Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Стандарттау учебник.doc
Скачиваний:
551
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
3.04 Mб
Скачать

Исо халықаралық ұйымы атқару жүйесінің қызметтері

СТАКО – ИСО кеңесінің стандарттау бойынша іргелі мәселелерді қарайтын комитеті. Барлық жұмыстары жұмыс тобының шеңберінде жүргізіледі. Мысалы стандарттау принциптері, стандарттаудың тиімділігі, мемлекеттерде халықаралық стандарттарды қолдану т.б. мәселелерді қарастырады.

Сондай-ақ СТАКО-ның терминология жөніндегі тобы үлкен жұмыстар атқаруда. Бұл комитеттен дайындап шығарған терминология мен анықтамалар стандарттау, сертификаттау және сынақ жүргізу бойынша қолданылатын терминдерді бір үлгіге келтіруге мүмкіндік берді. Қазіргі кезде СТАКО-ның негізгі іс қызметі стандарттау саласында мемлекетаралық тәжрибе алмасу мақсатымен семинарлар өткізу болып отыр.

ПЛАКО. ИСО-ның жұмысын жоспарлау жөнінен ұсыныстар дайындайды, техникалық жұмыстарды үйлестіріп, ұйымдастырады. Сондай-ақ техникалық комитеттерді құру, тарату жөніндегі ұсыныстарды қарайды.

КАСКО. Өнімді сертификаттаудың стандарт талаптарына сәйкестігін ұйымдастыру мәселелерін зерттейді. Негізгі жұмыс саласы сертификаттаудың ұлттық және аймақтық жүйесін өзара тану (ұйғару), қабылдауына жәрдем жасау.

ИНФКО – ИСО-ның ақпараттық жүйесін құрады (қалыптастырады). Стандарт НҚТ-дың автоматтырылған тізімін жүргізу, стандарттар жөніндегі ақпарат алмасу мүмкіндігін жасау.

  • Стандарттау орталықтарының жұмысын үйлестіреді.

  • Стандарт, НТҚ-ды жіктеу, индекстеу жөнінен нұсқаулар беру.

  • НТҚ жөніндегі ақпараттық жүйесінің халықаралық стандартының қолданылуына жәрдем жасайды.

ДЕВКО – стандарттау саласы бойынша дамып келе жатқан елдердің сұранысын (қажеттілігін) зерттейді. Дамыған елдермен тәжірибе алмасу, мамандар дайындау, оқулықтар әзірлеу, дамыған елдермен стандарттау саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерімен айналысады.

КОПОЛКО – тұтынушылар үшін өнімді стандарттаудың тиімділігін арттыру жолдарын зерттейді, стандарттау жұмысына тұтынушылардың қатынасуына жағдай туғызады. Тұтынушылар мәселесі бойынша ИСО ұйымдарымен байланыс жасайды.

РЕМКО – стандарттың үлгі, эталондарға қатысты жетекшілік құжаттар әзірлеуіне ИСО-ға әдістемелік көмек көрсетеді.

ИСО-ның халықаралық стандартты әзірлеу, келісу жұмыстарын ИСО-ның қызмет органдары ТК-тер, қосымша комитеттер, жұмыс топтары жүргізеді.

Дүниежүзілік сауда ұйымы

Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) 1994 жылы құрылған. Бұл ұйым екінші дүниежүзілік соғыстанкейін жасалған тарифтер мен сауда жөніндегі Бас келісімнің (ГАТТ) заңды жалғасы болып табылады.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдары әлемдік (халықаралық) сауданың дамуы қарқынды өріс алыпжылына орта есеппен 6%-ды құрады. Сауда жөніндегі алғашқы келісімдер тарифтері қысқарту болса соңғы кездері антидемпинг және тарифсіз болдыру мәселелері қарастырылуда.

ГАТТ-ты ДСҰ болдырып өзгерту нәтижесінде қызмет саудасымен интеллектуальдық меншік құқығына қатысты сауда мәселелерін қамти отырып ГАТТ-тың қызмет аясын одан әрі кеңейту мүмкіндігі туындады. Сонымен қатар ДСҰ БҰҰ жүйесінде арнайы ұйым ретінде заңды мәртебеге ие болады.

Сонымен ДСҰ – бұл тауармен қызметтің халықаралық саудасы аясында үкіметтердің құқықтары мен міндеттерін айқындайтын көпжақты келісім-шарт, құқықтық құжаттардың кешенді ұйымы. ДСҰ-ның құқықтық негізін Тауар саудасы туралы бас келісім (ГАТТ,1994), қызмет саудасы туралы Бас келісім (ГАТС) және интеллектуальдық меншік құқығының сауда мәселелері туралы келісім (ТРИПС) және басқа құжаттар құрайды.

ДСҰ келісімдері және олардың сипаттамалары:

Тарифтер мен сауда жөніндегі Бас келісім – 1994ж.: тауар саудасының негізгі ережелерін сондай-ақ ДСҰ мүшелерінің осы саладағы құқылары мен міндеттерін айқындайды.

Ауыл шаруашылығы жөніндегі келісім: Ауылшаруашылық тауарлары саудасын реттеу ерекшеліктері мен осы саладағы өндіріс және сауданы мемлекеттік қолдау шараларын пайдалану механизмін айқындайды.

Тоқыма бұйымдары мен киім –кешек жөніндегі келісім: Тоқыма бұйымдары мен киім-кешек саудасын реттеу ерекшеліктерін айқындайды.

Санитарлық және фитосанитарлық нормалар жөніндегі келісім: санитарлық және фитосанитарлық бақылау шараларын қолдану жағдайын белгілейді.

Саудадағы техникалық кедерілер жөніндегі келісім: Стандарт, техникалық регламент, сертификаттау үрдісін қолдану жағдайын анықтайды.

Саудаға байланысты инвестициялық шаралар жөніндегі келісім: капитал енгізуге байланысты отандық тауарларды тұтынуды ынталандыру шараларын шектеу.

Тауарларды кедендік бағалау жөніндегі келісім (1994): Тауардың кедендік құнын бағалау ережелерін анықтайды.

Тауарды жөнелтеу алдындағы инспекция жөніндегі келісім: тауарды жөнелту алдында инспекция жүргізу жағдайын анықтайды.

Шығу тегінің ережесі жөніндегі келісім: Тауардың шығу қағидаларын анықтайды.

Импорттық лицензиялау процедурасы жөніндегі келісім: Импортты лицензиялау процедуралары мен формаларын белгілейді.

Субсидия және өтемдік шаралар жөніндегі келісім: Өтемдік шаралар мен субсидияны қолдану жағдай, процедураларын анықтайды.

Демпингге қарсы келісім: Демпингге қарсы шаралар қолдану жағдайы мен процедураларын анықтайды.

Қорғау шаралары жөніндегі келісім: Импорттың өсуіне қарсы шаралар қолдану жағдайы, процедураларын анықтайды.

ДСҰ-ның келісімдерін қатысушы барлық елдердің парламенттері бекітеді.

ДСҰ-ның негізгі мақсаты – халықаралық саудаға жәрдем жасау, оның әділетті түрде жүргізілуін қамтамасыз ету, экономикалық дамуға ықпал ету. Қазіргі кезде ДСҰ-ның мүшелігіне 140-тан астам ел қамтылған. Олар ДСҰ-ның ережелеріне сәйкес сауда келісімдерін жасау, көпжақты келісім – шарттардың орындалуын қадағалау, сондай-ақ даму жолындағы елдерге көмектесу, мемлекеттердің ұлттық экономикалық саясатын қалыптастыруға жәрдем ету арқылы жоғарыдағы мақсатты жүзе асыруда.

ДСҰ-ның шешімдері, әдетте, барлық қатысушы елдердің көлемінде консенсус әдісі арқылы қабылданады. Жоғары деңгейдегі шешім кемінде екі жылда бір рет шақырылатын министрліктік конференцияда қабылданады. Алғашқы конференция 1996 жылдың желтоқсан айында Сингапурде өтті. Осы жиылыста ДСҰ-ның ұйымдық құрылымына үш жаңа жұмыс тобын қосу ұйғарылды. Олар сауда және бәсекелестік саясаты арасындағы үйлесімділік, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу саласындағы айқындық мәселелерімен айналысуда.

Екінші конференцияда ГАТТ/ДСҰ-ның 50 жылдығына орай 1998 ж. Женевада өтті. Министрлік конференцияның қарамағында Бас кеңес жұмыс істейді. Ол жылына бірнеше рет Женевадағы штаб-пәтерінде ДСҰ-ның мүше-өкілдіктерінің құрамынан тұратын жиылыс өткізеді. Бас кеңестің жетекшілігімен екі арнайы ұйым жұмыс жасайды. Олар: Сауда саясатын талдау және дауларды шешу ұйымдары. Оның сыртында Бас кеңеске сауда және даму жөніндегі комитет, сауда балансына байланысты шектеу жөніндегі комитет, бюджет, қаржы және әкімшілік мәселелері жөніндегі комитеттер есеп береді.

Бас кеңес ДСҰ-ның келесі иерархиялық деңгейіндегі үш кеңеске (товар саудасы жөніндегі кеңес, қызмет саудасы жөніндегі кеңес, интеллектуальдық меншік құқығының сауда аспектілері жөніндегі кеңес) тиісті өкілеттіктер береді.

Тауар саудасы жөніндегі кеңес өз кезегінде сауда саласындағы келісімдер мен ДСҰ принциптерінің орындалуын бақылайтын арнайы комитеттердің іс қызметін басқарады.

Қызмет саудасы жөніндегі кеңес ГАТТС келісімінің орындалуын қадағалайды. Оның құрамына қаржы қызметін саудалау және кәсіби қызмет жөніндегі жұмыс тобы кіреді.

Интеллектуальдық меншік құқығының сауда аспектілері жөніндегі кеңес ТРИПС келісімінің орындалуын бақылауды жүзеге асырумен қатар жалған тауарларды халықаралық саудалауға байланысты жанжалдардың пайда болуының алдын алу мәселелерімен шұғылданады.

Көптеген арнайы комитеттер мен жұмыс топтары ДСҰ жүйесінің жекелеген келісімдерімен шұғылданады жәнеде қоршаған ортаны қорғау, даму жолындағы елдердің мәселелері, ДСҰ-на кіру жұмыстары, аймақтық сауда келісімі жөніндегі мәселелермен айналысады.

Женевадағы орналасқан ДСҰ хатшылығында 500 адам жұмыс істейді. Хатшылықты бас директор басқарады. ДСҰ хатшылығы шешім шығармайды. Себебі бұл қызмет мүше елдердің өздеріне жүктелген. Хатшылықтың негізгі міндеттері әр түрлі кеңестер мен комитеттерге, Министрлік конференцияға техникалық қолдау көрсету, дамушы елдерге техникалық жәрдем жасау, әлемдік саудаға талдау жүргізу ДСҰ-ның ережесін жұртшылыққа және бұхаралық ақпарат құралдарына жария ету.

Хатшылық сондай-ақ дауларды шешу процесіне кейбір құқықтық көмек көрсетумен қатар ДСҰ-ға мүше болғысы келетін елдерге кеңес беру қызметін атқарады.

Қазіргі кезде ДСҰ-ның ерікті мүшелігінде 144 мемлекет бар. Олардың 130-дан астамы Қазақстанның сауда серіктестіктері, 34 ел кіруге дайындалу үстінде, оның бірі Қазақстан республикасы.

Осылайша ДСҰ мүше елдері үшін өзара тиімділік, ашықтық пен тең құқыққа негізделген халықаралық еркін сауда жағдайын қамтамасыз ету шараларын жүзеге асырады.

ДСҰ-ның стандарттау саласындағы мақсаты- қатысушы елдердің нормативтік құжаттарының саудадағы техникалық кедергіге айналмауын қамтамасыз ету болып табылады.

Қазақстан Республикасында стандарттарды халықаралық деңгейде қолдану барысы

Қазақстан ИСО, МЭК, МОЗМ сияқты халықаралық ұйымдар- дың мүшелеріне 1994 жылдан бастап ене бастады. Сондай-ақ, МГС (мемлекетаралық стандарттау жөніндегі кеңестің) және МНТКС (құрылыста техникалық реттеу және стандарттау жөніндегі мемлекетаралық ғылыми-техникалық комиссияның), сол сияқты ЕврАзЭС (Эвразиялық экономикалық ынтымақтастығы) және ШОС (Шанғай ынтымақтастық ұйымының) халықаралық ұйымдарының тең құқылы мүшесі бола алды. Елімізде Саудадағы техникалық кедергілер мен санитарлық және фитосанитарлық шаралар Орталығымен тығыз қарымқатынаста жұмыс істейтін Орталық құрылды. Техникалық реттеу және стандарттау саласындағы нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік қоры халықпен тығыз жұмыс істейді. Онда 48 мыңнан астам нормативтік құжаттар, сондай-ақ ИСО, МОЗМ, МЭК халықаралық стандарттары да бар. Бүгінгі таңда тұтынушылардың стандарттар базысынан компьютер арқылы нормативтік құжатын оңай тауып алуына ыңғайлы жағдай жасалынған.

Мемлекетіміздің индустриялды-инновациялық бағдарламасы- ның ең бір басты мақсаты – бәсекеге қабілетті және экспортқа ұялмай шығара алатын өнімдерді өндіру. Қазақстандық өндірушілерді ішкі және сыртқы нарықта жетістіктерге жеткізетін бірден-бір құрал – ол халықаралық стандарттарға көшу болып отыр.

Қазақстан Республикасы стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымның (ИСО) толық құқылы мүшесі, халықаралық электр-техникалық комиссияның (ХЭК) ассоциациялық мүшесі және стандарттау бойынша бірқатар ИСО техникалық комитеттерінің, атап айтқанда, ОТК 1 «Ақпараттық технологиялар», ИСО/ТК 18 «Мырыш және мырыш қорытпалары», ИСО Ж 34 «Тамақ өнеркәсібі», ИСО/ТК 37 «Терминология және басқа да тілдік ресурстар», ИСО/ТК 67 «Мұнай мен мұнай-химиялық және газ өнеркәсібіне арналған континенталды шельф материалдары, жабдықтары мен құрылыстары», ИСО/ТК 135 «Бүлдірмейтін бақылау», ИСО/ТК 176 «Сапа менеджменті мен сапамен қамтамасыз ету», ИСО/ТК 193 «Табиғи газ», ИСО/ТК 207 «Экологиялық менеджментінің», толық құқылы қатысушысы болып табылады.

Әлемнің алдыңғы қатарлы ИСО (халықаралық стандарттау ұйымы), МЭК (Халықаралық электротехникалық комиссия), МСЭ (Халықаралық телекоммуникациялар одағы) халықаралық ұйым- дары өте құнды стандарттармен әлемнің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде деп айтуға болады. Ол стандарттар нарықтық жағдайда да, үкіметтік, не болмаса аймақтық деңгейде де қолдануға өте ыңғайлы.

Қарапайым тіршілікте өндіріліп жатқан өнім, не қызмет түрі тасымалдануы керек, біреуден біреуге берілуі, яғни өндірушіден тұтынушыға жеткізіліп отыруы қажет етеді. Ал халықаралық стандарттау осы алмасуларды бір-бірімен үйлестіре түсіп, тиімділігін арттырады.

Бүгінгі күні саудадағы жаңа кедергілерді жою үшін ең жақсы тәжірибеден ең озық технологияларды пайдалану арқылы жетістіктерге жете аламыз. Одан біз ұлттық қауіпсіздігімізді және қауіпсіздік регламенттерін әзірлеуді қамтамасыз етеміз. Халықаралық стандарттардың маңыздылығын бүгінгі таңда әлем мойындап отыр. Мәселен 1946 жылы ИСО халықаралық стандарттау ұйымы құрылған кезде құрамында бар болғаны 25 ел болса, бүгінде 157 ел бар.

Сурет 1.3 – Қазақстан Республикасының Бүкіл әлемдік сауда ұйымдарымен қарым қатынасы

Өкінішке орай, Қазақстанда өндірісі дамыған елдердің халықаралық және ұлттық стандарттарымен өз стандарттарымызды үйлестірудің қаншалықты маңызды екенін бәрі түсіне бермейді. Бұл түсінбеушілік біріншіден, кететін шығындарға тікелей байланысты. Екіншіден, халықаралық стандарттарға көшудегі пайда бірден байқалмайды.

Стандарттау саласындағы мемлекеттік саясаттың көздеп отырған бір бағыты – ИСО 9000 және ИСО 14000 халықаралық стандарттарына сәйкес сапа жүйесі мене менеджментіне өту. Бұл жүйеде 2002 жылы – 75 кәсіпорын, ал 2003 жылы – 116 кәсіпорын сертификатталған болса, 2005 жылы сапа жүйесін сертификат- тағандардың саны 388-ге жетті, сондай-ақ 159 кәсіпорын дайындық үстінде. Бұдан сапаны сертификаттаудың маңыздылығын еліміздің көптеген кәсіпорындары ерікті түрде мойындап отырғанын көреміз.

2005 жылдың 15-ші мамырында Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» жаңа заңы өз күшіне енді. Бұл заңныңда көздеп отырғаны - өнімнің қауіпсіздігі. Техникалық реттеу жүйесі барлық техникалық регламенттер мен стандарттарды, аккредиттеу әдістері мен сәйкестікті растауды, мемлекеттік бақылау мен қадағалау жұмыстарын бір жүйеге келтіріп, халықаралық нормасына сәйкестендіреді. Сондықтанда да, қазақстандық кәсіпорындардың осы жүйеге тезірек өтуі аса қажет. Жалпы алғанда, техникалық реттеу жүйесі толығымен 2010 жылы жүзеге асатын болады деп күтілуде. Ол аралықта еліміздің бірқатар заңдарына өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, кейбір заңдар- дың қайта қаралуы да мүмкін. Яғни Қазақстанда бәсекелестік орта кеңейі түсіп, отандық өнімдердің сапасы жоғарылап, жалған маркілі өнім түрлері азаятын болады.

Бүгінде стандарттау саласын жетілдіру әлем назарында тұр. Біздің елімізде көптеген жоғары оқу орындарныда стандарттау саласының мамандарын даярлау қолға алынып, сапа жүйесі бойынша сертификатталып, бүгінгі заман талабына сай білікті инженер-сарапшы мамандар даярлауда. Бірақ бұл саланың мамандарын әліде қажетінше оқу курстарына жіберіп, шет елдерде, сондай-ақ өз елімізде, халықаралық ұйымдармен тікелей байланысуы арқылы мамандардың біліктілігін жетілдіру шаралары жүзеге асырса нұр үстіне нұр болатыннына сенімдіміз.

ИСО 9000, ИСО 14000 сериялы халықаралық стандарттары

Сапа менеджмент жүйесінің негізгі қағидалары

1979 жылы ИСО шеңберінде ТК-176 «Сапа басқару және сапаны қамтамасыз ету» комитеті құрылды. Бұл комитеттің құрылуына сапа басқарудың тиімді жүйесін кәсіпорындарға енгізу, қамтамасыз етуді талап еткен өткір бәсекелестік түрткі болады.

Алғашқы кезеңде сапаны қамтамасыз ету саласының ИСО 9000 стандарттары. Британ ұлттық стандарттар негізінде әзірленіп 1987 жылы басылып шықты. Бұл жалпы сапа басқару стандартының өзара байланысты жиынтығы болады.

1994 жылы шыққан келесі концепция мекемелерге сапа жүйесін енгізу ұсыныстарымен едәуір кеңейтілді. 2000 жылдың желтоқсанында стандарттардың жаңа нұсқасы қабылданды. Бұл нұсқада кәсіпорындарда сапа басқару жүйесін құрудың мүлде айрықша жолдары қарастырылды.

ИСО 9000-2000 «Сапа менеджментінің жүйесі. Негізгі ережелер мен сөздіктер» халықаралық стандартын «Сапа басқару және сапаны қамтамасыз ету» ТК-176 әзірлеп шығарады. Бұл стандарт алғы сөз, кіріспе, қолдану саласы, СМЖ-ның негізгі ережелері, терминдер мен анықтамалардан тұрады.

«Кіріспе» бөлімінде негізгі ережелер келтірілген. Онда ИСО 9000-2001 халықаралық стандартының негізгі ережелері- СМЖ-нің негізгі ережелері сипатталып, терминологиясыбелгіленген.

ИСО 9001-2001 мекемеге тұтынушы талабына сай өнім шығаратын өз мүмкіндігін көрсеткісі келген жағдайда СМЖ-не қойылатын талаптарды анықтайды және де тұтынушының қанағыттылығын арттыруға бағытталған.

ИСО 9004-2001 СМЖ-нің нәтижелігі мен тиімділігін қарастыратын ұсынымдарды мазмұндайды. Бұл стандарттың мақсаты мекеменің қызметін жақсарту, тұтынушылар мен басқа да мүдделі жақтарды қанағаттандыру болып табылады.

ИСО 19011 СМЖ-нің аудиті және қоршаған ортаны қорғау жөнінен әдістемелік нұсқауларды мазмұндайды. Бұл стандарттар бірлесіп СМЖ-нің өзара үйлесімді стандарттар кешенін құрайды, сөйтіп ұлттық, халықаралық стандартты өзара түсінікке жәрдем етеді.

Осылайша, ары қарай СМЖ-нің сегіз қағидасы сипатталады. Оларды жоғарғы басшылық мекеменің іс қызметін жақсарту мақсатында пайдалана алады. Ол қағидалар мыналар:

  1. Тұтынушыға бейімделу

  2. Басшылықтың озықтылығы

  3. Қызметкерлерді тарту

  4. Үрдістік амал

  5. Менеджментке жүйелік амал

  6. Ұдайы жақсарту

  7. Фактілерге негізделген шешім қабылдау

  8. Жабдықтау және өзара қарым-қатынас

СМЖ-нің осы 8 қағидасы ИСО 9000 стандарттар тобының негізін құрайды.

«Қолдану саласы» деген бөлімде осы стандарттың қолдану аспектілері, сапа жүйесінің негізгі ережелері, тиісті терминдер қамтылған.

«Сапа менеджменті жүйесінің негізгі ережелері» деген бөлім сапа менеджменті жүйесінің қажеттілігін негіздейді. СМЖ тұтынушы қанағыттылығын арттыруда мекемеге жәрдемдеседі. Сапа менеджментіне жүйелік көз қарас мекемеге тұтынушы талабын талдау, оған қолайлы өнім алуға ықпал ететін үрдістерді анықтау және осы үрдістерді басқару жағдайында ұстап тұруына мүмкіндік береді. СМЖ тұтынушы мен мүдделі жақтардың қанағыттылығын арттыру мақсатында ұдайы жақсартудың негізі бола алады. Бұл жүйе мекеме және тұтынушыға талапқа толықтай сәйкес өнім өткізу сеніжділігін береді.

СМЖ-не және өнімге қойылатын талаптар – ИСО 9000 стандарттар тобы СМЖ-не және өнімге қойылатын талаптардың айырмашылығын айқындайды. ГОСТ Р ИСО 9001-де белгіленген СМЖ-нің талаптары өнеркәсіппен экономиканың саласына ортақ және де өнім түріне қарамай қолдануға ыңғайлы ГОСТ Р ИСО 9001 өнімге қойылатын талаптарды белгілейді.

СМЖ-не көзқарас - бірнеше сатылардан тұратын СМЖ-не әзірлеу, енгізу амалын сипаттайды. Мұндай амал қолданыстағы СМЖ-н жұмыс жағдайында ұстап тұру үшін де пайдалынады. Жоғарыда амалды пайдаланған мекеме өз үрдістерін өнім сапасының мүмкіндіктеріне сенімділік орнықтырады, сондай-ақ жақсартудың негізін қамтамасыз етеді. Бұл тұтынушылар мен мүдделі жақтардың қанағаттылығын арттырып табысқа жетелмейді.

Үрдістік амал - қорларды пайдалана отырып кірісті шығысқа айналдыратын кез-келген іс-қимыл немесе іс-қимыл кешенін үрдіс ретінде қарастыруға болады. Нәтиженің қалыптасуы үшін мекеме өзара байланысты өзара әрекеттесетін көптеген үрдістерді анықтап, басқару тиіс. Ылғида бір үрдістің шығуы келесі үрдістің кіруін пайда болдырады. Мекемеде қолданылатын үрдістерді тұрақты сәйкестендіру және басқару, әсіресе олардың өзара әрекеттерін қамтамасыз ететін іс-қимылды « үрдістік амал» деп есептеуге болады.

Сапа саласындағы саясат пен мақсат - сапа саласындағы саясат пен мақсат мекемеге бағыт-бағдар беру үшін белгіленеді. Олар күтулі нәтижені анықтайды және мекемеге осы нәтижеге жету үшін қорларды пайдалануына ықпал етеді. Сапа саласындағы саясат пен мақсатты әзірлеу және талдау негізін қамтамасыз етеді. Сапа саласындағы мақсатқа жету өнім сапасы, жұмыс тиімділігі, қаржылық көрсеткіш, ары қарай мүдделі жақтардың қанағыттылығы мен сенімділігіне оң әсер етеді.

СМЖ-дегі жоғары басшылықтың рөлі – жоғары басшылық өзінің озықтығы және нақтылы іс-әрекеттің көмегімен қызметкерлердің СМЖ-нің тиімді жұмысына толықтай қатыстыру жағдайын жасай алады.

Құжаттама- СМЖ-де қолданылатын құжаттама мазмұны мен құжат түрлерін сипаттайды. Құжаттаманы әзірлеу мақсат қана болып қалмай керек, керісінше құндылықты үстемелеуі тиіс. Әрбір мекеме өзіне қажетті құжаттаманы көлемі мен оны тасымалдаушыны анықтайды. Бұл мекеменің түрі мен мөлшері, үрдістердің күрделілігі мен өзара әрекеттесуі, өнімнің күрделіліг, тұтынушы талаптары, сәйкес міндетті талаптар, қызметтердің көрсеткен қабілеті, СМЖ-нің талаптарын орындауды дәлелдеу қажет тереңдікке тәуелді болады.

СМЖ-н бағалау – СМЖ-нің үрдістерін бағалай СМЖ-нің аудиті, СМЖ-н талдау өзіндік бағалау сияқтыларды сипаттайды.

Ұдайы жақсарту – СМЖ-н ұдайы жақсартудың мақсаты тұтынушылар мен басқа да мүдделі жақтардың қанағаттануын жоғарылату мүмкіндік арттыру болып табылады.

Статистикалық әдістердің рөлі – статистикалық әдістерді пайдалану өзгермелікті түсінуге, сөйтіп мекемеге мәселелерді шешуге нәтижелік пен тиімділікті арттыруға көмектесе алады. Бұл әдістер сондай-ақ шешім қабылдауға көмектесетін қолда бар мәлеметтерді дұрыс пайдалануға жәрдемдеседі.

СМЖ мен басқа менеджменттер жүйесінің бағытталуы – СМЖ мекеме менеджменті жүйесінің бөлігі болып саналады. Ол мүдделі жақтардың қажеттіліктері, күтулері мен талаптарын қанағаттандыру үшін сапа саласындағы мақсатқа сәйкес нәтижелерге қол жеткізуге бағытталады.

СМЖ мен жетілу моделінің ара байланысы - ИСО 9000 стандарттар тобына келтірілген СМЖ-нің амалдары мен жетілу модельдері жалпы қағидаларға негізделген.

ИСО 9000 тобындағы СМЖ-нің амалдары мен жетілу моделдерінің арасындағы айырмашылық олардың қолдану салаларында ИСО 9000 стандарттар тобы СМЖ-не талаптар мен іс қызметті жақсарту жөнінен ұсынымдарды мазмұндайды. СМЖ-н бағалау осы талаптарды орындауды белгілейді. Жетілу моделі мекемелердің іс қимылына салыстырмалы бағалау жүргізуге мүмкіндік беретін өлшемдерді қамтиды. Мұны іс- қызметтің барлық түріне және барлық мүдделі жақтарға қолдануға болады. Жетілу моделіндегі бағалау өлшемдері мекемеге оның іс қызметін басқа мекеменің іс қызметімен салыстыру негізін қамтамасыз етеді.

Бақылау сұрақтары:

1 ИСО халықаралық ұйымы атқару жүйесінің қызметтері

2 Қазақстан Республикасында стандарттарды халықаралық деңгейде қолдану барысы

3 ИСО 9000, ИСО 14000 сериялы халықаралық стандарттары

4 Сапа менеджмент жүйесінің негізгі қағидалары.