Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Стандарттау учебник.doc
Скачиваний:
551
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
3.04 Mб
Скачать

3.5.2 Сапа жүйесін сертификаттау ережелері мен тәртібі

Соңғы жылдары дүние жүзінде ИСО-ның стандарттарына сәйкес бір ел деңгейінде сапа жүйелерінің сәйкестігін растайтын мекемелер саны жыл санап артып келеді. Қазіргі кезде бұл стандарт бойынша 80-нен астам ел қолданып келеді. 2007 жылы сапа жүйесімен сертификатталған компаниялар саны 1997 жылмен салыстырғанда бес есеге өсті. Сапа жүйесімен сертификатталған өндіріс орындары сертификатталмағандарымен салыстырғанда 2-3 есе тиімдірек жұмыс істейтіні дәлелдейді.

Техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік саясаттың көздеп отырған бір бағыты – ИСО 9000 және ИСО 14000 халықаралық стандарттарына сәйкес сапа жүйесі мене менеджментіне өту. Бұл жүйеде 2002 жылы – 75 кәсіпорын, ал 2003 жылы – 116 кәсіпорын сертификатталған болса, 2005 жылы сапа жүйесін сертификаттағандардың саны 388-ге жетті, сондай-ақ 2006 жылы 159 кәсіпорын аттестатталды. Бұдан сапаны сертификаттаудың маңыздылығын еліміздің көптеген кәсіпорындары ерікті түрде мойындап отырғанын көреміз.

2005 жылдың 15-ші мамырында Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» жаңа заңы өз күшіне енді. Бұл заңныңда көздеп отырғаны - өнімнің қауіпсіздігі. Техникалық реттеу жүйесі барлық техникалық регламенттер мен стандарттарды, аккредиттеу әдістері мен сәйкестікті растауды, мемлекеттік бақылау мен қадағалау жұмыстарын бір жүйеге келтіріп, халықаралық нормаға сәйкестендіреді. Сондықтан да, қазақстандық кәсіпорындардың осы жүйеге тезірек өтуі аса қажет. Жалпы алғанда, техникалық реттеу жүйесі толығымен 2010 жылы жүзеге асатын болады деп күтілуде. Ол аралықта еліміздің бірқатар заңдарына өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, кейбір заңдардың қайта қаралуы да мүмкін. Яғни Қазақстанда бәсекелестік орта кеңейе түсіп, отандық өнімдердің сапасы жоғарылап, жалған маркілі өнім түрлері азаятын болады.

Қазақстанға сапа жүйесін енгізу тұтынушыға өнімінің сапасы жайлы сенімділікті ұялатып қана қоймай, өндіріс басшыларының өз өніміне деген сенімділігін де арттыра түседі. Осы орайда сапа жүйесін сертификаттау бағытындағы барлық ұйымдастыру, қолдану мен енгізу шараларының дұрыс бағытта екенін айқындай түседі.

СЖС міндетті сертификаттаумен қатар ерікті сертификаттау аясында да жүзеге асырылады.

Сапа жүйесіндегі сертификат және оның сәйкестік белгісі өнімге берілетін сәйкестік пен сертификат белгісіне қарағанда өзгеше. М: СЖ сәйкестік белгісі бір ғана жүйе белгісінен тұрады және ол сертификаттау орталығының аккредиттеуден өткізгенін білдіреді де, өз таңбасын қоюға рұқсатын белгілейді.

СЖС негізгі объектісі – сапаны қамтамасыз ету мен басқару. Бұл ҚР СТ ИСО 9000 талаптарына сәйкес әрбір элементтеріне дейін сәйкестікке бағалайды.

Сапа жүйесін сертификаттау тәртібі

Сапа жүйесін сертификаттағысы келген кәсіпорын Қазақстан Республикасы МСЖ аккредиттелген органға сұраныс береді. Сұраныспен бірге негізгі мәліметтерді алдын ала сапа жүйесін тексергені жөніндегі толтырылған сауалнама және өндіріс сапасының нұсқауы жіберіледі.

Сапа жүйесін сертификаттау мына кезеңдерден тұрады:

бірінші - сапа жүйесін алдын ала сырттай бағалау ;

екінші - СМЖ түпкілікті тексеру және сапа жүйесін бағалау;

үшінші - тексеру нәтижесін қарау және сертификат беру;

төртінші-сертификатталған сапа жүйесін инспекциялық тексеру.

Сапа менеджмент жүйесін алдын-ала сырттай бағалау – бұл сарапшының сертификаттаудың потенциалды мүмкіндігін және берілген кәсіпорында әрі қарай жұмыстар жүргізудің мақсатқа сәйкестілігін айқындай алуы үшін керекті, алдын-ала бағалау;

Егер берілген бағаның нәтижелері оң болса, сәйкестікті растау жөніндегі орган түпкілікті тексеру жүргізу жүргізу туралы мәлімдеушімен келісім жасайды.

Тексеру нәтижесінде келесідей тұжырымдар жасалуы мүмкін:

- жүйе қойылған талаптарға толығымен сәйкес келеді;

- жүйе тұтас алғанда талаптарға сәйкес келеді, бірақ стандарттан жеке ауытқулар байқалған;

- жүйе қойылған талаптарға сәйкес келмейді.

Бірінші жағдайда сәйкестікті растау жөніндегі орган сапа менеджмент жүйесіне сертификат береді. Екінші жағдайда кәсіпорынға байқалған сәйкессіздіктерді жою үшін мерзімдер тағайындалады, содан кейін оның тапсырысы бойынша сертификаттау жұмысы жалғасады, бірақ ықшамдалған сұлба бойынша. Оң нәтиже алған жағдайда кәсіпорынға сәйкестік сертификаты беріледі.

Сапа менеджмент жүйесіне сәйкестігін растау тәртібі. Өтінішкер мен сәйкестікті растау жөніндегі орган өздерін қызықтыратын барлық мәселелерді келіссөздердің нәтижесінде анықтады.

Өтінішкер сертификаттауға өтініш беру туралы соңғы шешімін қабылдап өтініш бергенде, сәйкестікті растау жөніндегі орган бастапқы ақпараттар мен сұрақ-сауалнамаларды дайындап, өтінішкерге ұсынуы тиіс.

Сертификаттауға өтінім ұсыну. Өтінішкер сәйкестікті растау жөніндегі органға өтінім, толтырылған сұрақ-сауалнама, бастапқы ақпараттарды жібереді. СМЖ сертификаттау жұмысын өткізу туралы шешімін, сертификаттау жөніндегі органның басшысы өтініш түскен күннен кейін 3 күннен соң қабылдады.

СМЖ алдын-ала бағасы. СМЖ алдын-ала бағасын өткізу бойынша сәйкестікті растау жөніндегі орган құрамында аудитор-сарапшы /комиссия басшысы/ сәйкестікті растау жөніндегі органның СМЖ сертификаттау бойынша аудитор-сарапшы белгіленген тәртіппен тіркелген техникалық сарапшылар, осы қызметтің саласында бағалайтын мамандардан комиссия тағайындады.

Өтінішкерге СМЖ сертификаттауды өткізетін комиссия құрамын күні бұрын хабарлайды.

СМЖ талдау құжатының маңызы-өтінішкердің белгіленген талабына сәйкес талдау жүргізетіні.

СМЖ өтінішкерден түскен талдау құжатының есебінен жүргізілді.

Комиссия өз өкілін қосымша ақпарат жинауға қатысты ұйымға жіберді.

Алдын-ала баға СМЖ алдын-ала бағалау нәтижесінің актісін дайындаумен аяқталды.

СМЖ алдын-ала нәтижесі бойынша ұйыммен әрбір ұсынылған актіде қарауға берілген құжаттар: өтінімге, бастапқы ақпаратқа, сұрақ-сауалнамаға, өтінішкердің СМЖ жүйесіне құжаттарына ұсынылған құжаттарға белгіленген талапқа және мақсатқа сәйкес СМЖ баға және қорытынды тексерулері көрсетілген.

Алдын-ала бағалау актісіне комиссия мүшелері мен сертификаттау жөніндегі органның басшысының бекітуімен қол қойылады. Сертификаттау бойынша алдын-ала бағалау актісі 2 данада ресімделіп, бір данасын өтінішкерге жібереді.

СМЖ бағалау және соңғы тексеріс.СМЖ соңғы бағалау мен тексерісті, сертификаттау жөніндегі органның СМЖ алдын-алу бағалауды жүргізу үшін құрылған комиссия жүргізді.

СМЖ бағалау мен соңғы тексеріс жұмыстарын өткізуге дайындық, өтінішкерден ұйымға тікелей құжаттардың келуімен, СМЖ жүйесінде анықталған кемшіліктерді жою, СМЖ құжаттарында жойылған кемшіліктердің талдап, ресімделуі арқылы басталып жүргізіледі.

СМЖ бағалау мен соңғы тексеріс жұмысы басталғанға дейін бас маман сарапшы-аудитор бағалау мен соңғы тексерістің бағдарламасын дайындады. Бағдарламада:

-тексеріс мақсаты;

-комиссия құрамы;

-тексеріс өткізудің күні мен орны;

-тексеріс обьектісі;

-тексерілетін ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің атауы;

-сәйкестікке жүргізілген тексерістің құжаттар тізімі;

-нысанды бағалау бойынша тексеріс комиссия мүшелері арасында міндеттерді бөлу;

-соңғы бағалау мен тексерісті өткізу тексерілетін бөлімшелердің уақытша құрылған кестесі, тексерілетін бөлімшелерге сарапшы-аудиторлар мен техник-сарапшылардың бөлінуі, тексеру уақыты;

-құпия талаптар;

СМЖ бағасы және тексеріс нәтижесі кімге жіберілетіні туралы мәлімет беріледі.

СМЖ бағасы және соңғы тексеріс бағдарламасы өтінішкер-ұйымның басшысымен келісіліп, сертификаттау жөніндегі органның басшысымен бекітіледі.

СМЖ бағасы және соңғы тексеріс басталғанға дейін комиссия мүшелері -сарапшы - аудиторлар жұмыс құжаттарын дайындайды.

СМЖ бағасы мен соңғы тексеріс бағдарламасын тиімді және тәртіппен тарату үшін, жұмыс құжаттарына тексерістің нәтижесін көрсететін құжаттар кіреді:

  • бақылау парақтары;

  • сәйкессіздік хаттамалардың түрі;

  • соңғы тексеріс және бағалау үшін құрылған акт түрі.

СМЖ бағалау үшін бақылау парақтары, сұрақ-сауалнама, СМЖ ұйымдастыру мен басқарудың құрылымдық сызбасы, СМЖ принциптері, талаптары негізінде дайындалған құжаттар қолданылады.

СМЖ тексеруге және бағалауға кіреді:

  • алдын-ала кеңес;

  • ұйыммен танысу;

  • тексерісті жүргізу;

  • қорытынды кеңес;

  • тексеріс нәтижесін ресімдеу.

Алдын-ала кеңес мына мақсатта жүргізіледі:

  • тексерілетін ұйымның өкілдеріне комиссия мүшелерін таныстыру;

  • тексерістің бағдарламасы мен мақсатын қарау;

  • тексеріс кезінде қолданылған әдістер мен рәсімдерге қысқаша мазмұндау;

  • соңғы қорытынды және қажет болған жағдайда кез келген аралықта кеңестерді өткізу күнін анықтау;

  • Комиссия мүшелерін ұйыммен таныстыру;

Тексеріс барысында бақылауды тіркеу және нақты мәліметтерді жинау жолымен тексеру жүргізіледі. Нақты мәліметтерді жинау мынадай жолмен жүргізіледі:

  • бақылау парақтары бойынша сұрау;

  • нақты тіркелетін талдау.

Осымен жүзеге асырылады:

  • өндіріс жағдайына СМЖ сәйкестік құжатының бағасы;

  • өнім қауіпсіздігін сақтау бойынша /ескертетін және түзететін әрекеті, қолданыстағы мониторинг жүйе шеңберінде/ өткізілетін іс-шараның бағасын меңгеру.

Нысанды тексергеннен кейін комиссия мүшелері комиссия басшысының жетекшілігімен өздерінің бақылау нәтижесін қарап, қайсысының сәйкессіздігін ұсынады.

Шешім комиссия мүшелерінің басым көпшілігінің дауысымен қабылданады. Егер шешім туралы дауыс тепе-тең болса, онда комиссия төрағасы дауыс берген жақ қабылданады.

Ұйымды тексеру барысында алынған нақты деректердің талдау нәтижесінің негізінде, СМЖ бекітілген талаптарына сәйкестік туралы шешім бағасы мен соңғы тексеріс актісі комиссиямен дайындалды.

Комиссия ұйым басшылығы мен тексеріс қатысушыларына, тексеріс нәтижесі бойынша қорытынды кеңес өткізді.

Тексеріс нәтижесі бойынша ұйымда анықталған сәйкессіздікті жою үшін комиссия жинақталған есеп дайындалды.

Жинақталған есепте:

  • тексерілетін ұйымның атауы мен оның реквизиттері;

  • сертификаттау жөніндегі орган атауы мен оның реквизиттері;

  • құру күні;

  • тексеру мақсаты;

  • комиссия мүшелері туралы мәлімет;

  • есепті құруға негіз болатын құжаттар;

  • СМЖ құжаттамасының талдау нәтижесі;

  • СМЖ құжаттамасы бойынша ескертуді жою жөніндегі мәлімет;

  • тексеру бағдарламасы жөнінде мәлімет;

  • ұйымда өткізілген СМЖ бағасы мен соңғы тексеріс нәтижесі;

  • баға және соңғы тексеріс кезінде анықталған ұйымдағы сәйкес еместікті жою жөнінде мәлімет;

  • сертификатты беру бойынша шешім қабылдау үшін қолданыстағы СМЖ нормативтік құжат талабына сәйкестік /сәйкессіздік/ жөнінде комиссия шешімі;

  • есеп ұсынылатын ұйымдардың тізімі;

  • есеп мазмұнындағы ақпараттың құпиялылығын көрсету.

Есепті сертификат жөніндегі орган басшысы бекітіп, комиссия мүшелерімен қол қойылады.

Сәйкестік сертификатын /беру және бермеу/ беру жөніндегі шешімді қабылдау үшін /қажет болған жағдайда/ сертификат бойынша жұмысты өткізуге қатысты басқа да құжаттармен қатар, есепті сертификат жөніндегі орган Кеңес басқарушысының қарауына ұсынады.

Тексеріс нәтижесі оң болған жағдайда сапа менеджмент жүйесіне сәйкестігі туралы сертификат тапсырылды. Осы құжатты алу оның дамуына, жаңа кеңістікке шығуына жол ашады. ИСО 9001-2001 негізделген жаңа жүйені енгізу өндірілген өнімге жоғары сапасына тұрақты кепілдік береді. Бұл тек қана сертификат емес, сонымен бірге басқару жүйесін құруда жаңа және тиімді құрал, өндіріс шығындарын төмендетіп, басқару шешімдерін қабылдауда сапаны жоғарылату, ең бастысы клиенттің барлық талаптарын қанағаттандыру.

Сертификат жөніндегі орган СМЖ сертификат беру туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы сертификаттау жүйесінің мемлекеттік тізіміне енгізу үшін өкілетті органға береді.

СМЖ сертификатталуына инспекциялық бақылау. Сертификатталған сапа жүйесіне сертификаттың жарамды мерзімі ішінде инспекциялық бақылау жүргізіледі. Бақылау кезеңін сертификаттау органы бекітеді, бірақ жылына бір реттен аз емес.

Егер сертификатталған сапа жүйесінде инспекциялық бақылау барысында кемшіліктер байқалған болса, онда сертификаттау органы жүйені уақытша немесе толығымен тоқтатуға құқылы.

«ҰлтСжС» орталығы сәйкестік сертификаты әрекетінің ағымдағы мерзімінде сертификаттау бойынша келісімнің негізінде ұйымдағы СМЖ-не жоспарлы және жоспардан тыс инспекциялық бақылау жүргізеді. Орталық кеден зертханасына инспекциялық бақылау 2008 жылдың ақпан айына жоспарланып отыр.