Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3 курс СТОМ 2011 каз яз.doc
Скачиваний:
40
Добавлен:
18.11.2019
Размер:
3.05 Mб
Скачать

7. Бақылау

  1. Тақырыптың негізгі сұрақтарын ауызша сұрау

  2. Негізгі психозға қарсы заттарға, транквилизаторларға, тыныштандырғыш заттарға рецепт жазып оны талдау. Талдау барысында қандай топқа жататынын, негізгі фармакологиялық әсерлері, қолдануға көрсетулер, жанама әсерлерін көрсету.

  3. Тапсырманы тесттік түрде орындау

Ескерту: тесттік сұрақтардың жауаптары оқытушыларда

Тесттік тапсырмалар

Тест №1

Наркотикалық анальгетик:

  1. Промедол

  2. Парацетамол

  3. Кеторолак

  4. Анальгин

  5. Ацетилсалицил қышқылы

Тест №2

Наркотикалық емес анальгетик:

  1. Омнопон

  2. Промедол

  3. Фентанил

  4. Кеторолак

  5. Пентазоцин

Тест №3

Пиразолон туындылары болып табылады:

  1. Анальгин

  2. Парацетамол

  3. Кеторолак

  4. Ацетилсалицил қышқылы

  5. Промедол

Тест №4

Шеткі әсерлері басымырақ, анальгетикалық әсері бар туындылар:

  1. Ацетилсалицил қышқылының туындылары

  2. Пиперидин туындылары

  3. Бутирофенон туындылары

  4. Тиоксантен туындылары

  5. Бензодиазепин туындылары

Тест №5

Морфинмен уланудың салдарынан болған, тыныстың тежелуінде енгізеді:

  1. Налоксон

  2. Кофеин

  3. Омнопон

  4. Пентазоцин

  5. Дроперидол

Тест №6

Морфинмен жедел улануда келесі шаралар жасалады, біреуінен басқасы:

  1. Асқазанды жуу

  2. Науқасты жылыту

  3. Налоксон егізу

  4. Жасанды дем беру

  5. Барбитураттарды енгізу

Тест №7

Наркотикалық анальгетиктер төменде көрсетілген жағдайлардың барлығында қолданады, біреуінен басқасы:

  1. Күшті ауру сезімінде (жарақаттар, күйіктер)

  2. Наркоз алдындағы премедикация үшін

  3. Миокардтың инфарктысы кезіндегі ауру сезімі

  4. Тегіс салалы бұлшық еттің тырысуы кезінде

  5. Артралгия кезінде

Тест №8

Тістегі ауру сезімін басу үшін қандай анальгетик қолданады?

  1. Промедол

  2. Морфин

  3. Анальгин

  4. Омнопон

  5. Пентазоцин

Тест №9

Наркотикалық емес анальгетиктерді төменде көрсетілген жағыдайларда қолданады, біреуінен басқасы:

  1. Жарақат салдарынан болған ауыру сезімі

  2. Бас ауруы

  3. Тіс ауруы

  4. Бұлшық ет және буын аурулары

  5. Невралгиялық ауру сезімі

Тест №10

Наркотикалық емес анальгетиктердің анальгезиялық әсерлері байланысты:

  1. Фосфодиэстеразаның тежелуімен

  2. Циклооксигеназаның тежелуімен

  3. Аденозиндезаминазаның тежелуімен

  4. Аденилатциклазаның тежелуімен

  5. Холинэстеразаның тежелуімен

11 сабақ

1. Тақырыбы: Психозға қарсы заттар. Транквилизаторлар. Тыныштандырғыш заттар.

2. Мақсаты: Стоматологиядағы кейбір патологиялық жағыдайлара препараттарды тиімді таңдау үшін нейролептиктердің, транквилизаторлардың, тыныштандырғыш заттардың фармакокинетикалық және фармакодинамикалық жалпы заңдылықтарына арналған білімдерін біріктіру, оларға рецепт жаза білу.

3. Оқыту міндеттері:

  1. Нейролептикердің, транквилизаторлардың және тыныштандырғыш заттардың жіктелуімен танысу

  2. Нейролептикердің, транквилизаторлардың, тыныштандырғыш заттардың фармакокинетикалық және фармакодинамикалық жалпы заңдылықтарын оқыту.

  3. Клиникалық практикада нейролептикерді, транквилизаторларды және тыныштандырғыш заттарды қолдануға болатын негізгі көрсетулерді оқу, соның ішінде врач –стоматологтың практикасында.

  4. Негізгі нейролептикерді, транквилизаторларды, тыныштандырғыш заттарды рецептте жазуға ұйрену, соның ішінде стоматологияда қолданатын, бір реттік және тәуліктік мөлшерлерін есептеу.

  5. Ағзаның жеке дара ерекшеліктерін, аурудың сипатын және препараттың қасиеттерін ескере отырып нейролептикердің, транквилизаторлардың және тыныштандырғыш заттардың енгізу жолдарын, мөлшерлеу тәртібін және принциптерін меңгеру, соның ішінде стоматологияда.

  6. Нейролептикерді, транквилизаторларды, тыныштандырғыш заттарды жұптастыру мүмкіндіктері, жағымсыз жанама әсерлерін оқу және олардың алдын алу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]