Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Стандарттау учебник.doc
Скачиваний:
551
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
3.04 Mб
Скачать

Сәйкестікті растау

орталығы

Сәйкестікті растау

жөніндегі

орган

сынау

зертханасы

сынау

хаттамасы

сәйкес-

тікті растау

сын-ау

Өтінім беруші

Өтінім беруші

а) ә)

а) сынау зертханасы сәйкестікті растау жөніндегі органның құрамында (сәйкестікті растау орталығы);

ә) сынау зертханасы дербес құрылым.

Сұлба 3.1- Сәйкестікті растау жөніндегі ұйымдардың жұмыс атқару

Сәйкестікті ерікті растау және сәйкестік туралы декларация арқылы өнімнің сәйкестігін растау

Сәйкестікті ерікті растау – дайындаушының немесе сатушының бастамасы бойынша жүргізіліп, өнімнің, көрсетілетін қызметтің, процестердің стандартқа, өзге де құжатқа немесе өтінім берушінің арнайы талаптарына сәйкестігін растауды жүзеге асыратын рәсім.

Техникалық реттеу саласындағы нормативтік-құқықтық актілерде белгіленген талаптар қолданылмайтын өнімнің сәйкестігін ерікті растау өтінім берушінің бастамасы мен талаптары бойынша жүргізіледі. Сондықтан да, сәйкестікті ерікті растаудың екінші атауы – «заңмен реттелмейтін саладағы сәйкестікті растау».

Сәйкестікті ерікті растау сәйкестікті міндетті растауды алмастыра алмайды.

Сәйкестікті ерікті растау өтінім беруші мен сәйкестікті растау жөніндегі орган арасындағы жасалған келісім-шарт негізінде жүргізіледі.

ҚР Мемлекеттік органдары өнімнің, көрсетілген қызметтің сәйкестігін ерікті растауды жүргізуге өнім өндірушіні, қызмет көрсетушіні міндеттейтін нормативтік-құқықтық актілер қабылдауға құқылы емес. ҚР Білім және ғылым министрлігі ИСО 9001 негізінде СМЖ енгізілуі тиіс оншақты жоғары оқу орындарының тізілімін бекітіп, университеттердің сапа жүйесі сертификаттарын алуын қадағалап отырған. Бұл ҚР «Техникалық реттеу туралы» заңы 34-бабының 3-тармағына қайшы келеді.

Өнімнің сәйкестігін ерікті растауға деген сұраныстың артуы еліміздің экономикалық ахуалының өсуіне, қаржылық-экономикалық топтардың арасында бәсекелестіктің пайда болуына тікелей байланысты.

Қауіпсіздік тұрғысынан талап қойылмайтын өнімдердің сәйкестігі ерікті расталуы мүмкін. Сәйкестікті ерікті растау нарыққа сапасыз өнімнің шығу жолын бөгейді. Себебі: сәйкестікті ерікті растау барысында өнімнің сенімділігі, әрі оның эстетикалық, эргономикалық, экономикалық және т.б. көрсеткіштері тексеріледі.

Жоғарыда жазылғандай, сәйкестікті ерікті растау міндетті сертификаттауды алмастыра алмайды және оның нәтижесі өнімді сатуға немесе жеткізіп беруге тыйым салуға негіз бола алмайды. Сәйкестікті ерікті растау бірінші кезекте тұтынушылар үшін күреске бағытталған.

Сәйкестігі міндетті расталған өнім егер өтінім берушінің бұндай талабы болса сәйкестікті ерікті растау аясында қосымша талаптар бойынша тексерілуі мүмкін. Яғни, міндетті сертификатталған өнімнің сәйкестігі ерікті расталуына тыйым салынбайды. Себебі өтінім берушіге өз өнім жарнамалауы керек. Мысалы: тіс пастасының міндетті сертификаттау барысында анықтауға мүмкін емес қасиеттері болуы әбден мүмкін. Өнімнің қосымша қасиетін насиқаттау мақсатында «14 күн үзбей осы тіс пастасымен тісіңізді тазаласаңыз- тісіңіз жұмыртқаның етіндей жарқырайды» деп жарнама жасайды. Бір жапондық телевизор жасаушы компания өз өнімінің көрермендерге қолайлы биологиялық әсері бар деп жарнамалайды.

Жоғарыда келтірілген мысалдағы өнімдердің қосымша қасиеттерін міндетті сертификаттау шеңберінде тексеру мүмкін емес, өйткені бұл кезде міндетті сертификаттаудың басты аспектісі- қауіпсіздік сөз болып тұрған жоқ.

Қазіргі кезде ТМД-да, оның ішіндегі Қазақстанда өнімнің сәйкестігін міндетті растау, ал алыс шетелдерде ерікті растау басымырақ.

ҚР МТРЖ-дегі соңғы реформаларға сай, сәйкестігі міндетті расталатын өнімдердің тізілімі күрт қысқарды. Бірақ елімізде сәйкестікті ерікті растау жүйесі кенже қалып, жүйенің ережелері қалыптаспай отыр. Бұл нарықтағы бәсекелестікке тікелей байланысты, әрі ол мемлекеттік органдардың қатысуынсыз қалыптасатын жүйе.

Кемелденген нарықтық экономика жағдайында өнімнің сәйкестігін ерікті растау өнім өндірушіге саудадағы техникалық кедергідерден сүрінбей өтудің және нарықтағы орнын ойып тұрып алудың кепілі. Мысалы: Францияда сәйкестігі ерікті расталған өнім «NF» сәйкестік белгісімен таңбаланады. Франция тұтынушылардың арасында «NF» сәйкестік белгісімен таңбаланбаған өнімге деген сұраныс жоқ десе де болады. Осы себептен француздық фирмалардың 75% шамасындағы өнімдердің сәйкестігі ерікті расталады.

Біздің елімізде өнімнің сәйкестігін ерікті растауға тек қазақстандық экспортшылар ғана мүдделі. Техникалық реттеу жүйесіндегі реформалар сәтті өтіп, нарықтағы бәсекелестік күшейген кезде сәйкестікті ерікті растауға деген сұраныс арта түсетіндігі айқын.

Сәйкестікті ерікті растаудың күрделі мәселесі - сәйкестікті ерікті растау жүйесінің дамуына заңнамалық қолдаудың мардымсыз болуы.

Соңғы жылдары ИСО 9001 стандартының талаптарына сәйкес кәсіпорындардың сапа менеджменті жүйелерінің ерікті сертификатталуы жақсы үрдіске айналып келеді.

Сәйкестікті ерікті растауға қатысушылар

Өнімнің сәйкестігін ерікті растау өтінім беруші мен ерікті сертификаттау жүйесіне кіретін сәйкестікті растау жөніндегі орган арасындағы жасалған келісім-шарт негізінде жүзеге асырылады. Ерікті сертификаттау жүйесін осы жүйені және сәй» кестік белгісін (тиісті тізілімдерге) Мемстандарт бекіткен тәртіппен тіркеген кез келген заңды тұлға тұра алады.

Біртектес өнімдердің сәйкестігін ерікті растау бағытында ерікті сертификаттау жүйесі қалыптасқаннан кейін ашылған сәйкестікті растау негізінде жұмыс істейді.

Ерікті сертификаттау жүйесіне кіретін сәйкестікті растау жөніндегі органның функциялары:

  • өнімнің сәйкестігін растау, сертификат беру, өтінім берушіге өзара жасасқан келісім-шарт негізінде өнімді сәйкестік белгімен таңбалауға құқық беру;

  • берілген сертификаттардың әрекетті мерзімін тоқтата тұру немесе жою.

Ерікті сертификаттау жүйесін қалыптастырған заңды тұлға өнімнің сәйкестігін растау ережелерін, өтемақы төлеу тәртібін бекітіп, сәйкестікті ерікті растау жүйесінің қатысушыларын анықтайды.

Сәйкестік туралы декларация арқылы өнімнің сәйкестігін растау

ҚР МТРЖ-де сәйкестікті ерікті растау өтінім берушінің бастамасы, қалауы және талаптары бойынша, міндетті сертификаттауға жататын өнімдердің тізіліміне кірмейтін өнімге жүргізіледі.

Сәйкестікті ерікті растаудың мазмұны және ондағы атқарылатын жұмыстардың тәртібі міндетті сертификаттаумен іспеттес.

Сәйкестікті ерікті растау жұмыстары оң нәтиже берген кезде сәйкестікті растау жөніндегі орган өтінім берушіге ҚР СТ 3.4 стандартының р қосымшасында көрсетілген формадағы сертификат рәсімдеп береді.

Өнімнің сәйкестігін декларация арқылы растау сертификатаумен салыстырғанда сәйкестікті бағалаудың жалпылама, әрі икемді тәсілі. Өнімді декларациялауды өнім өндіруші (бірінші тарап), сәйкестікті растау жөніндегі орган (үшінші тарап) немесе екі тарап бірігіп іске асыруға болады. Өнімнің сәйкестігін декларациялау практикада қолданылатын өнімнің қауіпсіздігін бақылаудың басқа да формаларымен (мемлекетік қадағалау, ведомстволық бақылау, лицензиялау және ерікті сертификаттау) жақсы үйлесім табады.

Егер ол өнім сәйкестігін сәйкестік декларациясы арқылы растауға рұқсат етілетін өнімдердің тізіліміне енсе өнім өндіруші өнімнің сәйкестігін декларация арқылы растай алады. Соңғы тізілім 2005 жылдың сәуірінің 20 жұлдызында ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген.

Өнімнің сәйкестігін растау сәйкестік декларациясын қабылдау және тіркеу ережесіне сай жүргізіледі.

Қазіргі кезде өркениетті елдерде өнімнің сәйкестігін растауда декларациялау кеңінен қолданылып, өнімнің тиісті нормативті құжаттарға сәйкестігін дәйектейтін ең негізгі құрал болып отыр. Өнімнің сәйкестігін декларация арқылы растау Қазақстанның заңнамасына үйлесімді, әрі Еуропалық Одақтың негіз болатын құжаттарына сай келеді. Өнімнің сәйкестігін декларация арқылы растау шамадан тыс дәйектеу базасын қажет етпейді. Ең бастысы - өнімнің қауіпсіздік деңгейінің қажетті шегі дәлелденсе болғаны.

Өнімнің сәйкестігін декларация арқылы растаудың өнімнің көп түрлеріне таралуы - мемлекеттің отандық тауар өндірушілерге деген сенімдігінің көрсеткіші. Өнімнің сәйкестігін декларация арқылы растау қаншалықты сенімділік, жариялық, дербестік қадам болғанымен, келесі біртекті топқа біріккен өнімге қатысты сәйкестікті растаудың бұл түрін қолдануға болмайды. Олар:

"Сәйкестік туралы декларация", "Сәйкестік туралы жеткізушінің өтінімі", "Өтінім-декларация", және "Бұйым жасаушының өтінімі" деген ұғымдар арқылы тауар өндіруші немесе бұйым жасаушы немесе жеткізуші өз өнімінің көрсеткіштері тиісті нормативті құжаттардың талаптарына сай екендігін дәлелдеп, жауапкершілігін мойындап, өнімнің қауіпсіздігіне кепілдеме береді.

Өнімнің сәйкестігін растау тек сертификаттау арқылы ғана емес, сонымен қатар декларациялау арқылы да жүргізіледі.

Өнімді декларациялаудың оны сертификаттаудан артықшылығы: 1 тауар өндіруші оннан астам сатыдан тұратын сертифиаттау рәсімінен өтуден босатылады; 2 сәйкестікті растау жөніндегі органның төлем ақысын төлеуден босатылады; 3 тауар өндірушінің экономикалық мүддесі сақталынады.

Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің сәйкестікті растау саласындағы ережелерінде белгіленген тәртіппен рәсімделген және тіркелген декларацияның сертификатқа тең заңды күші бар.

Өнімнің сәйкестігін декларациялау екі жағдайда жүзеге асырылуы мүмкін:

1 өз дәлелдері негізінде сәйкестік туралы декларацияны қабылдау;

2 сәйкестікті растау жөніндегі органның қатысуымен алынған дәлелдер негізінде сәйкестік туралы декларацияны қабылдау.

Декларацияның формасы және оны толтыру ҚР СТ 3.4 стандартының Н қосымшасында келтірілген. Декларация өтінім беруші белгілеген жоспарлы мерзімге байланысты, сапасы мен саны сынау хаттамасы арқылы расталған шикізаттың бар болуына байланысты немесе өнім тобының жарамдылық мерзіміне сай, бірақ, 1,5 жылдан аспайтын мерзімге беріледі.

Өтінім беруші қабылдаған сәйкестік туралы декларациясын осы өнім аккредиттеу саласына кіретін кез келген, өзі таңдаған сәйкестікті растау жөніндегі органға қажетті құжаттармен тіркеуге береді.

Сәйкестік декларациясын тіркеу үшін келесі құжаттар қажет:

    • тіркеу туралы өтініш (ҚР СТ 3.4 стандартының П қосымшасына қараңыз);

    • өнімнің белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар көшірмесі;

    • өнім өндірісінің тұрақтылығын растайтын құжаттар көшірмесі (нормативті құжат талаптарына сай болуы туралы мемлекеттік бақылау актілерінің көшірмелері, өндіріс тұрақтылығының ішкі бақылауының актілерінің көшірмесі);

    • өтінім берушінің сынау зертханасының техникалық біліктілігін растайтын құжаттардың (аккредиттеу аттестаты немесе метрологиялық аттестаттау сертификаты) көшірмесі немесе аккредиттелген зертханалармен технологиялық процестерде көзделген өнімге сынау жұмыстарын жүргізу туралы келісім-шарттардың көшірмесі.

Сәйкестікті растау жөніндегі орган декларацияланған өнімді бірдейлендіру мақсатында қарап шығып, жұмыс жүргізуге келісім-шарт жасасқаннан кейін 10 күннен аспайтын мерзімде келесі жайттарды тексеру тиіс. Олар:

  • өтінім берушінің сәйкестік туралы декларациясын қабылдаудың құқықтық негізін;

  • осы өнімнің сәйкестігін растайтын нормативті құжаттарға сілтеменің дұрыстығы мен толықтығын;

  • ҚР Заңдарына сай осы өнімді өндіруге көзделген барлық құжаттардың болуын;

  • сәйкестік туралы декларацияның дұрыс толтырылуын.

Құжаттарды тексеру оң нәтиже берген тұста сәйкестікті растау жөніндегі орган сәйкестік туралы декларацияны ҚР Техникалық реттеу жүйесі тізілімінің арнайы тарауына тіркейді. Құжаттарды тексеру теріс нәтиже берген тұста өтінім берушіге орын алған сәйкессіздіктерді жою немесе сертификаттаудың басқа сұлбасын таңдау ұсынылады. Өтініш бойынша шешімнің формасы ҚР СТ 3.4 стандартының Е қосымшасында келтірілген.

Сәйкестік туралы декларацияның тіркеу номері оны тіркеген сәйкестікті растау жөніндегі органның кодынан және сәйкестік туралы декларацияның тізілімге енгізілген реттік номерінен тұрады.

Сәйкестігі туралы декларация арқылы расталған өнім сәйкестік белгімен таңбаланбайды.

Сәйкестігі туралы декларация арқылы расталған өнімге бақылауды Мемстандарт және оның мемлекеттік бақылау жөніндегі аумақтық басқармалары жүргізеді. Өнімнің бекітілген талаптарға сәйкессіздігі анықталған жағдайда өтінім беруші үш күн ішінде декларацияны тіркеген сәйкестікті растау жөніндегі органға декларацияның әрекетті мерзімінің тоқтатылғаны жөнінде хабарлайды.