қалыптастыру ;

  • Фармакологиялық әсерлерінен дамитын ағзадағы мүшелер және жүйелер қызметінің өзгерістерін болжамдап білуді студенттерге үйрету;

  • Дәрілік заттардың ағзадағы мүшелер және жүйелер қызметіне әсерлерін болжамдап білуді және қолдану мүмкіншіліктерін бағалауды үйрету;

2.4 Оқытудың соңғы нәтижелері:

Студент білуі қажет:

  • фармакология пәнінің фармакологиялық терминологиясын және міндеттерін;

  • дәрілік қалыптар, дәрілік препарат, дәрілік зат жөнінде түсінік;

  • халықаралық, патенттелмеген негізгі өмірге маңызды, жедел-жәрдем көмегі кезінде қолданатын дәрілік заттар атауларын,

  • дәрілік заттардың жіктелуін;

  • дәрілік заттардың фармакокинетикасының және фармакодинамикасының жалпы заңдылықтарын;

  • медицинада, оның ішінде дәрігер-стоматолог тәжірибесінде негізгі қолданылуын;

  • ағзаның жеке күйінің ерекшеліктеріне, аурудың жағдайына және препараттың қасиетіне байланысты медицина тәжірибесінде, соның ішінде стоматологияда мөлшерлеу тәртібін және принципін;

  • рецепт, рецепттің қүрылымы және әртүрлі дәрілік қалыптарға рецепт жазудың жалпы принциптерін меңгеруді және рецепт құрастыруды, соның ішінде стоматологияда қолданылуын;

  • дәрілік заттармен шақырылатын жағымсыз және жанама әсерлер, олардың алдын-алу және пайда болған кезде жою жолдары;

Студент жасай білуі тиіс:

  • болашақ мамандығына сай алған білімдерін қолдану;

  • дәрілік қалыптарға рецепт жазу;

  • дәрілік қалыптарды, қолдану тәсілдерін, енгізу жолдарын таңдау, соның ішінде стоматологияда ;

  • дәрілік заттардың фармакологиялық қасиеттерінің жиынтығы және олардың әсер ету, әсер орны бойынша сараптау;

  • дәрілік заттардың жұптастыруды, жағымсыз жанама әсерлерін анықтауды және мүмкіндігінше оларды жоюды;

Дағдылары болуы керек:

  • Әртүрлі дәрілік қалыптардағы рецепттерді жазуды, рецепт құрастыруға;

  • өмірге маңызды негізгі дәрілік препараттарға рецепттерді сауатты жазу және құрастыруға;

  • рецептке жазылған дәрілік заттардың мөлшерін, концентрациясын есептеуді;

  • енгізу жолдарын таңдауды;

  • клиникалық, дәріхананың қызметкерлеріне ақпарат үшін сонымен қатар тұрғындарға мәліметтерді өңдеу және іздестіруге;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]