Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Стандарттау учебник.doc
Скачиваний:
551
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
3.04 Mб
Скачать

1.6 Мемлекеттік стандарттау жүйесінің ақпараттық инфроқұрылымының нормативтік құжаттамасы

ҚР Ұлттық ақпараттық орталығының функциялары мен мәселелері

ҚР мемлекеттік стандарттар қоры өнімдер, жұмыстар мен қызмет көрсетулерге қатысты, құрамында бекітілген көп мәрте қолданылатын нормалар, ережелер мен сипаттамалар бар стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі құжаттар жиынтығынан тұратын құжаттардан тұрады.

Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі нормативтік құжаттардың Мемлекеттік қорын құру және енгізу жұмыстарын координациялау Мемлекеттік стандарттар мен стандарт үлгілерінің орталығына жүктелген (МССҮО). МССҮО –да жұмыстар шетелдердің стандарттау, метрология және сертификаттау, технико-экономикалық мәліметтерді жіктеу аумағындағы мемлекеттік, халықаралық, ұлттық стандарттар, заңды актілер мен нормативтік құжаттарын жинақтау.

Мемлекеттік қадағалайтын органдардың өнімдер, қызмет көрсетулер, қоршаған орта қауіпсіздігі аумағындағы бақылау нормалары мен әдістерін регламенттейтін стандарттау, метрология, сертификаттау, ведомствалық құжаттар жөніндегі нормативтік құжаттар туралы электрондық мәліметтік –библиографиялық ортақ мәліметтер базасы құрылып, жүргізіледі.

Стандарттар қоры Республиканың барлық қызығушы шаруашылық субъектілерін ақпарат пен нормативтік құжатпен қамтамасыз етеді. Ақпараттық қамтамасыз ету жөніндегі абоненттік қызметпен жүздеген кәсіпорындар қолданады.

Жұмысты Дүниежүзілік Сауда Ұйымы талаптары негізінде орындайды. Қазақстанның ДСҰ құрамына кіруінің бір шарты ақпараттық орталық құру болып табылады.

Стандарттау және саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі ақпараттық орталықтардың негізгі мәселелері:

1 үкіметтің заңды және орындаушы органдарын, мемлекеттік басқармалар (Министерствалар, ведомствалар), стандарттау жәніндегі техникалық комитеттер, барлық түрдегі жекеменшік кәсіпорындар мен ұйымдар, қоғамдық ұйымдар мен жеке тұлғаларды ТМД елдері шеңберіндегі нормативтік құжаттар туралы ақпаратпен қамтамасыз ету;

2 сауда ұйымдарында, техникалық кедергілерді туғызатын жасалынып жатқан жобалар мен НҚ туралы комментариялармен бағыттау.

Стандарттар қоры мемлекетаралық, халықаралық, стандарт- тармен толық-тырылып отырады.

Мемлекеттік стандарттар қорынын қалыптастыру мен дамытудың негізгі принциптері

Мемлекеттік стандарттар қорынан қалыптастыру келесідей принциптерді ескере отырып іске асырылуы тиіс:

  1. мемлекеттік стандарттар қорының ұйымдық бөлімшелерінің құқықтарын сақтау; мемлекеттік стандарттар фондын қалыптастыру мен дамыту жөніндегі сұрақтар бойынша біркелкі саясат жүргізу;

  2. мемлекеттік стандарттар қорының ұйымдық бөлімшелерінің арасында келесілген саясаттың жүргізілуін қамтамасыз ету;

  3. бекітілген бағыттағы қызметтер бойынша құжаттармен ақпараттарды таратуға құқықты екеніні мойындау;

  4. мемлекеттік стандарттар қорының жұмыстарын реттеп отыратын органға ақпараттармен құжаттарды интеграциялау.

Мемлекеттік стандарттар қорының құрамы мен қойылатын талаптар

Мемлекеттік стандарттар қоры алдына қойылған мәселелердің орындалуын қамтамасыз етуі тиіс. Құжаттар құрамы мыналардың болуын қамтамасыз етуі керек:

1 стандарттау, метрология және сертификаттау аумағындағы ҚР нормативтік актілер, мемлекеттік реестрлер, ережелер мен ұсынымдардың;

2 халықаралық және мемлекетаралық стандарттар, (Мемлекеттік стандарттар жобалары), технико-экономикалық ақпараттарды жіктегіш, стандарттау жөніндегі ережелер мен ұсынымдар, өнім, қызмет көрсету жөніндегі техникалық шарттар;

3 стандарттау, метрология және сертификаттау аумағындағы халықаралық келісім-шарттар, шетелдердің стандарттау жөніндегі ережелер мен нормалар, ұсынымдардың;

4 министерствалар, мемлекеттік комитеттер, басқа да орталық басқару органдары мемлекеттік стандарттар қорына стандарттау, метрология және сертификаттау құжаттар мен ақпараттарды өздерінің құзыреті шегінде, республика бекіткен тәртіп бойынша енгізуліге.

Мемлекеттік стандарттар қорының тұтынушыларын қажеттілігін қамтамасыз ету үшін барлық ақпараттар ұағаз, элек- трон, микротасушы ретінде болуы тиіс. Мемлекеттік стандарттар қорының құрамына кіретін ақпараттық орталықтар республикалық қорлар өзінің қызметін сонымен қатар ақпараттар мен құжаттарды кешендеу, енгізу, стандарттау, метрология және сертификаттау аумағындағы белгілі бір мәліметтер базасын республика бекіткен тәртіп бойынша өз құзыреті шегінде орындауы керек.

Мемлекеттік стандарттар қорының әрі қарай дамып, жетілуі стандарттау, метрология және сертификаттау аумағында ақпаратпен қамтамасыздандыруды талап етеді.

Ақпаратпен қамтамасыз ету жүйесі автоматтандыру процесстерін өңдеу және қорға енгізу, тапсырыс берушіге қызмет көрсетуге бейімделуді ескеруі керек.

Жүйені құрудағы негізгі принциптер:

- қолданушылардың қамтамасыз ету; кәсіпорынмен әртүрлі ұйымдар арасындағы қарым-қатынасты орнату;

- ұйымдық - әдістемелік бірлік;

- аумақтық елдерді ескере отырып қазіргі телекоммуникация құралдары;

- жаңа ақпараттық ресурстарды қосу үшін анықтылық;

- көптеген тұтынушылар қолдана алатын интерфейс құру.

Ақпараттық жүйе мынаны қамтамасыз етуі тиіс:

- ақпараттар мен құжаттарды құжаттар, телекстер, магниттік ленталар, микрофильмдер арқыла оперативті түрде алу және тарату;

- ақпараттар мен стандарттарды тасу және ұсынуда жаңа ақпараттық технологияларды қолдану;

- тапсырыс берушілерді қазіргі заманның барлық талап тілігіне сай қызмет көрсету;

- барлық отандық және шетелдік тұтынушыларды толық қанағаттандыратын мәліметтер базасы мен банкімен қамтамасыз ету;

- мемлекеттік стандарттар қорының арнайы журналдарын, жарнамалық, ақпараттық бюллетендерін стандарттар каталогын басып шығару;

- пайда болған сұрақтарды шетел мәліметтер базасына INTERNET – арқылы кіріп, туындаған сұрақтарды шешу;

- ТМД құрамын кіретін елдердің мәліметтер базасы мен банкісімен өзара тиімді қарым-қатынаста мәліметтермен алмасуы;

- ҚР ішінде стандарттау, метрология және сертификаттау аумағында органдардың мәліметтерімен өзара алмасуын қамтамасыз ету.

Мемлекетаралық нормативтік құжаттар туралы ақпараттарды басып шығару тәртібі

Мүдделі заңды және жеке тұлғаларды МСҚ ақпаратымен және нормативтік құжаттарымен қамтамасыздандыруды, оларды бекіткен органдар жүзеге асырады.

Әзірленген және қабылданған мемлекеттік, мемлекетаралық стандарттар, техникалық-экономикалық ақпарат жіктеушісі (ТЭА), техникалық регламент, ғылыми-техникалық, инженерлік қоғамдар және басқа қоғамдық бірлестіктердің стандарттары, міндетті нормалар мен талаптарды регламенттейтін стандарттау жөніндегі ұсынымдары мен ережелері туралы ақпаратжәне де осы құжаттардың мемлекеттік құпия болмаған бөлігі тұтынушылар үшін ашық болуы тиіс.

Мемстандарт уәкіл еткен орган және мамандандырылғанқорлар өз құзырының шегінде ақпарат дайындау, нормативтік құжаттар, каталогтар мен сілтемелер басып шығару және қайта басып шығаруды жүзеге асырады. НҚ және ақпаратпен қамсыздандырукелісім негізінде жүзеге асырылады.

Техникалық, технологиялық және ұйымдастыру-әдістемелік мінезді нормалар мен ережелер белгілейтін нормативтік құжаттарды бекіткен органның рұқсатынсыз қайталауға және көбейтуге болмайды.

Мемлекеттік және мемлекетаралық стандарттар, техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуші (ТЭА), және де мемлекеттік басқару органдары бекіткен нормативтік құжаттар авторлық құқықтық объектісі болмайды.

Мемлекетаралық НҚ туралы ақпарат жариялау және басып шығару тәртібі Мемстандарт уәкіл еткен орган СМАО, МСТ 1.0 сәйкес, МАК саласынан алыңған стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі ақпарат (бұдан былай стандарттау жөніндегі НҚ) және стандарттау жөніндегі НҚ қамсыздандыруды және басып шығаруды жүзеге асырады.

Мемлекетаралық НҚ басып шығарған кезде құжаттың Алғы сөзі қайта ресімделеді. Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі Мемлекетаралық Кеңес («____»____200_ ж. №____) «ҚАБЫЛДАДЫ» деген сөзден кейін: «_____» ___200__ж энергетика, индустрия және сауда министрлігің «Стандарттау, метрология және сертификаттау» жөніндегі комитетінің «___» ____200_ ж. №____ Қаулысымен МСТ _____ тікелей Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты ретінде «___» _____ іске қосылады, деп редакцияға жаңа абзац қосады. Ал ол « Осы стандартты стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі Мемлекетаралық кеңестің техникалық секретариятының рұқсатынсыз толық немесе жартылай қайталауға, көбейтуге, таратуға болмайды» деген жазбаның орнына « Осы стандартты Қазақстан Республикасының аймақтарында ресми басылым ретінде энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетінің рұқсатынсыз толық немесе артылай көбейтуге, таратуға болмайды» деп жазады.

Күші бар мемлекетаралық стандарттар мен өзгерістер туралы ақпарат мерзімі шығарылатын «Мемлекетаралық стандарттар» сілтемесінде және ай сайындағы стандарттардың ақпараттық сілтемесінде бар.

Қайта бекітілген, жойылған, ауыстырылған стандарттау жөніндегі мемлекетаралық нормативтік құжаттар мен өзгерістерінің ақпараттары (өзгерістер мәтінін қоса) ай сайыңғы ақпараттық сілтеменің екінші бөлімінде (ҚР СТ АС) жарияланады.

Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар туралы ақпарат жариялау және басып шығару тәртібі:

Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі НҚ басып шығару және олардың басылып шығару туралы ақпарат жариялауды, Мемстандарт уәкіл еткен орган СМАО жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі НҚ (ҚР мемлекеттік стандарттарын, ережелерін, ұсынымдарын) асып шығарған кезде ресімдеу ҚР СТ 1.5 сәйкес жасалады.

Техникалық регламенттерді басып шығаруды, белгіленген тәртіпте, бекіткен орган жүзеге асырады.

Бекіту туралы ресми ақпарат және әр құжаттың бір данасы, жинақтық анықтамалық-библиографиялық мәліметтер жиынтығын құрастыру үшін Мемстандарт уәкіл еткен орган СМАО – ға жіберіледі.

Стандарттау жөніндегі күші бар НҚ мен оларға өзгерістер туралы ақпарат жыл сайынғы «Мемлекеттік стандарттар» Сілтемесінде және ай сайынғы стандарттардың Ақпараттық сілтемесінде (ҚРСТ АС) жарияланады.

Жылдық сілтеменің құрылымы төрт бөліктен: жүйелі, нөмірлік және заттық сілтемеден және Қазақстан Республикасының аймақтарында қолдануға рұқсат етілген шетелдердің мемлекет- аралық және ұлттық нормативтік құжаттар тізбесінен тұрады.

Жүйелі бөлік (СМЖ) стандарттардың Мемлекетаралық жіктеуші топтары мен бөлімдеріне сәйкес бөлімдер, бөлімшелер бойынша құрастырылады.

Жүйелі бөлікте әр стандарт бойынша екі бағанада ақпарат келтіріледі.

Бірінші бағанада стандарт белгілері белгіленеді. Екінші бағанда жаңалық туралы ақпаратжәне стандарт атауы келтіріледі (алғашқы рет немесе орнына, толық немесе бұрын күші бар стандарттар жағынша).

Нөмірлік бөлікте әр стандарт бойынша атап өту тәртібіне төрт бағанда келесі ақпарат келтіріледі:

  • стандарт белгілері;

  • СМЖ бойынша стандарт коды;

  • Қабылданған өзгерістер туралы ақпарат;

  • Стандарт күшінің мерзімін шектеу туралы ақпарат және стандарттың қайта басылып шығуы туралы ақпарат.

Заттық сілтеме СМЖ жөніндегі топтарды көрсетіп, стандарт- тау объектілерінің атауын қосады. Қазақстан Республикасының аймақтарында рұқсат етілген мемлекетаралық, аймақтық, ұлттық, шетелді стандарттар тізбесінде:

  • құжат индексі;

  • құжат белгісі;

  • СМЖ тобы;

  • Құжат атауы;

  • Құжат жаңалықтары туралы ақпарат бар.

Ресми басылым ретінде нормативтік құжаттардың көбейтілген көшірмелерін тарату және дайындау тәртібі.

Мемлекетаралық және стандарттардың, ТЭА жіктеушілерінің, ұйымдастыру-әдістемелік және жалпы техникалық мінезді ережелердің көшірмелерін тапсырушыға беру және жасауды Мемстандарт уәкіл еткен орган- СМАО жүзеге асырады.

Атап өткен құжаттардың көшірмелерін беру және жасау Ресей Мемстандартының Стандарттар баспасы мен Қазақстан Мемстандартының Стандарттардың мемлекеттік ақпараттық орталығы басып шығарған түп нұсқалары бойынша жүзеге асырылады. Баспа-полиграфиялық тәсілмен НҚ бірінші шығарыл- ған даналар жоқ кезде СМАО-ға көшірмелер жасау рұқсат етіледі.

Көшірме жасағаннан кейін СМАО фондының қызметкері өзінің қолын және жасаған күнін нормативтік құжаттың бірінші бетіне «Ресми басылым» деген сөздердің төмен жағына қояды, НҚ әрбір беті СМАО-ның қорғау мөртабанымен куәландырылады немесе көшірме материалды куәландырылады.

Егер нормативтік құжатқа көшірме жасалған сәтті ай сайынғы Ақпараттық сілтемелер (ҚР СТ АС) өзгерістер қабылданып жарияланған жағдайда құжат көшірмесі тапсырушыға барлық қабылданған өзгерістермен беріледі. Мемстандарттың СМАО басып таратқан түпнұсқаның бағасынан кем емес НҚ көшірмелері заңды және жеке тұлғаларға сақталуға жатады. НҚ көшірмелерін Қазақстан Мемстандартының ресми басылымы ретінде Қазақстан Республикасының аймақтарында қарауға, қолдануға және шарт негізінде таралуға болмайды.

    1. МЕМЛЕКЕТТІК АҚПАРАТТЫ ЖІКТЕУ ЖӘНЕ КОДТАУДЫ ЖҮРГІЗУ, ҚОЛДАНУ ТӘРТІБІ

Жіктеуіш - жіктелген топтар мен жіктеу нысандарының жүйеленген жиынтығынан тұратын ресми құжат.

Жіктеу және кодтау нысандарына статистикалық ақпарат, макроэкономикалық және құқтық қорғау іс қызметі, банк жұмысы, бухгалтерлік есеп, стандарттау, сертификаттау, өнім өндіру, қызмет көрсету, кедендік істер, сауда және сыртқы экономикалық іс қызмет жатады.

Технико-экономикалық және әлеуметтік жіктеу, кодтаудың біріккен жүйесін құру жөнін жалпы жетекшілік және үйлестіру жұмыстарын стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитет және ҚР статистика мекемесі жүзеге асырады.

Қолдану аясы мен бекіту деңгейіне байланысты технико-экономикалық және әлеуметтік ақпарат жіктегіштері төменгі санаттарға бөлінеді:

  1. мемлекеттік-МЖ

  2. салалық (мекемелік) – СЖ

  3. бірлестік, кәсіпорын, ұйымдардың (ары қарай кәсіпорын жіктегіштері)

Технико-экономикалық және әлеуметтік ақпараттың мемлекеттік жіктеуіштерін стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитет бекітіп, тіркейді.

Мемлекеттік жіктеуіштер құжаттардың сәйкестендірілген жүйесіне кіретін мемлекеттік мақсаттағы салааралық құжат түрлерінде мазмұндалған ақпаратты қамтиды. Сөйтіп әртүрлі министрліктері, мекемелер мен кәсіпорындарды басқару жүйелерінің арасында ақпарат алмасуда міндетті болып табылады. Салалық жіктеуіштері ҚР-ның тиісті министрлік, мекемелері бекітіп, тіркейді.

Бұл санаттың жіктеуіштері министрліктің бірлестік, кәсіпорындары мен ұйымдардың арасында ақпарат алмасу кезінде қолданылады.

Кәсіпорын жіктеуіштері мемлекеттік және салалық жіктеуіштерге енбеген ақпаратты қамтиды немесе сол кәсіпорынға тән белгілері мен жіктеу нысандары арқылы толықтырылған басқа санаттардың жіктеуіштерінен таңдап алынады.

ҚР-да пайдаланылатын мемлекеттік жіктеуіштердің тізімі

ҚР МЖ 01-99

Кәсіпкер жіктеуіші

ҚР МЖ 02-99

Кәсіпорын, мекеменің жалпы жіктеуіші ( ҚМ ЖЖ)

ҚР МЖ 03-99

Экономикалық іс-қызмет түрлерінің жалпы жіктеушісі ( ЭҚЖЖ)

ҚР МЖ 04-99

Өнім түрлерінің жіктеуіші

ҚР МЖ 05-99

Бастауыш және орта кәсіби білім беру мамандықтарын жіктеуіші

ҚР МЖ 06 (ИСО 3166.1-2001)

Елдердің ақаулары мен олардың аумақтық бірлігін белгілейтін кодтар. 1 бөлім. Елдердің кодтары.

ҚР МЖ 06 (ИСО 3166.2-2001)

Елдердің атаулары мен олардың аумақтық бірлігін белгілейтін кодтар. 2 бөлім Елдердің, әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің кодтары

ҚР МЖ 06 (ИСО 3166.3-2001)

Елдердің атаулары мен олардың аумақтық бірлігін 3 бөлім Елдердің бұрынғы қолданылған атауларын белгілейтін кодтар

ҚР МЖ 08-2001

ҚР жоғары кәсіби білім беру мамандықтары және оларды дайындау бағдарламаларының жіктеуіші

ҚР МЖ 09-2002

Төлем арналымдарының біріккен жіктеуіші

ҚР МЖ 10-2002

ҚР білім беру деңгейінің мемлекеттік жіктеуіші

Тауарларды кодтау жүйесі

Код – жіктеу топтарын және жіктеу нысандарын белгілеу үшін қабылдаған белгі немесе белгілер жиынтығы.

Кодтау – жіктеу тобына немесе жіктеу нысанына код беру.

Кодтау жүйесі – жіктелген топтармен берілген көптіктердің жіктеу нысандарын кодтау әдіс, ережелерінің жиынтығы.

Кодтың алфавиті – код жасау үшін қабылдаған белгілердің жүйесі.

Кодтың негізі – код алфавитіндегі белгілер саны.

Кодтың цифрлік алфавиті – белгілері цифрлар болып басып келетін код алфавиті.

Тауарларды штрих кодтау

Шет елдерде тауардың қабында штрих кодтың болуы міндетті талапқа айналды. Онсыз сауда мекемесі тауарды қабылдаудан бас тарта алады. Тауардың әмбебап коды АҚШ-да 1973 жылы, ал кодтаудың Европалвқ жүйесі EAN 1977 жылы қабылданды. EAN- ның екі коды кеңінен қолданылады: 13 дәрежелі және 8 дәрежелі сандық кодтар. Бұлар әртүрлі ендіктегі штрихтар мен жолақтардың алмасуы болып табылады. Ең жіңішке штрих бірлік ретінде қабылданған. Әрбір сан (немесе дәреже) екі штрих немесе екі жолақтан құрылады. 13 дәрежелі код ел коды ( «ел жауы») өндіруші кәсіпорын ( фирма) коды, тауардың өз коды және бақылау санынан тұрады.

Өндіруші кәсіпорын кодын әрбір елде тиісті мекеме құрастырады. Ол ел кодынан кейінгі бес цифрді қамтиды.

Тауардың кодын бес цифр тікелей өндіруші құрастырады. Кодты анықтау стандарттық болмайды. Ол тауардың белгілі сипаттамаларын (белгілерін) айқындайды немесе тауардың сол кәсіпорынға ғана тіркеу нөмірін көрсетеді.

Бақылау саны EAN алгоритімі бойынша сканермен санаудың дұрыстығын анықтауға арналған.

EAN-8 коды онша ұзын кодты орналастыруға келмейтін кішігірім ( үшін арналған ).

EAN-8 коды елдің коды, өндірушінің коды және бақылау санынан ( кейде өндіруші кодының орнына өнімнің тіркеу нөмірі қойылады) тұрады.

EAN- ның 13 дәрежелі коды ел коды, өндіруші коды, тауардың өз коды және бақылау санынан тұрады:

1 Кодтың дәрежесі – кодтағы белгі позийиясы ( ұстанымы)

  1. Кодтың ұзындығы-жасақтары есептемегенде кодтағы белгілер саны

  2. Бақылау саны-код жазбасының дұрыстығын тексеру үшін пайдаланылатын есептеу саны.

Елдердің коды арнайы және анықтамалық баспаларда жарияланып немесе мәліметтер банксында сақталатындықтан тұтынушының соңғы қорытындысы үшін ақпарат тек қана елді көрсетумен шектеледі. Толық штрих код сатып алушы сауда немесе сырқы сауда мекемелері үшін тауардың шығу реквизитін анық білу, сапа, кауіпсіздік және басқадай параметрлері келісім шартқа сәйкес келмейтін болса адрес бойынша шағым жасауға мүмкіндік береді. Өдірістік кәсіпорындар үшін штрих кодтау мына мүмкіндіктерді береді:

1 автоматтандырылған басқару жүйесін игеруді жеңілдету;

  1. өндіру, жинақтау, өткізу салаларындағы операциялардың тиімділігін арттыру;

  2. пайдаланатын қорларға талдау жүргізу;

  3. құжат айналымның көлемін қысқарту;

  4. тауар қозғалысы мен өнімді өткізу туралы сенімді ақпаратты жүйелі жинақтауды қалыптастыру;

  5. басқару және бақылау ұйымдарына ақпаратты жедел жеткізу.

Кейбір елдердің тауарды штрих кодтауға арналған EAN кодтары

Елдің коды

Елдің атауы

Елдің коды

Елдің атауы

93

Австралия

750

Мексика

90-91

Австрия

496

Монғолия

779

Аргентина

70

Норвегия

54

Бельгия және Люксимбург

87

Нидерланды

380

Болгария

94

Жаңа Зеландия

789

Бразилия

560

Португалия

50

Ұлыбритания

590

Польша

599

Венгрия

460-469

Ресей

759

Венесуэла

383

Словения

400-440

Германия

888

Сингапур

489

Гонконг

00-09

АҚШ және Канада

520

Греция

869

Туркия

57

Дания

64

Финляндия

729

Израиль

30-37

Франция

80-83

Италия

859

Чехия

539

Ирландия

780

Чили

569

Исландия

73

Швеция

84

Испания

76

Швейцария

529

Кипр

860

Югославия

690

Қытай

880

Оңтүстік Корея

850

Куба

45-49

Жапония

487

Қазақстан

474

Эстония

Бақылау сұрақтары:

1 ҚР Ұлттық ақпараттық орталығының функциялары мен мәселелері;

2 Мемлекеттік стандарттар қорынан қалыптастыру мен дамытудың негізгі принциптері;

3 Мемлекеттік ақпаратты жіктеу және кодтауды жүргізу, қолдану тәртібі.